Кәсіпорын активтерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 01:21, практическая работа

Описание работы

Кәсіпорын активтерін басқару әдістерін зерттеу кезінде осы терминге анықтама беру қажет.
Активтер (ағылш. assets) деп, кез-келген үлгіде кездесе алатын, ұйым қызметінің өткенде болған оқиғалары нәтижесінде пайда болған және болашақта мүмкін болатын пайдалану кезінде экономикалық пайда табу мақсатымен ұйым бақылауының астындағы шаруашылық құралдарды түсінеміз. Болашақ экономикалық пайда – бұл активтердің ақшалай қаражаттарды ұйымға қарай тікелей немесе жанама түрде тарту мүмкіндігі.

Работа содержит 1 файл

Практикалық жұмыс3.doc

— 425.00 Кб (Скачать)

 

Алғашқы кезеңде кәсіпорынның операциялық  қызметі кезінде қолданылатын айналымдағы  және айналымнан тыс активтерінің жалпы  өлшемдерінің арақатынасы оңтайландырылады.

 

Екінші  кезеңде айналымнан тыс активтердің активті және пассивті бөліктері арасындағы қатынас оңтайландырылады. Айналымнан тыс активтердің активті бөлігіне өндірістік технологиялық үдеріске тікелей қатысатын машиналар, механизмдер мен жабдықтаулар жатады. Айналымнан тыс операциялық активтердің пассивті бөлігіне ғимараттар мен құрылыстар; басқару үдерісі кезінде қолданылатын машиналар мен жабдықтаулар; операциялық үдеріске қызмет көрсететін материалдық емес активтер жатқызылады.

 

Үшінші  кезеңде айналымдағы активтердің  үш негізгі түрлері – тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының сомасы; дебиторлық қарыз сомасының; ақшалай активтер сомасының арақатынасы оңтайландырылады.

 

Айналымдағы және айналымнан тыс активтер құрамын  оңтайландыру операциялық қызметті орындаудың салалық ерекшеліктерін, кәсіпорындағы операциялық циклдің орташа ұзақтығын, сондай-ақ активтердің осы түрлерінің қызмет ету ерекшеліктерінің оң және теріс бағасын ескеруді талап етеді.

 

Айналымнан  тыс активтер келесі оң ерекшеліктермен  сипатталады:

 

- олар  инфляция салдарынан болатын шығындарға іс жүзінде ілікпейді, сәйкесінше одан барынша жақсы қорғалған;

 

- кәсіпорынның  операциялық қызметі кезінде  олар шығындардың шағын ғана  коммерциялық тәуекеліне ие; олар  әріптестердің операциялық коммерциялық  келісімдер бойынша алақол әрекеттерінен толықтай дерлік қорғалған;

 

- бұл  активтер тауарлы нарық конъюктурасына  сәйкес өнімнің алуан түрлерін  өндіруді қамтамасыз ете отырып, тұрақты пайда әкелуге қабілетті;

 

- олар  кәсіпорынның тауарлы-материалдық  құндылықтар қорларын сақтау барысында шығындануын болдырмауға (немесе шығындарды едәуір төмендетуге) себепші болады;

 

- олар  тауарлы нарық конъюктурасының  жоғарылауы кезінде операциялық  қызмет көлемін жоғарылатудың  едәуір үлкен резервтеріне ие.

 

Осымен  бірге, айналымнан тыс активтер операциялық қолданылуы кезінде бірқатар кемшіліктерге де ие:

 

- олар  моралдық тозуға тап болады (әсіресе  өндірістік негізгі құралдарың  активті бөлігі және материалдық  емес операциялық активтер), осыған  байланысты, пайдаланудан уақытында  шығарылып тасталынса да, активтердің бұл түрлері өз құнын жоғалтады;

 

- бұл  активтер қысқа мерзімде құрылымы  бойынша соншалықты нашар өзгермелі  болатындықтан, оперативті басқаруға  ауыр беріледі; осының нәтижесінде  тауарлы нарық конъюктурасының  кез-келген уақытша құлауы, егер де кәсіпорын өнімнің басқа түрлерін өндіруге ауыспаса, бұл активтердің пайдалы қолдану деңгейінің төмендеуіне алып келеді;

 

- активтердің  басым бөлігі нашар өтімді  активтер тобына жатқызылады  және олар кәсіпорынның операциялық  әрекетіне қызмет көрсететін төлемдердің ағынын қамтамасыз етудің құралы бола алмайды[11, б.9].

 

Айналымдағы активтер келесі оң ерекшеліктермен  сипатталады:

 

- құрылымдық  трансформацияның жоғары дәрежесімен;  оның нәтижесінде олар операциялық  үдерістегі тауар және ақша  ағындарын реттеу кезінде бір түрден екіншісіне оңай айнала алады;

 

- тауарлы  және қаржы нарықтар конъюктурасының  өзгерістеріне деген әлдеқайда  бейімделгіштікпен – олар кәсіпорынның  операциялық қызметін кеңейту  кезінде өзгерістерге оңай беріледі;

 

- жоғары  өтімділікпен; қажет болған жағдайда олардың басым бөлігі операциялық қызметті жаңа нұсқауларында ағымдағы қызмет етуіне қажетті ақшалай активтерге конверсиялануы мүмкін;

 

- басқарудағы  жеңілдікпен; олардың айналымымен  байланысты негізгі басқару шешімдері  қысқа уақыт мерзімінде жүзеге асырылады[12, б.86].

