Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 16:09, реферат
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Кіріспе
Кәсіпорындар шаруашылық қызметі.
Өндірісті ұйымдастыру мен басқару және өткізу саясаты.
Кәсіпорын өнімін өткізудің жоспары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі.
ЖОСПАР
Кіріспе
Қорытынды.
Пайдаланылған
әдебиеттір тізімі.
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, макетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Кәсіпорын
белгілі бір кәсіпкерлік ортада
қызмет атқарып, оның барлық іс-әрекетіне
ықпал көрсетеді. Кәсіпкерлік орта
қалыптасқан экономикалық және саяси-ахуалдық,
құқықтық, әлеуметтік-мәдени, технологиялық,
географиялық ортамен, экологиялық жағдаймен,
сонымен бірге интитуционалдық және ақпатар
жүйелерін сипаттайды.
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістер өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемелкеттің индустриалдық қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс ісейді:
Бұл тәсілде ең негіздісі – ресурстар, атап айтқанда олар шектеулі өнім шығырылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан
кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға
өтуіне байланысты бұл жөніндегі
жағдай түбірінен өзгереді. Бұл тәсілде
негіздісі – сатып алушылардың
сұранысы, яғни өзінің өімдерін өткізу.
Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың
сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті
бәсекелес өнімдері сипаттылығының және
т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын
сұрақ қажет. Көптеген отандық кәсіпорындар
түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс
істеуге қабілетсіздігін көрсетті және
де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың
басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері
өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына
түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика
дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және
күтті де.
2.Өндірісті
ұйымдастыру мен басқару
және өткізу саясаты
Өндірістік жүйенің мақсаты – барынша жемісті нәтижеге жету. Бұл жерде оның нәтижелілігі және қажеттілігі, біріншіден, өнім өндірушінің, екіншіден тұтынушылардың көзқарасы тұрғысынан бағалану керек. Қажетті нәтижеге жеткізген өндірістік қимыл әрқилы түрлерден тұрады: өндірісті дайындау, өндірістік үрдіс және өнімді өткізу.
Аталған түрлерді жіктей келе, былайша бөлуге болады:
өндірісті дайындауда – ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ);
заттық өнімдер және қызметтер;
ресурспен қамсыздандыру (кадрлық, материалдық, ақпараттық);
қаржыландыру;
технологиялық дайындауды жүзеге асыру;
өндірістік үрдісте - жұмыскерлерді орналастыру;
жұмыс орындарын, машиналарды, жабдықтарды материалдық-техникалық және энергетикалық жағынан қамтамасыздандыру;
еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау, тікелей жұмыс үрдістерін жүзеге асыру;
өнімді өткізуде – қораптау, тиеу-түсіру, тасымалдау және қоймалау жұмыстары;
тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету;
өткізді жақсартатын басқа да шаралар қолдану.
Өндірістік жүйенің тыныс-тіршілігін басқару қызметін жалпы функциялар деп түсінген жөн. Бұл жалпы функциялар – жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және реттеу, есептеу және талдау. Жалпы функциялар өндірісті даярлау мен оның өнімдерін өткізу және тікелей өндірістік үрдіс шеңберінде де іске асырылады. Бірінші жағдайда, кейде басқаруды экономикалық, ал екіншісінде – оперативтік басқару деп атайды. Басқа сөзбен айтсақ, экономикалық басқару нақтылы өндірістік жүйені сыртқы ортамен байланысты пайымдайды және өндірістік үрдістің, уақыттық, кеңістіктік ағымын қамтамасыз етеді.
Өткізу саясаты шығарылатын өнімдерді тұтынушыларға жеткізудің нұсқауларын талдау және таңдаумен, тұтынушылар талабын ең жоғары деңгейде қанағаттандыратын және тарату үрдісінің басқа да қатынасушыларын максималды шаруашылық нәтижеге жеткізетін нұсқаны шығарып іске асырумен байланысты.
Сервистің мақсаты арнайы сервистік саясаттың көмегімен, тауардың пайдалану кезінде дұрыс сақталуына кепілдік жасай отыра, белгілі өндірушінің тауарларын алудың дұрыстығын тұтынушыға мойындату. Сервис, егер ол жақсы ұйымдастырылған болса, өткізуді ынталандырудың және тауар өндірушінің жағымды имиджін жасаудың сенімді құралы бола алады.
Ақыр аяғында, жарнамалық саясат тауар өндірушінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын іске асыру жолында белгілі кәсіпорынның ұсынып отырған тауарларына және кәсіпорынның өзіне тұтынушылардың жағымды көзқарасын тудыру ниетінде жүргізілетін мүдделі қызмет болып табылады.
Әрине,
маркетингтік саясат өз бетінше тауар
да, кәсіпорынның кірісін де бере алмайды.
Бірақ ол ғылыми зерттеулердің, материалдық-техникалық
және басқа да ресурстық қамтамасыздандырудың,
өндірістік үрдістің, тауар өндірушілердің
іс-қимылдарын қаржыландырудың ақпараттық
және ұйымдастырушылық тірегі болады.
Ол осылайша кәсіпорынның барлық іс-қимылдарын
жоспарлаудың, бақылаудың және реттеудің
негізіне айналу қажет. Кез келген іс-қимылдың,
өндірістік және басқару функцияларының
рөлі мен орны олардың шаруашылық субъектісін
мақсаттарына жеткізу үрдісіндегі маңызымен
анықталатыны айқын. Сонымен, нарықтық
экономикада маркетинг көрнекті, маңызды
қызметтің түрі екені сөзсіз, дегенмен
маркетинг өндірістік үрдісті іске асыру
басқарудың рөлімен тайталаса алмайды.
Оның өзінің міндеттері және қолдану аймағы
бар.
3.
Кәсіпорын өнімін өткізудің
жоспары
Оның негізі алынған деректерімен және болашақта өткізу болжамымен қаланады. Тауар өткізуді әр айға және аптаға жоспарлайды. Егер тауарларды қайта бөлу тенденциясы байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады. Мұндайды жылдық мөлшер шамасын 100% етіп алады да, айлық айналымды жылдық айналымның бөлігі ретінде есептейді.
Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс процесі, әдетте, тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін тауар өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасы тәсілімен жасайды.
Жоспарды сандық көрсеткіштермен жасағаннан кейін құндық көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда әдетте орташа бағаға сүйенеді.
Содан кейін өнімнің жекелеген түрлері тауар өткізу аудандары мен сатып алушылар тобы бойынша өткізу шығындарының жоспары жасалады.
Осыдан
кейін өндіріс құны мен сату бағасының
ең төменгі деңгейі бойынша
Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен барлық сатушылар үшін қосымша нұсқаулар жасалады.
Сонымен, тауар өткізу жоспары қалған барлық жоспарларды жасаудың негізі болып саналады және де әрдайым бұған мыналар енеді:
Пайданы (табысты) жоспарлау – кәсіпорынды басқарудың маңызды құралы. Кәсіпорын стратегиясы әдетте пайда табуға тырысатындықтан, бұл жоспар ең өзектісі болып саналады.
Тиімділікті
болжалдау. Жұмсалған капиталдың тиімділігін
есептеу үшін айналым капитал
шамасы мен жұмсалған капиталдан
түскен пайда мөлшерінің мәнін табады.
Мұнда мынадай формуланы
Айналым қаржысы + күрделі қаржы жұмсалған капитал ;
Айналым қаржысы / жұмсалған капитал = капиталдық айналымдық коэффициенті;
Капитал айналымы / өзіндік құн = пайда коэффициенті;
Пайда / айналым = тиімділік коэффициенті;
Айналым / жұмсалған капитал * пайда / айналым = капитал тиімділігі
АҚШ – та формула кеңінен, тіпті өнімнің жекелеген түрлері бойынша да қолданылады.
Тиімділік лимитін талдау. Бұл тәсіл график арқылы жоспарлы пайданы, әрі капитал айналымы кезінде шығын шамасының ауытқуы бойынша кәсіпорынның икемділігін көрсетіге мүмкіндік береді.
Есептеуді мына формула арқылы бойынша жүргізеді:
а = тұрақты шығындар 1. – тұрақты шығындар %-ы / 100
б = тұрақты шығындар І - өзгермелі шығындар / жоспарлы
айналым
Бұл талдауда «өлі нүкте» (шығынды жабу үшін ең аз айналым) мен жоспарланған айналымның арасындағы «қабыспаушылықтың» зор мәні бар. Тек осының өзі ғана капитал айналымын жоспарлағанда кәсіпорынның еркін әрекет етуін көрсетеді. Кәсіпорынға мұны білу тиімсіздікке «зиянға» жол бермеуге мүмкіндік береді.