Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 10:33, дипломная работа
Кәсіптік білім беру педагогикасының философия: әдіснамалық негіздері. Ғылыми зерттеулерді басқару. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері. Әдіснама зерттеу процесі туралы ілім. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде. Диалектикалық әдіс таным процесі.Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. « Ғылыми зерттеу әдісі» ұғымының мәнін ашу. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы.Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулержәне қазіргі уақыттағы таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі.
СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
| Тапсырмалардың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру мерзімі | Бақылау түрі |
1. | Педагогикалық қызметке анықтама | 2 | 1 | ауызша |
| Педагогикалық қызметтің мәні | 2 | 2 | әдістер кестесі |
| Педагогикалық қызметтің шығуы мен дамуы | 2 | 3 | модель |
| Кәсіптік емес педагогикалық қызмет | 2 | 4 | схема |
2. | Педагогикалық мамандық жиынтығы |
2 | 5 | әдістемелік талдау |
| Мұғалім –педагогтарды кәсіби мамандығына даярлауға арналған білім беретін мекемелердің құрылу тарихы. «Кәсіп», «мамандық»түсінігі |
2 | 6 | модель |
| Жастарға кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджмент Педагогикалық менеджмент Білім беру аймағындағы педагогикалық менеджмент Жастарға кәсіптік білім беру аймағындағы педагогикалық менеджмент | 2 | 7 | ғылыми проект |
| Кәсіпті топтастыру Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың Танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру Оқушы жастардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру. Теория мен практиканың байланысы негізінде оқушы жастардың | 2 | 8 | зерттеу |
3. | Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологиялары және олардың сипаттамасы. | 1 | 9 | рецензия |
| Оқыту технологиялары туралы түсінік. |
2 | 10 | ауызша |
| Қәзіргі заманғы педагогикалық оқыту технологиялар | 2 | 11 | реферат |
| Тақырыпты және оның өзектілігін анықтау | 1 | 11 | схема |
4. | Кәсіби мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың | 2 | 12 | эссе |
| Мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру | 2 | 13 | әдістер кестесі |
| Кәсіби мектептерде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын инновациялық талаптар. Инновациялық талаптар Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын инновациялық талаптар Кәсіби мектептерде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын | 2 | 14 | модель |
| Кәсіби мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру Кәсіби мектептерде оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың | 2 | 15 | схема |
| Барлығы: | 30 |
|
|
Кәсіби педагогика пәнінен глоссарий
Кәсіптік білім - бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.
Кәсіптік оқыту - бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойыша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.
Кәсіптік тәрбие - оқушы мен инженер-педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.
Кәсіп - қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі жене адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.
Мамандық - белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесі де жүргізіледі
Біліктілік - бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз -кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Тәрбие – тұлғаны қалыптастыруға мақсатты түрде бағытталған процесс. Қоғамдық-тарихи тәжірибені, жоғары моралдық нормаларды, ғылыми дүниетанымды, еңбек ету және тәртіп мәдениетін жаңа ұрпаққа беру процесі.
Тәрбие арқылы тұлғаның дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы, жалпы адамдық қасиеттері қалыптасады.
Білім беру - табиғат және қоғам жайында жинақталған білім жүйесін, ойлау амалдарын жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді қолдана білу процесі.
Білім беру ұғымын алғаш рет педагогикаға енгізген ғалым И.Г.Песталоцци.
Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, басқарылатын оқушы мен оқытушының оқушылар өзара әрекет ету процесі. Бұл процесс оқушыларға білім, білік, дағдыларды меңгертуге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға, оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктері мен ақыл-ой күштерін дамытуға, алдыға қойған мақсаттарына сай өз білімдерін жетілдіру дағдыларын бекітуге бағытталған. Оқыту екі жақты процесс.
Даму – адам ағзасының сандық және сапалық жағынан өзгеру процесі мен нәтижесі. Тұлғаның дамуы ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, әлеуметтік және табиғи факторлардың ықпалымен жүзеге асады.
Адам тұлғасының психикалық процестерінің, күш-қуаттық, рухани әлеуметтік т.б. дамуын бөліп қарастыруға болады.
Қалыптастыру - әр түрлі (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, тәрбие, тұқым қуалау т.б. ) факторлардың ықпалымен адамның құрылу (даму) барысы (становления) және нәтижесі. Ол адам тұлғасының аятталған, кемеліне келген деңгейін көрсетеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзінің жағымды қасиеттерін қалыптастыруға және жетілдіруге, ал жағымсыз жақтарын жоюға саналы әрі мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты адам өзін-өзі жақсы білуі керек, сондай-ақ өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, өзіндік санасы, алдыға қойған анық мақсаты, идеалы болуы қажет.
Өз бетімен білім алу – тұлғаның нақты бір мақсатқа жетуге, өзінің танымдық қызығушылығын, жалпы мәдениеттілік және кәсіптік сұранысты қанағаттандыруға, кәсіптік сапасын арттыруға бағытталған жүйелі түрде арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеті.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі.
Педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз – құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикалық процесс дегеніміз- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің алдыға қойған мақсатқа жетуіне бағытталған өзара әрекеттесуі немесе әлеуметтік тәжірибенің тұлға бойында қалыптасу процесі.
Жеке адамның дамуы дегеніміз – оның нерв жүйесіндегі функционалдық мүмкіншіліктерінің, психикалық процестерінің, адамгершілік қасиеттерінің білімінің, көзқарастарының, оқу қабілетінің адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықты игерудің және сол байлықты келешекте жасаудың даму тарихы.
Акселерация - баланың қарқынды даму құбылысы, яғни баланың ерте жыныстық дамуы және мінезіндегі психофизиологиялық өзгерістер.
Білім беру жүйесі – білім беру қызметін көрсететін білім беру мекемелерінің желісі.
Аксиология - тұлғаның, ұжымның, қоғамның материалдық, мәдени, рухани, адамгершілік және психологиялық құндылықтары туралы философиялық ілім. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады. Оның негізіне адам өмірінің құндылығын түсіну туралы педагогикалық көзқарастар жүйесі алынған.
Тренинг - интерактивті оқыту формасы. Оның мақсаты тұлғааралық және кәсіптік қатынас тәртібін жетілдіру. Мұғалімдерді кәсіби жағынан даярлаудың бір әдісі болып табылады.
Индивид – табиғаттағы жеке бір жан ретіндегі адам; адам қоғамының жеке бір өкілі.
Тұлға - адамдар ортасында өзінің позициясын еркін және нақты анықтай алатын, қоғамның өкілі. Адам тұлға болып туылмайды, тек әлеуметтену процесінде тұлға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, қоғаммен және адамдармен, мәдениетпен қарым-қатынас барысында қалыптасады.
Құндылық бағдар -1) адамның материалдық және рухани құндылықтарға өзіндік қатынасы, оның сенімі мен ұстаным жүйесі. 2) адамның объектілерді оның мәніне қарай саралау амалы.