Кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс 2 ДАЙЫН.docx

— 78.47 Кб (Скачать)

 

І. 3 Кезең шығыстарының есебі

 

Кезең шығыстарын өндіріс көлеміне байланысты емес тұрақты  шығыстарға жатқызады. Бұл, ештене өндірмесе  де фирманың әкімшілік кеңсесін ұстау  үшін кезеңдік шығыстар жұмсайтынын  білдіреді.

Әкімшілік басқару шығыстарын (ӘБШ) үш бөлімге  бөлуге болады:

  1. Басқарушылық шығыстары
  2. Шаруашылық шығыстары
  3. Өндірістік емес шығыстар

Басқарушылық  шығыстары –басшылардың, бас мамандардың  еңбек-ақысы, іссапар, кеңселік шығыстары. Олардын қатарына пошта, телефон –телеграф, ғаламтор қызметі және басқа да басқарушылық кіреді.

Шаруашылық  шығыстары –кенсені ұстауға немесе кенсені жалдауға, жеңіл автокөлікті  ұстауға, жүргізушінің еңбекақысына, жағар  және жанармайға, жеңіл автокөліктің амортизациясына қатысты шығыстар. Кенсені ұстау шығындарына ағымдағы жөндеу мен коммуналдық қызметтер, күзетті, қызмет көрсететін кіші персоналдық (ҚҚП) күтушілерді, аула сыпырушыларды, күзетшілерді ұстау шығындары жатады.

Ғылымға аудиторлық қызметтерге, фирманың өнертапқыштық  қызметтеріне, патенттерге, куәліктерге  қатысты шығыстар да шаруашылық шығыстары  болып табылады. [3; 326-355 беттер]

Өндірістік  емес шығыстар –сатып алушылар, салық  қызметтері талап еткен айыппұлдарға, өсемақыға, тұрақсыз айыптарға; вагондардың  бос тұру айыппұлдарына қатысты  шығыстар.

ТМҚ түгендеу кезінде кемшін шығу анықталса –нормаға сәйкес табиғи бүліну мөлшерін ТМҚ  сақталуына есептен шығару.

Кебу, шашылу, төгілу, күю, шығындары табиғи кемшін шығу нормаларына жатады.

Жалпы шаруашылықтық шығыстар есебі бастапқы бухгалтерлік құжаттардың 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында көрсетіледі.

Аталған шығыстардың салық қызметі бекіткен және тексеретін шығыстар бабының өз номинклатурасы бар.

Әкімшілік шығыстар. Баптардың үлгілік номинклатурасы әр бір кеңседе сақталуға тиісті, себебі оны салық инспекциясы ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар ұйым еншілес болса, жоғарғы басшы мекемеде тексереді.

Шығыс баптарының номенклатурасы:

  1. Әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің еңбекақысы (бастық, директор, бас бухгалтер, кадр бөлімі, хатшылық).
  2. Өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істеушілердің еңбекақысы –бұл пайдалану жөніндегі бас инженердің, бас технолктың, бас электриктің, бас жобалаушының еңбекақылары.
  3. Әкімшілік басқару аппаратын, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерін (материалдық –техникалық жабдықтау) МТЖ ұстау –ол жабдықтау және тасмалдау мен айналысатын бас мамандардың, логистердің еңбекақысы. Осы баптың құрамына ұйымға тиесілі жеңіл автокөліктерге қатысты шығындар да жатқызылады. Егер мекеменің жеңіл автокөлігі пайдаланатын болса –онда жеке автокөлігін пайдаланатын болса –онда жеке автокөлігін қызметтік мақсатқа пайдалану шығындарына өтемақы төлеу туралы келсімшарт жасалады.
  4. Кеңсенің техникалық құралдарын ұстау мен күтім жасау шығыстары –олардың қатарына компьютерлер, есептеу орталықтары, көшірме аппараты, байланыс құралдары, күзеттік дабыл қағу құралдары жатады, аталған құралдарға амортизатция есептеледі;

ТҚ амортизациясының сомасы осы шығыстарға жатқызлады.

