Коммерциялық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 12:11, доклад

Описание работы

Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жж арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.

Работа содержит 1 файл

Банк ісі-2.docx

— 47.65 Кб (Скачать)

    Сонымен банк несие тәуекелін басқару  проблемасы басқару объектісіне- несие  тәуекеліне тікелей және жанама әсер ететін шаралар жүйесі - басқару  әдістерінің жиынтығы ретінде қаралғанда басқаша мазмұнға ие болатындығын көрсетеді. Бұл мәселелерді зерттеу отандық  банкілер практикасында жанама әсер ету әдісіне жататын басқарудың жекелеген әдістері (ескерту, сақтандыру, тәуекелді ұстап қалу) жеткіліксіз  қолданылатынын көрсетті. Алайда жанама әдістерді қолдану, оның негізін  құрайтын тәуекелді ескерту әдісі  белгілі дәрежеде банкте несие тәуекелділігі  туындаған жағдайда оның пайда болуының алғы шарттарын жоюға мүмкіндік  тудырады.

    Коммерциялық  банктің несиелік тәуекелін басқару  тиімділігі ең бастысы несиелік қоржынның  сапасына тікелей байланысты келеді. Несиелік қоржын бұл несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері  бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы. Несиелік  қоржын банктің берген несиелерінің  негізінде қалыптасады. Несие қоржынын жиі талдап отыру қажет, себебі, талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртараптандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады:

    - қарыздар сапасын бағалау критерийлерін  таңдау,

    - мұндай бағалаудың әдістерін  анықтау (номерлік немесе баллды  жүйеде бағалау),

    - тәуекел тобына қарай жіктеу,

    - әрбір топ бойынша тәуекел  пайызын анықтау, 

    - жалпы несие қоржыны бойынша  әрбір топтың көлемінде тәуекелдің  абсолюттік шамасын есептеу, 

    - қарыздар бойынша мүмкін болар  зияндарды жабуға арналған резервтер  көздерінің шамаларын анықтау, 

    - қаржы коэффиценттері жүйесінің,  сондай-ақ оны құрылымдық талдау  негізінде несие қоржынының сапасын  бағалау. 

    Несиелік  қоржынды басқару бұл - банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін денгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғы шарттарына жататындар:

  • нақты   қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің    ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • несиелік  рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр  түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі  бар  салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

      несиеге баға белгілеу саясатын  дайындау.

      Тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген  банкілерде несиені қайтаруды  қамтамасыз ету мәселесі жоғары  маңыздылыққа ие болып тұрғанымен, әлі де несиелік тәуекелді  басқару жүйесін құруға онша  мән берілмейді. Мұндай жағдайда  банктің несие тәуекелін басқару  жүйесін өзгертудің негізгі бағыттары  ретінде төмендегі бағыттарды  алған жөн. Бұл бағыттар несиелік  тәуекелді басқару жүйесін жетілдіре  түседі . Негізгі бағыттар:

  •     отандық банк тәжірибесіне халықаралық несие беру тәжірибесін кіргізіп, бейімделу;
  •     банктің несие тәуекелін басқару жүйесін несиенің мәнді шегін және банктің несие тәуекелінің өзгешелігін есепке ала отырып құру;

1 –  кесте – ҚР-ғы ЕДБ-дің экономика  салалары бойынша берген несиелер  серпіні мен құрылымы

                                                                                                            кезеңнің соңына.

Көрсеткіштер 2003ж. 2004ж. 2005ж. 2006ж. 2007ж. 2008ж. 2009ж.
Барлық  несиелер, млрд теңге 978,1 1 484, 0 2 592,1 4691,0 7 227, 5 7 390, 9 8 160,1
Ауыл  шаруашылығы 276,9 398,7 163,9 206,7 259,0 264,4 310
үлесі,% 28,3 26,9 6,3 4,4 3,6 3,6 3,8
Өнеркәсіп 273,5 289,6 437,7 521,8 709,6 711,5 1200
үлесі,% 28,0 19,5 16,9 11,1 9,8 9,6 14,7
Құрылыс 117,4 125,2 313,5 658,4 1 198,7 1 423,4 2 252,2
үлесі,% 12,0 8,4 12,1 14,0 16,6 19,3 27,6
Сауда 31,4 56,2 638,4 1087,8 1  554,7 1 643,1 2211,3
үлесі,% 3,2 3,8 24,6 23,2 21,5 22,3 27,1
Көлік 75,2 158,9 96,0 106,7 138,0 165, 6 220,3
үлесі,% 7,7 10,7 3,7 2,3 1,9 2,3 2,7
Байланыс 7,7 19,7 21,7 32,3 37,2 41,2 57,1
үлесі,% 0,8 1,3 0,8 0,6 0,5 0,6 0,7
Өндірістік  емес сала 196,0 435,9 920,8 2077,2 3 330,0 3 141,7 1 909,4
үлесі,% 20,0 29,4 35,5 44,3 46,1 42,5 23,4
          Ескертпе – ҚР ҚҚА есептік  материалдары негізінде автормен  құрастырылған.
 
