Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:58, реферат
Алғаш рет кәсіптік одақтар Англияда ХVIII ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кәсіптік одақтардың пайда болуы мемлекет пен кәсіпкерлердің күшті қарсылығын тудырды. Тіпті, кәсіподақтарды басу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, ал кәсіподақтарға бірігу қылмыстық топ ретінде қарастырылды. Алайда, кейінірек жұмысшылар қозғалыстарының қысымының нәтижесінде кәсіподақтар заңдытұрғыда танылды. Кәсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда 1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 жылы тоқтатылды.
- кәсіподақ комитетінің айрықша құзыреттік құқықтары, бұлар тек кәсіподаққа ғана тән құқықтар (мысалы, емдеу-сауықтыру мекемелеріне жолдамалар беру, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру және т.б.);
- басшылықпен бірлескен құқықтары: ұжымдық шарттар мен келісімдерді бірлесе отырып, дайындау және жасасу, озат қызметкерлердің тізімін белгілеу, олар үшін көтермелеу шараларын белгілеу, 5 немесе 6-күндік жұмыс аптасын белгілеу және т.б. Мұндай құқықтарда кәсіподақ пен басшылық мәселені қоюда және оны шешуде теңқұқылы;
- келісушілік сипаттағы құқықтар. Бұл құқықтарда құқық нормасын жұмыс беруші немесе басшылық қолданады, алайда, бұл норма алдын-ала кәсіподақ комитетімен келісуі қажет. Мысалы, жұмыс беруші кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана өз бастамасымен жеке еңбек шартын бұза не мерзімінен тыс жұмыстарды ұйымдастыра алады, қызметкерлерді мереке не демалыс күндерінде жұмысқа тарта алады және т.б.;
- кәсіподақ комитетінің кеңесушілік сипаттағы құқықтары. Бұл жағдайда құқық қолдануды басшылық жүзеге асырады. Алайда, алдын –ала белгілі бір уақыт ішінде кәсіподақ комитетін хабарландырылады, және кәсіподақ комитеті осы мәселеге қатысты өзінің қарсы пікірін білдіруі мүмкін. Құқық нормалары бойынша бұл пікір басшылық үшін міндетті сипатқа ие емес, алайда, басшы оны өз қалауы бойынша ескеруі мүмкін.
Сонымен, кәсіподақтар басты, маңызды екі функцияны - өкілдік және қорғаушылық функцияларын жүзеге асырады. Олар қызметкерлердің мүдделерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың еңбекке құқықтарын қорғайды, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуға тырысады. Алайда, қазіргі кезде кәсіподақтар, ең алдымен, еңбектің арқасында өмір сүретін әрбір азаматтың еңбекке құқығын, негізгі өмірлік маңызы бар құқық ретінде белсенді түрде қорғауға тиіс.
Бұл салада, кәсіподақтардың еңбекке
құқығын қорғау саласында,
- жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік саясатты және халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға қатысу;
- өздерінің мүшелерін қызметтен
заңсыз ауыстырудан және
- қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шараларын жасау және қабылдау, осы шараларды ұжымдық шарттар мен келісімдердің мәтіндеріне енгізу;
- ұйым таратылған, өндіріс толығымен немесе ішінара тоқтатылған жағдайда қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтар уақтылы, оған дейін 2 ай мерзімнің ішінде хабарландырылуы тиіс;
- халықты жұмыспен қамту жағдайына және
жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен
қамту саласындағы заңдардың сақталуына
бақылауды жүзеге асыру.
Кәсіподақтар
қызметінің кепілдіктері
Кәсіподақтар өздерінің
Мұндай кепілдіктер ҚР «
1. заңдар барлық жұмыс берушілерді, басшылықты, мемлекеттік және шаруашылық органдарды, қоғамдық ұйымдарды және лауазымды тұлғаларды кәсіптік одақтардың құқықтарын сақтауды, олардың қызметіне жан-жақты жағдай жасауын міндеттейді;
2. заңдар кәсіподақтардың меншік құқықтарын таниды, оларға қол сұқпауды және қорғауды кепілдейді;
3. кәсіподақтардың өкілдері өздерінің мүшелері жұмыс істейтін кәсіпорындарға еркін кіру құқығына ие;
4. кәсіподақтар өздерінің жарғыларына және міндеттеріне сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіподақтық банктерді, сақтандыру және акционерлік қоғамдарды құру, ынтамақтастық қорларын қалыптастыру, шығармашылық қызметпен айналысу құқығына ие.
Сайланбалы кәсіподақтық
1. аталған қызметкерлерді басшылықтың бастамасы бойынша қызметтен босатуға қызметтен босатудың жалпы тәртібін сақтаумен қатар кәсіподақ комитетінің алдын-ала келісімімен ғана жол беріледі;
2. ұйым толығымен таратылған немесе қызметкерлер қызметтен босатудың негізі болып табылатын кінәлі әрекеттер жасаған жағдайды қоспағанда, кәсіподақ органдарына сайланған тұлғаларды олардың сайланбалы өкілеттіліктері аяқталған соң екі жыл ішінде басшылықтың бастамасымен қызметтен босатуға болмайды;
3. сайланбалы кәсіподақтық органдардың мүшелері кәсіподақ съездеріне, конференцияларына делегаттар ретінде қатысу, сонымен қатар, олардың пленумдарының, президиумдарының жұмысына қатысу уақытында орташа жалақысы сақтала отырып өндірістік жұмыстан босатылады.
Еңбекке құқыққа қатысты
Кәсіподақтар туралы заң қажет
болған жағдайда кәсіподақтар
органдарының кәсіподақтар туралы
заңдарды бұзғаны үшін кінәлі лауазымды
тұлғаларды жауапкершілікке, тіпті сотқа
тартуды талап етуге құқығын көздей отырып,
кәсіподақтардың өзін-өзі қорғау құқығын
бекіткен.
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Қорытынды:
Еңбекті ұсынудың жағында
Кәсіподақтың шекті түсімінің
қисығы еңбектің сұраныс