Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 07:31, курсовая работа
Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды кұру мен жою болып табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша бос ақша қаражатгарын шоғырландырып несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруа ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарынн құрайды. Сонымен қатар, банктер ӨЗ ҚЫЗметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан қолма-қол түрде ақша алғанда несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен болады.
Кіріспе..............................................................................................................2
1. Коммерциялық банктер
1.1 Коммерциялық банктер қаржы делдардары реінде.............................. 5
1.2 Ақша жасаудағы коммерциялық банктердің қабілеті.......................... 6
1.3 Банкті басқару құрылымы....................................................................... 9
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2.1 Банктердің қызметтері және операциялары...........................................12
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.............................14
2.3 Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері.................16
3. Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
3.1 Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы............................20
3.2 Экономиканы және халықты несиелендіру............................................21
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1.3 Банкті басқару құрылымы.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі бантік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін - Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Енішілес банк - жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің иеленіп, жаңадан кұрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.).
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы - олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келді.
Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. маманданды.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек кою деген жоқ..
1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен мен несиелік кооперативтерді қосқанда) филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.
АҚШ-тағы банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар ашуға рұксат береді, өзгелері - штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тыйым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.
Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штатағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды, Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9 мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін.
Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сай операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады, Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары.
2.1 Банктердің қызметтері және операциялары.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде кандай да бір кажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражатгарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиентгерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттары мен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімік несиелер беру;
- инвестицияланатын каражаттар иелерінің немесе иеденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуы және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агентгері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес);
- комерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік кызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай каражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- ннвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
2.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерн беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік. Шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалады.
Қазақстанда, заңға сәйкес, инвестиция деп, кәсіпкерлік іс-әрекет және басқада пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары мен бағалы кағаздарды айтады.
Инвестициялық қызметтің қатысушылары - жеке және заңды тұлғалар, мемлекет сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.
Әдетте банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің бастамашылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бір қатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салысырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзак мерзімде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Екіншіден, несиелеу кезінде бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде - несие берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. Бағалы кағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген, қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды Ұсыну қажет Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) Қорлық бағалы қагаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияяланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік Қ¥КЫҚ немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).
Соңғыларына пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу құқын беретін купондар - белгілі бір бағалы қағаздардың сатылу құқын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқын береді.
Олар өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше, екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі эмипентке қайтарылуы мүмкін.
Бағалы қағаздар иелерінің құқтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.
Мәлімдеуші бағалы қағаздар - бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
2.3. Коммерциялық банктердің басқа да қаржылық қызметтері.
Лизингтік операциялар. "Лизинг" ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа кұрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.