Кэсiпорыннын табыстылыfынын корсеткiштерi жэне оларды талдаудын мшдеттерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 12:03, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

Работа содержит 1 файл

TABYS.doc

— 298.50 Кб (Скачать)

        Тұрақты     шығыкдар     өзгерісінің     бағыты     қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.

   Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.

   Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз. Кері тұжырымдама да дұрыс болады, *^цц гұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) қүрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.

   Кәсіпорын тапсырысты, оны орындаудан қосымша  табыс алатын жағдайда ғана қабылдауы тиіс, 17-кестені қараңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

17-кесте

    Қосымша тапсырысты қабылдаудын  экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау 

    Керсеткіштер
Есептеу Сомасы, мың тг.
1. Өнімді өткізуден  түскен табыс 600 ■ 20 120
2. Айнымалы шығындар 600 • 9 54
3. Тұрақты шығындар - -
4. Негізгі қызметтен  түскен табыс 120-54 66

   Көріп отырғанымыздай, сатып алушы ұсынған  баға кәсіпорынның өнімді өткізу бағасынан төмен болғанына қарамастан, осы тап Сырысты қабылдау негізгі қызметтен 66000 тг көлемінде қосымша табыс алуды қам-тамасыз етіп отыр. Оның қалыптасу көзі тұрақты шығындарды азайту болып табылады (45000:36 000=12,5 тг.), ол бір өнімге 12,5 теңгені құрайды.

   Нарықтық  факторлардың әсерінен қауіпті келемінің  өзгеруін қарастыра отырып, біз шығынсыз жұмыс істеуге қол жеткізу туралы айтып отырмыз. Алайда кез келген кәсіпорынның мақсаты - негізгі қызметтен табыс алу.

   Табыстылықты  талдауды логикалық түрде жалғас-тыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қыз-меттен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден, тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәти-желеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалы-мызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды. (40000 • 24 - 40000 • 9 - 450000 = 960000 - 360000 -450000).

   Кәсіпорын басшылары табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-ға өсуіүшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.

   

   Берілген  формула маржиналды табысты тұрақты  шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.

   Ол  үшін формуланың оң және сол жағын  өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:

   Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен  түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:

   Негізгі қызметтен алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім (500-24), ал 10%-ға - жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000-24).

    Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға    ■ I өсуі негізгі

            (   4000    )

қызметтен   табыстың   5-ке   өсуін   қамтамасыз   етеді,   ал 
өткізуді   2,5%-ға өсуі   непзп   қызметтен

түскен табысты 10%-ға арттырады.

   Егер  кәсіпорын өнімнің бір емес, бірнеше  түрін өткізетін болса, онда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүк-тесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:

   "Шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.

   Кәсіпорын үшін тиімді вариантты тавдау осы  арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеу-лерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алын-байды. Сондықган, "шығындар - шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.

   Жоғарыда  айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып та-былады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынньщ қаржы жағдайын түрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

   Оньщ  ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік  құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жүмысын, есеп және бақылауды жеңіл-детуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

   Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін  жоспар-лау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.

   Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде  түрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі езіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойьшуы жатыр.

   "Директ-костинг"  жүйесі кезінде келесі басқарушы-лық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржи-налды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір баға-мен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойын-ша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қо-сымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

   "Директ-костинг"  жүйесін пайдалану кезінде кәсі-порын әкімшілігі маржиналды табысты кәсіпорын бойынша да, жеке өнімдер бойынша да қолдануға бас-ты назар аударады. Ол рентабелділігі жоғары өнімдерді жақсы анықтауға мүмкіндік береді, себебі сатылу бағасы мен айнымалы шығындардың сомасы арасын-дағы айырма түрақты шығындарды өнімдер арасында бөлу нәтижесінде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың өзгермелі жағдайларына жауап ретінде, өндірісті тез қайта бағыттауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді.

   "Директ-костинг"  жүйесі шығындарды талдау мен  табыстарды үйлестірудің теориялық негізі болып табы-лады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. Сондықтан оны "өзіндік құнды басқару жүйесі" немесе "кәсіпорындарды басқару жүйесі" деп атайды. Қазіргі кезде, біздің елі-мізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бух-галтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, осы жүйені қолданудың мүмкіндігі және дүрыстығы туын-дады.

   Осы жүйені пайдалану, талдаушының назарын  тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бірге, сметалық есептеулерде келтірілген баптары шегінде кезеңдік шығындарды төмендету ресурстарын анықтау және сол арқылы кәсіпорынның негізгі қызметтен алатын табысын арттыруға аударуға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 

ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

   Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лау-дың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

    Табыстылық  көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

    1) жалпы  активтер (авансталған, жиынтық капитал)  және олардың жекелеген элементтері;

    ә) өнімдер;

    б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

   Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.

   Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін  өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

    Табыстылық  коэффициентіне талдау жүргізушілер:

    •   басқару  тиімділігінің көрсеткіштері;

  • кәсшорынның инвестициялау мақсатында қажетті табысты жеткілікті түрде  ала  алу  қабілетін  көрсететін өлшеуіш;табысты болжау әдісі;
  • шешім   қабылдау   және   бақылау   құралы   ретінде пайдаланады.

   Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

   Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.

   Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Информация о работе Кэсiпорыннын табыстылыfынын корсеткiштерi жэне оларды талдаудын мшдеттерi