Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 13:19, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.

Содержание

Кіріспе
1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері
2. Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы
2.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
2.2 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы.doc

— 122.50 Кб (Скачать)
-align:justify">Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

1.   Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

2.   Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

3.   Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

4.   Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

5.   Ашық және жабық акционерлік қоғам.

6.   Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

7.   Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

2. Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы

2.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлі іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

1.   Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

2.   Айқындалған факторларды талдау.

3.   Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

4.   Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.

5.   Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

6.   Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

1.   Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.

4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.

5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.

2. 2 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру

  

Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс практикасына  айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық жағдайына  қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды қамтамасыз етеді.

 

Бүгінгі күні Қазақстанда 36 сақтандыру компаниясы жұмыс атқаруда, олардың ішінде 14 компанияның кәсіпкерлік  тәуекелді сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар.

 

Кез-келген кәсіпорын өз жұмысын жүзеге асыру барысында  қандай-да бір кіріс алу және қаржы жұмсау т.б. мақсатты ұстанады. Яғни, ол өз жұмысын жоспарлайды. Бірақ, дамудың осы немесе басқа да стратегияларын таңдай отырып, кәсіпорын өз қаражатын жоғалтуы немесе жоспарланған сомадан аз алуы мүмкін. Бұл компанияның белгісіз ахуалда болуын көрсетеді. Компания тығырыққа тірелген кезде, басшылыққа шешім қабылдауға тура келеді, ол шешімдердің табысты іске асырылу ықтималдылығы (яғни, толық көлемде табыс алуы) кәсіпорынға іштей және сырттай әсер ететін көптеген факторларға тәуелді. Осындай жағдайда тәуекел ұғымы пайда болады.

 

Егер шешімді дайындау барысында тәуекелді төмендету шаралары тиімсіз және оған қаржы көп жұмсалатын болса, онда өз іс-қимылын экономикалық жағынан сақтандыру тиімді болар еді.

Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпкердің қарсы агенттері өз міндеттемелерін орындамауынан немесе кәсіпкерге қатысты емес жағдайларда осы қызмет талаптарының өзгеруінен туатын кәсіпкерлік қызметтің шығын тәуекелі, оның ішінде жоспарланған кірісті ала алмау тәуекелі. Оларға мыналар: іркіліске байланысты шығын тәуекелі, кәсіпорынның қарсы агентінің өз міндеттемелерін бұзуына байланысты шығын тәуекелі, жоспарланған кірісті ала алмауға байланысты тәуекел жатады.

 Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандырудың бірнеше ерекшеліктері бар.

 ҚР АК-нің 810-бабына сәйкес кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартымен   тек сақтанушы өз кәсіпкерлік тәуекелін және өз пайдасын ғана сақтандыра алады.

 Кәсіпорынды тәуекелден қауіпсіздендірудің бір тәсілі – сақтандыру бағдарламасын қалыптастыру. Ол үшін компания қызметін талдап, оған сипатты тәуекелдерді анықтап алу керек. Олар өз кезегінде компания  шешуге дайын тәуекел және міндетті түрде сақтандырылатын тәуекелдерге бөлінеді.

 Көп жағдайда сақтандыру бағдарламасы мыналарды сақтандырады:

  құрылыс-монтаждық, іске қосып реттейтін тәуекелдерді және кепілді міндеттемелерді;

  мүліктерді;

  құрылғыларды бүлінуден;

  азаматтық жауапкершіліктерді;

 жетекші қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын.

 Өз кезегінде, кәсіпкерлік тәуекел сақтандырудың мынадай әдістерін қолдана отырып, тоқтатылуы немесе төмендеуі мүмкін.

 Кәсіпорынды бос тұрып қалудан сақтандыру есебінен.

 

Сақтандырудың бұл түрі әр түрлі сақтандыру жағдайларынан тууы ықтимал  шығындарды: коммерциялық факторларды (өндірістің шикізат пен материалдарды толық және өз уақытында жеткізбеу салдарынан  тоқтатылуы, нарық конъюнктурасының өзгеруі, неғұрлым жедел міндеттемелерді реттейтін қаржы көздерінің тапшылығы), саяси факторларды (соғыс, көтерілістер), табиғи факторларды (климаттық ыңғайсыз жағдайлар) жабады. Өндірістің тұрып қалу мерзімі сақтандыру ережелерімен белгіленетінін, мұндайда сақтандырушы тиісті залалды, яғни ала алмаған өндіріс пайдасын өтеуді өз жауапкершілігіне алатынын міндетті түрде атап өту керек. Бірақ сақтандыру жағдайларын, көбінесе ағымдағы шығыстарды (жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, салықтар мен алымдар, үй-жайды жалға алу төлемдері) жүзеге асырудың шарамсыздығы мен қажеттілігін топтастырудың белгілі өзгешеліктері бар.

