Коммуникациялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:26, курсовая работа

Описание работы

Жұмысты жазудағы мақсат – коммуникациялық кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік реттеуге тоқтала отырып, ҚР коммуникациялық технологиялар саласында-ғы реформалау деңгейі мен оның даму перспективасына баға беру және оның ел экономикасының дамуындағы маңыздылығын айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуға келесідей міндеттер қойылды:
◦Коммуникациялық кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;
◦Қазақстан Республикасы коммуникациялық саласының даму жағдайын талдау;
◦Коммуникациялық саласын дамыту проблемаларын қарастыру мен шешу жолдарын ұсыну.

Содержание

1-бөлім. Сала жағдайының ағымдағы ахуалын бақылау.
1.Шет елдердегі коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайы.

2.Телекоммуникациялар, пошта байланысы, ақпараттық технологиялар са-лаларының дамуын талдау.

2-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің даму проблемалары.

2.1 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ком-муникациялық саланың әсер етуі.

2.2 Күшті және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүміндіктерін және
қауіптерін талдау.

2.3 ҚР-ның коммуникациялық кешенді негізгі проблемалары, үрдістері және алғышарттары.

2.4 Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.

3-бөлім. ҚР-ның коммуникациялық кешенінің перспективасы.

3.1 Электрондық қызметтердің және ЭҮ-нің болашағы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 38.28 Кб (Скачать)

                                            Жоспар

1-бөлім.  Сала жағдайының ағымдағы ахуалын  бақылау.

    1. Шет елдердегі коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайы.
 
    1. Телекоммуникациялар,  пошта байланысы,  ақпараттық технологиялар  са-лаларының дамуын талдау.

2-бөлім.  ҚР-ның коммуникациялық кешенінің  даму проблемалары.

2.1 Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси  дамуына ком-муникациялық саланың әсер етуі.

2.2 Күшті  және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүміндіктерін және

қауіптерін  талдау.

2.3 ҚР-ның  коммуникациялық кешенді негізгі  проблемалары, үрдістері және алғышарттары.

2.4 Саланың  дамуын мемлекеттік реттеудің  қолданыстағы саясатын талдау.

3-бөлім.  ҚР-ның коммуникациялық кешенінің  перспективасы.

3.1 Электрондық  қызметтердің және ЭҮ-нің болашағы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                Кіріспе

       Қазақстанның коммуникациялық кешені  – ел экономикасының дамуында  маңызды роль атқарады. Халық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  қабілетті, дамыған тұрақты көлік-коммуникация  кешені экономиканың барлық секторын  теңестіріп дамытуға үлкен ықпалын  тигізеді.

     Сол себептіде ҚР коммуникация кешенін  дамыту экономикадағы инфрақұрылымның  дамуына, сәйкесінше елдегі байланыс жүйесіне өз әсерін  тигізеді. ҚР президенті өзінің «Жаңа әлемдегі-Жаңа Қазақстан» атты жолдауында осы коммуникация кешенін  дамытудың ел дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін атап көрсеткен еді. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін  бірнеше бағдарламалар қабылданды және шаралар атқарылып жатыр.

     Жұмысты жазудағы мақсат – коммуникациялық  кешенді дамытуға қа-тысты мемлекеттік  реттеуге тоқтала отырып, ҚР коммуникациялық  технологиялар  саласында-ғы реформалау деңгейі мен оның даму перспективасына баға беру және оның ел экономикасының дамуындағы маңыздылығын айқындау болып табылады.

     Осы мақсатқа сәйкес жұмысты жазуға келесідей  міндеттер қойылды:

    • Коммуникациялық кешенді  дамытуды мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;
    • Қазақстан Республикасы коммуникациялық  саласының даму жағдайын талдау;
    • Коммуникациялық  саласын дамыту проблемаларын қарастыру мен шешу жолдарын ұсыну.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                  1-бөлім. Сала жағдайының ағымдағы ахуалын бақылау.

            1.1 Шет елдердегі коммуникациялық кешенінің қазіргі жағдайы.

