Кәсіподақтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 12:58, реферат

Описание работы

Алғаш рет кәсіптік одақтар Англияда ХVIII ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кәсіптік одақтардың пайда болуы мемлекет пен кәсіпкерлердің күшті қарсылығын тудырды. Тіпті, кәсіподақтарды басу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, ал кәсіподақтарға бірігу қылмыстық топ ретінде қарастырылды. Алайда, кейінірек жұмысшылар қозғалыстарының қысымының нәтижесінде кәсіподақтар заңдытұрғыда танылды. Кәсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда 1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 жылы тоқтатылды.

Работа содержит 1 файл

Кәсіптік одақтардың түсінігі.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

        Алғаш рет кәсіптік одақтар  Англияда ХVIII ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кәсіптік одақтардың пайда болуы мемлекет пен кәсіпкерлердің күшті қарсылығын тудырды. Тіпті, кәсіподақтарды басу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, ал кәсіподақтарға бірігу қылмыстық топ ретінде қарастырылды. Алайда, кейінірек жұмысшылар қозғалыстарының қысымының нәтижесінде кәсіподақтар заңдытұрғыда танылды. Кәсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда  1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 жылы тоқтатылды.

        1871 жылы Англияда, содан кейін өзге де мемлекеттерде кәсіподақтар туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кәсіподақтарға анықтама берді, оларды тіркелген (заңды) және тіркелмеген (заңсыз) деп бөлді. Аталған заң ағылшындық тіркелген тіркелген кәсіподақтарға бірқатар құқықтар берді, ол әлі күнге дейін күшіне ие.

        Кеңестік Одақта 1918 жылғы Еңбек туралы заңдар кодексі кәсіподақтарға еңбекшілердің мүдделерін қорғауға қатысты бірқатар құқықтарды тиесілі етті, 1922 жылғы Еңбек заңдары туралы кодекс бұл құқықтарды біршама кеңейтті. Қазақстан Республикасының   1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» заңы кәсіподақтар мен олардың органдарының құқықтары мен өкілеттіктерінің негізін бекітті.

        Қазіргі кезде әлемнің көптеген  елдері Халықаралық еңбек ұйымының  1948 жылғы № 87 «Ассоциациялар еркіндігі және ұйымдасуға қатысты құқықтарды қорғау туралы» конвенциясын сақтауға тырысып, кәсіподақтардың құқықтарын заңды тұрғыдан таниды. Конвенцияға сәйкес жұмысшылар өз қалауы бойынша ұйымдар құру және өздерінің мүдделерін білдіру және қорғау үшін осы ұйымдарға кәру құқығына ие. Дәл осындай құқық кәсіпкерлерге де тиеселі. Әрбір қызметкер, әрбір азамат кәсіподаққа еркін кіруге және одан шығу құқығы, әрбір адамның кәсіподақтарға бірігу құқығы, оларды ортақ мүдделерді қорғау үшін құру ҚР Конституциясында тікелей көзделген. Республиканың негізгі заңында, жоғарғы заң күшіне ие актіде кәсіподақтарды арнайы атап өту олардың қоғам өміріндегі ерекше рөлі мен мәнін көрсетеді.

        Кәсіподақтар қоғамдық құбылыс  ретінде ішкі және сыртқы сипаттағы  қатынастар мен байланыстардың  көпжақты және күрделі жүйесін  білдіреді. Социалистік қоғамда  олар ең кең таралған қоғамдық  ұйым болған.

       Кәсіподақтар қоғамның саяси жүйесіне кіреді, мүшелікке негізделген, бірлескен қызметтің негізінде ортақ мүдделерді қорғау және жарғылық мақсаттарға жету үшін құрылады. Кәсіподақтардың негізгі міндеттері олардың басты функциясы – еңбек және еңбекпен байланысты қатынастар саласында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырумен байланысты.   

        Сонымен, кәсіподақтар – бұл өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау және білдіру мақсаттарында қызметкерлерді ортақ өндірістік, кәсіби мүдделердің негізінде біріктіретін, тіркелген жеке мүшелігі бар дербес қоғамдық бірлестіктер.

        ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңының 1-бабында кәсіподақтарға келесідей анықтама берілген:

        Қазақстан Республикасындағы кәсіптік  одақтар – дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басұа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады.

        Кәсіподақтар салалық (мысалы, темір  жол қызметкерлерінің кәсіподағы), аумақтық (мысалы, Алматы қалалық  және Алматы облыстық ұстаздардың  кәсіподағы) немесе кәсіби ерекшелікті  ескеретін өзге де белгісі  бойынша құрылуы мүмкін. Бастапқы кәсіподақтық ұйым бір өндіріс кәсіподағының мүшелерін біріктіреді. Бір немесе бірнеше мамындық бойынша құрылатын кәсіподақтардың санына шек қойылмайды. Барлық кәсіподақтарға теңдей құқықтарға беріледі.