  1. Егер күрделі салымдарға жатпайтын болса, кен кен өндіру салымдары бойынша дайындау жұмыстарының шығыстары.
  2. Құрлыс салатын дирекцияны ұстау, егер ол болмаса міндетті түрде техникалық бақылау тобы құрылады.
  3. Материалдарды немесе конструкцияларды тасымалдау кезінде бұзылған құрылғылардың, құрлысты –жобалау жұмыстарының ақауларын қалпына келтіруге қатысты шығыстар.
  4. Әкімшілік басқару жүйесін ұстау мен жетілдіруге қатысты шығыстар. Мысалы АБЖ көшу кезінде.
  5. Банк қызметінің төлемақылары –банкке төленетін барлық төлемақылар.
  6. Егер штаттық кестеде тиісті қызметті атқаратын жұмыскер қаралмаған болса, онда басқа ұйымдардың қызметіне төленетін төлемақы.
  7. Әкімшілік персональының іссапар шығыстары.
  8. Кеңселік, баспалық, пошта –телеграф, телефон байланысының шығыстары.
  9. Өкілеттік шығыстар –заңға сәйкес жұмсалуы мүмкін болған шығыстар.
  10. Қызмет көрсететін шаруашылықтарды ұстау шығыстары, оларға жайларды тегін беру, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге женілдік жасау жатады.
  11. Жұмыс күшін ұйымдасқан түрде қабылдау шығыстары, егер оларды оқыту қарастырылған болса, онда жұмыскер мамндықтарына оқыту, жұмыстан босату кезенде екі апталық өтемақы төлеу, комиссиялық шығыстар қарастырылады.
  12. Жалпы шаруашылықтық мақсаттағы НҚ жалдау бойынша шығыстар.
  13. Салықтар мен алымдар (кедендік және салықтардың барлық түрлері).
  14. Коммуналдық қызметтердің, объектілерді күзетудің, өртке қарсы іс –шараларын жүргізудің, сауықтыруіс –шараларын ұйымдастырудың шығыстары.
  15. Қоймалардағы нормадан тыс шығындар, ТМҚ бүлінуі мен кемшін шығуы, табиғи шығын нормалары, айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыз айыптар.
  16. Қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыз болуына байланысты қосымша немесе денсаулығын толық қалпына келтіргенге дейін орташа жалақыкөлемінеде төлем жасау.
  17. Қолданыстағы заңға сәйкес фирманың өндірістік емес саласындағы еңбек өтіліне байланысты қызметкерлерге бір мезеттік сыйақы төлеу.
  18. Аудиторлар мен кеңесшілерді жалдау кезінде аудиторлық және ақпараттық қызметтердің төлемақысы.
  19. Мектеп жасына дейінгі мекемелерді ұстауға қатысты шығыстар (бала бақшалар, жексенбілік мектептері, балаларды сауықтыру лагерлері), табыстың есебінен жабылмаған тұрғын үй шаруашылығының шығыстары.
  20. Ұйымның қайта құрлуына, штаттық кестенің қысқаруына байланысты жұмыстын босаған қызметкерлерге немесе әскерге шақырыуына байланысты төленетін төлемақылар.
  21. Сот шығындары –сұрақтарды сот немесе арбитраж арқылы шешуге қатысты барлық шығыстар.
  22. Келсімшарттарды бұзғаны үшін сот арқылы шешілген немесе мойындалған айыппұлдар, өсімақылар және басқа да жауапкершіліктер.
  23. Кінәлілер анықталмаған кездегі талан –таражға салушылықтан келген зыйян.

Әкімшілік шығыстарының синтетикалық есебі 7210шотында есепке алынады.

7210 «әкімшілік шығыстарының» шоты, шоттың құрылымы –активті.

«Әкімшілік  шығыстар»

Дт 72101

Кт

Баст қалд жоқ

 

Көбейді

+

шығыстар

Есептен шығарылды, азйды, шеге-рілуге бағытталады

   

 

Баланста бұл шот көрсетілмейді, ол жабылады. Бұл шығыстар жалпы  табыстан шегерілуге бағытталады.

7210 шоты келесі шоттармен корреспонденцияланады;

Дт 7210 Кт 7240 –МЕА амортизация есептеу.

Дт 7210 Кт 2930 –көрмеге қойлатын макеттер бойынша шығыстар сом-асы.

Дт 7210 Кт 2430 –консервацияға қойылған күрделі құрлыс объектісі.

Дт 7210 Кт 2420 –кеңсенің НҚ есептелген амортизация сомасы.

Дт 7210 Кт 1310 –ТМҚ есептен шығару: кінәлі тұлғаның анықталмауына байланысты ; табиғи нормаға сай шығындар немесе табиғи нормадан тыс шығындар; ӘБШ  пайдалану үшін.

Дт 7210 Кт 1320 –тұсау кесер кезінде, шаруашылық мақсаттарға есептен шығарылған дайын өнім, кінәлі тұлғалар анықталмаған жағдайда бүлінген дайын өнім

Дт 7210 Кт 1330 –бүлінген жоғалған тауарларды жалпы шаруашылық-тық шығыстарға есептен шығару.

