2.Технологиялардың ұдайы жетілдіріліп
отыруына негізделген инновациялық-бағытталған
және жоғары технологиялық экономика.
3.Елде қуатты трансұлттық корпорациялардың
болуы.
Әлемдегі барынша дамыған және
бәсекеге қабілетті экономикаға
тән осы ерекшеліктер,Қазақстанға
тән басымдықтармен толықтырылуы
тиіс.Соның ішінде ұлттық экономикамыздың
мына салаларын жатқызуға болады:
1. Нақты өндіріс салалары,олар
қазіргі кезеңде елдің экономикалық
дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ететін іргетас болып
табылады.
2.Логистика.Бұл салада екі негізгі басымдықты
бөліп көрсетуге болады-біріншіден,экспортталатын
өнімді әлемдік нарықтарда өткізудің
әртараптандырылған арналарын қамтамасыз
ететін логистикалық инфрақұрылым,және
екіншіден,Еуропа мен Азияның арасындағы
байланыстырушы буын ретінде Қазақстанның
орасан зор транзиттік әлеуетін іске асыруды
қамтамасыз ететін көлік дәліздері.
3.Өндіруші салалар,оларда Қазақстанның
әлемдік нарықтардағы позицияларын
монополиялық немесе олигополиялық
деп сипаттауға болады,мысалы,сирек
металлдар,уран,хром және басқалар.Бұл
салаларда мемлекеттің қатысуын
арттыру және болашақта жекелеген
өнім түрлерінің әлемдік нарықтарын
бақылауда ұстауға қабілетті
ұлттық монополист компаниялар
құруға дейін баратын мемлекеттік
кәсіпкерлікті дамыту қажет.
4.Жоғары технологиялы және стратегиялық
перспективалы өндірістер,олар Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін
ұзақ мерзімді перспективада
(20-30 жылдан кейін) қамтамасыз
етуге қабілетті,мысалы-биотехнология,нанотехнология,ғарыштық
өнеркәсіп,робото-техника.Қазіргі уақытта
мұндай салалар жоқ,және де
қолайлы шикізаттық коньюктурадан
алынған артық табысты нақ
осы салаларды дамытуға бағыттаған
жөн.
5.Ғылым және білім беру саласы.Бұл
сала болашақта елімізде «білім
экономикасын» қалыптастыруға іргетас
қалап,сондай-ақ жоғары технологиялық
салаларды білікті кадрлармен қамтамасыз
ету үшін басым маңызға ие болуы керек.
6.Қаржы саласы.Жаһандану жағдайында
нақ осы қаржы институттары
мен нарықтары ұлттық экономикалық
мүдделерді негізгі алға жетелеуші
болып табылады.Күшті қаржы саласы
бәсекеге қабілетті және экономикалық
жағынан тәуелсіз елдің негізгі
белгілерінің бірі болып саналады,ал
осы саланың әлсіздігі,керісінше,қандай
да бір елдің жаһанданудың
жол жиегінде қалып, жетекші
елдердің шылауы ретінде әрекет
ететіндігін білдіреді.Сондықтан
да отандық қаржы жүйесін,оның
барлық компоненттерін-банктерден
бастап қор нарығына дейін,дамыту
және нығайту бәсекеге қабілетті
экономика құрудың негізгі басымдықтарының
бірі болуы тиіс.
Қазақстанның экономикалық өсуіне
2 маңызды фактор әсер етеді:
1.ЖІӨ-нің өсуіне соңғы жылдары
әлемдік нарықтағы жағымды коньюктура,атап
айтқанда,республиканың негізгі
экспорттық тауарларының әлемдік
жоғары бағамен сатылуы.Бұл қалыптасқан
баға коньюктурасы көмірсутегі
шикізаты,қара және түсті металл
шикізаты мен өнімдерін экспорттау
көлемін арттырып,олардың ең жоғары әлемдік
бағамен сатылуы.
2.Өнеркәсіпте (10,1%),құрылыста(11,2%),транспортта(9,2%),байланыста(32%),қызмет
көрсету салаларында да өндіріс
қарқыны біршама артты.
