Кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды меншік иесі тарапынан бақылауға бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін білу маңызды.
Қазіргі уақытта басқару ресурстарын жүйелеу мен өндіріс шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс 2 ДАЙЫН.docx

— 78.47 Кб (Скачать)

 

 

 

Кіріспе

 

Басқару есебі кәсіпорынның қолда бар ресурстарын пайдалануды  меншік иесі тарапынан бақылауға  бағытталған. Мұнда қорытындыларды, шығындарды және олардың тиімділігін  білу маңызды.

Қазіргі уақытта басқару  ресурстарын жүйелеу мен өндіріс  шығындары проблемасы көкейтесті, дегенмен әрбір қайта құрылған немесе қайта  жасалған кәсіпорын көптеген жағдайларда  мыналардың есебінен өндірістік емес шығындар болады:

  • Өндірістік құжаттарды толық пайдаланбау;
  • Айналымдық қаражаттың айналымдылығын өндірістік ресурстарға жоғары баға болуына байланысты азайту;
  • Негізінде кесімді белгіленетін сипаттағы еңбекақының қайтарымдылыққа (өндірістік) және т.б. сай келеді.

Басқару есептің объектісі  болып шығындар және оның бөлек құрылымдық бөлімшелері, шаруашылық қызметінің барлық субъектісінің нәтижесі, ішкі баға белгілеу қолдануға ұсынатын баға, бюджет, болжам жасау және ішкі жауапкершілік жатады. Ең негізгі функция басқару есебінде бұл- калькуляция, яғни экономикалық есеп жүйесінде өзіндік құн бірлігіндегі өндірістің түрлері (жұмыстары ,қызметтері).

 Басқару есебінде ең негізгісі болып ол – өнімнің өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құны дегеніміз - өндірістегі шығындар және оның ақшалай түрінде болуы.

Калькуляция дегеніміз — өнімнің өзіндік құнын есептеу, тауар өнімдерінің (жұмыстар, қызметтер) бірлігі. Кәсіпорын жұмысында калькуляцияның  маңызы өте зор. Сонымен қатар ішкі резервтерді уақытында орындауға рұқсат береді және өнімнің өзіндік құнын төмендеп кетуін пайдаланады және бәсеке көтеріледі.

Менің курстық  жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, себебі басқарушылық есеп - бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу және қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру, яғни өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Бұл кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды.

Басқаруға қажетті ақпарат  тек дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:

  • өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
  • жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жаңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты негізгі өндірістің шығындарын терең зерттеу, яғни шығындарды оны көтеруші бірліктерге, өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу. [1;1-2беттер]

Жұмыстың міндеттері - өндірістің шығындарын терең зерттеу - басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.

 Курстық жұмыс кіріспе,  екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде шығындар есебінің түсінігі, түрлері және калькуляциялық бірліктері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жайында. Ал екінші бөлімде калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындар есебі туралы жазылған.

Жұмыстың қорындысында жалпы кез келген ұйымда, кәсіпорындар мен мекемелерде калькуляциялау белгілі бір принциптерге сәйкес жүзеге асырыла отырып, нәтижесінде ұтымды да маңызды басқарушылық шешімді қабылдау мүмкіндігі уақытында және дұрыс жүргізілуі туралы жазылды.

 

 

І. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

 

І.1. Шығындардың элементтері бойынша шығындар жиынтығы

 

Ішкі  және ішкі зауыттық айналымдар есебін ескермей жасаған өндірістік шығындардың  сомасын, ай ішіндегі және жыл басынан  бергі шығындардың сметеасымен  салыстыру мақсатында, өндірістік шығындар сомасын анықтау кезінде бір  шоттың сомасы екі рет қосылып  кетпеуін қадағалау қажет.

Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын  шығындар экономикалық мазмұндары бойынша  келесі элементтерге топтастырлады: материалдық  шығындар (кейін қайтарылған қалдықтар  құны шегерілген); еңбекақы шығындары; негізгі құралдардың амортизациясы; сақтандыру аударымдары; өзге шығындар.