 

   2009 жылғы жағдай бойынша екінші  деңгейдегі банктердің несие  қоржынындағы несиелер үлесі  79,6% немесе 8 160,1 млрд. теңге болды. Бұл ретте экономикадағы несиелер үш салада шоғырланған: сауда – 27,1%, құрылыс   – 27,6% және  өндірістік емес сала  – 20,5%.

   Банк  несиелерінің өсуі серпіні өз кезегінде  банк жүйесіндегі тәуекел деңгейін арттырып, несиелік қоржынның сапасын  төмендетуге әсер етуде (сурет 1).

    

                Ескертпе – ҚР ҚҚА есептік  материалдары негізінде құрастырылған. 

Сурет 8 – Қазақстан Республикасының  несиелік қоржын

                         сапасының серпіні 

   Көріп отырғанымыздай несиелік қоржынның  сапасы 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  біршама нашарлағандығы байқалады, оны несиелік қоржында күмәнді несиелердің  өсуінен байқауға болады, айталық  жылдың басында күмәнді несиелердің  үлесі 2004 жылы 37,2 %-дан 2009 жылы 52,6 %-ға дейін  өсті, стандартты несиелердің үлесі 2004 жылы 61,7 %-дан 2009 жылы 43%-ға төмендеді, бұл жерде үмітсіз несиелердің  үлесі 2004 жылы 2,1 %-дан 4,4 %-ға дейін құрап  отыр.(сурет 1, келесі бетте ).

   Біріншіден, несиелік қоржынның сапасының нашарлауына 2004 жылдан бастап, қолданыла бастаған 2002 жылы 16 қарашадағы №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру»  туралы ережесі бойынша қойылатын  талаптардың күшейюі ықпал етсе, екіншіден, банктердің кепілсіз шартпен  несиелеу көлемін өсіруге ынталы болуы да әсер еткен, үшіншіден, бұл  аталған банктердің басында тұрған несиелік тәуекелдің деңгейін сипаттайды.

    Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің несиелік қоржындарындағы проблемалық несиелердің  үлесі 5-6% көлемінен аспайтын болса, ал біздің банктеріміздің несиелік қоржынындағы олардың үлесі бүгінгі күні  47,4%  немесе 10 есе жоғары көрсеткішке ие.

    Мұндай  көрсеткіш тек қана қадағалаушы  ұйымдарды емес, банк иелерін ойландырып, тиімді шешім қабылдауды қажет етеді.

   Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауды  әртүрлі әдістер қолданылады: банк қызметкерлерінің клиент туралы ойына  және жеке тәжірибесіне негізделген  субъективті бағалаудан бастап, математикалық  үлгілерді пайдаланып құрылған автоматтандырылған бағалау жүйелеріне дейін. Әр несиелік ұйым қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалауда қай әдісті қолданатынын әрине өзі таңдайды, дегенмен біздің ойымызша, математикалық үлгілерге негізделген жүйелер сенімді және тиімді болып табылады. Бұған әлемдік тәжірибе дәлел бола алады.  Математикалық алгоритмдерді қолданатын несиелік тәуекелді бағалаудың прогрессивті үлгілерінің бірі болып «скоринг үлгісі» табылады.

    Скоринг математикалық және статистикалық  әдістерді бизнесте қолданудың сәтті  мысалы болып табылады. Скоринг бұл банкке «бұрынғы» клиенттердің несиелік тарихы негізінде потенциалды қарыз алушының несиені уақытында қайтармау ықтималдығының қаншалықты жоғары  екенін анықтауда көмек беретін математикалық немесе статистикалық үлгі.

   «Скорингтік үлгілер» негізінен жеке тұлғалардың  және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  несиелік қабілетін бағалауда қолданылады, себебі ірі бизнес өкілдері болатын  банк клиенттерін берілген үлгі бойынша  «жаман» және «жақсы» деп жіктеу қиынға түседі, сондай-ақ тиімді болып  табылмайды.

    Скоринг үлгісі клиенттің сенімділігі немесе сенімсіздігімен тығыз байланысты сипаттамаларды анықтайды. Банктер  осы қарыз алушының несиені қайтара  ма әлде жоқ па білмеуі мүмкін, бірақ  оларға белгілі болғаны дәл осы  жастағы, сондай мамандықпен, тура сондай білім деңгейі бар, асырауында осынша адамы бар адамдар несиені  қайтара алмаған. Сондықтан банк мұндай адамдарға несие бермейді.

    ХХ  ғасырдың 90 жылдарында банк тәуекелін  бақылау тәуекелді өлшеу және есептеу әдістемесі саласына кірген жаңалықтар әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырады. Осының ішіндегі маңызды бір  ноу-хау банк қызметіндегі тәуекелді  өлшеудің жаңа әдіснамасы болды, ол VaR (Value at Risk - тәуекел астындағы құн) деп аталады. VaR-ды банкті қадағалау  жөніндегі Базель комитеті қаржы  нарығындағы конъюнктураның жағымсыз жаққа өзгеруі нәтижесінде пайда  болатын әлеуетті шығындар тәуекелін  бағалау үшін кіргізді.

    VaR әдіснамасының негізгі мәні –  ол инвесторларға несие тәуекелінің  көлемін өлшеуге, капиталдың жалпы  табысындағы әр несиенің үлесін  көрсетуге, банктің несие қоржынындағы  әр жекелеген позицияны тәуекелдіктен  қорғауын қамтамасыз ету үшін  қажетті мөлшердегі капиталды  анықтауға мүмкіндік береді.

    Кесте 19 VaR әдіснамасының көп қолданылатын терминдерінің тізімі берілген. 

    Кесте 19 - VaR методолгиясының негізгі терминдері және оның экономикалық мәні

Негізгі терминдер Экономикалық  мағынасы
VaR (тәуекел  астындағы немесе тәуекел құны) 

Loss distribution (залалды бөлу) 

Confidence Level (сенім интервалы) 
 

Economic capital (экономикалық капитал)

Holding period (позицияны ұстау кезеңі) 

Unexpected losses (күтпеген залал) 

Distance to defoult (дефолтқа дейінгі аралық) 

Zoss severity (залалдың тереңдігі) 

Credit Migration (несие миграциясы)

Белгілі бір  мерзім ішінде белгілі деңгейде болуы  мүмкін ең жоғарғы шығын.

Несие қоржыны бойынша залалды бөлу.

Қоржын  бойынша немесе кейде инвестициялық  позиция белгілі көлемнен аспау  мүмкіндігі.

Несие қоржынын ұстап тұруға қажетті капитал.

Несие қоржыны бойынша позицияны ұстап  тұрудың ұзақтығы (есептеу кезеңі).

Шығынның  мөлшері. 

Дефолтқа  жету мүмкіндігі (банкротқа ұшырау). 

Дефолт  жағдайында күтілетін залалдың мөлшерін өлшейтін элемент.

Несие рейтингісінің өзгеру тәуекелдігі.

 

    Бүгінгі күні несие тәуекелін өлшеу мен  бағалау үшін әлемдегі ірі банкілерде VaR әдіснамасының мынадай моделдері  қолданылады: Credit Metrics;Credit Risk+;  Partfolio Manager;  Credit Partfolio View;  Jarrow-Turnbull  Model.

    VaR әдіснамасының басты жетістігі  қарыз алушының несие қабілеттілігінің  төмендегені туралы ақпаратты  уақытында береді, тәуекелдік жағдай  туындаудан жарты жылдай бұрын  мүмкін болатын дефолт туралы  ескертеді.

   Қорыта  айтқанда, әлемдегі аса ірі банктерде  мұндай әдіснамалар үлкен сұранысқа  ие. Бұл жүйелердің құны жоғары болғандықтан, оны тек ірі банктер ғана ала  алады. Сондай-ақ, бұл жүйелерді бізде  дамытудың тағы бір қиыншылығы –  қарыз алушылар туралы базаның үлкен  болмауы. Дегенмен, біздің алдыңғы қатардағы  банктерімізде осындай математикалық  үлгілерді пайдаланып құрылған автоматтандырылған бағалау жүйелерін қолданатын үлгіні жасау мүмкіндіктері бар, мұндай үлгілерді енгізу олардың несиелік тәуекелдерінің деңгейін айтарлықтай  төмендетеді.

   Қазіргі заманға сай банктердің несиелік тәуекелін басқаруды жетілдіруге  байланысты жүргізілген зерттеу  мынадай тұжырымдар мен ұсыныстар  жасауға мүмкіндік береді:

    1. Несиелік тәуекелдің мәнін түсінуге  екі тәсіл тұрғысынан келу  қажет. Оның біріншісі, банктік  несиелік тәуекелін мынадай тар  мағынада қарастыру болып табылады: а) несие бойынша төлемдердің  төленбей қалу қаупі;  б) банктің  несиелік әрекетінің оның активтерінің  құнын жоғалту мүмкіндігін және  кепілдік міндеттемелерінің орындалмауын  көрсететін оқиғалық сипаттамасы.  Тәуекел-менеджменті - тәуекелді  бағалаудың барлық ұйымдастыру  үдерісін қамтып, орындалуын бақылау  және шешімдерді қабылдауда, тәуекелді  басқарудың біртұтас жүйесі болып  табылады. Осылайша, біз зерттеу  нысанының тағы бір жағы - банктегі  несиелік тәуекел мен несиелік  тәуекел-менеджментінің типтерін  анықтау, яғни оның әртүрлі  белгілері мен ерекшеліктерін  қарастыруға тырысамыз. Осы мақсатта  несиелік тәуекелдің типтерін  мына белгілерге қарап анықтаймыз: талдауды жүзеге асыру деңгейімен; пайда болу саласымен; қарыз  алушының типімен; тәуекелдің  пайда болу сипатымен; операцияның  түрлерімен; қарыз алушының іс-әрекеті  сипатымен, тәуекелдің қауіптілік  деңгейімен және тәуекелдің басқарылу  деңгейімен.

Информация о работе Коммерциялық банктер