Каржылык бакылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 15:06, реферат

Описание работы

Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

каржылык бакылау.docx

— 20.19 Кб (Скачать)

Қазақстан республикасының   білім және ғылым  министрлігі

Халықаралық    бизнес  колледжі 
 
 

Реферат

Қаржылық  бақылау 
 
 

Орындаған Жакенов Қуаныш 25-ОФ тобы

Тексерген Тлеукеева СҚ

             

                                 2011 жыл 
 

ҚАРЖЫЛЫҚ  БАҚЫЛАУ

1. 1 Бақылау мәні, түсінігі және жүйесінің элементтері.

 Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағытаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие.

 Қаржылық бақылау  – ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау бақылау функциясы қашаннан тән.

 Қаржылық бақылаудың  пәнін анықтауда мақсаты , функциясы және оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.

 Қаржылық бақылаудың  пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік –құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарды басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.

 Қаржылық бақылау - заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

 Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік пен муниципадық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.

 Қаржылық бақылаудың  басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол – қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы.

1.2 Қаржылық бақылаудың пәні,  функциялары, мақсаты және мәселелері

Өндірістік күштердің  өркениетті дамуы тәжірибесі мен  әр түрлі әлеуметтік экономикалық қоғам  қатынастары өндіріс үдерістерін  басқару тетіктерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететінін көрсетеді. Бұған тек қана қабылданған заңдар мен қоғамдық тәртіп мөлшерін сақтап отырғанда ғана қол жеткізуге болады. Экономикалық субъектілердің заңдарды сақтап отыруы меноларға бекітілген жеке меншікті тиімді басқаруын бақылап отыру қажет. Бақылау басқару тетігі болғандықтан, басқарудың алға қойған міндеттері мен шешімдеріне бағынады. Сондықтан бақылау маңызы басқарудың экономикалық және саяси заңдылықтары қоғамдағы белгіленген заңдылықтарменанықталады. Экономикалық бақылау міндеттерін белгілейтін белгілі бір қоғамды басқару мақсатына бақылау маңызы сәйкес келуі қажет.

 Бақылау қоғамдық  даму үдерістерін басқарудың  жүйесі болып табылады. Бұл халықтық  демократиялық-құқықтық мемлекеттің  саяси басшылығына, әлеуметтік  басқаруына тікелей қатысты. Бақылау  әлеуметтік басқару тетігі болғандықтан, ол әрқашан қажет. Ол бақылау  кезеңіндегі обьектінің іс барысына  бағыт бере отыра, басқару үдерісін  басқарудың бекітілген ең жоғарғы  үлгісімен бағыттайды.

 «Бақылау» латынның  «контра рутулус», яғни, белгіленген  немесе болжанған белгілі бір  оқиғаға не үдеріске «қарсы  қою» деген мағынаны білдіреді.  Бірақ ол «контроле» сөзінің  негізін ала отырып, трансформацияға  түсу арқылы «бақылау» мағынасын  беретін болған.  

 Бақылау мәселелерін  жоспарлау үшін істің сараптамасын  талдау қажет. Біріншіден экономистердің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың  көзқарасы бойынша бақылау мемлекеттік  және шаруашылық саласы қызметіне  және оны атқарушы, басқарушы  қызмет нысанына жатады. Екіншіден  кибернетика тұрғысынан бақылау  қайта айналмалы заңы тәрізді,  басқарушы жүйе бақылау арқылы  өзіне қажетті деректреді жинап,  оны тиімді басқаруда пайдаланады. 

 Ревизиялық бақылау  қызметіне арналған арнаулы әдебиеттерде  бақылаудың 

 негізгі мәні  – шаруашылық жүргізуші объектінің  заңдарды сақтауын қадағалау  мен мемлекеттік тәртіптің бұзылуын  анықтау деп түсіндіреді. Ал, шындығында, басқарушы субъект объектіні  тексергенде оның жүктелген тапсырманы  орындалу барысын тексеру үшін  жүргізеді. 

 Бұл бақылау - басқарылушы объектілердің жұмысын тексеру және бақылап отыратын, әрі басқарушы тетік екенін білдіреді. Қаржылық бақылау объектідегі қабылданған шешімнің орындалу сатысын, оның тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтай отырып, ондағы кемшіліктер мен ауытқуларды басқарушы органдарға хабарлайды. Бұл объектідегі жұмысты уақытында жақсартуға мүмкіндік береді.

Ал, шындығында жалпы айтқанда бақылау жоқ, тек нысаны мен нақты мазмұны ғана бар. Бақылаудың мынадай негізгі түрлері анықталған: экімшілік, техникалық, қаржылық, экономикалық, экологиялық, атқарымдық, мемлекеттік, муниципалдық, ведомстволық және т.б. Бақылау элементтері мақсатқа жету үдерісінде өзара сәйкес келе отырып, бақылау жүйесін құрайды.

 Бақылау элементтері оның жетістікке жету мақсатында біртұтас бақылау жүйесін құрайды.

 Бақылау жүйесі мынандай элементтерден тұрады:

 а) бақылау  субъектісі (кім бақылайды);

 б) бақылау  объектісі (кімді бақылайды);

 в) бақылау  заты (нені бақылайды);

 г) бақылау  принципі;

 д) бақылау  әдістемесі (не арқылы бақылайды);

 е) бақылау  техникасы мен технологиясы;

 ж) бақылау  үдерісі;

 з) бақылау  жүргізу үшін бастапқы деректерді жинау мен өңдеу;

 и) бақылау  қорытындысы мен оған жұмсалған шығын;

 к) бақылау  нәтижесі бойынша шешім қабылдайтын субъект;

 л) бақылау  қорытындысы бойынша қабылданған шешім.

 Тереңдетілген  тексеру жүргізілген кезде мамандар принциптер жиынтығын, әдістемелерін, тексеріс үдерісін пайдалана отырып, тексеру кезінде объектіде теріс ағымдардың, кемшіліктері болу мүмкіндігін болжайды.

 Басқару үдерісі бақылаудың белгілі бір міндеттерін, түрлерін, әдістемелерін, принциптерін және техникасын жүзеге асыра отырып, басқару субъектілерінің алға қойылған мақсаттарын пайдалы жүзеге асыруға кепіді бағыт береді.

 Қаржылық бақылаудың  салалық қызметі экімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық және т.б. бақылаулармен қатар келіп қалыу мүмкін. Оның басты себебі субъектілердің қаржылық қызметі шаруашылықпен тығыз байланысты болғандықтан, қаржылық бақылауды одан бөліп қарау тіпті мүмкін емес, яғни қаржылық тексеріс кезінде шаруашылық элементтерінің басқа да көріністері мен қорытындылары пайда болады.  
 

Информация о работе Каржылык бакылау