Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 13:46, реферат
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді, оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Австрия, Германия,Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекітіліп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркін түрде жасауға болмайды.
Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыруы жүргізілді. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердің ақша бірліктерін алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.