Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 07:31, курсовая работа
Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды кұру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша бос ақша қаражатгарын шоғырландырып несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруа ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарынн құрайды. Сонымен қатар, банктер ӨЗ ҚЫЗметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-қол түрде ақша алғанда несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен болады.
Кіріспе..............................................................................................................2
1. Коммерциялық банктер
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдардары реінде.............................. 5
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті.......................... 6
1.3 Банкті басқару құрылымы....................................................................... 9
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2.1 Банктердің қызметтері және операциялары...........................................12
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.............................14
2.3 Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері.................16
3. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы............................20
3.2 Экономиканы және халықты несиелендіру............................................21
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы – мүлікті иесі (лизинг беруші), екінші - мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші - мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатынасуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді.
Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық кызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп несиелік қатынастар пайда болады. Мұнда несиелеудің барлық принципі бар: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Формасы бойынша бұл ақшалы несие емес, бұл өндірістік негізгі қорларға тауарлық несие.
Лизингтің түрлері, әр түрлі:
1. Жедел лизинг- анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдік төзу карқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.
2. Қаржылык лизинг анагұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
3. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық кұны бойынша бағаланады.
Лизингтік бизнестің дамуы үшін, лизингке беретін арнайы лизингтік компаниялар құрылады. Олардың негізгі қаражат көзіне құрал-жабдықтарды сатып алу үшін берілетін банктік несиелер жатады.
Құрылып жатқан лизингтік компанияларға қарағанда банктердің артықшылығы - лизингті жүзеге асыру үшін, ұйымдастырылған лизинг жүргізу үшін олар арнайы бөлімдер мен топтар қалыптастырады. Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақты материалдық қамтамасыз етілген.
Факторингтік операциялар. Факторингтік операция- клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға ( банкіге) беру. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қарызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Банктер алғашқы факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО - Промстройбанктің жүйесі айналысқан.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. "Траст" - сенім дегенді білідреді. Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді) оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп, банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан, оның мүддесі үшін, сенімді тұлға ретінде басқада қызметтер көрсетуін айтады. Бүл опеарциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқтарға ие болып мүліктің, капиталдың, бағалы қағаздардың иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар болып мүліктің иесі, яғнн сенім иесінің өзі немесе үшінші тұлға болуы мүмкін.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады.
Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициалау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиенттер оған қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.
3. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы.
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк- өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау -жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері - банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымның алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық құрылымның барлық түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық құрлымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк кызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдықб блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Функционалдық құрылым негізінде қандай да бір қызмет түрін көрсетуге мамандандырылған және шаруашылықты басқаруға, тағы басқа нарык жағдайына тәуелсіз әрекет етуге қабілетті шағын банктерде қолданылады, басқаша айтқанда, тұрақтылық жағдайында. Бірақ мұндай идеалды шарттар жүзінде өте сирек кездеседі, сондықтан банктер ұйымдастырушылық құрылымының басқа типтерін қолданады.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді.
3.2 Эконоиканы және халықты несиелендіру.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі - базалық қызметі - эономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер неиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде клиенттер - несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет - бұл банктің пассивтік несиелік операциялары, яғни депозит формасында.
Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу шін және т.б; ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) - автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін, үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозитгік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.
Қорытынды
Нарық экономикасында банктер қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналады. Банктердің нарықтық зкономикадағы ролі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. байланысты экономиканы басқару органы ретінде көрінеді
Банктік реформаны жүргізудің қажеттілігі мыналармен түсіндіріледі: қаржы ресурстарының дұрыс бөлінбеуінен, банктерде мерзімі өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік кәсіпорындардың есебінен көбеюі; шаруашылық органдарының арасындағы төлемдер мен есеп айрысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).
Банктердің негізі типтеріне - мемлекеттік, жеке, акционерлік, аралас, шетелдік, мемлекетаралық, коммерциялық бірлескен банктер жатады.
Банктер заңға сәйкес бастапқыда мәлімдеуші акцияны шығаруға құқысыз жабық акционерлік қоғам (мемлекеттік банктерден басқалары) формасында құрылады.
Банк өз қызметін - құрылтайшылардың шешімімен, Ұлттық банкінің лициензияны қайтарып алуымен, соттың шешімін тоқтатады.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы біртұтастығымен анықталады. Банктер өздерінің филиалдарын және бөлімшдерін, еншілес банктерін, өкілеттіліктерін құра алады.
Екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық банк арасындағы
қарым-қатынас банктік заңдылықтар мен нормативтік актілерге байланысты құрылады.
Банктер арасындағы және банктер мен клиенттер арасындағы қатынастар келісім-шарттар негізінде қалыптасады.
Банктерге жасалатын бақылау мен қадағалау: мемлекеттік, халықаралық, аудиторлық және кұрылтайшылық болы келеді.
Тәуекел деп банктің ресурсынің бір бөлігін, табыстарын жоғалтуын немесе қосымша шығынды операцияларды жүргізуін айтады. Банктік тәуекелдерге: несиелік, өтімділік, пайыздық, валюталық тәуекелдер жатады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Ақша, несие, банктер. Алматы. 2001ж.
2. Мамыров Н. Микроэкономика. Алматы. 2004ж.
3. Жүнісов Б. Нарықтық экономика негіздері.- Алматы,1999ж.
4. Назарбаев Н. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы,1999ж.