Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:26, курсовая работа
Жұмысты жазудағы мақсат – коммуникациялық кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік реттеуге тоқтала отырып, ҚР коммуникациялық технологиялар саласында-ғы реформалау деңгейі мен оның даму перспективасына баға беру және оның ел экономикасының дамуындағы маңыздылығын айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуға келесідей міндеттер қойылды:
◦Коммуникациялық кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;
◦Қазақстан Республикасы коммуникациялық саласының даму жағдайын талдау;
◦Коммуникациялық саласын дамыту проблемаларын қарастыру мен шешу жолдарын ұсыну.
1-бөлім. Сала жағдайының ағымдағы ахуалын бақылау.
1.Шет елдердегі коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайы.
2.Телекоммуникациялар, пошта байланысы, ақпараттық технологиялар са-лаларының дамуын талдау.
2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің даму проблемалары.
2.1 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ком-муникациялық саланың әсер етуі.
2.2 Күшті және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүміндіктерін және
қауіптерін талдау.
2.3 ҚР-ның коммуникациялық кешенді негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары.
2.4 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.
3-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің перспективасы.
3.1 Электрондық қызметтердің және ЭҮ-нің болашағы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Пошта
байланысы жоғары әлеуметтік маңызға
ие және Қазақстан Республикасының
ақпараттық-коммуникациялық
Пошта байланысының қазақстандық саласы дамудың кішігірім қарқынын көрсетіп отыр: 2009 жыл ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамымен 13 млрд. теңге сомасындағы табыстар жиынтығы алынды, бұл 2008 жылдың көлемінен 6,4 %-ға кем. Пошта қызметін тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мен арттыру үшін жеткізу уақыты мен шығындарды қысқарту мақсатында пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың жаңа технологияларын үнемі енгізіп отыру қажет. Бекітілген Параметрлерге сәйкес пошта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері, жай жазбаша хат-хабарды жіберудің бақылау мерзімі мыналардан тұрады:
Астана, Алматы қалалары және күнделікті тікелей әуе, темір жол және автомобиль арқылы хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында –Д+3 (Д–бұл жай хат хабарды тарату, +3 – қабылдау кезінен жеткізгенге дейінгі пошталық жөнелтімнің өту күні);
Астана, Алматы қалалары және тікелей әуе, темір жол және автомобилдік хабарлаулары бар облыс орталықтарының арасында аптасына 3 және одан да көп күн – Д+4;
қалған облыс орталықтары арасында Д+6;
осы облыстың облыс және аудан орталықтары және облыстың қала, аудан орталықтары арасында –Д+3;
жергілікті пошта жөнелтілімдері –Д+1.
Қазіргі уақытта қолданыстағы пошта хат-хабарларын жіберудің бақылау мерзімдері бойынша сапа параметрлері төзімді. Бірақ тәуелсіздікалудан кейін басталған республиканың экономикасындағы негізгі өзгерістер, сондай-ақ ұсынылатын пошта қызметтері параметрлеріне жаңа әлемдік сапа стандартының пайда болуы Қоғамның пошта желісінде жаңғыртуды талап етеді. Байланыс саласындағы Өңірлік ынтымақтастықтың кезекті отырысында (ағымдағы жылы) Қазақстан бойынша 2012 жылға халықаралық пошта жөнелтімдері үшін жаңа параметрлер –Д+5 талқыланды, бұл бүгінгі күні Қазақстанның пошта саласы үшін қиындық туғызады, ал бірқатар өңірлер үшін қолданыстағы желі және пайдаланатын көлік түрінде орындалмайтын міндет болып табылады.
