Касипкерлик тауекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 15:32, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері
1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері
1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Акциздердің құрылу негізі
2.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі
2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны
3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Работа содержит 1 файл

Акциз.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

4.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

5.сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазакстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медециналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.

Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқада ұйым төлем тапсырмасы алынған күні тиісті бюджетке аударады.

Уақтылы төленбеген салық сомасы, соның ішінде ағымдық төлемдер, бюджетке осы сома төленген күні тексеру сәтінде мерзім өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1.5 есе мөлшерінде өсім есептеліп  өндіріп алынады.

Белгіленген мерзімде жеткілікті негізсіз декларациясын табыс етпеген жеке тұлғаға декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 пайыз мелшерінде айыппүл салынады.

Декларацияда көрсетілген салық мөлшерін оның толық төленбеуіне әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге қемітілген салық сомасын 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Бір айдағы ағымдық төлемдер сомасының мөлшері кемітілген үшін кемітілген арымдары төлемдерінің 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Есепте көрсетілген тауарларды (атқарылған жүмысты, көрсетілген қызметті) сату жөніндегі операцияларда жүргізілгені үшін аталған тауарлар (көрсетілген қызмет, атқарылған жұмыс) құнының 100 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Салық төлеуші салық салынатын кезең біткеннен кейін оны дұрыс есептемеу нәтижесінде келіп түскен салығының сомасын қайтару туралы өтініш беруіне болады. Аталған сомалар төлеушіге қайтарылуы тиіс немесе төлеушінің қалауы бойынша төлеушіден тиесілі басқа сомаларының есебіне алуға жатқызылады. 

2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны 

Бюджеттің кірістері орталықтанған ақша қорын құру кезінде болатын мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен және халықпен болатын экономикалық қатынастарынан тұрады. Бұл экономикалық қатынастардың формасы болып, мемлекеттік бюджетке түсетін кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың әр түрлі төлемдері? ал олардың заттай материалдық енуі, бюджеттік қорда жиналатын ақша қаражаттары. Бюджеттік кірістер, қор жағынан, ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі қатысушылары арасындағы қоғамдық өнім құнын бөлу -нәтижесі,екінші жағынан - мемлекет қолында

жинақталған құнды әрі қарай бөлудің обьектісі, яғни аймақтық салалық және мақсаттық негіздегі бюджеттік қорларды құру үшін құнды жұмсау болып табылады .

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, бюджеттің кірістері заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ішінде ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі.

Акциздердің 2002-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кіріс ішіндегі орны бірінші кестеде көрсетілген. 
 
 
 

Кесте 1

Акциздердің 2002--2004 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсуі 

Атауы

2002

2002

2003

2003

2004

2004

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Нақты (млн тг)

Үлес салмағы (%)

Табыстар

Барлығы

394773

100

544673

100

605676

100

Акциздер

18956

4,8

24774

4,5

29561

4,9

 

Кесте 1 көрсетіліп отырғандай, акциздердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі үлес салмағы 2000 жылы - 4,8 %, 2003 жылы -- 4,5 % және 2004 жылы 4,9 % құрады. 2003 жылы акциздердің нақты түсімі 2002 жылмен салыстырғанда 5818 млн теңгеге өскенімен де, үлес салмағы 0,3 % түскен.

Акциз салығы үлес салмағының 2003 жылы 0,3 % түсуіне алкоголь өнімдері және бензин мен дизель отындары бойынша акциз алымдарының орындалмауы әсер етті. Мұны екінші кестенің мәліметтері дәлелдейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кесте 2

Түсу болжамы орындалмаған акцизделінетін тауарлар 

Акцизделетін тауарлар

2004

2004

2004

2004

2003 нақты

Өсу қарқыны, %

Жоспар (млн тг)

Нақты    (млн тг)

Ауытқуы (млн тг)

Орындалуы  (%)

Алкоголь өніміне акциз

9901,2

7546,9

-20354,3

76,2

6902

 

Бензин мен дизель отына акциз

7608,9

6332,5

-1276,3

83

7741,3

82

 

Акциз салығының бензин мен дизель отыны бойынша бюджетке түсу жоспарының орындалмауы акциз ставкасының төмендеуіне байланысты.

Сонымен қатар мұнай өңдеуші компаниялар көбінесе өз өнімдерін экспортқа шығарады. Экспорт акциз салығымен алынбайтындықтан мемлекетіміздің бюджеті қаражаттан айырылды .

Сонымен, акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ 

Дамыған елдерде акциз салығын жетілдіру арнайы объективті факторлардың әсерінен анықталады. Олардың қатарына өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттің салық салу жүйесі арқылы әсер етуін жатқызуға болады. Салық табысындағы тұтыну мен оларды алу мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық барлық салық жүйесін құрудың негізгісі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік шығындарды азайту жолдары және салық түсімдеріне қажеттілікті қысқарту бағыттары тұрақты іздестірілуде.

Батыс экономистерінің ойы бойынша, барлық нарықтык, экономика елдеріне тән салықтық мәселелер мыналар:

1 Салық жүйесі салық төлеушілердің түсінуіне және салық органдарының тиімді басқаруына өте қиын. Бұл міндетті түрде артық әкімшілік шығындарға әкеледі және салықтардан жалтарудың неше түрлі тәсілдерін тудырады;

2 Жеке табысқа салық салу салықтың ауыртпашылықты әділетсіз бөлуді сипаттайды;

3 Салықтың жоғарғы ставкалары экономикалық шеішмдер қабылдауға кері әсер етеді. Бұл топқа енетін салық төлеушілердің жұмысқа ынтасы жоғалып, көлеңкелі экономика қыздырушылығын білдіреді және қор жинауда әртүрлі қиыншыпықтарға толы болады;

4 Салық салу кәсіпорындарыды қаражаттарды инвестициялауға және балансты экономикалық емес салықтық себептермен құруға мәжбүр етеді. Бұл күрделі қаржы салу мен шектелген ресурстарды бөлу сапасына кері әсер етеді.

Аталып өткен мәселелердің барлығында салық жүйесінің жетілмеуі орын алып отыр. Бірақ та салық арқылы мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мүмкіндігі бұл маселелерді шешудің қажеттілігін міндетті және кейінге қалдыруға болмайтын қылды.

Қазақстан әлі толығымен нарықтық экономикасы дамымаған, бұның бір себебін қаржы механизміндегі сапалық өзгерістердің тежелуін жатқызамыз.

Қаржы нарығында әлі де мемлекет пен оның ресурстары билік етуде, ал жеке кәсіпкерлердің жинақтары шетте қалуда. Бұған ең алдымен өндірістік сектордан капиталды шығарып тастайтын және қалыпты инвестициялық процестің дамуына кедергі келтіретін, өкіметтің салықтық саясаты әсер етеді. Айта кету керек, өзінің сыртқы өлшемдері мен салықтар құрамы бойынша Қазақстандық салық жүйесі толығымен дерлік батыстық "модельдің көшірмесі деуге болады. Ол жақта салықтар мүлдем азаматтар мен кәсіпорындардың нарықтық белсенділігін тежеудің факторы ретінде қарастырылмайды. Ендеше, мұндай айқын айырмашылыққтардың себептері неде?

Бұл сұраққа жауап беру үшін, біріншіден, Қазақстандағы және батыс еліндегі экономпкалық жағдайды салыстыру, екіншіден, батыс елдерінің салықтық саясатының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Түрлі экономикалық жағдайларда және әртүрлі субъектілер үшін, салықтардың бірдей түрлері өздерін әрқилы қырынан көрсетеді. Батыста негізгі салық төлеушілеріне, табысты негізінен заңды жолмен көп бөлігінде азаматтардың банктік шоттарына қолма-қол ақшасыз жолмен аударылатын еңбек ақы түрінде алатын түрғындардың орта тобы жатады. Сонымен қатар, көпшілік батыс елдерінің экономикасы жоғарғы даму жағдайында, тұрғындардың табыстары өсуде, ал ондағы әртүрлі әлеуметтік жәрдемақылардың үлесі үлкен. Сондықтанда салықтардың жоғарғы ставкалары қолданылады.

Қазақстанда табыстардың едәуір бөлігі қылмыстық немесе жартылай заңды сипатқа ие, жеке тауарлық айналымда қолма- қол ақшаның үлесі зор. Сонымен бірге, елдегі өндірістік белсенділік ерекше төмен, көптеген косіпорындар ауыр қаржылық жағдайда тұр және тіпті өз жүмыскерлеріне еңбек ақы төлеуге қаражаттары жоқ. Сондықтанда, Батыста өндірістік және инвестециялық іскерлікке аса ауыртпашылық тигізбейді деген салықтар, Қазақстанда    мемлекеттік    экономикалық    қауіпсіздігі    үшін    қатерге айналатындығы және қоғамда қатты толқулар тудыратындығы қазір ешкімді таң қалдырмайды.

Батыста салық жүйесі азаматтардың жеке табысына салық салуына бағытталған. Бірақ ол жақта қоғамдық өнімнің бөлінуі былайша іске асады: оның негізгі массасы тікелей жеке тұлғалардың қолдарына түседі жалдамалы жұмыскерлерінің экономиканың негізгі салаларындағы өзіндік құн құрылымындағы үлесі 70-80 жетеді, содан кейін барып бұл сомалардан қаржылық құрылымдарда секторда, мемлекетте сәйкес салықтық тәсілдер түрінде өз тобырын табады. Бірақ, бұл жағдайда, салықтар тек қана, азаматтардың тапқан табыстарының, жұмыскер мен оның жанұясының негізі өмірлік кажеттіліктерін канағаттандырғаннан кейін қалған бөлігіне салынады.Көпшілік елдерде бұндай қасиеттердің құны шамамен 12-14 мың АҚШ долларымен бағаланады, бұл сом салық, өмір шегі ретінде белгіленген.

Ал Қазақстанға келсек, көптеген салықтық реформалар нәтижесіндегі қатардағы жалдамалы жұмысшының табыстары алдында ұсталған қалған табыс салықтарынан тыс 60-70%-ке кесілген болып қалды. Бұл сома әлеуметтік қорларға шамамен 26% төлемдерден 10-20% ҚҚС-нан акцизден, кедендік баждардан және зейнетақы аудамдарына қосылады. Осыдан келе көлік құралдарына,мүлікке, жер- участке салықтарына және басқа салықтарға бөлінеді. Бұл барлық салықтар жүмысшылардың табысынан табыс салығы, прогрессивті өспелі салық ставкасы төменгіі айнамалы шек ұсталынады.

Батыс елдерінің салық жүйесінің басқа да негізгі принциптерін Қазақстанда да керек қылмайды. Тәжірибеде Батыс елдерінің кәсіпорындарында салықты төлеуі міндетті, өндірістен тұтыну мақсатына кіріс алынса( жүмысшылардың еңбек ақысы мен дивидентті төлеуі) немесе олардың иесі өзінің капиталдарын бизнестей толықтай шешіп алуын көрсетеді.Басқа жағдайларда олар салық туралы ескермейді және бұл уақытта бәрімен қабылданғаннан өзгермейтін саясат.

Информация о работе Касипкерлик тауекел