Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:19, реферат
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Кіріспе
1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері
2. Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы
2.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
2.2 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.- Алматы:Экономика.- 2001.- 414 б.
2. Смағұлова М. С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері: оқу құралы, Алматы.- 2005.-212 б.
3. Қабдиев Д. К. Экономикалық саясат: Лекциялар.- Алматы: Экономика.- 2002.-326 б. 4.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы «Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы
5. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы
6. Сәбден О. Тұрғынбаева А. Шағын бизнес негіздері.-Астана: Фолиант.-2008.-176 б.
7. Бизнес негіздері.-Алматы: Экономикс.-2006.-312 б.
8. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты 2008 жылғы жолдау
9. Ихданов Ж. О., Орманбеков Ә. О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.-Алматы: Экономика.- 2002.-446 б.
10. Бисенғазин М. Б. , Хамитов А. Ш. Кәсіпкерлік негіздері.-Алматы: Экономика.-2005.-357 б.
11
Информация о работе Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы