Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 13:46, реферат
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді, оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Банктік ісі

Баяндама

7

Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондайақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақша қозғалысы.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді, оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы - қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуекелдік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолмақол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
Ақша айналысының заңы - тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалар санын анықтайды.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:
- несиенің даму дәрежесі, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;
- қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы,
- ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырады.
Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолмақол ақшалар айналысы қағаз ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.
Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.
Инфляция (латын. Inflatio, аудармасы – «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция- бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға бөлінеді:
1) ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:
- әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

- несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
- импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
- ауыр өнеркәсіп саласына көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
- еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
- көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
- бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
- энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
- алтынға;
- тауар;
- шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1) Инфляциялық процестің сипатына қарай:

- ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;
- инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
2) Таралу орнына қарай:
- локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
- дүниежүзілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
3) Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция - баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
- орташа инфляция – баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалықтырады;
- ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. ¦шқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметін жоғалта бастайды.
Инфляциялық процестің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру формаларына : ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
- жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;
- қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетін қалпына келтіру;

- деноминация, яғни «нольдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін факторларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:
Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығыстарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.
Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.
Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі өте сирек қолданылады.
Индексациялау – ақшаның құнсыздануы нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.
Ақша жүйесі - бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтарымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынандай типтерін біліп қарайды:
Металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
Несиелік және қағаз ақшалар жүйесі яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
1.Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

қатар жүретін валюталар
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасауға ерік беріледі.
2. Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
- алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады;
- алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);
- толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылады;
- алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы 215 мың франкке тең болады.