Кәсіпкерлік дегеніміз

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 22:33, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.БӨЛІМ. Инновация және кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік

1.1. Инновация туралы түсінік

1.2. Инновацияның рөлі мен функциялары

1.3. Кәсіпкерлік және оның қызметі

4 Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы

4.1 Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі

4.2 Инновациялық жобаларды бағалау

4.3 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсик.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

    Категорияның  маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы  оның ішкі құбылысын нақты түрде  енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.

    Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, "ақша-инновация" айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.

    Осыларды  қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:

  • өндірістік;
  • инвестициялық;
  • ынталандырушы;

    Өндірістік  функция мынаны білдіреді: яғни, инновация  кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

    Нарықта сатылған инновациялардан түсетін  ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.

    Қызметкерлік  пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары "Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында" көрсетіледі.

    Осылайша, инновациядан пайда көру және оны  қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде  қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

    Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда  әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның  ішінде капиталдың қызметінде.

    Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып  табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың  қаржыландыруы немесе белгілі бір  инновацияның жаңа түрлері үшін  қолданылатын инновация пайдасы  инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.

    Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар  ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

    Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.

    Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы  мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық механизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны бақарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдалынады.

    Астыдағы  кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары  мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде  берілген: 
 

    Инновациялық  тауарлардың түрлері      Тауар мінездемесі 
    Бірлік жаңалық     Белгілі бір өмір уақыты мен моральдық  қартаюының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі өнімді білдіретін инновациялық тауар 
    Обьектік жаңалық     Жаңа  қолданушы бағалықты құрайтын және техника мен технологияның дамуына белгілі тенденцияларды ұсынатын бірнеше біртестік байланысты жаңалық түрі 
    Негізгі жаңалық     Жаңа  өнімдерге сұранысты немесе экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін  жаңалықтардың біртестік комплексі 
    Программалық жаңалық     Жаңа  сұранысты қамтамасыз ететін бірлік обьектер мен негізгі жаңалықтардың, және де бірыңғай өзгермелі комплексі. 
 
 

    Кесте 1 – Жаңалық нарығының тауарлар тізімі. 

    Сұраныс пен ұсыныстың обьектік құрылымында  белгілі бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Олар: кәсіпкерлердің (сатып алушылардың) белгілі инвестицияларды қажет ететін негізгі жаңалықтардан бас тартуы, белгілі жаңалықтар сапасының (техниканың деңгейін) қанағаттандырылмауы, көне технологияны және шикізат жеткізушіні ауыстыруды қаламауы.

    Көптеген  жағдайда жаңалыққа сұраныс адекваттық ұсыныстың болмауынан қанағаттандырылуы мүмкін емес. Бұл техника мен технологияның ғылыми терең түрлеріне байланысты болады. Даму мәселесінің қиындығы мен біртұтастығы жаңалыққа сұраныстың пайда болуы мен оның қанағаттандырылмауының арасындағы маңызды уақыттық мөлшерді анықтайды.

    Қалыптасып  жатқан нарықтың бірнеше маңызды  қасиеттері бар. Жаңалықтар нарығы қазіргі  күнде экономикалық айналыста көп  қолданылатын интеллектуалдық меншік обьектілеріне рұқсаты растамауынсыз  дұрыс қызмет атқаруы мүмкін емес. Интеллектуалдық меншік обьекті ретінде жаңалық тауарлық-ақша формасында жүретін басқа бір тауар ретінде қарастырылуы мүмкін. Экономикалық айналысқа қатысушылар өзіндік интеллектуалдық қасиеттерімен айқындалуы керек: обьектің лигитимизациясы (өнімдерге құқығының бар болуы, экономикалық айналысқа кіруі), беру формасы, жаңалық нарығындпғы субьект ретінде болатын шаруашылықтағы обьективтік интеллектуалдық өнімнің бар болуы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 Кәсіпкерлік және  оның  қызметі 

    Кәсіпкерлік- адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерін оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс  экономисі Гарвард университетінің  профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: "Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу". Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж.) былай деген: “Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” термині алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.

    Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі.

    Бизнес  пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар  болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез-келген қызметтің  түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.Экономикалық ғылымда "кәсіпкерлік қабілеттілік" ұғымда бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалыты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуеклге бас ұрады.

    Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.

    Қазақстан Республикасы президентінің "Шаруашылық серіктестігі жайлы" және "Мемлекеттік кәсіпорын жайлы" жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негшзделген;
  • толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктелген;
  • жаупкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктелген;
  • командиттық-аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);
  • қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнынаалынады;
  • өндіріс және тұтыну кооперативтері;
  • консорциумдар;
  • акционерлік қоғамдар.

    Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі  шаруашылықтағы жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндіріс звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “кәсіпорын” мен “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәспорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсәіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
  • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    Кәсіпкерліктің  түрлері     Артықшылығы     Кем шілігі
    1. Бір  тұлғалы жекеленген шаруашылықтар      Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызмет жасауының  толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінезқұлқының икемділігі. Қызметінің құпиялылығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі.      Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің  біріктірілу қажеттілігі. 
    2. Серіктестіктер        Басқару бойынша міндеттерді болу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.      Әріптестердің өзара өнімсізді—гінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік – психологиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігін арқасындағы бір түрдің тұрақсыздығы. 
 
    3. Акционерлік қоғамдар
 
 
    Қосымша капиталды  тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі. Корпорация қызметі әр-түрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. 
 
    Басқарудың  тым күрделілігі және оның оперативтілігінің  төменділігі. Акционерлердің басқаруға  қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу  мүмкіндігі. 
 
 

    Кесте 2 - Кәсіпкерлік қызметтің негізі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі. 
 

    Ұжымдық кәсіпоырондар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға  емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі  мүліктік жарнасына және олардың  біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

  • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындаржалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарында енеді.

Информация о работе Кәсіпкерлік дегеніміз