 

Осымен  бірге оларға келесі кемшіліктер  де тиесілі:

 

- ақшалай  түрде және дебиторлық қарыз  түріндегі айналымдағы активтердің  бір бөлігі инфляция кезінде  құнын жоғалтуға айтарлықтай  бейім;

 

- уақытша  бос (шамадан көп құрылған) айналымдағы активтер іс жүзінде пайда таппайды (қысқа мерзімді қаржы жұмсауларында қолданылатын бас ақшалай активтерден басқалары); бұдан басқа, тауарлы-материалдық құндылықтардың артықша қорлары пайда тауып қана қоймай, сонымен бірге оларды сақтау үшін қосымша операциялық шығындарды әкеледі;

 

- ағымдағы  тауарлы-материалдық құндылықтардың  қорлары олардың барлық үлгілерінде  табиғи зиян салдарынан тұрақты  шығындарға душар болып жүр;

 

- айналымдағы  активтердің басым бөлігі әріптестердің,  ал кей жағдайларда қызметкерлердің де шаруашылық операциялар бойынша алақолдығы салдарынан шығындар тәуекеліне шалдығуда.

 

Айналымдағы және айналымнан тыс активтердің  арақатынасын оңтайландырудың нәтижелерін  бағалау үшін ептілік коэффициенті көрсеткіші қолданылады.

 

Активтер айналымын оларды қолдану үдерісі кезінде тездету үшін жағдайлар жасау. Осы ұстанымды жүзеге асырудың қажеттілігі активтер айналымының үдеуі кәсіпорынның қалыптасатын операциялық пайдасының көлеміне тәкелей де, жанама да әсер беретіндігімен байланысты.

 

Активтер айналымының үдеуінің пайда көлеміне тікелей әсер етуі активтер айналымының үдеуі алдында қарастырылған Дюпон Моделіне сәйкес осы активтер табатын операциялық пайда сомасының пропорционалды өсуіне (басқа шарттар тең болуы жағдайында) әкелетіндігімен анықталады:

 

Келтірген моделден көретініміз: қолданылатын операциялық  активтердің өзгермелі көлемі мен  өнімді өткізудің тиімділігінің  коэффициенті кезінде кәсіпорынның операциялық пайдасының сомасы операциялық  активтердің айналымдылық коэффициентіне ғана тәуелді болады.

 

Активтер айналымы үдеуінің пайда көлеміне жанама әсері  осы активтер айналымының мерзімінің төмендеуі активтерге деген қажеттіліктің  сәйкесінше төмендеуіне алып келетіндігімен анықталады. Ал қолданылатын операциялық  активтер көлемінің төмендеуі операциялық шығындар сомасының төмендеуін алып келеді, бұл басқа шарттардың тең болуы жағдайында операциялық пайда сомасының өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда активтер айналымының үдеуінің операциялық пайда көлеміне әсер етуі қолданылатын активтер көлемінің төмендеуі салдарынан операциялық шығындар сомасының төмендеуімен жанама әсер етеді.

 

Операциялық пайданы  қалыптастыруда активтер айналымының  үдеуінің жоғары рөлі осы үдеріске тұрақты басқару қажеттілікті анықтайды. Осы басқарудың үдерісі операциялық  қызметті орындау кезінде активтер жиынтығының ауыспалы айналымы мен олардың жеке түрлерінің сипатын ескеруі қажет.

 

Операциялық активтер айналымын тиімді басқару мақсатында оларды кәсіпорында келесі үш топқа  жіктейді:

 

- айналымдылығы  жоғары операциялық активтер. Оларға – сатып алу мен жеткізілімі бойынша ешқандай қиындықтары жоқ, және сәйкесінше кепілдік және маусымдық көлемдерін қалыптастыру қажеттілігі жоқ өндірістік қорлар; тұтынушылардың сұранысына ие дайын өнім қорлары; қысқа мерзімді дебиторлық қарыз; операциялық үдеріске тұрақты түрде қызмет көрсететін ұлттық және шетел валюта түріндегі ақшалай активтер жатады;

 

- айналымдылығы  қалыпты операциялық активтер. Оларға  бірінші топ құрамына кірмеген  кәсіпорынның айналымдағы операциялық  активтерінің басқа да түрлері жатқызылады. Әдеттегідей, олар кәсіпорынның айналымдағы операциялық активтерінің басым бөлігін құрайды;

 

- айналымдылығы  төмен операциялық активтер. Оларға  айналымнан тыс операциялық активтер  – операциялық үдерісте қолданылатын  өндірістік негізгі қорлар мен материалдық емес активтер жатады. Өз аталуына қарамастан, айналымнан тыс операциялық активтер тұрақты құндық ауыспалы айналымды жасайды (айналымдағы активтер сияқты), алайда осы айналымның уақыттағы ұзақтығы операциялық циклдің ұзақтығынан бірнеше есе жоғары (айналымдағы операциялық активтердің айналым мерзімі)

 

Кәсіпорынның  нарықтық бағасын жоғарылатуды қамтамасыз ету тұрғысынан активтердің едәуір прогрессивті түрлерін таңдау. Өндірістік құралдар мен заттардың қазіргі  заманғы нарығы, сондай-ақ қаржы нарығы кәсіпорын активерін қалыптастыру үшін бірқатар балама объектілер мен аспаптарды ұсынады. Оларды нақтылай таңдау кезінде қалған шарттардың тең болуы жағдайында олардың әлеуеттілігін, көпқызметтілігін, түрлі шаруашылық жағдайларда пайда табу қабілеттілігін және сәйкесінше кәсіпорынның нарықтық бағасын жоғарылатуға қабілеттілігін ескеруі жөн.

 

Осылайша, жұмыстың берілген бөлімінде кәсіпорын активтерінің анықтамалары қарастырылған, ұйымдағы активтерің мәні мен оларды қалыптастырудың  ерекшеліктері зерттелген. Кәсіпорында активтерге деген қажеттілікті анықтаудың ұстанымдары зерттелінді.


Информация о работе Кәсіпорын активтерін талдау