Дт 7210 Кт 1340 –күәнді қарыздар бойынша  шығындарды резервтік шығыстарға есептен  шығару.

Дт 7210 Кт 1340 –түгендеу жүргізудің қортындысы бойынша аяқталма-ған  өндірістің расталмаған сомасын  есептен шығару. [1;14-18 беттер]

 

 

ІІ. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 

ІІ. 1. Енбек ақы бойынша өндірістік шығындар есебі

 

«Еңбек  ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен  қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі  өндірістік қызметкерлердің жалақысын  төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы  және өтемділік төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі  қызметке жататын қызметкерлердің  жалақысына жұмсалатын шығындардың  құрамына мыналар енгізіледі:

-  кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;

-  ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйлықақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін төленетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстем ақылары;

-  жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;

- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін керсетілетін коммуналдық кызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;

-  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;

-  қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес кезекті  және қосымша демалыстарға ақы  төлеу, сондай-ақ мемлекеттік  міндеттерді орындаумен, медициналық  тексерулерден өтумен байланысты  уақыттар;

-  заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;

-  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар  төлеу;

- қолданылып  жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэффициенттер бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген үстемақыларды төлеу;

-  кәсіптік-техникалық  училищені  бітірген түлектерге  және жоғары немесе арнаулы  орта оқу орындарын бітіріп  шыққан жас мамандарға жұмыс  басталар алдында демалысқа ақы  төлеу;

- кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай аспирантура, кешкі оқу орындарында, кешкі кәсіптік-техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;

-  зандарда  көзделген жағдайларға сәйкес  еңбек ақысы төмен жұмыстарды  атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша  еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда  іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне  дейін зандарда белгіленген қосымша  ақылар төлеу;

- бұрынғы жұмыс орнындағы кызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір мерзім ішінде сақтай отырып басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;

-  вахталық  жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның  орналасқан жерінен жұмыс орнына  дейін және кері қарай жолда  жүрген күндері үшін, сондай-ақ  ауа райының жағдайына қарай  және көлік ұйымдарының кінәсінен  жолда кідіріп қалған күндері  үшін айлықақының тарифтік ставка  мөлшерінде төленетін сомасы;

-  жұмысшы-донорға  тексеруден өткен, қан тапсырған  және әрбір қан тапсырған күннен  кейін демалыс алған күндері  үшін ақы төлеу;

-  егер  атқарылған жұмыс үшін есеп  айырысуды тікелей кәсіпорынның  өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның  штатында тұрмайтын қызметкерлерге  олардың азаматтық-құқықтық сипатта   жасасқан  шарттары бойынша атқарған жұмыстарына ақы төлеу.

Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған занына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объекті болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге акшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді. Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес 2011 жылы салық реформасында үлкен өзгерістер болды. Еңбек ақыдан аударылатын аударым  бабында есептелген  әлеуметтік  салығы әрбір жұмыс істеуші тұлға үшін, сол тұлғаның тапқан жалақысынан жеке-жеке есептелінетін болды және төрт градацияның орнына бес градация енгізілді. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді. Әлеуметтік салық градациясын төмендегі кестеден көруімізге болады [9; 210-215 беттер]

 

 

3 Кесте

2011 жылғы 1  қаңтардан бастап енгізіген әлеуметтік салық градациясы.

Салық салынатын шығындардың мөлшері

Салық ставкасы

15 ЖЕК-ке дейін (185 400 теңгеге дейін)

Салық салынатын табыс сомасынан 20% (37 080 теңгеге дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен 40 еселенген  ЖЕК-ке дейін (185 400 теңгеден 494 400 теңгеге  дейін)

15 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 15% (37 080 теңге  + 185 400 теңгеден асатын сомадан  15%)

40 еселенген ЖЕК-тен 200 еселенген  ЖЕК-ке дейін (494 400 теңгеден 2 472 000 теңгеге дейін)

40 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 12% (83 430 теңге  + 494 400 теңгеден асатын сомадан  12%)

200 еселенген ЖЕК-тен 600 еселенген  ЖЕК-ке дейін (2 472 000 теңгеден 7 416 000 теңгеге дейін)

200 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 % (320 742 теңге  + 2 472 000 теңгеден асатын сомадан  9 %)

600 еселенген ЖЕК-тен және одан  жоғары (7 416 000 теңге және одан  жоғары)

600 еселенген ЖЕК-тен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 % (765 702 теңге  + 7 416 000 теңгеден асатын сомадан  7%)

Информация о работе Кіріспе