«Материалдық  шығындар» элементінің құрамында  келесі шығындар есепке алынады:

  • Өнім өндіру үшін қажетті компанент, әрі оның негізі болып табылатын, жеткізушілерден сатып алынған, сонымен қатар течнологиялық процесс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, өнімді орып түйюге немесе шаруашылық қажеттілігіне жұмсалатын материалдар;
  • Отын, станоктар мен жабдықтардың қосалқы бөлшектері, өндірістік учаскелердегі аспаптардың, инвентарлардың, арнайы киімдердің шығыстары;
  • Аталған цехта құрастыруды немесе қосымша өңдеуді талап ететін жартылай фабрикаттар, сатып алынған құрастыру бұйымдары;
  • Негізгі қызмет түріне жатпайтын сыртқы фирмалар орындайтын жұмыспен қызметтер: өнімді дайындау шикізат пен материалды өндеу бойынша және бекіттілген техналогиялық процестердің сақталуын бақылау мақсатында жеке операцияларды орындау; қорларды орталық қорға жеткізу үшін қолданылған сыртқы көлік қызметтері. Материалдарды, отынды, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды өз көлігімен жеткізу шығындары (тиіп –түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріске жұмсалған шығындардың элементтеріне қосылады (еңбекақы шығындары, әлеуметтік сақтандыру, өзге шығындар және т.б.)
  • Табиғи шикізаттарды пайдаланумен тікелей байланысты шығындар, өндіріске өсіп тұрған күйінде тамырынан босатылған ағаштар үшін төлемдер, су шаруашылығы жүйесінен алынатын суға жасалатын төлемдер және басқа да арнаулы ұйымдардың табиғи шикізат ресурстарын іздеу, бақылау, сақтау, пайдалану және қалпына келтіру шығындарын жабу үшін жұмсалатын төлемақылар;
  • Тасмалдау –дайындау шығындары (ТДШ). Тасмалдау –дайындау шығындарына теміржол тарифі жатады: қосымша алымдармен бірге есептелген тасмалдау төлемақысы, фирма қоймаларына жеткізу және жүктерді түсіру шығындары, материалды дайындау мен дайындалған жерінен қоймаларға жеткізу тікелей қатысты іссапар шығындары (жүргізушілер мен жүк тиеп –түсірушілердің іссапар шығыстары).

Қосымша материалдарға жұмсалынған  нақты шығындар өнімнің, тауарлы  өнімнің және аяқталмаған өндірістің жеке түрлеріне сметалық ставкаларға  пропорционалды түрде қосылады:

  • Технолоиялық мақсаттарға, прокат, қалыптық –ұстахана пресетеу және басқа цехтарда металды қыздрыу, технологиялық процеске сәйкес бұйымдарға және жылу қазандығының дизельдерге стендтік, тапсыру және тексеру сынақтарын жүргізу үшін сырттан алынған, сонымен қатар өздері өндірген отын;
  • Фирманың технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістк, шаруашылықтық қажеттіліктері үшін жұмсалатын сатып алынған электроқуатының барлық түрлері. Фирманың өзінде өндірілетін электроқуаты мен қуаттың басқа түрлерінің шығындары, сонымен қатар сатып алынған энергияны трансформациялап, тұтынатын жеріне дейін жеткізуге жұмсалған шығындар тиісті шығын элементтеріне қосылады;

Материалдық құндылықтардың бұзылуынан табиги нормаға  сәйкес кемшін шыққан зиян мөлшері. [1; 97-150.беттер]

Егер ыдыстар мен орауыштардың құны жеткізушілерден алынған материалдардың бағасына қосылған болса, онда олардың  құны кәсіпорының материалдық шығындарына  жатқызылады.

Өнімнің құнына қосылатын материалдық  құндылықтардың шығынынан кейін  қайтарылатын қалдықтар құны шегерледі. Өндірістегі кейін қайтарлатын  қалдықтардың қатарына, өнім өндіру процесінде толықтай немесе аздп тұтыну қасиетін жоғалтқан, бастапқы материалдардан пайда  болған жартылай фабрикаттар мен  басқа да материалдық құндылықтардың түрлері жатады. Белгіленген технологияға сәйкес, өнім өндіру үшін толыққанды материал есебінде басқа цехтарға өткізілетін  тұтыну қасиетін жоғалтқан материалдық  қорлар қалдықтардың қатарына жатпайды. Жанама өнімдер қалдықтардың қатарына жатқызылмайды.

«Еңбекақы шығындары» элементтінде цехтардың, фирманың негізгі персоналының еңбекақысы, жоғарғы өндірістік нәтижелерге  жетуге ынталандыратын жұмыскерлер  мен қызметкерлердің сыйақылары, сонымен қатар, негізгі өндіріске  жататын, бірақ фирма штатына  кірмейтін жұмыскерлердің еңбекақы шығындары көрсетіледі. Еңбекақы шығындарын құрамына төмендегілер қосылады:

  • Фирмаға қабылданған еңбекақы төлеу жүйесі мен формасына сәикес трафиктік ставкалар мен лауазымдық жалақыға, орындалған жұмыс трафигіне сай есептелген еңбекақы;
  • Ынталандыру сыйпатындағы төлемдер: өндірістік нәтижеге сай төленетіе сыйақылар (натуралдық түрдегі сыйақылар), кәсіби шеберлі, еңбектегі үздік нәтижелер және т.б. үшін тарифтік ставкалар мен жалақыларға қосылатын қосымша ақылар;
  • Еңбекету жағдайына байланысты төлемақы сыйпатындағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақытта, жұмыстан тыс уақытта, қызмет көрсету аймағын кенейткені, көп аусымдық режимде демалыс және мереке күндері жұмыс істегені, кәсіптерді біріктіргені, ауыр зиянды цехтарда, аса қауіпті жағдайда жұмыс істегені және басқа да заң бойынша бекітіліп, қарастырылған жағдайларға байланысты тарифтік ставкалар мен жалақыға қосымша төленетін төлемақылар;
  • Қолданыстағы заңдарға сай экономиканың жеке салалары бойынша қызметкерлерге тегін берілетін тамақ, азық –түлік, комуналдық қызметтер, фирманың тұрғын үй ақысына төлейтін шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б. тегін берілмеген жағдайда қаржылай өтемақы төленеді);
  • Қолданыстағы заңға сәйкес тегін берілетін, кейіннен тұрақты түрде жеке тұтыну үшін қалдырлатын, арнайы үлгідегі кейімдердің, аспаптардың құны (немесе оны арзандатылған бағамен сатып алу үшін берілетін жеңілдіктер);
  • Заңға сәйкес кезекті және қосымша демалыстардың (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы), сонымен қатар медициналық тексеруден өту уақытында, санитарлық кітапшаны алуға, мемлекеттік міндеттемелерді орындауға байланысты төлейтін төлемақылар;
  • Фирмалар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штат санының қысқарлуына байланысты, заңда бекітілген тәртіп бойынша төленетін өтемақылар;
  • Қолданыстағы заңдарға сәйкес, сусыз, далалы және таулы аймақтарда жұмыс істегені, экологиялық коэфиценттер үшін төленетін төлемақылар;
  • Жоғарғы немесе орта арнаулы оқу орындарын бітірген жас мамандарға жұмысқа тұрудың алдында төленетін ақылы демалыс төлемақысы;
  • Қолданыстағы заңға сәйкес, жұмыскерлер мен қызметкерлерге төленетін оқуға бару кезіндегі ақылы демалыс төлемақысы;
  • Заң бойынша қарастырлып, бекітілген жағдайларда, уақытша еңбекке жарамсыз болуына байланысты нақты жалақы денгейіне дейін қосымша төленетін төлемдер;
  • Басқа фирмалар мен ұйымдардын ауысып келген қызметкерлерге, анықталған мерзім ішінде, бұрынғы жұмыс орындарындағы лауазымдық жалақысын сақтау үшін төленетін жалақының айырмасы (заңға сәйкес);
  • Вахталық тәсілмен жұмыс істеу кезінде жұмыс графигіне сәйкес фирманың орналасқан жерінен жұмыс орнына жеткізіп, кейін алып қайту,сонымен қатар ауа райының жағдайы мен тасмалдаушы ұйымның кінәсінен жолда кешіккен уақытына тарифтік ставка мен айлық еңбекақы мөлшеріне сай төленетін төлемақы сомасы;
  • Фирма мен ұйымдардың жұмыскерлеріне, басшыларына өндірістен қол үзіп қалдырады қайта дайындау курстарында біліктілігін көтеру үшін оқуға барған уақытта негізгі жұмыс орны бойынша төленетін еңбекақы;
  • Әрбір қан тапсырғаннан кейін қызметкер –донырға тексеруден өтіп, қан тапсыру және дем алу уақытында төленетін еңбекақы.

«Сақтандыру аударымдары» элементі бойынша  бекітілген нормаға сәйкес мемлекетті әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті медициналық сақтандыруға, салық  заңдарына сай өндірісте жұмыс  істейтін қызметкерлердің еңбекапқыдан аударылатын әлуметтік салық  шығындары көрсетіледі.

«Негізгі құрадардың амортизациясы» элементі бойынша, амартизатция есептеудің таңдап алынған тәсіліне және бекітілген нормасынна сәйкес, оның ішінде жеделдетілген  амартизатциялау да кіреді, негізгі  өндірістік қорлардың бастапқы немесе баланстық құнына сай есептелген амартизациалық сомасы көрсетіледі. Негізгі  құралдар бойынша амартизация есептеу  олардың нормативтік қызмет ету  мерзімі бітіп, шығындар өндіріске  толық жатқызылған кезде толтырлады. Шығындардың осы элементі бойынша, фирманың еңбек коллективіне қызмет көрсететін асхана, сонымен қатар  фирма аумағында қызметкерлерге медициналық қызмет көрсететін медициналық  ұжымдарға тегін берілген ғимараттар мен инвентарлардың, өндірістік жағдайлардың құнына сәйкесесептелген амортизация  да көрсетіледі.

