Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 01:21, практическая работа
Кәсіпорын активтерін басқару әдістерін зерттеу кезінде осы терминге анықтама беру қажет.
Активтер (ағылш. assets) деп, кез-келген үлгіде кездесе алатын, ұйым қызметінің өткенде болған оқиғалары нәтижесінде пайда болған және болашақта мүмкін болатын пайдалану кезінде экономикалық пайда табу мақсатымен ұйым бақылауының астындағы шаруашылық құралдарды түсінеміз. Болашақ экономикалық пайда – бұл активтердің ақшалай қаражаттарды ұйымға қарай тікелей немесе жанама түрде тарту мүмкіндігі.
Практикалық жұмыс № 3.
Кәсіпорын активтерін талдау.
Кәсіпорын активтерін басқару әдістерін зерттеу кезінде осы терминге анықтама беру қажет.
Активтер (ағылш. assets) деп, кез-келген үлгіде кездесе алатын, ұйым қызметінің өткенде болған оқиғалары нәтижесінде пайда болған және болашақта мүмкін болатын пайдалану кезінде экономикалық пайда табу мақсатымен ұйым бақылауының астындағы шаруашылық құралдарды түсінеміз. Болашақ экономикалық пайда – бұл активтердің ақшалай қаражаттарды ұйымға қарай тікелей немесе жанама түрде тарту мүмкіндігі.
Егер де актив:
- сатуға
арналған өнімді, жұмыстар мен
қызметтерді өндіру үдерісі
- басқа
активке айырбастала алатын
- міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланыла алатын болса;
- ұйым
иелері арасында бөліне алатын
болса, онда ұйымға болашақта
экономикалық пайда алып
Сонымен, кәсіпорын активтерін анықтаудың келесі негізгі жолдары бар (1 кесте).
1 Кесте — «Актив» атауының анықтамасы
Жоғарыда
көрсетілген анықтамаларға
Активтер шаруашылық қызметте пайда табу мақсатымен қолданылатын мүліктік құндылықтар жиынтығы түріндегі кәсіпорынның экономикалық ресурстары болып табылады.
Кәсіпорын активтерінің қалыптасуы оның өмірлік циклінің түрлі сатыларындағы үш негізгі кезеңдерімен байланысты:
1. Жаңа кәсіпорынды құру. Бұл активтердің қалыптасуындағы, әсіресе ірі кәсіпорындарды құру кезіндегі едәуір жауапты кезең (олардың алғашқы қалыптасуының үдерісі). Осы кезеңде қалыптасатын активтер көп жақтардан бастапқы капидалға деген қажеттілікті, пайданы табу шарттарын, сол активтердің айналу жылдамдығын, олардың өтімділік деңгейін және т.б. анықтайды.
2. Әрекет етуші кәсіпорынды кеңейту, қайта құру және жаңарту. Активтердің қалыптасуының осы кезеңін кәсіпорынның өмірлік циклінің негізгі сатыларындағы активтердің дамуының тұрақты үдерісі ретінде қарастыруға болады. Әрекет етуші кәсіпорын активтері құрамының кеңеюі және жаңартылуы, инвестициялық қорларды қалыптастыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кәсіпорын дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әрекет
етуші кәсіпорынның жаңа
Активтердің қалыптасуының екінші және үшінші кезеңдері әрекет етуші кәсіпорынның инвестициялық қызметінің үлгілері болып табылады.
Алдағы уақытта кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, сол кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі мақсатты сипатта болуы тиіс. Кәсіпорын активтерін қалыптастырудың негізгі мақсаты операциялық үдерісті қамтамасыз ету үшін активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау мен оны қанағаттандыру, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімді болу шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер құрамын оңтайландыру болып табылады.
Осы мақсатты ескере отырып, кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі келесі ұстанымдар негізінде құрылады:
1. Операциялық
қызмет пен оның кеңею
Бұл ретте, кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы сатыларында операциялық қызметтің көлемі едәуір жоғары қарқынмен өсетіндігін (кәсіпорынның нарықтағы өз орнын дәл табуы жағдайында) естен шығармаған жөн. Сондықтан да, алғашқы сатыда қалыптасатын кәсіпорын активтерінің иелігінде жақын уақытта өнім көлемінің өсуі мен операциялық қызметтің кеңею мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілі бір резервті әлеуеті болуы тиіс.
3. Қалыптасушы
активтердің көлемі мен
Жаңадан
құрылатын кәсіпорын
- кәсіпорынды құру сатысында кәсіпорынның айналымнан тыс активтерінің құрамында ұзақ мерзімді қаржы жұмсаулары іс жүзінде жоқ – олар кәсіпорынның келесі инвестициялық қызметінің үдерісі кезінде құрылады;
- кәсіпорынның
айналымдағы активтерінің
Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, жаңадан құрылушы кәсіпорынның активтерге деген қажеттілігін есептеу активтердің келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:
- негізгі құралдар;
- материалдық емес активтер;
- өндірістік
қызметті қамтамасыз ететін
- ақшалай активтер;
- активтердің басқа түрлері
Негізгі құралдарға деген қажеттілік олардың жеке топтары бойынша есептелінеді:
- өндірістік ғимараттар мен үйлер;
- өндірістік
технологиялық үдерісте
- операциялық
қызметті басқару үдерісі
Алғашқы кезеңде өндірістік технологиялық үдерісте қолданылатын машиналар мен жабдықтаулардың жеке түрлеріне жеген қажеттілік анықталады.
Екінші кезеңде операциялық қызметті басқару үдерісі кезінде қолданылатын машиналар мен жабдықтаулардың жеке түрлеріне деген қажеттілік анықталады (кеңсе жиһазы, электронды-есептеуіш машиналар, байланыс құралдары және т.б.).
