Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 18:11, реферат
Классикалық буржуазиялық саяси экономияның толығырақ даму алуы ағылшын ғалымдары А.Смит (1723-1790) және Д.Рикардоның (1772-1823) еңбектерінде орын алды. Бұл кезеңде Англия экономикалық қатынастардың барлық жағынан алдыңғы қатарда болды. Англия басқа батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен, өнеркәсібінің тез өсуімен және белсенді сыртқы саудасымен ерекшеленді.
Англияда сонымен қатар капиталистік қатынастар күшті дамыды, ол өз кезегінде өмірге буржуазиялық қоғамның негізгі табын (класс) алып келді. Буржуазия- қоғам'дамуын үдетуші прогрессивті тапқа айналды.
1) Адам Смит(1723-1790)
2)А. Смиттің экономикалық ілімі. А. Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу" еңбегі.
Жоспары:
1) Адам Смит(1723-1790)
2)А. Смиттің экономикалық ілімі. А. Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу" еңбегі.
Классикалық буржуазиялық саяси экономияның толығырақ даму алуы ағылшын ғалымдары А.Смит (1723-1790) және Д.Рикардоның (1772-1823) еңбектерінде орын алды. Бұл кезеңде Англия экономикалық қатынастардың барлық жағынан алдыңғы қатарда болды. Англия басқа батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен, өнеркәсібінің тез өсуімен және белсенді сыртқы саудасымен ерекшеленді.
Англияда сонымен қатар капиталистік қатынастар күшті дамыды, ол өз кезегінде өмірге буржуазиялық қоғамның негізгі табын (класс) алып келді. Буржуазия- қоғам'дамуын үдетуші прогрессивті тапқа айналды.
XVIII ғ. Англиядағы капитализмнің тез арада дамуы мен капиталдың қорлануына мына жағдайлар эсер етті; бұрынғыша отаршылдық тонау; сыртқы сауда (әсіресе, қүл саудасы); үкіметтік займдар. Капитал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына құйылды. Нәтижесінде ірі орталықтанған мануфактуралар мен капиталистік қожалықтар пайда болды.Шаруалардан жерлерін тартып алу процесі жалғасты, осы себепті XVIII ғ. ортасында Англияда шаруа-меншіктенуші тап жойылды. Ғасырдың басында Англия аграрлы ел болса, өнеркәсіптің қарқындауына байланысты ол индустриальды- аграрлы елге айналды.
Мануфактуралар жылдам дамығанымен ішкі және сыртқы рыноктың сұранысын қанағаттандыра алмады. Сондықтан ХҮІІІғ. ортасынан бастап мануфактурадан фабрикаға көшудің техникалық және экономикалық алғы шарттары пісіп жетілді. Ел өнеркәсіптік төңкерістің алдында тұрды.
Осы себептерге байланысты жаңа капиталистік өндірісті обьективтгі ғылыми талдау қажеттігіне буржуазия табы мүдделі болды.Осылайша XVIII ғ. екінші жартысынан-ХІХ ғ. басына дейінгі аралықта Смит пен Рикардоның шығармаларымен байланысты экономикалық ойлардың туындауына жағдай қалыптасты. Бұлардың екеуі де заманының терең ойлы алдыңғы қатарлы зерттеушілері болды.
Адам Смит(1723-1790) Керколди қаласында шотландтық кеден шенеунігінің отбасында өмірге келген. Ол қалалық мектеп пен Глазго және Оксфорд университеттерінен жақсы білім ала отырып тарих, философия, әдебиетпен айналысады, математика, физиканы зерттей отырып заманының білімді адамдар санатында болады. 28 жасында Глазго университетіне моралдық философиядан профессор болып қабылданады.
Оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің нәтижесі "Адамгершілік сезімдері теориясы" деген еңбегінде жинақ түрінде жарық көрді. 41 жасында Смитуниверситеттегі жұмысын тастап аристократ отбасыларының біріне тәрбиешілік жұмысқа ауысады. Өзінің тәрбиеленушісімен бірге ол Еуропада саяхат жасап жүргенде, Париж бен Швейцарияда Вольтер, Дидро, Д.Даламбермен, физиократ мектебінің өкілдері Ф.Кенэ мен А.Тюргомен танысады.
1766 жылы туған қаласы Кирколдиге оралысымен өзінің атақты "Халықтар байлығыныңтабиғаты мен көздерінзерттеу" кітабын жазуға толығымен кіріседі. 1766 жылдың наурыз айында ол кітабын жарыққа шығарады, бұл еңбегін ол Ф.Кенэге арнағысы келген, бірақ өкінішке орай бұдан екі жыл бұрын Кенэ өмірден озған болатын.