«Өзге шығындар» элементі бойынша  өнімнің өзіндік құнының құрамына заң бойынша бекітілген салықтар, алымдар, қорларға аударылатын сомалар; өнертапқыштық ұсыныстары мен ашқан  жаңалықтар үшін төленетін сыйақылар; несиелік келсімдерге сәйкес бекітілген банктік несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайздық үстемеақы, заң  бойынша бекітілген үстемеақы мөлшерінен басқалары (мерзімі өткен ссудалардың, жетімсіз өзіндік айналымдық қорды  толықтыруға алған ссудалаодың  және негізгі құралдар ман материалдық  емес активтерді сатып алу үшін алған  ссудалардың пайыздарынан басқасы); өнімді сертификациялау бойынша  жұмыстардың төлемақысы; өрт қаупсіздігін сақтау мен қүзет қызметі қадырларды дайындау және қайта дайындау, жұмыскерлерді  ұйымдасқан түде таңдап алуды ұйымдастыру  шығындары, кепілдік жөндеу мен күту шығындары байланыс қызметінің төлемақылары, негізгі өндірістік жайлар немесе жабдықтар  үшін жалдау ақысы (егер жеке объектілер жалға алынатын болса), материалдық  емес активтердің амортизациясы, лизинктік  келсімшарттар бойынша сыртқы мекемелерге  төленетін төлемдер; нормативтік  –әдістемелік және ғылыми –техникалық  әдибеттер мен бұқаралық ақпарат  құралдарынажазылу шығыстары кіреді.

Негізгі өндірістік құралдарға жасалатын түрлі  жөндеу шығындарының бірыңғайлығын  қамтамасыз ету үшін фирмалар жөндеу қорын құрады, өнімнің өзіндік  құнының «өзге шығындар» элементінің  құрамында, сонымен қатар, негізгі  өндірістік қорлардың бастапқы құны мен фирмалардың өздері бекіткен тәртіпке сай белгіленген нормативтерге  сәйкес анықталып, осы қорға аударған аударымдар сомасы көрсетіледі. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны мен өнімнің өзіндік құнына норматив бойынша жатқызылатын соманың айырмасы, алдынғы кезең шығыстарында немесе болашақ шығыстар мен төлемдердің құрамында көрсетіледі. Басқа жағдайлардың бәрінде негізгі өндірістік қорларға жүргізілген барлық жөндеу түрлерінің шығындары өнімнің өзіндік құнына шығынның тиісті элементтері бойынша жатқызылады. [2; 213-226 беттер]

 

1 кесте.

Элементтер бойынша шығындардың  жиынтығы

 

Элементердің аты

Өндірістік шығындардың  шоттары

Барлығы

8010

8020

8030

8040

1

2

3

4

5

6

7

1

Материалдық шығындар (қайтарылған  қалдық құны шегерілген)

500000

400000

200000

150000

1250000

2

Еңбекақыға

380000

290000

120000

120000

910000

3

Әлеуметтік салық аударымдарына

79800

61190

25200

25200

191390

4

Міндетті сақтандыру

15600

13800

12400

14600

56400

5

Амортизациялық аударымдар

17000

12000

5800

3500

38300

6

Өзге шығындар

170000

120000

86000

15000

391000

7

Жиыны

1162400

896990

449400

328300

2837090


 

I. 2 Өндіріске көрсетілген қызмет шығындарының синтетикалық есебі

 

Өндіріске көрсетілген қызмет шығындарының есебі 8410 шотының субшоттары бойынша жүргізіледі.

 

2 Кесте 

Әртүрлі жағдайларға байланысты шаруашылық операцияларының мазмұны мен  шоттардың корреспонденциясын қарастырып көреміз.

 

Р/р

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы теңге

Шоттар корреспонденциясы

дебет

кредит

1

2

3

4

5

А. Шаруашылық операциялары, әлеуметтік сала объектілерінің бәріне ортақ

1

Әлеуметтік сала объектілерінің қызметкерлеріне  есептелген еңбекақы

147000

8410

3350

2

Әлеуметтік салық пен зейнетақы  қорына жасалған аударымдар

47040

8410

3150

3

Әлеуметтік сала объектілерін ұстау  бойынша шығыстар (жылу, жарық, бумен, сумен, газбен жабдықтау және т.б.):

  • Жеткізуші кәсіпорындардан қабылданды;
  • Өздерінің көмекші өндіріс-терінен қабылданды.
     