        Кәсіподақтардың сайланбалы, тұрақты әрекет ететін органы – кәсіподақтық комитет. Кәсіподақ өкілі – бұл кәсіподақтың ұйымдастырушысы, басшысы немесе еңбек ұжымының мүдделерін білдіруге уәкілетті өзге де тұлға.

        Кәсіподақтар өз қызметінде атқарушы  билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, жұмыс берушілерден, саяси партиялардан және өзге де бірлестіктерден тәуелсіз болады, оларға есеп бермейді және олардың бақылауына жатпайды. Билік органдарының кәсіподақтардың қызметіне араласуына жол берілмейді. Кәсіподақтарды құруға қарсылық білдіру және олардың қызметіне қарсы әрекеттер жасау заңдармен қудаланады.

        Сонымен қатар, заңдарда азаматтарды  кәсіподақтарға тиістілігі бойынша  кемсітуге тыйымдар көзделген.  Қандай да бір кәсіподаққа  мүшелік қандай да бір құқықтардың немесе бостандықтардың шектелуіне әкелмейді. Қызметкерлердің жұмысқа қабылдауын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың белгілі бір кәсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен байланыстыруға тыйым салынады. (ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңның   7-бабы)

        Кәсіподақтар өздерінің және  өз бірлестіктерінің жарғыларын  және бастапқы кәсіподақты ұйым  туралы ережені жасап, бекітеді. Бұл актілер кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақтық органдар арасындағы қатынастарды реттейді. Олар қоғамдық дәрежедегі актілер  болғандықтан құқықтың қайнар көздері болып табылмайды.

        Кәсіптік одақтар туралы заңдардың  ережелері Қазақстан Республикасында  тұрып, жұмыс істейтін шетел  тазаматтарды мен азаматтығы  жоқ адамдарғңа қолданылады, сондай-ақ республикадан тыс жерде қызметтік іссапар тәртібімен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтарына да қолданылуы мүмкін (ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңның 3-бабы).

        Алайда, кәсіподақтарды құруға тыйым  салынатын кездер де болады. ҚР Конституциясына (5-бабы) сәйкес, республикада басқа мемлекеттердің кәсіптік одақтарының қызметіне, сондай-ақ кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.

        Қарулы Күштерде, ішкі, шекара, темір жол әскерлерінде, басқа да әскери құрамаларда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарында кәсіптік одақтар туралы заңдардың қолданылу ерекшеліктері осы құрамалар туралы заңдармен белгіленеді.  

Кәсіподақтың  функциялары 

        Кәсіподақтар жұмыс істейтін тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін құрылды, сондықтан олардың негізгі функциясы – бұл қорғау функциясы. Кәсіподақтар меншік иесінің, мемлекеттік және шаруашылыұ органдарының алдында қызметкерлердің еңбекті қорғауға қатысты құқығын қорғайды, еңбекті қорғауға қатысты бағдармаларды, заң шығарушылық және заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысады.

        Еңбек заңдары кәсіподақтардың  жұмыс берушілермен және олардығ  басшылығы арасындағы әлеуметтікөеңбек мәселелері бойынша өндірістен бастап республикалық деңгейге дейінгі қатынастарын реттейді. Бұл деңгейлердің барлығында кәсіподақтар өздерінің қорғау функциясын, сонымен қатар, маңызды функциясы – қызметкерлердің мүдделерін білдіруді жүзеге асырады. Кәсіподақтар осындай аса маңызды екі функцияны орындай алуы үшін оларға мемлекет тарапынан норма шығару, құқық қолдану және еңбек заңдарын сақтауға бақылау, сонымен қатар, еңбек дауларын шешу салаларында бірқатар құқықтар мен кепілдіктер берілген. Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтары мен мүдделерін құқық бұзушылықтардан қорғау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және өызметкерлердің еңбек және тұрмысының мейлінше жақсы және қолайлы жағдайын орнықтыруға қатысты мақсатты құқықтық қызмет.

        Кәсіподақтардың өкілдері өндірістердегі  қайғылы оқиғаларды тергеуге  қатысады, еңбекті қорғау жағдайына,  оларды жақсартуға қатысты шараларды  орындауға тексеру жүргізеді.  Қызметкерлердің өміріне не денсаулығына  қауіп төнген жағдайда кәсіподақтар қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұсыныстар жасайды.

        Кәсіподақтар қызметкерлерге еңбек  міндеттерін орындаумен байланысты  келтірілген зақым немесе денсаулығына  келген өзге де зиянды өтеу  үшін және қызметкерлердің құқықтары бұзылған басұа да жағдайларда сотқа талап-арызбен жолдана алады.

        Кәсіподақтардың екінші маңызды  функциясы – қызметкерлер мен еңбек ұжымдарының мүдделерін білдіру (өкілдік ету). Қызметкерлердің мүдделерін білдіру функциясы кәсіподақтардың жалақы және өзге де әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өз мүшелерінің мүдделерін білдіруін көздейді.

