Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 15:06, реферат
Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.