     2008 жылдың қорытындылары бойынша  ақпараттық технологиялардың әлемдік нарық көлемі 1,5 трлн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде 35%    (520 млрд. АҚШ доллары) Азиа-Тынық мұхит елдерінің өңіріне келеді.        2008 жылы аппараттық қамтамасыз етуге шығындар 2,5%-дан артты және     380 млрд. АҚШ долларын құрады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің нарығы (222 млрд. доллар) және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер (805 млрд. доллар) тиісінше аса тез қарқынмен өсті – тиісінше 10,3% және 8,2%.

     Халықаралық IТ-нарығында шығындардың құрылымы экономиканың даму дәрежесіне байланысты. Дамыған елдерде инфрақұрылымдық толықтыру жүруде, сондықтан аппараттық құрал-жабдықтарға шығындардың үлесі ақпараттық технологияларға жалпы шығындардың 70% осы нарықтарға жетуі мүмкін, дамыған елдерде IТ-өнімдердің және құрал-жабдықтардың үлесі    50%-дан асады, ал табыстың негізгі үлестері IТ-қызметтерінің сегменті болып табылады.

     Халықаралық тәжірибені талдау, IТ-нарығындағы дағдарысқа дейінгі мерзімінде дамыған елдерден еңбек құнын төмен сипаттайтын және салық салу қолайлы жағдайларымен елдерге ауыстыру үрдісі байқалуда.  Осы әсіресе, күрделі техникалық инфрақұрылымды құруды талап етпейтін бағдарламалық қамтамасыз ету мен қызметтердің өндірісі үшін өзекті. Соңғы бес жылда БҚ әзірлеу және IТ-қызметтерді беру нарығының  көлемі әлемдік экономиканың   3 – 4% орташа өсу қарқыны кезінде, жылына орташа 10%-ға өсті, ол дамыған және дамымаған елдерде ЖІӨ құрылымында осы сектордың үлесі айтарлықтай ұлғаюға әкелді. Осындай елдерге үлгі болып табылатын, ЖІӨ-нің 10%-нан асатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының үлесі бар Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (Корея, Малайзия, Тайвань, Сингапур).

     Үндістан IТ-қызметтердің және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қарқынды қолданатын қызметтердің сараптамалық бағытталған секторының ойдағыдай дамуының ең айқын мысалы болып табылады. 2008 жылы IТ-қызметтер экспортының жалпы көлемі 40 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл елдегі тауарлар мен қызметтер экспортының төрттен бірден астам бөлігін құрайды. Экспортқа қосымша ретінде ішкі нарықта 11,6 миллиард АҚШ доллары сомасына IТ-тауарлар мен қызметтер пайдаланылған. Болжамдарға қарағанда, IТ-қызметтер секторы 2010 жылы      60 миллиард АҚШ доллары көлеміне жетеді, бұл елдің ЖІӨ-нің 10 % құрайды. Ақпараттық технологиялар секторы 2 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтиды, оның 30 % – әйелдер; сонымен бірге, сектор бойынша орташа табыс басқа қызмет салаларынан екі еседей артық. Бұл ретте, ақпараттық технологиялар саласындағы әр жаңа жұмыс орны сыбайлас және қызмет көрсететін салаларда үш-төрт орынның пайда болуына алып келеді.

     Оңтүстік  Корея, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлеуетін қолдана отырып, кедей елден жоғары технологиялы тауарлар мен қызметтерді әлемдік сатудың көлемі бойынша он екінші қатысушысы болып табылатын әлемдегі ірі экономикалық державалардың біріне айналды. IТ-секторы елдегі экономикалық өсудің астам бөлігін қамтиды, инфляцияның төмендеуінің маңызды макроэкономикалық факторы болып табылады және елдің ЖІӨ-нің 16 пайызынын астам бөлігін құрайды. Корея экономикасының дамуына әсер ететін факторлардың ішінен бірнеше ұлттық стратегияларын іске асыруды қалыптастыру және қаржыландыру арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуындағы үкіметтің белсенді қатысуын айтуға болады.