Смиттің бұл кітабының зор жетістіктерге ие болғандығы сондай, автордың көзі тірісінде бірнеше мәрте қайтадан басылып шықты. Орыс тіліне 1804 жылы аударылып мұнда да бірнеше рет қайтара басылып шықты. "Халықтар байлығы" бес кітаптан тұрады. Теориялық талдаудың барлығы дерлік алғашқы екі кітабында топтастырылған.
"Халықтар байлығының" өмірге келуі экономика ғылымының дамуына үлкен жаңалық әкелді. Өзінің кітабында Смит ғылымның негізгі саласы ретінде саяси экономияның қалыптасу кезеңін тиянақтайды. Мунда экономикалық теорияның зерттеу пәні болып табылатын барлық сұрақтарға орын берілгек
Методологиясы. Адам Смит мануфактуралық кезеңнің экономисі. Өнеркәсіптік төңкеріс енді ғана басталғандықтан, мануфактуралық өндірістәсілінде машина, қондырғылардың қолданылуы шектеулі болғанмең жүмысшылардың арасында еңбек бөлінісі жақсы дамыды. Осы фактыларды ескере келе. Смит адамзат қоғамын адамдардың бір-бірімен әр-түрлі еңбек өнімдері арқылы кең түрде айырбасқа түсетін "айырбас одағы" түрінде қарастырды.
Айырбасқа деген бейімділікті ол тарихтан тыс, қоғамдық даму кезеңінен тәуелсіз, адамзат табиғатының басты қасиеті ретінде қарастырды. Бұған ол адамның өзімшілдік қасиетін жатқызды. Адам өзінің осы қасиетін шаруашылық қызметінде басшылыққа ала отырып әрекет етеді. Адамдар бір-біріне қызмет көрсете отырып, еңбек және еңбек өнімдері арқылы араласады, өзінің ойлаған бас пайдасына жетуге тырысады. Олардың әрбірі бұл тұрғыда "экономикалық адамды" бейнелейді.
Смит "экономикалық адамды" былайша сипаттайды: "ол адам өзінің мақсатына өзгенің өзімшілдік қасиетін тану арқылы, яғни өзгелердің өз мүддесі үшін бұдан талап ететінін көрсете алғанда ғана жетеді... Маған не керек соны бер, өзіңе сол керегіңді аласың- кез-келген ұсыныстың мағынасы осы..." "Экономикалық адамның" мәнісін Смит адам табиғатының сауда мен айырбасқа белгілі бір бейімділіктерінің нәтижесін білдіретін еңбек бөлінісі арқылы ашады. Жеке адамның осы әрекет барысындағы мүддесі қоғам мүддесімен ұштасады, қоғамның өндіргіш күштерінің өсуіне ықпал етеді. Яғни пайда табу мақсатындағы "экономикалық адамның" іс-әрекеті мен бәсекелестік қызмет, нәтижесінде қоғамның пайдасына шешіледі. Осы тұрғыда Смит "көрінбейтін қол" туралы жазды. "Рыноктың көрінбейтін қол" механизмі көптеген адамдардың шаруашылық қызметіндегі күрделі іс-әрекетін, олардан тәуелсіз өз мақсаттарына жетуіне бағыттайды, қоғамдық еңбек бөлінісін реттейді.
Смиттің пікірінше,экономикалық құбылыстар - бұл жеке адамдардың өз қалауларынан тәуелсіз, обьективті және стихиялы(берекесіз) заңдылықтармен реттелетін процесс. Бұл заңцарды Смит табиғи құбылыс деп есептеді және оны да адам табиғатымен байланыстырды. Бұл үшін ол экономикадағы осы процестерді анықтаушы, түбірлі заңдылықтарын бөліп алып қарастыратын және жеке элементтердің өтпелі, кездейсоқтықтан оқшауланған ұғымын білдіретін абстрактылы тәсілді пайдаланды. Дегенмен Смит бір мезгілде абстрактылы уғыммен қатар экономикалық құбылыстардың ішкі заңцылықтары мен байланыстарының нақты көрінісін көрсетуге тырысты. Осы мақсатта ол абстрактылы адамнан капиталистке, капиталистік шаруашылыққа ауысып, оның сипатын ғылыми тұрғыда жүйеледі.
Смит меркантилизмді қатты сынға алды, әсіресе ол сыртқы саудаға еркіндік беру талабын қойды. Кейіннен оның бұл пікірі фритредерлік (еркін сауда) саясатының негізіне айналды.
Керісінше Смит ғылыми әрі прогрессивті элементтерге толы физиократтар іліміне оң баға берді. Әсіресе физиократтардың қоғам байлығының көзі ақшада емес, тауар массасында деген тұжырымдамаларын жоғары бағалады. Смит физиократтарды экономикалық саясаттағы өзінің одақтастарына жатқызды. Бірақ физиократтардың таза табыстың тек ауыл шаруашылығында ғана жасалып, қалған салаларда құнның жасалмайтындығы туралы тезистерін қабылдамады.
