Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 15:32, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ
1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері
1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері
1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Акциздердің құрылу негізі
2.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі
2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны
3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
3.Прогресивті салықтардың орнына тікелей пропорционалды салықтарды басымырақ пайдалану.
5.Салық жүйесі экономикалық қызметтердің жақсаруына және күрделі жұмсалымдардың өсуіне кедергі келтірмеуіне тиіс. Көп өнімді жұмыс істегенде прогресивті салықты қолданбай, салықтардың өнімділікке, өндіріске және күрделі жұмсалымдарға тигізер ықпалының нәтижесі қандай болатынын ескерту қажет.
Сонымен салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатымен анықталатын, үстінде аталған принциптерді еске ала отырып, біздің пікірімізше, салық салу (салық қызметі) принциптері мүмкіндігінше мына төмеңдегідей болуы қажет; заңдылық және негізділік; жалпыға бірдей және нақтылық; теңділік және әділеттілік; ыңғайлылық және жеткшіктілік; карапайымдылық және бейтараптылық; жоспарлылық және нормативтік; тиімділік және үнемділік; жеңілділік және бірдүркінділік.
1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел эканомикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Салық жүйесін мемлекетпен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары
мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Кез келген мемлекеттің салық жүйесі оның әлеуметтік, саяси, экономикалық және ұлттық ерекшеліктеріне орай қалыптасады. Сондықтанда Қазақстанның салық жүйесі дамуының үш кезеңін көрсетуге болады:
1 Қарапайым салық жүйесі
2 Әкімшілік басқарудағы салық жүйесі
3 Жаңашыл салық жүйесі
Енді осы салық жүйесі кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін айтып көрсетіп, жеке-жеке тоқталып өтелік. Қарапайым салық жүйесі Қазақстан аумағында революцияға дейін қалыптасты. Бұл салық жүйесі, бір жағынан, өзіндік тарихи әдісті, ұлттық әдет-ғұрыпты, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды еске ала отырып құрылса, екінші жағынан Ресей жөне көршілес орта азиялық мемлекеттермен болатын сауданың, шаруашылық және экономикалық байланыстардың әсерінен қалыптасаты.
Қазақ феодалдары мал жайылымдарына арналған ең құнарлы жерлерді өз қолдарыңда иемденіп мал ұстаушы көпшелі халық пен жер өндеушілер феодалдарға жер рентасын төлейтін болды. Мал шаруашылығы
аудандарына малдың жиырмадан бір бөлігі зекетті, ал жер өндейтін аудандарда егіннің оннан бір бөлігі - ұшырды төледі. Сонымен қатар хандар мен сұлтандардың көшіп-қонуының жағдайын жасау, жауынгерлер беру, қару-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мойындарында болды. Халық өз хандарына ерікті түрде соғым, сыбаға беретін болды. Хандар соттың үкімін оннан бір бөлігі ретінде соттық бажды (хандық) және көшпелі көпшенді керуендерден баж жинады.
Сонымен бұл қарапайым салық жүйесі сол аймақтағы байлар мен хандардың жеке қажетін қанағаттандыруға, өсіп-өркендеуіне байланысты қалыптасуымен ерекшеленеді.
Революция төңкерілісінен кейін жаңа Үкіметтің билік алуы Казақстан аумағында қалыптасқан салық жүйесіне біршама өзгерістер енгізді, Кенес Одағы біртұтас салық жүйесін орнатып, оның таралуы барлық аймақты қамтыды. Алғашқы салықтар көбінесе азық-түліктен алынды.
Бұл салық жүйесінде әкімшілік - командалық басқару етек алды. Мемлекет тек салық жүйесін ғана емес, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын қадағалап, бақылап, басқарып отырды.
Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған " Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы " Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республйкасында:
1 Жалпы мемлекеттік салықтар;
2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді;
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылысқа кездескен ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты.
Салық санының көптіті, айналымды анықтаудың қиындығы шектен тыс дәлелсіз беріліен салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негздерінің тыс қалуы және тағы басқа кемшіліктер салық жүйесінің одан қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз. Сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі ары қарай дамиды.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының үзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет егуге жеткізу көзделген.