     Кореяның  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуын төрт негізгі кезеңге бөлуге болады: 1) ұлттық қорлық ақпараттық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық орта жасау; 2) ақпараттандырудың алға басуы бойынша ұлттық жоспар негізінде ақпараттандырудың алға жылжуы (CDMA технологиясы негізінде тиімді және тез инфрақұрылым құру және кеңжолақты Интернетке қол жетімділік үшін инфрақұрылым құру); 3) компьютерлік сауаттылыққа оқыту және олардың ақпараттық технологияларды пайдалануы арқылы халық өмірін жақсарту; цифрлық теледидар қызметтерін ұсыну; «Korean Telecom» компаниясын жекешелендіру; «CYBER KOREA 21» ұлттық бағдарламасы негізінде «e-Government», «e-Commerce» және «e-Procurement» жобаларын іске асыру үшін орта және тұғырнама жасау; 4) «e-Korea Vision 2006» стратегиясын іске асыру және жаппай «e-Government» енгізу; «Broadband IT Korea  Vision 2007» жобасын іске асыру; бәсекелестіктің өсуінің одан әрі дамуы үшін  IT839 стратегиясын қабылдау және іске асыру    (8 қызмет, 9 өнім, 3 инфрақұрылым); DMB и WiBro коммерциялық қызметтерді іске қосу.

     Мемлекет  пен бизнестің өзара іс-әрекетінің келісілген үлгісінен басқа, Кореяның IT саласының даму үлгісінің бірегейлігі елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары дамуын тұрақты қаржыландыру тетігін құрудан тұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мемлекеттік сондай-ақ жеке сектордың әр түрлі жобаларын қаржыландыратын бірнеше қорларды, атап айтқанда, Ақпараттандырудың даму қорын құру арқылы Корея үкіметі дағдарыс кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторының дамуында инвестициялаудың  жеткіліксіздігінен өзін қорғап қалды, бұл дағдарыстан кейінгі кезеңде корейлік компанияларға қосымша бәсекелестік артықшылық берді. Сонымен қатар, қорды құру және оны толықтыру үшін сектор ішінде алынған құралдар – радиожиілік иелерінен алынған лицензиялық жинақ, телекоммуникациялық операторлардан алынған салықтардың пайызы қолданылады. 

    1.  Телекоммуникациялар,  пошта байланысы,  ақпараттық технологиялар са-

                            лаларының дамуын талдау.

                                                    

     Телекоммуникациялар

     Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар  саласы қазақстандық экономиканың, кәсіпорындардың жиынтық табысы 2009 жылы 438,4 млрд. теңгеге жеткен, өскелең сегменті болып табылады, бұл 2008 жылға қарағанда 8,3 %-ға көп. Сала табыстарының өсуі тұрғындар мен бизнестің ұсынылатын қызметтерге артушы қажеттілігін айқындайды.

     Сала  табыстарының құрылымындағы негізгі  үлес ұялы байланыс қызметтеріне тиесілі  – 244,8 млрд. теңге (55,8%). Сала табыстарының жалпы көлеміндегі  басқа қызметтердің үлесі былайша бөлінген: қалааралық және халықаралық байланыс қызметтері - 51,5 млрд. теңге (11,7 %); жергілікті телефон байланысы – 31,3 млрд. теңге (7,1%); Интернет қызметтері - 43,6 млрд. теңге        (10 %) және басқа да  байланыс қызметтері - 67,2 млрд. теңге        (15,4 %). Сала қызметтерінің 2009 жылдағы негізгі тұтынушысы корпоративті сектор болып табылады – 246,6 млрд. теңге (56,3%); тұрғындарға байланыс қызметтерін сатудан түсетін кірістер 191,8 млрд. теңгені құрады (43,7%), бұл 2008 жылға қарағанда 5,6%-ға көп.

     Соңғы жылдар бойы телекоммуникация саласының  өсуінің негізгі катализаторы ұтқыр  байланыс сегменті болды. 2010 жылдың басындағы  жағдай бойынша  Қазақстан аумағында  әлемдегі неғұрлым кең таралған GSM 900/1800 және  CDMA стандарттарын қолданумен төрт  ұтқыр байланыс желісі құрылды. Сонымен қатар ұтқыр байланыс нарығының жоғары шоғырланған болып табылатындығын айта кеткен жөн: нарықтың 90 %-ы екі ірі оператор өзара бөлісіп отыр, нарықтың қалған қатысушыларының үлесіне кемінде 10 % тиеді.