Смит зерттеулері саяси экономияның методология саласына елеулі үлес қосты. Ол саяси экономияның ғылым ретінде екі түрлі мәселесін анықтады: обьективті экономикалық шынайы құбылысты талдау, оның даму заңдылықтарын ашу(позитивті немесе оң жағы); фирма мен мемлекеттің экономикалық саясаты үшін берілетін ұсыныстарды орындау, өндіру (нормативті жағы).
Смит методологиясының басты құндылығы оның әрбір экономикалық құбылысты қоғамның негізгі таптарының мүддесі тұрғысынан зерттегендігінде.
Еңбек бөлінісі туралы ілімі. Смиттің халықтар байлығы туралы кітабы жұмысшылардың өз ісіне мамандануы арқылы еңбек өнімділігі мен өнім көлемін бірнеше мәрте өсірген түйреуіш жасайтын мануфактурадағы еңбек бөлінісі мысалын келтірумен басталады.
Смит еңбек бөлінісі еңбек өнімділігін үш түрлі тәсілмен арттыратындығын көрсетті: жекелеген жұмысшының ептілігі мен іскерлігін жоғарылату арқылы; біржүмыс түрінен екінші жұмыс түріне ауысуға қажетті жүмыс уақытын үнемдеу арқылы; машиналар мен қондырғыларды ойлап табуға ықпал жасау арқылы. Осылайша ол мануфактурадағы еңбек бөлінісінің рөлі мен машиналық өндірісті дамыту жолын көрсетті.
Оның экономикалық көзқарастары жүйесінің негізінде қоғамдық байлықтың өндіріс процесіндегі еңбекоен жасалатындығы туралы идея жатыр. Өндіріс көлемі мен өндірілген өнімдерді тұтыну ең басты екі түрлі фактормен анықталатындығы айқындалды: өнімді еңбекпен айналысатын тұрғындар үлесімен; еңбек өнімділігі деңгейімен Мұндағы еңбек бөлінісімен байланысты және экономикалық прогреске эсер етуші екінші фактордың маңыздылығы басым болды.
Смит еңбек бөлінісін рыноктың ауқымдылығымен тығыз байланыстыра білді. Ауқымды рыноктың өндірістің мамандануы мен еңбек бөлінісіне қолайлы жағдйи туындататынын, еңбек өнімділігініңжоғары болатынын, ауқымы тар рыноктың керісінше эсер ететінін дәлелдеді. Еңбек бөлінісі төңірегінде өзіне дейінгі ойшылдардың пікірімен салыстырғанда оның пікірі мағыналы болды. Ол еңбектің қоғам байлығының қайнар көзі, ал еңбек бөлінісінің еңбек өнімділігін арттыру мен қоғам байлығын молайтудың маңызды факторы екендігін көз жеткізе дәлелдеді.
Еңбек бөлінісінің қалыптасуын Смит адамдардың айырбасқа деген бейімділігімен түсіндіреді. Оның пікірінше бұл адамның табиғи қасиетімен байланысты. Айырбасқа деген бейімділік "еңбек бөлінісін алғаш туындатты",- дейді ол. Оның бұл пікірі қайшылықты жағдайды білдірёді, себебі еңбек бөлінісі тауар өндірісі мен тауар айырбасынан бұрын қалыптасқан.
Еңбек бөлінісі туралы Смит көзқарастарының тағы бір жетіспеушілік жағы оның қоғамдық және мануфактуралық -еНбек бөліністерінің айырмасын ажырата түсіне алмауында. Апғашқысы қоғам дамуының барлық сатыларында кездессе, соңғысы капитализмнің туындысы. Смит капиталистік шаруашылықты үлкен мануфактурамен теңестіреді, оның қателесуі де ос'ыдан, себебі капиталистік кәсіпорындар арасындағы еңбек бөлінісі ретшід бей-берекетсіз қалыптасса, мануфактурадағы- саналы түрде, капиталистің еркімен қалыптасты.
Ақша туралы көзқарас. Еңбек бөлінісінен кейін Смит ақша мәселесін қарастырады. Ақшаның пайда болуын ол тауар мен тауардың тікелей айырбасталуының техникалық қиындығымен түсіндіреді. Осы қиындықты болдырмас үшін әрбір өндіруші айырбасқа түсе алатын тауарды алуға тырысты. Бұл жалпылама айырбастың құралы ақша болып табылды.