Осы концепцпясы іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылдаған Заң күші бар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақыңдатылған,
Енді бұрын қызмет еткен 45 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартылып , жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Бірақта Президент жарлығының өмірге енгенінен бастап оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салықтар саны 11-ден 17-ге дейін өсірілді.
Қазіргі уақытта, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі күшіне енді. Осы кодекс бойынша 9 түрлі салыктар мен 27 түрлі бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер заңды және жеке түлғалардан алынады.
Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан;
1 Корпорациялық табыс салығы;
2 Жеке табыс салығы;
3 Қосылған құнға салынатын салық;
4 Акциздер;
5 Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
6 Әлеуметтік салық
7 Жер салығы
8 Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық;
9 Көлік құралдарына салынатын салық.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Жоғарыдағы Қазақстан Республикасының даму кезеңдері керсеткендей, салық жүйесінің даму кезеңі деп бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел жономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономиканы дамыған елдердің тәжірибелерін, талдап-жинақтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс.
2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Акциздің құрылу негізі
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ арнайы қызмет түрлеріне акциз салынады .
Акциз салығын төлеушілер мыналар:
1.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2.Акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
3.Қазақстан Реепубликасының аумағында бензиннің (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынының көтерме, бөлшек саудасын жүзеге асыратын;
4.Егер Қазақстан Республикасының зацдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, тіркелінген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мүрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жузеге асыратын;
5.Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды түлғалар акциз төлеушілер болып табылады;
Айта кететін тағы бір жай, осы ережелерді ескеріле отырып, резидент емес заңды түлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеуші болып табылады;
Қазақстан Республикасының салық кодексі бойынша акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесіне мыналар жатады:
1.спиртің барлық түрлері;
2.алкоголь өнімі;
3.темекі бұйымдары;
4.ұрамында темекі бар басқа бұйымдар;
5.бекіре және қызыл балық уылдырығы;
6.алтыннан , платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
7.бензин ( авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
8.жеңіл автөмобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
9.атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандардан басқа);
10.газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай акциздедетін тауардар. Қазіргі уақытта акцизделетін қызмет түрлері бар, олардың қатарына мыналар жатады:
а) ойын бизнесі;
б) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу .
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада ( тұрлаулы ) белгіленеді.
Алкоголь өніміне акциздер ставкасы су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің бөлу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өңімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республпкасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.
Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі обьектілеріне белгілемеген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.
Акциз салығының обьектілеріне төмендегілер жатады:
Акциз төлеушінің өзі жасай шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа кұйылған акцизделетін тауарлар мен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
1)акцизделетін тауарларды өткізуі;
2)акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беру;
3)алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;
4)жарғылық капиталға жарнасы;
5)заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы ;
6)тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
7)тауар өндірушілердің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарлардың өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;
8)бензиңді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
9)бензинді (авиациалық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
10)тәркіленген және (немесе) иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет менішгіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
11) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;
12) лотереяларды ұйымдастыру және өткізуі;
13) акцизделетін тауарлардың, акциз алымы маркаларынын бүлінуі, жоғалуы.
Салық кодексінің белгіленген талаптарына сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына салық салынбайды. Сонымен қатар бұл салық түрінен мыналар босатылады :
а) этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндеп уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті
б)тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицеңзиясы бар болған жағдайпда емдік және формацевтік дері-дәрмек әзірлеу үшін;
в) мемлекеттік медецина мекемелеріне босатылса ;
г) түтынушының сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Казакстан Республикасының заңдарына сейкес дерілік құрал ретінде тіркелген, құрамыңда спирті бар медециналық мақсаттағы (бальзамнан басқа) өнімге акциз салынбау тиіс.
Операция жасалған күн.
Салық кодексі бойынша барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға тиеп жөңелту (беру) күні операция жасаған күн болып табылады.
Тауар өндіруші өзі акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізгеп жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасаған күн болып табылады.
Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші керсеткен тұлғаға берген күн операция жасаған күн болып табылады .