Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 18:11, реферат
Классикалық буржуазиялық саяси экономияның толығырақ даму алуы ағылшын ғалымдары А.Смит (1723-1790) және Д.Рикардоның (1772-1823) еңбектерінде орын алды. Бұл кезеңде Англия экономикалық қатынастардың барлық жағынан алдыңғы қатарда болды. Англия басқа батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен, өнеркәсібінің тез өсуімен және белсенді сыртқы саудасымен ерекшеленді.
Англияда сонымен қатар капиталистік қатынастар күшті дамыды, ол өз кезегінде өмірге буржуазиялық қоғамның негізгі табын (класс) алып келді. Буржуазия- қоғам'дамуын үдетуші прогрессивті тапқа айналды.
1) Адам Смит(1723-1790)
2)А. Смиттің экономикалық ілімі. А. Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу" еңбегі.
Жалақы. Жалақыны құнның өзгерген формасы әрі жұмыс күшінің құны екендігін Смит білген жоқ, жалақыны ол еңбектің бағалануы деп түсінді. Бірақ жалақы деңгейін анықтауда, ол жалақының негізінде жұмысшының отбасы мен болашақта өзінің жұмыс күшін ауыстыра алатын бала-шағасын асырауға, өмір хсүруіне қажетті қаржылардың құны жатқандығы туралы өзіне дейінгі көзқарастарды дамыта білді. Сөйтіп ол нақтысында қалыпты жалақы деңгейін жұмыс күшінің құнына жиынтықтады.
Кұмыс күші құнының құрылымын зерттей келе, ол оның ең төменгі шегін (минимум) белгіледі. Егер жалданбалы жұмыс күшінің құны (қалыпты жалақы) осы деңгейден төмен болса «жұмысшының нәсілінің» құрып кетуіне жағдай туындайды. Мұндай жағдай қоғамдағы экономиканың кемімелі (регресс) сипат алғанында байқалады. Мысал ретінде ағылшынның Ост-Үнді компаниясының қол астындағы Үнді территориясы айтылады.
Смит экономикасы тоқырау жағдайындағы елдердің (Қытай XVIII ғ.) жалақы деңгейі өмір сүру деңгейінен сәл жоғары болатынын айтады. Ал экономикасы жоғары дамыған елдердің (Америка) жалақы деңгейінің де жоғары болатынын, олардың жалақы мөлшері жалғыз күн көріс деңгейімен ғана емес, салт- дәстүр, мәдениет, тұтыну шамаларының мөлшерімен анықталатынын мысалға келтіреді.
Смит жалақы мөлшерінің тұрақты түрдегі тұрғындар қозғалысының (өсуі немесе кемуі) әсерінен болатынын келтіреді. Қоғам байлығы өскен сайын еңбекке деген сұраныстың артатынын, жалақының өсіп, тұрғындардың тұрмыс деңгейінің жақсаратынын дәлелдейді. Нәтижесінде өсімі жылдамдайды.Жұмысшылар саны артады да жалақы төмендейді. Оның төмен деңгейінде жұмысшылар саны қысқарады да жалақы қайтадан көтеріледі.
Мамандық бойынша еңбекақы төлеу мәселесін қарастыра отырып ол арнайы дайындықты қажет ететін, әрі ауыр жұмыс түрлері жоғары жалақымен төленуі керек дегенді айтады.
Пайда. Пайданы Смит жұмысшы өнімінен шегеріліп тастағанда қалатыны дейді. Жұмысшының еңбегімен жасалынған қун екі бөлікке бөлінеді. Біріншісін жұмысшы өзіне жалақы түрінде алады, екіншісі капиталистің пайдасы. Бұл жұмысшының төленбей қалған, капиталист иеленген еңбегінің нәтижесі. Маркс Смит туралы "ол қосымша құнның нақты қайдан пайда болатынын байқады",-деп жазды. Сонымен пайда-бұл жұмысшының өзінің жалақысына қажетті жасаған еңбегінен жоғары еңбегінің нәтижесі.
Физиократтардан айырмашылығы, Смит пайданың жұмысшының төленбеген еңбегі арқылы өндіріс саласынан байланыссыз, яғни кез-келген өндіріс саласында жасалатындығын білді.
Жер рентасы. Рентаны сипаттай келе Смит оған бірнеше анықтамалар береді: 1) рента бұл- жұмысшының өнімінен шегеріп тастағандағы жер иесінің иеленетін төленбей қалған еңбегі, 2) рента - бұл табиғи факторлардың іс-әрекетінің нәтижесі, 3) рента - ауыл шаруашылық өнімдеріне деген монополияның нәтижесі.
Рентаның қалыптасуын ол жерге деген жеке меншТкпен байланыстырды. Ол жер учаскілерінің құнарлылығы әрі орналасуы жағынан айырмашылықтары бар екендігін және осы айырмашылықтардың дифференциялдық рентаны құрау себептері болатынын байқады.
Смит астық өндіретін жер учаскілерінен алынатын рентаның, ауыл шаруашылығы өндірісі өнімдерінің барлық түрінен алынатын рентаны анықтайтындығын дұрыс белгіледі.
Капитал туралы. Смиттің талқылауынша капитал - бұл капиталистің болашақта табыс алуына қажетті, өндіріс процесінде пайдаланатын босалқы қорлары. Капитал қорлануының басты факторына ол ұқыптылықты жатқызды.
Смит капиталдың негізгі және айналым капиталы болып бөлінетініне зор мағына бөлді. Ол негізгі капиталға мыналарды жатқызды: 1) машиналар мен басқа да қажетті еңбек құралдары, 2) сауда-өнеркәсіптік мақсаттарға арналған үйлер мен құрылымдар, 3) жерді пайдалану, өңдеу шаралары (құрғату, тыңайтқыштар, тазалау т.б.), 4) қоғам мүшесінің оқу мен жаттығу арқылы еңбекке дағдылану, пайдалы қабілеттері.
Айналым капиталы да осындай бөліктерден тұрады: 1) ақша, 2) азық-түлік босалқы қорлары, 3) шикізаттар мен жартылай шикізат, материалдар, 4) дайын, бірақ әлі өткізілмеген дайын өнімдер.
Негізі капитал Смиттің түсінігінше айналым процесіне қатынаспайды, иесінің қолында қалатын қорлар. Ал екіншісіне, айналым процесіне өз иесінен бір формада кетіп, екінші бір формада оралатын капиталды жатқызды. Бірақ Смит капиталдың үздіксіз функционалды формалық өзгеріске ауысып, қозғалыста болатының эр түрлі тәсілмен айналыста болатынын жетік түсіне алмады.
Өндіріс туралы көзқарас. Ұдайы өндіріс теориясына Кенэнің енгізген құндылығы Смит теориясында одан әрі даму алған жоқ. Мұнымен қоса ол өндірілген қоғамдық өнімнің құны- жалақы, пайда, рента түріндегі табыстар сомасына тең болатындығын пайымдап мәселені одан әрі күрделендірді. Басқаша айтқанда, өндірілген қоғамдық өнім құны жаңадан жасалған құнға тең болды, ал сол өнімді өндіруге қатынасқан өндіріс құрал-жабдықтарының құны ескерусіз қалды. Смит жиынтық қоғамдық өнімнің түгелдей табыстарға бөлінетінін дәлелдей алды. Бірақ Смиттің қателесуі де осында. Өндірілген тауардың құнында жаңа жасалынған құнмен қатар тауарға сіңген өндіріс құралдарының да құны бар. Бұл өткен жылдардағы еңбек өнімі. Сондықтан да жаңадан жасалынған құнға тең табыстар сомасы әрқашан қоғамдық өнімнен аз болады.
Смиттін пікірінше таза табыс - бұл бір жылдағы еңбекпен жасалынған жаңа құн, яғни ұлттық табыс. Нәтижесінде өткен жылдардағы еңбекпен жасалынған өндіріс құралдарының құны ескерусіз қалды, ал жылдық өнім құны табыстар сомасына тең болып шықты. Бұл жерде Смит таза табысты жеке тұтыну қоры түрінде, оңың өндірісті ұлғайтуға жұмсалуға тиіс бөлігінсіз көрсетеді. Оның бұл қателігі өндірістік процестің сол масштабта қайталанатынын білдіретін жәй ұдайы өндіріс мысалында қарастырылғанымен түсіндіріледі.
Смиттің бұл қате көзқарастары оның құн теориясының жеткіліксіз жақтарынан. Тауардың екі жақты сипатын білмегендіктен ол жаңа құнның абстрактылы еңбекпен жасалатындығың ал бір мезгілде нақты еңбек арқылы өнімге өндіріс құралдарының бұрынғы жасалған құны өтетінін түсіне алмады. Нақты еңбек өнімі тұрақты капиталға кеткен шығындарды өтейді. Табыстарға тек абстрактылы еңбекпен жасалынған жаңа құн бөлінеді.
Смиттің экономикалық ілімінде капиталдың қорлануына үлкен мән беріледі. Шын мәнісінде табысының елеулі бір бөлігін жинап оны өндірісті ұлғайтуға, қосымша жұмысшыларға жұмыс берге жұмсайтын, сол арқылы қоғам байлығын өсіруге ықпал жасаушы капиталистіңтарихи тұлғасын көрсетеді. Бірақ, қазіргі көзқарастұрғысында нақты қорлану көзі болып табылатын негізгі және айнымалы капиталды көбейтуге жұмсалатын күрделі қаржы туралы Смит ештеңе айтпайды. Смиттің ойыниа қорлану жалақының жоғарылауына әкелетін жұмысшылар үшін тиімді. Осыдан ол капитализмнің дамуына байланысты жұмысшылардың тұрмыс жағдайы жақсарады деген пікірді үстанды.
Еңбек өнімділігі туралы. Смит ғылымға еңбектің өнімді және өнімсіз түрлері болатынын енгізді. Олардың айырмашылықтарын ажыратты, қай еңбек түрінің "ұлт байлығының" өсуіне ықпал жасайтынын анықтады.
Смиттің пікірінше, материальдық өндіріс саласындағы еңбек түрі өнімді еңбек, яғни ол жұмысшылар мен фермерлердщ, құрылысшылардың еңбегі. Олардың еңбегі құн жасайды, ұлт байлығын көбейтеді. Ал шенеуніктер мен әскери адамдардың, басшы қызметкерлер мен ғалымдардың, жазушылар мен музыканттардың, юристер мен дін қызметкерлерініңеңбектері құн жасамайды. Олардың еңбегі пайдалы, қоғамға қажет, бірақ өнімсіз еңбекке жатады. Смиттің мемлекет, дін билігіндегі адамдарды өнімсіз еңбек иелеріне жатқызуы, сол кездегі буржуазияның үкімет бюрократтары мен ақсүйектерге деген экономикалық және моралдық тұрғыдағы оппозициялық көзқарасын білдірді. Кейіннен бұл буржуазия өкілдерініңғана емес жалпы жұмысшы табының да көзқарасына айналды. Сондьіқтан В.И. Ленин Смитті" алдыңғу қатарлы буржуазияның ұлы идеологы" тұрғысынан сипаттадві. Қорытындысында өнімді еңбек- бұл тауар өндіруге жұмсалған еңбек, ал өнімсіз еңбек- қызмет көрсету түрлері екенін байқауға болады.
Сонымен байлық еңбекпен жасалынады, ал еңбек өнімдері өздері үшін емес айырбас үшін өндіріледі. Бұл туралы Смит "әрбір адам айырбаспен күнін көреді, белгілі жағдайда сатушы да болып кетеді",-дейді. Тауарлы қоғамның да мәнісі осындадауарлар айырбас үшін өндіріледі. Мәселе тауар мен тауардың" айырбасталуы оларға жұмсалған еңбектің баламалылығында(эквивалент) емес. Айырбас нәтижесі өзара тиімді. Осы қарапайым идеяда-үлкен мағына жатыр. Біреу егін егіп нан пісірсе, екіншісі мал өсіріп ет дайындайды, өнімдері өзара айырбасқа түседі.
Мемлекеттің экономикалық саясаты туралы. Шаруашылық іс әрекеттердің еркін түрде жүруін Смит қоғам байлығының негізгі шартына жатқызды. Мемлекет неғұрлым экономикалық өмірге азараласса, соғұрлым шаруашылықтың дамуы жақсарады. Еркіндік қоғам игілігіне нұқсан келтіретін жағдайда ғана мемлекеттік реттеу орын алуы тиіс. Смит мемлекеттің мұндай пайдалы шараларына банкнота шығару, елдің, азаматтардың қорғанысын қамтамасыз ету т.б. жатқызды.
Халықаралық еңбек бөлінісінің маңыздылығын ескере отырып Смит өзара елдер арасындағы еркін саудаға да жол берді. Әрбір ел басқа жерлермен салыстырғанда арзанға түсетін тауарларды өндіруге маманданғаны дұрыс. Халықаралық еңбек бөлінісі осылайша қалыптасады. Бұл барлық елдерге де тиімді. Мемлекеттің саясаты осы мамандануға қарсы болса, халықаралық масштабта елге зиян шектіруі сөзсіз деген пікірлерді ұстанды.
Қорытынды
Сонымен өзінің кітабында Смит меркантилистердің алтын мен күмісті қорландыру қажеттілігі туралы идеяларын жоққа шығарды. Ол қоғам байлығының нағыз көзі материальдық игіліктерді өндіру процесінде екенін көз жеткізе дәлелдеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ө.Қ.Шеденов «Экономикалық ілімдер тарихы»
8