Үшінші кезеңде тікелей өндірісті (оның барлық қосалқы түрлерін қоса) жүзеге асыру мен басқару персоналын орналастыру үшін ғимараттарға деген қажеттілік анықталады.
Материалдық емес активтерге деген қажеттілік операциялық үдерісті жүзеге асырудың қолданылатын технологиясына сәйкес анықталады.
Кәсіпорынға қажетті айналымнан тыс операциялық активтердің құндық көлемін анықтау кезінде олардың жеке түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру үлгісі есепке алынады – жеке меншікке алу, қаржылық немесе операциялық жалға алу.
Тауарлы-материалдық құндылықтарға деген қажеттілік олардың келесі түрлері бойынша бөлек есептелінеді:
- шикізат пен материалдардың қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік;
- дайын өнім қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік (өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін);
- тауарлар
қорларына авансыланатын
Тауарлы-материалдық
құндылықтар қорларына авансыла
Орташаланған
есептеулер үшін шетел тәжірибесінде
бизнес-жоспарларды әзірлеу
Ақшалай активтерге деген қажеттілік олардың еңбекақыны өтеу бойынша (еңбекақыға есептелген төлемді есепке алмағанда); аванстық және салық төлемдері бойынша; маркетингтік қызмет бойынша (жарнамаға бөлінген шығындар); коммуналдық қызметтер және т.б. бойынша алдағы шығындарына қарай анықталады. Жаңадан құрылатын кәсіпорындардың ақшалай активтерді қалыптастыру тәжірибесінде оларға деген қажеттілік алдағы үш ай бойынша жоғарыда айтылған төлемдер түрлері бойынша анықталады (бұл жағдай кәсіпорынның қызмет етуінің алғашқы кезеңінде борыш төлеу алушылықтың жеткілікті қорын қамтамасыз етеді). Содан соңғы шаруашылық қызметі кезінде активтердің ақша түріндегі нормативтері төмендейді (әсіресе инфляция жағдайында).
Басқа активтерге деген қажеттілік олардың түрлері бойынша, тікелей санау әдісі арқылы және құрылатын кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес орнатылады. Басқа активтерге деген қажеттілік айналымдағы және айналымнан тыс активтер бойынша бөлек есептелінеді.
Өткізілген есептеулер нәтижелері бойынша жаңадан құрылатын кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс активтерге деген жалпы қажеттілік анықталады. Айналымнан тыс активтерге деген қажеттілік негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге және айналымнан тыс активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару жолымен есептелінеді. Осыған сәйкес айналымдағы активтерге деген қажеттілік тауарлы-материалдық құндылықтар қорына, ақшалай активтерге және айналымдағы активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару арқылы анықталады.
Жаңа кәсіпорынның активтерге деген қажеттіліктерін есептеу балама шешімдерді қабылдаумен байланысты:
- ғимараттарды жалға алумен, құрылысын жасаумен немесе сатып алумен;
- машиналарды,
механизмдер мен
- тауарлы-материалдық
құндылықтар қорының үлкен
- дайын технологиялық шешімдерді сатып алумен (материалдық емес активтер түрінде) немесе оларды дербес дайындаумен;
- борышты төлей алушылықтың, сәйкесінше ақшалай активтер көлемінің үлкен немесе аз көлемін орнатумен және т.б[9, б.64].
Сондықтан да жаңа кәсіпорын үшін активтерге деген қажеттілікті есептеуді үш нұсқада орындаған жөн:
- шаруашылық
қызметті бастауға рұқсат
- айналымдағы
қаражаттардың негізгі түрлері
бойынша (материалдық және
- қолданыстағы барлық негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді меншікке сатып алуға, сондай-ақ қызметтің алғашқы кезеңінде қажетті айналымдағы активтердің барлық түрлері бойынша сақтандыру қорларының жеткілікті көлемін құруға рұқсат беретін активтердің максималды қажетті сомасы.
Есептеулер кезінде алдыменен активтерге деген қажеттіліктің минималды және максималды нұсқаларының көрсеткіштері анықталады, ал содан соң осы қажеттіліктің шегінде олардың кажетті сомасы қалыптасады. Активтерге деген қажеттіліктің максималды нұсқасы кейіннен кәсіпорынның кеңеюінің алғашқы кезеңі үшін қолданылуы мүмкін.
Жаңа кәсіпорын үшін активтердің минималды қажет етілетін жалпы сомасын анықтау кезінде әрекет етуші заңнаманың қызметтің әр түрлі салаларындағы (банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестициялық қорлар мен компаниялардың және т.б.) және әр түрлі ұйымдық-құқықтық үлгілеріндегі (акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі қоғамдардың және т.б.) кәсіпорындардың жарғы қорын құруға қатысты талаптарын ескере отырған жөн[10, б.55]. Осы кәсіпорындар бойынша қалыптасатын активтердің жалпы сомасы олардың заң бойынша белгіленген жарғылық қорының минималды көлемінен төмен бола алмайды.
Шаруашылық қызметтің тиімділігі тұрғысынан активтер құрамының оңтайлылығын қамтамасыз ету. Кәсіпорын активтері құрамының мұндай оңтайландырылуы бір жағынан олардың жеке түрлерін алдағы уақытта толықтай пайдалы қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталса, екінші жағынан – олардың операциялық пайда әкелуге жалпы әлеуетті қабілетін жоғарылатуға жұмылдырылған. Бұл оңтайландырудың үдерісі келесі үш кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: