Контрольная работа по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 22:12, контрольная работа

Описание работы

1.Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер.
2.Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің артуы мен тұрақтануы.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері.docx

— 29.94 Кб (Скачать)

                                      Жоспар

       1.Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер.

        2.Қазақстан экономикасының бәсекеге  қабілеттілігінің артуы мен тұрақтануы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер

               Президенттің Жолдауында қойылған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру мен әлем мемлекетттерінің арасында бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру тапсырмасы бірқатар ғылыми,әдістемелік және тәжірибелік мәселелердің шешілуін талап етеді.Бұл дегеніміз,тұрғындардың менталитетінің ерекшеліктеріне,әлеуметттік –экономикалық базистің жиынтық ерекшеліктерін ескеретін Қазақстанның ұлттық даму моделінің түпнұсқасын жасап шығаруды талап етеді.Осылайша,Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті елдер қатарына кірудегі бағыты мен жолы ұлттық даму моделінің ерекшеліктерін параллельді құрастыру қажеттілігін ескере отырып,жасалуы керек.

            Бүкіләлемдік экономикалық форумының  әдістемесіндегі аталған кемшіліктерге  байланысты бірқатар сұрақтар  туындайды – БӨИ есептік әдісіне  сүйену қаншалықты қажет? Осы  индекс бойынша жоғары көтеру  Қазақстанды бәсекеге қабілетті  етеді ме? Ұялы телефондар немесе  компьютерлер санының өсуі елдегі  технологияландырылудың  өсуін білдіреді  ме? Сірә, бәсекеге қабіліттілікті  көтеру БЭФ әдістеріне кірісетін  бірнеше индикаторлармен «құрастыру»  талпынысы шектелмеуі қажет. Керісінше,  бәсекеге қабілеттілікті көтеру  тапсырмасы тек экономикалық  емес, сонымен қатар тұрақты даму  концепциясына сәйкес барлық  аспектілерді қоса әлеуметтік  пен экологияны да ескере отырып  кешенді түрде шешілуі керек.  Егер аталған мәселеге кешенді  қарайтын болсақ, онда қазіргі  кездегі елдегі әлеуметтік-экономикалық  жағдай артық оптимизмге себеп  болмайтындығын мойындауымызға  тура келеді.

             Иа, қазір жақсы макроэкономикалық  көрсеткіштермен қамтитын мұнай  мен металға баға жоғары, бірақта, 90-жылдардың соңында болғанындай  олардың бағасы төмендеп кетуі  ықтимал, сондай жағдайда макроэкономикалық  ортадағы индекаторды «құлдырату»  қиын емес және де ол рейтингке  Қазақстанды төменгі орындарға  түсіріп жібереді. Сонымен қатар,  мұндай бағасының жоғарылығы  экономикаға жағымсыз салдарын  тудырады. Мұнайдың қамқорлығы Қазақстандық  нұсқадағы «голландық аурудың»  тұрақты гүлденуін байқатуда,  оның әсерінен үкіметтен бастап  жекелеген кәсіпкерлерге дейін  өз-өзін сабырлыққа шақыру эффектісі  туындауда. Әлемдегі мұнайға жоғары  баға бар еліне 30 доллар деңгейінен  асқан 2000 жылдан бері бірнеше  жыл сақталып келеді, бірақта  осы жылдар ішінде Қазақстан  экономикасының құрылымын айтарлықтай  модернизациялауға іс жүзінде  ештеңе жасалған жоқ. Инвестицияның  басым бөлігі бұрынғысынша шикізат  саласына бағытталуда және ол  сол уақытта өңдеуші салалардың  ЖІӨ қалыптастырудағы салымының  жаңартусыз қалғандығы көрініп  тұр. Егерде 2001 жылы жалпы өнеркәсіп  өндірісі көлемінде тау-кен өнеркәсібіндегі  36,1% қарсы өңдеу өнеркәсібінің  үлесі 50,6% құраса, ал 2009 жылы бұл  кқрсеткіштер 35,5 және 58,4% сәйкесінше  құрады. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында  машина жасаудың үлесі соңғы  бірнеше жыл бойы 3% төңірегенде  болып келеді. Яғни, Қазақстан өнеркәсібінің  ең технологиялық саласы жалпы  ішкі өнімнің небәрі 1% жуығын береді Бұл Қазақстан экономикасында нақты құрылымдық ілгерілеу болып отырған жоұрылымдық ілгерілеу болып отырған жоқ дегенді білдіреді,

             Осылай бола тұра,елімізде бірнеше  жылдан бері қаржы жүйесінің   «артық өтімділігі» деп аталатын  орын алып отыр. Бұған қоса, түрлі  мемлекеттік активтер – Ұлттық  қордың активтері, Ұлттық банктің  резевтері, мемлекеттік даму институттарының  активтері өсе түсуде. Соңғыларының  капиталдандырылуын арттыруға мемлекеттік  қаржылындырудың едәуір сомасы  тұрақты бөлініп отырады, соның  нәтижесінде даму институттары  ресурстарының жиынтық көлемі  қазірдің өзінде бірнеше миллиардқа  жетті. 2008 жылдың басында Ұлттық  банктің алтынвалюта ативтері  – 7,1млрд. долларды, ал Ұлттық  қордың активтері – 30 млрд. доллардан,  ал зейнетақы қорларының активтері  6 млрд. доллардан асты. Басқаша айтқанда, түрлі қаржы құрылымдарының –  корпаративтік те, мемлекеттік те  – қаржы ресурстарын әлден-ақ  еліміздің ЖІӨ көлемімен салыстыруға  болады. Алайда бүкіл осы қаржы  ағыны перспективалы және жоғары  технологиялық салалар мен өндірісті  сырт айналып, қаржы саласында,  жылжымайтын мүлікпен операцияларда,  құрылыста (ол тұрғын үй саласындағы  серпілік жағдайында жыл ішінде 40 пайызға дерлік өсті), және ле, әлбетте, өндіруші өнеркәсіпте  шоғырлануын жалғастыруда.

               Бұл жағдай қызметінің негізгі  мақсаты пайданы барынша көбейту  болып табылатын корпаративтік   қаржы секторына қатысты алганда  түсінікті,Әрине,банктер барынша  көп пайда алуға болатын бағыттарды ,мысалы тұрғын үй құрылысын  немесе тұтыну секторын ,несиелеуді  тәуір көреді.Сондай-ақ әлбетте,зейнетақы  қорларының  қаржысы да жоғары  технологиялық салаларға соқпай  өтеді,өйткені бұл салалар қор  нарығы нда ұсынылмаған,ал   ЖЗҚ-лар осы нарықта айналыста  бар қаржы  құралдарының шектеулі  түрлеріне ғана қаржы  сала  алады.Қор нарығының дамуы жөнінде  айтсақ,ол он бес жыл бойы  дерлік бір орнынан жылжымай-ақ  қойды,Мұндай жағдайда мемлекеттің  міндеті артық өнімділіктің басыңқы  салаларға ауысуын ынталандыратын  жағдайлар жасау болуы тиіс,Бірақ  мемлекеттің мұндай салаларды  тікелей қаржыландыратын тұтқалары  да бар,олар ең алдымен даму  институттары мен Ұлттық қордың  қаржысы.Алайда бұл қаржылар да  экономиканы жаңғартуға пайдаланып  отырған жоқ.Аталған институттардың  көпшілігінің жұмыс істеу тәжірбесі  көрсетіп отырғанындай,олардың капиталдандыруын  арттыруға  бағытталған мемлекет  қаржысы жаңғырту басымдылықтарын  қаржыландыруға пайдаланылмай,екінші  деңгейдегі банктердегі  депозиттерге  шөгіп қалады.Мынадай сұрак туады:мемлекеттік  бюджет қаржысы тікелей мақсат  бойынша  жұмыс істей,ұлттық  экономиканың  бәсекеге қаблеттілігін  арттырудың орнына,іс жүзінде  жекеше банктердің қосымша пайдасын  қалыптастыруға  ( даму институттары  арқылы)кетіп жатқаны қалай.Тағы  бір үлкен сауал Ұлттық қордың  қаржысын пайдаланудың тиімділігі  жөнінде.Үкіметтің тұжырымдамасы  бұл қаржы ешқандай жағдайда  Қазақстанның ішінде инвестицияланбай,шетелдік  активтерге сақталсын дегенге саяды.Мүмкін осындай инвестициялық қызмет еліміз үшін аса  кірісті және біздің өндіріске салғаннан гөрі  жақсырақ шығар.ҚР-ның Ұлттық банкінің есебіне қарағанда,Ұлттық қордың активтерін басқарудағы табыстылық 2008 жылдың қорытындысы бойынша жылдық 3,29 пайызды құраған,ал қор құрылғаннан бергі орташа жылдық табыстылық 4,75 пайыз денгейінде қалыптасқан.

             Соңғы 20 жыл бойында елдің,ұлттық,экономиканың  бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы  экономикалық даму теориясында  айтарлықтай бір маңыздысы болып  табылады.Ол ел өзінің экономикалық  болашағын қалай қалыптастырып  жатқандығын көрсетеді,ал оны  бағалау маңызды экономикалық  көрсеткіштермен ғана емес,экономикалық  маңызы бар саяси продцестердің  салдары және қоғамдық басқару,білім  деңгеиі,ғылыми база,ақпараттық  құрылымның жоғарғы деңгейде  дамуы,инновацияға мәдениет пен   құндылықтар  жүйесінің қолайлылығы  сияқты экономикалық емес көрсеткішмен  жүзеге асырылады.

            Елдің бәсекеге қаблеттілік индикаторы,бірінші  кезекте,азаматтардың өмір сүру  деңгейі мен сапасының көтерілуі,тұрақтылық,мемлекеттің  айқын болашағы,елдің заңдардың  сақталу деңгейі және тағы  басқалар болып табылады.Соңғы  есепте шығатыны-тауарлар мен  қызметтердің  бәсекеге қаблеттілігі  неғұрлым жоғары болса,соғұрлым,ресурстарды  пайдалану тиімділігі және халықтың  өмір сүру деңгейі де жоғары.

             Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге  қаблеттілігі едәуір көлемде   өндірістің негізгі үш факторы-табиғи  ресурстар,еңбек ресурстары және  капиталға байланысты болады.Өндіріс  пен техникалық прогрестің дамуымен  байланысты бәсекге қаблеттілікті,бірінші  кезекте,жоғарғы деңгейдегі елдің  инфрақұрылымы,оның ғылыми әлеуеті,халықтың  білім деңгейі сиақты факторлар  анықтай бастады.Сонымен қатар,әлемдік  тәжірибе көрсеткендей өндіріс  факторының болуы маңызды,бірақ,  табысты бәсеке жағдайына жеткіліксіз.Оған,сонымен  қатар,өнімге деген белгілі бір  сұраныс,сыбайлас және қызмет  көрсету  салаларында ішкі  бәсекелестік,фирманың стратегиясымен  құрылымдық және ішкі салалық  бәсеке қажет.

            Осы ғасырдың басында білім  тұжырымдамасы экономикалық дамудың  көзі ретінде Білім экономикасы  деген түсініктің пайда болуына  алып келеді.Тауарларды емес ой  туындысын шығару қазиргі кезде   экономикалық өсу мен  бәсекеге  қаблеттіліктің  негізгі көзі  болып отыр.Экономикада елдің  бәсекеге қаблеттілік  артықшылығының  көзі шикізатқа қол жетімділік,ыңғайлы  транспорттық тораптар,сыйымды тұтыну  нарығы,арзан еңбек күші болатын.Ал  жаңа экономикада жетістік факторы-білімге  негізделген  инновация  және  кәсіпкерлік,дамыған білім мен  ақпараттың инфрақұрылымдары.

            Толықтай елдің бәсекеге қаблеттілігі-бұл  ел экономикасының халықаралық  саудаға қатынасу,әлемдік нарықта  белгілі сегменттерін кеңейту  және ұстап тұру,әлемдік үлгіге  сай өнім өндіру қаблеттілігі.Елдегі  өндірістің  техникалық-экономикалық  деңгейімен,өндірістің шығындар  көлемімен,өндірілген тауардың сапасымен,инфрақұрылымның дамығадығымен,абсолютті және салыстырмалы артықшылықтарлың болуымен анықталады.

            Біздің ойымызша,ұлттық экономиканың  бәсекеге қаблеттілігін бағалаудың  өзімізге тән өлшемдерін талдап  жасау қажет,ол жүргізіліп отырган  экономикалық саясаттың табыстылығына  талдау жасауға және бәсекеге  қаблеттілікті арттырудың ұлттық  моделінің жүзеге асырылуына  түзету енгізуге мүмкіндік береді.Мұндай  бағаның мынадай ірілендірілген  өлшемдерін ұсынуға болады;

     1.Елдің  әлемдік саудадағы позицияларын  сипаттайтын өлшемдер.

     2.Жалпы  экономикалық сипаттағы өлшемдер.

     3.Әлеуметтік  даму өлшемдері.

     4.Технологиялылығы  өлшемдері. 

     5.Ұлттық  экономиканың осы заманғы жаhандық  экономикалық жүйе жағдайларына  сәйкестігін сипаттайтын институционалдық  өлшемдер.

     6.Ұлттық  экономиканың жекелеген нарықтарда  бәсекеге қаблеттілігін сипаттайтын  өлшемдер.

            Осы орайда 2006 жылдың маусым айында  ҚР БҒМ Экономика институты  аясында ұжымдағы жетекші экономист   ғалымдардың қатысуымен Уақытша  шығармашылық ұжым құрылды және  ұлттық экономиканың бәсекеге  қаблеттілігін бағалау өлшемдері  мен арттыру жолдарын анықтау  жөніндегі бастамашылық жоьа  бағдарламасы қабылданды.

             Тұтастай алғанда,еліміздің ұзақ  мерзімді,стратегиялық даму мақсаттарына  сүйеніп,мүндай дамудың тиімділігінің  агрегирленген өлшемі-халықтың жан  басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсуі,ал  жүргізілген экономиканы жаңғыртудың  түпкі мақсаты азаматтардың әл-ауқатының  өсуі болуы тиіс деп айтуға  болады. Қазақстан экономикасының  ұлттық моделін  қалыптастырудың   аталған  екі бағдарына ие  бола отырып,дамудың аралық мақсаттары  жүйесін,сондай-ақ оған жетудің  жолдары мен әдістерін түзуге  болады.

             Жалпы алғанда,бәсекеге қабілеттілікті  арттыру мен еліміздің дамуының  базисі, сөз жоқ, жоғары технологиялық  өндірістің ЖІӨ-дегі үлесін арттыруға  бағытталған ұлттық экономиканы  жаңғырту, дамыған елдердің стандарттарына  сәйкестендіру мақсатымен экономиканың  құрылымдарын жетілдіру, сондай-ақ  Қазақстанның қолда бар бәсекелік  артықшылықтарын іске асыру болуы  тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің артуы  мен тұрақтануы

        Қазіргі жаһандану үдерістердің  тереңдеген кезеңінде ұлттық  экономиканың бәсекеге қабілеттілігін  арттыру мен макроэкономиканы  тұрақтандыру мәселелері үдейе  түсті.Бұл мәселелер «Қазақстанның  бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына  кіру стратегиясында»,сондай-ақ  елбасының Қазақстан халқына  арнаған 2006 жылғы наурыз айындағы  жолдауында,2007 жылғы «Жаңа Қазақстан-жаңа  әлемде»,2008 жылғы «Қазақстан халқының  әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты» жолдауларында  көрсетілген.

       Қазақстан экономикасының дамуы  заңдылық бойынша оның әлемдік  экономикаға біріктірілуіне әкеліп  соқтырады.Ол үшін экономикада  сапалы жетістіктерге жету,әлемдік  экономикада толық құқықты мүше болу және дүниежүзілік қоғамдастықтың тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның жағдайын күшейту қажет.

       Мемлекет бірте-бірте жаһандық  экономиканың бөлігі ретінде,оның  жағымды да,жағымсыз салдарларымен  қоса дамып келе жатыр.Жаһанданудың  жағымсыз запдаптарын болдырмау,ел  Президентінің қойған талаптарын  жүзеге асыру,макроэкономикалық  саясатты құрудың ғылыми негізделген  тәсілдемелерін әзірлеуді талап  етеді;ол үшін қаржылық тұрақсыздық  пен жаһандық шақыруларды,әлемдік  нарықта бәсекелестіктің күшеюін,ғылым  мен инновация рөлдерінің ұлғаюын,адам  әлеуетінің дамуын,әлеуметтік және  экологиялық факторлардың мәнділігін  арттыруды ескеру қажет.

       Барынша дамыған және бәсекеге  қабілетті елдердің экономикасын  талдау олардың үш негізгі  ерекшеліктерін бөліп көрсетуге  мүмкіндік береді:

         1.Жоғары дамыған қаржы саласы

Информация о работе Контрольная работа по "Экономике"