64800

8410

3310

32400

8410

8310/1

4

Әлеуметтік сала объектілерінің негізгі  қорлары бойынша жөндеудің барлық түрлері бойынша шығыстар:

  • Жеткізуші кәсіпорын-дардан қабылданды;
  • Өздерінің көмекші өндірістерінен қабылданады
     

28000

8410

3310

1600

8410

8310/1

5

Есептелінген амортизация:

  • Материалдық емес актив-терге
  • Негізгі қорларға
     

4000

8410

2740

28600

8410

2420

6

Әлеуметтік сала объектілеріне босатылған әртүрлі материалдық құндылықтар

32400

8410

1310,1320, 1350

7

Есептен шығарылған алдағы кезеңдердің  шығыстары (газет пен журналға жазылу және т.б.)

18700

8410

1620

8

Подотчеттық сома арқылы төленген шығыстар

5200

8410

1250

9

Касса арқылы төленген шығыстар

250

8410

1010

10

Әлеуметтік сала объектілері үшін еншілес серіктестіктер (объек-тілерді  жөндеу, күту) жұмсаған шығыстар қабылданды

10200

84100

1220

11

Әлеуметтік сала қызметкерлері еңбек  демалысының төлемақы резерві жасалды

17000

8410

3430

12

Көмекші өндірістердің қызметтері қабылданды (авто-көлік және т.б)

16000

8410

8310

13

Жайларды және басқа объектілерді жалдағаны үшін жалдау ақысы есептелінеді

19000

8410

3360

 

Жиыны

486590

   

1

Үй шаруашылығын ұстану бойынша шығыстар қабылданды (қоқыс шығару, қар тазалау,

 ортақтаса пайдаланатын  орын-дарды ұстау және т.б.):

  • Жеткізуші кәсіпорындар-дан
  • Өздерінің көмекші өндіріс-терінен
     

32000

8410

3310

24000

8410

8310

2

Пәтерақы, адам тұрмайтын орындарды  жалдау ақысы есептелді, үйді пайдалану  шығыстарын жабу үшін жалға алушылардан  алым жиналады

147000

1250

6200

3

Пәтерақы мен мақсаттық алымдар  төленеді

21800

1010, 1030

1250

4

Тұрғұн үй –коммуналдық шару-ашылығының шығыстары есеп-тен шығарылды:

  • Негізгі және көмекші өндірістердің жүкқұжат шығыс-тарына, осы өндірістер үшін орындалған қызметтер бойынша
  • Күрделі құрлыс бойынша шығыстарға
  • Өнімді сату бойынша шығыстарға
  • Жалпы және әкімшілік шығыстарына
     

13000

8310

8410

84000

2930

8410

77200

7110

8410

85700

7210

8410

5

Өз өндірісі меншаруашылықтары үшін жұмсалынған қызметтердің құны мен  жабылмаған пәтер ақы, шығыстар есепті кезеңнің соңында есептен шығарылады

182690

7210

8410

Б. Қоғамдық тамақтандыруға тән шаруашылық операциялары

1

Қоғамдық тамақтандыру объекті-лер  үшін босатылған шикізат пен сатып  алынған тауарлардың құны

     

2

Сатуға жеберілген тағамның өзіндік құны есептен шығар-ылады

     

3

Тағамдарды сатудан кассаға түс-кен  түсім

     

В.Мектеп жасына дейінгі балалар ұжымдарына тән шаруашылық опера-циялары

1

Мектеп жасына дейінгі балалар  ұжымдарын ұстау үшін есеп-телген төлем

140000

1210

6200

2

Әлеуметтік сала объектілерін ұстау  үшін кәсіподақтан және басқа ұйымдардан алынған қар-жылық көмек 

170000

1030

6200

3

Атқару органдарының республи-калық  және жергілікті бюджет-терінен алынған  субсидия

130000

1030

6200

4

Есепті жылдардың бөлінбеген табысы балалар ұжымдарын қаржыландыруға бағытталды

90000

5610

6200

 

Балалар ұжымдарын қаржыл-андыруға алынған қаражат-тардың жыйыны

650000

   

5

Балалар ұжымдарын ұстау бой-ынша шығындар қаржыландыру көздерінің шотына есептен шығарылады (жыл соңында  шоттар жабылады)

340000

310000

6200

6200

8410

8410

6

Қаржыландыру көздерімен жаб-ылмаған  балалар ұжымдарын ұсыну бойынша  шығындар

196000

7210

8410

Информация о работе Кіріспе