Смит ақшайың ерекше тауар екендігін түсінді. Ақша тауарлар массасынан бей-берекеттүрде бөлініп шықты. Бірақ ақшаның жалпылама эквивалент рөлін Смиттүсінгенжоқ. Смит үшін ақша тек тауар айырбасын жеңілдетуші, кездейсоқ аралық қызмет атқаратын айналыс құралы болды. Ол ақшаның қоғамдық еңбекті сіңіруші қоғамдық байлық тҮрі екендігін ажырата алмады. Бірақ Смит қоғамның шын байлық көзін ақшамен байланыстырған меркантилистердің көзқарасын қателікке санады. Аптың және күміс ақшаларды ол тауарларды рынокқа жеткізуге жәрдемдесетін даңғыл жолмең айналым дөңгелегімен салыстырды.
Ол толық металл ақшалар мен қағаз ақшаларды да ажырата алмады, бірақ соңғысына артықшылық баға берді. Себебі қағаз ақшалардың айналысы металл ақшаларға қарағанда арзанға түсті, әрі қоғам айналыс шығындарының темен болуына мүдделі болды. Смит қағаз ақшалардың құнсыздану мүмкіндігін мойындағанымен, оған онша көңіл бөлмеді. Банкноттардың артық шығарылуын болдырмау үшін Смиттің ойынша банкноталардың алтынға еркін айырбасталымының болуы қажет.
Құн теориясы. Смит өзінің зерттеулерінде құн мәселесіне көп орын бөлді. Ол қоғамдағы сұраныс пен ұсыныстан тәуелді, кездейсоқ түрдегі нарықтық бағаны ажырата білді.
Құн туралы Смит бірнеше анықтама келтіреді.
Біріншіден құн -еңбек шығьів Д арымен- анықіалады, Смит тұтыну құны мен айырбас құнды дәл ажырата білді. Нәтижесінде Смит әрбір тауардың екі түрлі қасиетін белгіледі: 1) тауардың пайдалылығы, немесе тұтыну құны; 2) тауардың басқа бір тауарға айырбасталуы. Ол бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталу теңдігінің (пропорция), еңбек шығындарымен анықталатынын дәлелдеді. Ол айырбас_құнының жұмыс уақытымен өлшенетінін тікелей анықады.
Смит құнның еңбектіктеориясында кемшіліктер жіберді, ол тауардың екі жақты қасиетін дұрыс ажырата алмағандықтан еді.
Смиттің бұл сәтсіздігін Маркс капитализмге, капиталистік қатынастарға деген тарихи көзқарастыңжоқтығымен түсіндіреді.
Еңбекті ол барлық тауардың құнын өлшегіш құрал ретінде қарастырғанмен, құн- Смиттің пікірінше заттың табиғат берген табиғи қасиеті. Сондықтан Смит тауардың құнына сіңген өндіріс құрал-жабдықтарының (тұрақты капитал) құнын ескермеді, тауардың құнын жаңадан жасалынған құнға жатқызды. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығындағы құн тек қана еңбекпен емес, табиғаттың өзімен де жасалынады деген пікірді тұжырымдады. Айта кету керек, Смит құнның сапалық мазмұнынан гөрі саңцық қасиетіне көбірек көңіл бөлді.
Екіншіден құн -айырбас процесі кезінде белгілі бір тауарды сатып алу үшін жұмсалатын еңбек мөлшерімен анықталады. Жәй тауарлы өндіріс жағдайында бұл анықтама әділетті, ал капитадизмде оның мағынасыжоқ.
Үшіншіден құн- табыстармен анықталады. Смит құнның еңбектік теориясын капитализм шартына сәйкес басқаша құрды, яғни құн табыс көзінің үш түрі: еңбекақы, лайда және ренталардың қосындысынан құралады. Ал тауар өндірісі үшін жалға алынған жер пайдаланылмайтың болса, тауардың құны тек жалақы мен пайдадан құралады. Бұл Смиттің өндіріс шығындары теориясы позициясында тұрғандығын аңғартады. Оның құнның табыс түрлерінен құралатындығы туралы ұйғарымы іскер-бизнесмендердің көзқарасын білдіреді.
Смит "жалақы, пайда, рента кез-келген айырбас құнына тең, кез-келген табыстың алғашқы үш қайнар көзі",-деп жазды. Бұл тұжырымдама құнның еңбектік теориясына бірікпейтіндіктен кейіннен "Смиттің догмасы" аталды. Өйткені құнның еңбектік теориясына сәйкес тауардың құны еңбек шығындарымен анықталатын болса, ол ешуақытта табыстармен анықталмайды.
• Табыстар туралы ілімі. Смит капиталистік қоғамдағы үш тапты ажыратты. Олар - жұмысшы, капиталист және жер иеленуші. Осыларға сәйкес ол табыстың негізгі үш түрін белгіледі: 1) жалақы, 2) пайда, 3) рента. Құнның еңбектік теориясына сүйене отырып бұл табыстардың қайнар көзіне еңбекті жатқызды.