Қазақстан экономикасының қазіргі
даму процесі мұнай-газ және тау-кен өнімдерін
экспорттау мен валютаның нақты айырбастау
курсына тәуелді.Ұлттық экономика әлемдік
нарық пен дамыған елдерге тәуелді экономикаға
айналып бара жатқандығы мәлім.Қазіргі
көптеген әкімшілік шаралар,шын мәнінде
нарық жүйесі мен кәсіпкерлікке,мемлекеттке
қарсы бағытталған шаралар болып табылады.
Қазақстанның экономикалық моделі
өзінің потенциалын тамамдап
бітті және туындап жатқан
проблемаларды шешуде.Сондықтан,экономикалық
саясаттың жаңа моделін белгілеу
арқылы республикада тұрақты даму траекториясын
жасау керек.Дамудың стратегиялық мақсаты-сапалы
адами капиталын барынша өркендету.Дүниежүзілік
банктің әлемнің192 елінде жүргізген зерттеулеріне
сүйенсек,ауыспалы экономикасы бар елдердегі
дамудың 16 пайызы ғана капиталға,20
пайызы табиғи капиталға,ал қалған 64 пайызы
адам және әлеуметтік капитал үлесіне
тиесілі.Жалпы ұлттық өнімнің 40 пайызы
дамыған елдерде білім берудің тиімді
жүйесі есебінен түседі.
Бүгінде, мемлекетті әлемдік аренада
бәсекелестікке қабілетті ете
алу адам факторына инвестиция
салу мөлшерімен бағаланады.Сондықтан
ұлттық приоритет ретінде ішкі
жалпы өнімнің өсуі,төмен деңгейіндегі
инфляция емес,адам өмірінің сапасын
көтеру қажет.Экономиканы әлеуметтік
салаға бағыттаудың ең басты
приоритеті-адам капиталын өсіру
арқылы экономикалық-әлеуметтік
және саяси жетістіктерге жетудің
ең қайнар көзі екендігі белгілі.
Қорытынды
Дамудың қазіргі кезеңінде біздің
қоғамымыздың алдында орнықты
экономикалық өсуді қамтамасыз
етудегі позицияларымызды нығайту,ел
халқының жоғары өмір сүру
деңгейін және Қазақстанның әлемдік
қоғамдастықта лайықты орын алуын
қамтамасыз етуге қабілетті тиімді
Ұлттық экономика құру міндеттері
тұр.
Біздің еліміздің өндірістік
әлеуеті ерекшелігі мен құрылымын
ескерек,онда экономиканы әртараптандыру
басты мақсат болады.Бірақ бүгінде қай
сала бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға
барынша дайын және еліміздің әлемдік
нарыққа кіруін және онда лайықты орын
алуын қамтамасыз ете алады деген сұраққа
жауапты Президент сөзінен табуға болады,онда
соңғы жылдары елімізде байқалып отырған
жоғары экономикалық өсу қарқыны туралы
айтылып,назарды әлемдік нарықта Қазақстан
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін және соның есебінен
елімізбің жаңа шектерге шығуын қамтамасыз
ету мақсатымен елдің серпілісті,ғылыми-технологиялық
жобаларға көшу қажеттіліне шоғырландырды.
Экономиканы әртараптандыру ,бәсекеге
қабілетті өндірістер құру жолымен орнықты
экономикалық өсудің барлық көрсеткіштерінің
өсуін бекемдеуге,экономиканың дамуында
табысқа жетуге болады.Ауыл шаруашылығы,жеңіл
және химия өнеркәсіптері басты салалар
болуы тиіс.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін
нақты арттыру үшін қандай
да бір шетелдік рейтінгтің
формалды өлшемдеріне сәйкес
келумен шектеліп қалмай,барлық
экономикалық үдерістерді,экономикаға
мемлекеттің қатысуы жүйесін қоса алғанда,жаңғыртуды
көздейтін бәсекеге қабілеттілікті жаңа
сапалық деңгейде арттырудың кешенді
ұлттық моделін талдап жасау мен жүзеге
асыру және ең бастысы-өмір сүру сапасы
мен елдің адами әлеуетін арттыруға бағытталған
дамудың ғылыми негізделген басымдықтарын
анықтау қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1.О.Сәбден-Бәсекелестік
экономика
2.О.Сәбден-Экономика
таңдамалы еңбектер жинағы
3.www.google.kz.