Ауыл тұрғындарын қаржылық қызметтердің толық спектірімен қамту үшін, 2006-2010 жылдары банктік операцияларды ұсыну және қолма қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті, күрделі және техникалық жайлылық деңгейі бойынша ҚР Ұлттық Банкінің және Ішкі істер министрлігінің нормативті талаптарына сәйкес келетін, пошта байланысының 380 ауылдық бөлімшелері құрылды. Сондай-ақ 2005 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде 8,5 мың бірліктен артық сандағы пошталық жабдықты жаңғырту жүргізілді, тозған автокөлік құралдарын ауыстыру жүзеге асырылды, заманауи пошталық вагондар сатып алынды (15 бірлік), хаттарды, сәлем саухаттарды және бандеролдарды жеткізу 69,2 %-ға артылды, кезеңдік баспаларға жазылу 23,7 %-ға артты, қаржы қызметтерінің көлемі 2,5 есе өсті, ауылдық жердегі Интернетке қоғамдық қол жетімділік пункттерінің желісі 115 бірлікке кеңейтілді, ауыл тұрғындарын пошта-қаржылық қызметтердің кеңейтілген ассортиментімен қамту 1,2 есе көбейтілді.
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар секторы ұлттық экономиканың барынша серпінді дамып келе жатқан сегменттерінің бірі. Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты Қазақстандағы IT-нарығының жалпы көлемі, бағалаулар бойынша, 2009 жылы 90 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7%-ға төмен.
IT шығындарының құрылымы экономикасы дамыған елдер үшін сипатты болып табылады, яғни компьютерлік жабдықтардың үлесі БҚ және IT-қызметтері секторларының үлестерінен басым болады. 2009 жылғы компьютер жабдығына арналған шығындар шамамен 71 млрд. теңге, IT-қызметтері шығыны – 12,6 млрд. теңге құрады.
IT-саласында қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуында ең маңызды фактор мемлекеттік саясат болып табылады. 2007 және 2008 жылдары елдің мемлекеттік органдарының ақпараттандыруға инвестициялық шығындары бағалау бойынша 15,1 және 17,7 млрд. теңгені құрады. Дағдарысқа қарамастан, мемлекет IT-қызметтері нарығында ірі тапсырыс беруші болып қалады. 2009 жылы бюджеттен IT инвестициялауға 18,8 млрд. теңге бөлінді. 2004-2010 жылдарда «электрондық үкіметті» (бұдан әрі – ЭҮ) қалыптастыру және дамыту бағдарламаларын іске асыру, БҰҰ дайындаған, электрондық үкіметке ғаламдық дайындық бойынша рейтингте Қазақстанға соңғы жылы, Ресейді (59-орын), Беларуссияны (64-орын) және Украинаны (54-орын) артта қалдырып, 81-орыннан 46-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. АКТ және мемлекеттік ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару облысында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында 2008 жылы «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы құрылды.
Ақпараттық технологиялар құрылымында үш ірі секторды көрсетуге болады: АТ-жабдықтарының өндірісі секторы, қорабтық (лицензиялық) бағдарламалық қамтамасыз ету секторы және IT-қызметтер секторы.
Қазақстанның IT-нарығы құрылымындағы өндіріс секторы және IT-жабдығын іске асыруда жалпы көлемінде басыңқы болып табылады (79 %), ол компьютерлерге, қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үдерісін сүйемелдейтін желілік және периферийлік компьютерлік жабдыққа сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді. Осы сегментте жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы түсімі 2009 жылы 71 млрд. теңге шамасына жетті. Сарапшылардың бағасы бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 2 млрд. теңгеден аспайды (2 %-ға жуық). Сектордың маңызды ерекшелігі оның импортқа тәуелділігі, ол микроэлектрондық құрушылардың жеке меншік өндірістік базасының болмауының салдары болып табылады.
Қазақстандық кәсіпорындар танымал халықаралық өндірушілердің компьютерлерін және сәйкесті жабдықтарын өткізумен, сонымен қатар жеке меншік сауда маркілерімен компьютерлерді жинау және өткізумен де айналысады. Қазақстандық өндірушілер БҚ сегментінде басым болып отыр (2008 жылғы сатылған компьютерлердің жалпы көлемінің 70%-дан астамы); бірақ ноутбуктер (0%) мен серверлер сегменттерінде біршама артта қалып келеді (14 %-дан кем).