        Осы екі функцияға қоса, кәсіподақтар  өзге де функцияларды жүзеге  асырады: өздерінің мүшелерінде  патриоттық сезімді оятуға байланысты, еңбек тәртібін нығайтуға байланысты шараларды жүзеге асырады, мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауына қатысуға қатысты саяси тәрбиені жүзеге асырады.

        Кәсіптік одақтардың құқықтары  (ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңының 10-бабы) 

Кәсіподақтардың негізгі құқықтары: 

  • мемлекеттік және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлермен және олардың  бірлестіктерімен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүдделерін, құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен сотқа талап қою, сотта, төрелік сотта, басқа органдарда олардың мүдделерін қорғау, оларға өзге де құқықтық көмек көрсету, заң консультациялары және құқықтық көмек көрсететін басқа да қызметтер құру, жеке еңбек дауларын қарау жәнезаңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысуү келісімдер мен ұжымдық шарттар жасау;
  • ақша қорларын қалыптастыру;
  • мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін актілері жөнінде сотқа шағым жасау;
  • мемлекет өкімет пен басқару органдарына олар қабылдаған, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқылық актілердің толық немесе ішінара көшін жою не оларды өзгерту туралы өтініш жасау:
  • кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актілерге наразылық білдіру туралы, кәсіподақтар, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі заңдарды бұзушы адамдарға қарсы іс қозғау туралы прокуратураға өтініш жасау;
  • заңда берілген құқықтар шегінде өз мүшелеріне қатысты жөнінде еңбек, тқрғын үй және зейнетақы заңдарының, еңбек қорғау және кәсіподақтар туралы заңдардың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және анықталған құқық бұзушылықтарды жоюды талап ету;
  • натуралды-заттай құрылым мен тұтынушы бюджеттің ең төменгі құрамын және оның жекелеген тұтынушылық бөліктерін қайта қарауға қатысу;
  • өз өкілдері арқылы өзінің кәсіподақ мүшелерінің кәсіпорындарына және жұмыс орындарына бару;
  • олардың тапсырмасы бойынша еңбек ұжымдарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттарды жасау;
  • заңдарда белгіленген тәртіпте жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, демонстрацияларды, ереуілдерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • шығармашылық қызметпен айналасу, өз қызметін басылымдарда және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де түрлерінде, кәсіпорындарда жариялау.

        Мемлекет олардың  кәсіподақтардың  құқықтары мен мүдделерін қорғауды  жүзеге асырады және олардың қызметінің кепілдіктерін белгілейді.

        Қазақстан Республикасы заңдарында, келісімдерде және жұмыс берушілермен  жасалатын шарттарда кәсіподақтардың  өзге де құқықтары белгіленуі  мүмкін.

        Кәсіподақтардың өкілеттіліктерін жүзеге асыру тәртібі тиісті заңдарда және кәсіподақтар жарғысында белгіленеді.

        Мемлекет кәсіподақтардың маңызды  функцияларын жүзеге асыру үшін  олардың қызметіне қатысты бірқатар  құқықтар мен кепілдіктерді белгіленген. 

        Кәсіподақтар өздерінің мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар, өзге де қызметкерлердің мүдделерін қорғауға құқылы. Кәсіподақтар және олардың органдары өз мүшелерінің жеке еңбек және еңбекпен байланысты қатынастарына байланысты құқықтары  мен мүдделерін білдіреді және қорғайды. Егер осыған қатысты өкілдік белгіленсе, кәсіподақтар өздеріне мүше емес қызметкерлердің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін де білдіре алады.

        Кәсіподақтардың норма шығарушылық  және құқық қолдану қызметіне  қатысу құқығы әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеуге қатысуды білдіреді. Бұл дегеніміз, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары кәсіподақтардың және олардың бірлестіктерінің пікірін ескере отырып тиісті билік органдарда қаралуы, ұсыныс, ескерту, қосымшалар жасайтын кәсіподақтардың келісімін алу қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік-әріптестік келісімдер мен қжымдық шарртардың барлық нормативтік ережелері кәсіподақтардың қатысуымен қабылдануы тиіс. Кәсіподақтар тиісті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-еңбек саласы жөнінде құқықтық актілер қабылдауы жөнінде ұсыныстар жасауға да құқылы.

        Тәжірибеде кәсіподақтардың барлық  құқықтары, ең алдымен, бастапқы  кәсіподақ ұйымының және кәсіподақ  комитетінің қызметінде нақтыланады.  Өндірісте, әр түрлі ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде кәсіподақ жұмыс берушінің немесе басшылықтың еңбек заңдарын қолдануына қатысуға, белгілі бір қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауғағ еңбек дауларын реттеуге, қызметкерлердің тұрмыс және еңбек жағдайын жақсартуға және т.б. тиіс.

        Кәсіподақ комитетінің құқықтарын осы құқықтардың көлемі бойынша төрт түрге бөлуге болады:

Информация о работе Кәсіподақтар