 Сақтандырудың басқа да жағдайларына жаңа технологияларды енгізу, қарсы агенттер тарапынан қаржылық міндеттемелерді орындамау салдарынан шығынға ұшыраған табыс (алынбаған табыс сомасы) жатуы мүмкін.

 Мұндай жағдайларда табыстың шығындалмауын сақтандыру ала алмаған табыстың өтемақысын, сондай-ақ сақтандырушы фирманың ағымдық шығыстарын және оның табысты төмендету  шараларына байланысты қосымша шығындарын қарастырады.

 Сақтандыруға жататын басқа да жағдайлар бар, атап айтсақ, кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін сақтандыру (жеткізуші немесе қарсы агенттер жағынан міндеттемелерді орындамау), бүлінулерден сақтайтын құрылғылар мен машиналарды сақтандыру (сақтандыру құрылымды монтаждау немесе оны пайдалану кезінде жүзеге асады), кәсіпорын қызметінің өзгешеліктеріне байланысты сақтандыру (мысалы, мұнай орындары мен таулы полиметалл орындарын табу). Барлық аталған жағдайларға байланысты сақтандырудың мән-жайы кәсіпорынның келісім-шартта немесе басқа да келісімдерде  көрсетілген белгілі бір іс-әрекеттерді орындамау салдарынан қандай да бір   мүліктің бұзылуы немесе жарамсыз болуына әкеп соғатын залалдан  тұрады.

 Басқа да тәуекел  топтарын қаржылық тәуекел – қаржы операцияларына тән тәуекел жиынтығы (валюталық тәуекел, пайыздық салымның өзгеру тәуекелі) қалыптастырады.

 Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру өз еркімен сақтандыру тобына кіреді, оның шарттары мен тәртібі сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) мен сақтанушы арасындағы келісім, сақтандыру шартының жазбаша нысанында және сақтандыру ұйымдары дайындаған, сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдармен келісілген сақтандыру Ережелері негізінде белгіленеді.

Сақтанушы сақтандырушымен шарт жасағаннан кейін, сақтанушы сақтандыру шартының талаптарымен, сақтанушымен қатар сақтандырушының да құқықтары мен міндеттемелерімен толық танысуы тиіс.

Шарт жасасу кезінде сақтандыру оқиғалары болып табылатын жағдайларға, олардың ерекшеліктері мен сақтандыру шектеулеріне көңіл бөлу керек. Сақтандыру ұйымы әртүрлі соғыс қимылдарының немесе әскери шаралар мен көтерілістер, бүліктер, халық толқулары мен ереуілдердің зардаптарына  шарт бойынша жауап бермейді.

Сондай-ақ шартта сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттар тізімі, төлеу тәртібі мен талаптары, сақтандыру жағдайы туған кездегі сақтанушының іс-әрекеті көрсетілуі тиіс.

Сақтандыру компаниясының жауапкершілік аясы (ең жоғарғы төлем сомасының мөлшері) сарапшылық жолмен белгіленетін қызметті тоқтату мүмкіндігінің ең жоғарғы мерзімі үшін берілген бухгалтерлік есеп-қисап негізінде есептелген залал мен ала алмаған пайда сомасындай анықталады. Сонымен қатар сақтандыру компаниясымен франшиза қаралады.

Анықтама: Франшиза – сақтандырушыны сақтандыру шартының талаптарында көзделген белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеу  міндеттемелерінен босату. Франшиза шартты және шартсыз болуы мүмкін. Шартты франшиза анықталғанда сақтану компаниясы іркіліс мерзімі франшиза мерзімінен аспайтын жағдайда өтемақы төлемейді. Шартсыз франшизада өтемақы кез-келген жағдайда, белгіленген франшизаны алып тастау есебінен төленеді.

Шарт жасасу кезінде ең жоғарғы төлем сомасынан күндік, тіпті пайыздық болып анықталатын белгіленген франшиза мөлшеріне ерекше көңіл бөлу керек.

 Сақтандыру тарифі сақтандыру компаниясымен мыналарға байланысты бекітіледі:

•  осы кәсіпорын қарайтын халық шаруашылығы саласына;

•  тоқтаған өндірістің ең жоғарғы сақтандыру кезеңіне;

•  франшизаның белгіленген мөлшеріне.

 Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы сақтандыру шартының «ерекше талаптар» бөлімінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен қолданыстағы заңнама нормасына қайшы келмейтін басқа да талаптар көзделуі мүмкін.

 

Қазіргі практикада сақтандыру үрдісі компания активтері мен пассивтерін жалпы басқарумен өзара тығыз байланысты және кәсіпкерлік тәуекелді жою, ең болмаса, төмендетуге бағытталған барлық іс-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Қазақстанда кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру автокөлікті, мүлікті, жауапкершілікті т.б. сақтандыру түрлері сияқты көп таралмаған. Бірақ сақтандырудың осы түрі экономикалық жағынан тиімді және жуық арада кәсіпорын жұмысында қалыпты қаржылық практикаға енетінін шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі жүргізудегі тәуекелділіктің маңызы