Экономикалық бәсеңдеу және олармен байланысты бизнес пен халықтың сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі БҚ нарығына маңызды әсер етеді. 2009 жылы БҚ сатылым көлемі 6,6 млрд. теңге сомасын құрайды, ол 2008 жылға салыстырғанда 13 %-ға кемуіне әкеледі. Қазақстанда БҚ нарығында шетел өндірушілерінің өнімі басымды орын алады. Қазақстандық компаниялардың үлесі лицензиялық БҚ нарығында маңызды емес (2 %-ға жуық).
Қазақстан
Республикасындағы АТ-
2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің даму проблемалары.
2.1 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына
ҮИИД МБ шеңберінде, АКТ саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар маңызды міндеттерді шешуге қатысады:
біріншіден, салалық жалпы қосымша құнның өсуі есебінен ұлттық ЖІӨ-нің артуы;
екіншіден,
заманауи телекоммуникациялық
үшіншіден,
телекоммуникациялық
төртіншіден, Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы экспорттық бағытталған өндірістік және қызмет көрсетуші компанияларын құру және дамыту көмегімен шикізаттық емес экспорттың үлесін көбейту.
Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи қоғамға әсер етуі экономикалық шеңбердің сыртына шығады. Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім беруде, мәдениетте және адамдардың өмір салтындағы қатынастарды өзгертетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды және таратуды өзімен ілестіретін зор артықшылықтарды толық көлемде ұғынды. Бұл мағынада, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар еліміздің дағдарыстан кейінгі әлемдегі тұрақты бәсекеге қабілеттілігін құру құралдары бірінің қызметін атқарады.
2009
жылы Интернет желісін
Осыған
байланысты, Қазақстанның алдында АКТ-ны
тұтынудың және қолданудың өсу қарқынын
елеулі арттыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін
ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
қазақстандық қамтуын арттыру міндеті
тұр.
2.2 Күшті
және әлсіз жақтарды, саланың
(сектордың) мүміндіктерін
қауіптерін
талдау.
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
Телекоммуникациялық
нарықтағы жоғары бәсеке
Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру «Электрондық үкіметтің қызмет ететін инфрақұрылымы Саланың
даму орталығы ретінде арнайы экономикалық
аймағының «Ақпараттық технологиялар
паркі» («Алатау» АТП АЭА) «Алатау»
болуы |
3G, 4G технологияларының
негізінде байланыс желілерін таратудағы
артта қалушылық
Телерадио хабарлар тарату кешенінің ескірген инфрақұрылымы Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамымауы Ұсынылатын электрондық қызметтердің жеткіліксіз саны Ақпараттық-коммуникациялық технология-лардағы импортқа жоғары тәуелділік Пошталық инфрақұрылымның негізгі қорларының тозуы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдықтарының өндірісі саласында табысты кәсіпорындардың болмауы |
Мүмкіндіктер | Қауіптер |
Интернетке
кеңжолақты қол жетімділік қызметтеріне
жоғары сұраныс
Цифрлық хабар таратуға көшу мен байланысты жабдыққа сұраныс Шағын және орта бизнесті және инновацияларды дамыту құралдары ретінде Интернетті қолдану ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдығына жоғары сұраныс Жабдықтың, БҚ-нің және IТ-қызметтерінің отандық өндірушілері үшін Кедендік одақ шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейту Электрондық сауда элементі ретінде пошта-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мамандарына жоғары сұраныс |
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар саласының нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету және техникалық реттеу
деңгейлерінің сәйкессіздігі
ЖОО-ның және кәсіби білім беру деңгейінің сала талаптарына сәйкессіздігі БҚ-ны әзірлеу және IТ-қызметтері саласындағы қазақстандық мазмұнның төмендеуі |
ҚР-ның коммуникациялық