     2009 жылы ұтқыр байланыс абоненттерінің  саны 14,9 млн. абонентті құрады, бұл  әрбір 100 тұрғынға 95 абонент тығыздығына  сәйкес келеді.      2005 жылдан бастап абоненттер өсімінің қарқыны біртіндеп төмендеуде    (2005 жылы – 121 %, 2006 жылы – 45 %, 2007 жылы – 60,8 % және 2008 жылы – 16,9 %) және абоненттік базаның өсуі белсенді өсу сатысынан баяу өсу сатысына өтті. Осыған байланысты осы сегменттің ішінде бәсекелестік  құрылымның өзгеруі: тарифтер негізіндегі бәсекеден ұтқыр байланыстың ұсынылатын қосымша қызметтерінің спектрі бойынша бәсекеге қарай өзгеруі байқалады.

     2009 жылы бекітілген байланыс нарығы  абоненттерінің саны 3,9 млн. абонентті құрады. 2009 жылы нарықтың жалпы көлемі 82,7 млрд. теңге мәніне жетті, бұл нарық көлемі 82,3 млрд. теңгені құраған 2008 жылмен салыстырғанда 0,5 % өсімді көрсетті.

     Телекоммуникациялық нарықтың жалпы құрылымында Интернет және деректер тарату қызметтерінің үлесі соңғы 4 жылда азын-аулақ өзгерді және      2009 жылы 10 % шамасын құрады. Абсолютті көрсеткіштерде нарық көлемі      2009 жылы 43,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, берілген сектор ішіндегі табыстар құрылымы елеулі өзгерді. Интернет және IP-телефония қызметтері табыстарының үлесі елеулі өсті; арналарды жалға алу табыстарының үлесі төмендеді.

     2009 жылы Интернет желісін тұтынушылардың  саны, байланыс операторларының есептеріне сәйкес, 3,15 млн. тұтынушы мөлшерінен артты, бұл 100 тұрғынға 19,8 тұтынушы тығыздығына сәйкес келеді.

     Соңғы жылдар ағымында құрамына ақылы теледидар, веб-хостинг, IP-телефония, телерадио бағдарламаларын тарату және телекоммуникациялардың басқа қызметтері кіретін телекоммуникациялардың қосымша қызметтері үдемелі дамып келеді. Байланыстың басқа қызметтері сегментінің жалпы көлемі 2009 жылы 67,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,8 %-ға көбірек.

     «Қазақтелеком»  АҚ-ның экономикалық шоғырлануын  төмендету мақсатында соңғы жылдары  «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен аффилиирленген байланыс операторларында үлестерді (акцияларды) өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2010 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «NEO» сауда маркасы бар «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұялы байланыс операторының жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51 %-ын  сату аяқталды және қалааралық және халықаралық телефон байланысының, сонымен қатар Интернет желісіне қол жетімділік қызметінің операторы болып табылатын «Нұрсат» акционерлік қоғамына үлесті өткізу жоспарланып жатыр.

     Телерадио бағдарламаларды тарату қызметінің табысы 2009 жылы       13,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,8 %-ға артқанын көрсетеді. Телерадио бағдарламаларын қалыптастыру тракты 215 электрондық бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) ұсынылған. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа мен Солтүстік Африка елдерінің аумағында хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді. Кәбелді хабар таратудың 67 операторы және спутниктік хабар таратудың 2 операторы жұмыс істейді. Республикалық хабар таратумен ірі елді мекендердің – облыс және аудан орталықтарының тұрғындары ғана толық көлемде қамтылған. Ауылдық аумақтардың көпшілігі мемлекеттік телевизиялық арналардың (Қазақстан, Хабар, Ел арна) ғана хабар таратуымен қамтылған.

     Телевизиялық  және радио бағдарламаның республикалық  желісінің жұмысын «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы – республиканың эфирлік хабарлар тарату операторы іске асырады, ол барлық телевизиялық және радио бағдарламаларды таратуды іске асырады және республиканың халқын мынадай аса ірі жалпы ұлттық телевизиялық және радио бағдарламалармен қамтамасыз етеді: «Хабар» - 98,6 %; «Қазақстан» – 98,3 %; «Ел арна» - 87,4 %; «Бірінші арна Еуразия» – 86,8 %;  Қазақ радиосы – 87,8 %;  «Шалқар» радиосы - 46,2 %. Қалған жалпы республикалық телевизия және радио арналары халықты қамтудың төменірек көрсеткіштеріне ие.

Информация о работе Коммуникациялық кешен