Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 01:51, реферат
Қазіргі кезде экспортты дамыту және алға бастыру Корпорациясының құрылуына байланысты, мемлекеттік демеумен қоса, экспортты сүйемелдеуге бағытталған шаралардың кешенді жүйесін құру мен жүзеге асыру бойынша (қаражаттық, ақпараттық — кеңестік және т.б.), сонымен қатар кәсіпорындар мен олардың экспортының дамуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жеңуге бағытталған шаралар бойынша мақсатты жұмыс басталып отыр.
Диагностика барысында бірқатар компаниялар қандай өнімді өндірулері туралы және қандай нарықтарға экспорттауы жөнінде, ішкі нарықта қандай өнімдерге сұраныс бары туралы нақты түсініктерге ие еместігі анықталды. Кәсіпорындардағы сату және өткізу бөлімі өнімді өткізу географиясын кеңейтуді, жаңа клиенттерді тарту, өтімді нарық әлеуетіне талдау жүргізбей-ақ, негізінен бар клиенттерге қызмет көрсетумен ғана айналысады. Көптеген компанияларға маркетингтік мәселелер бойынша жолбасшы-нұсқаулық пен қарапайым түсіндірмелік практикалық құралдар қажет. (мысалы, кәсіпорында маркетинг бөлімін қалай құру, маркетингтік жоспарды қалай жасап шығару, маркетингтік зерттеуді қалай жүргізу, экспорттауды қалай бастау және т.б).
Кәсіпорын мамандарының жеке байланыстары мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынатын шектеулі, ақпарат негізінде нарықта бағыт-бағдар алу интуитивтік-деңгейде жүзеге асады. Яғни, шетел нарығы туралы маркетингтік, салалық және сауда, ақпаратына қатысты, ақпараттық жүйенің болмауы бизнес үшін тәуекелділікті күшейтіп және оның экспорттық қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.
Өз өнімдерін экспортқа шығарғысы келетін аймақтағы кәсіпорындарда да сондай-ақ, кең көлемдегі техникалық және сауда, ақыл-кеңестік, ақпараттарға зор сұраным бар. Әсіресе, сыртқы нарық туралы, ақпаратқа сұраныс қанағаттанарлық емес жағдайда қалып отыр. Кәсіпорындар консалтингке, ақылға қонымды баға төлеуге тек бір шартпен, яғни, мұндай қызмет көрсететін компания олардың өз аймақтарында орналасқан болса ғана келіседі.
Барлық кәсіпорындар алыс
шетелдер нарығына шығу бойынша ғана
емес, сонымен қатар, ТМД елдеріндегі
жақын нарықтарға да, соның ішінде
бірыңғай сауда-экономикалық және тарихи-мәдени
ортасы бола тұрса да, Ресей, Қырғызстан,
Өзбекстан нарығындағы
Қажетті маркетингтік даму жоспары жоқтықтан
ЕДБ немесе даму институттарына жолданған
көптеген жобалар қаржыландырылмай қалады.
Ал кәсіпорынның өзінде мұндай зерттеу
жүргізуге жеке тәжірибесі жоқ, сонымен
қоса, екінші тараптағы ұйымдардың зерттеулеріне,
ақы төлеу үшін қаражаттың жоқтығы оның
өте қымбаттылығымен байланысты.
8. Техникалық реттеу.
Экспорттық рәсімдерді ресімдеу кезінде кәсіпорындарда экспорттағы дүмбіл өнімдер мен СТ-1 дайын өнімге шығу сертфикатын алуға байланысты қиындықтар туындайды. Бүгінгі таңдағы «қосарланған» сертификация (шикі және дайын өнімге-де) дайын өнім үшін ғана жобаланған мемлекеттік бақылау техникалық реттеу жүйесінің логикасына сәйкес келмейді. Халықаралық тәжірибеде, тәртіпке сай қайта өндірілетін өнеркәсіпке арналған өнімге сертификация жүргізілмейді, өйткені мұндай рәсім сауда ісіне кедергі болып табылып және дайын өнімнің қымбаттауына алып келеді. Сондықтан қайта өндейтін өнеркәсібі бар кәсіпорындардың сертификация жүргізбеуі орынды болар еді, себебі шығарылатын шикізат экспортшы-елдердің рассталған құжатына ие, ал қайта өндейтін өнеркәсіптік кәсіпорындар дайын өнім шығарар кезде Қазақстан Республикасында өнімнің шығу сертификатын ресімдейді. Кейбір кәсіпорындарға әрбір топтама үшін 100 мың тенгеден келгендіктен сертификация құны кедергі болып табылады.
Тауарларға техникалық талаптардың айырмашылығы, ең бастысы міндетті талаптардың, саудалық шектеулердің өзіндік ерекше саласы болып қаралатын және санитарлық және фитосанитарлық шаралар және сауда мен техникалық тосқауылдар бойынша БСҰ арнайы келісімімен реттеліп, бағалау сәйкестілігінің ұлттық ерекше тәртібі мен рәсімдері халықаралық саудада белгілі бір кедергілер тудырады. («саудадағы техникалық тосқауылдар» немесе «санитарлық және фитосанитарлық шаралар») Тәжірибеде техникалық тосқауылдар шетел нарығына казақстандық тауарлардың қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін маңызды ықпал болып табылады.
Кіші және орта кәсіпорындар сертификатциялауға шығындар жасай алмайды, атап айтқанда, СМЖ өз-деңгейінде қолдап және ендіруде келтірілген зиян үшін қаржылық өтем бойынша жауап бере алмайтын және шетелдерде танылмаған отандық сертификацияланған компаниялардың қызметтеріне жүгіне отырып, нәтижесінде көптеген пайдалы тапсырыстардан айырылады. Көбінде кәсіпорын сапа жүйесін тек қана бір себеппен енгізеді, егер-де ол өнімді сатып алудың міндетті шарты болып табылса ғана. (мынандай жағдайда, егер өнім шетелге қойылып немесе ішкі нарықтағы тұтынушы басқа елді ірі компаниясы болып табылса). Тәжірибеге жүйені енгізу іске аспайды не болмаса тиімді жұмыс істемейді.
Көптеген кәсіпорындар, мысалы, азық-түлік саласындағы НАССР (Ықтимал қатерлерді талдау және маңызды бақылау нүктелері) мен ИСО (Стандартизация жөніндегі Халықаралық Ұйым) стандарттар арасындағы айырмашылықты және олардың орындалу қажеттігін дұрыс түсінбейді.
Көптеген кәсіпорындар үшін өнімнің қауіпсіздігі мен сапа жүйесін қолдау және ендіру бойынша түсіндірмелік пен оқыту семинарлары қажет. Халықаралық заңнамалар мен ұлттық стандарттардың жүйесін үйлесімдендіріп және жетілдірту мақсатында кәсіпорындарды халықаралық аккредитацияның қазіргі заманғы ғаламдық тетіктерімен, халықаралық қызмет пен сауда сертификациясының технологияларымен және құралдарымен таныстыру қажет, ұлттық жүйе сертификациясы мен аккредитациясына бірігу мемлекет жағынан үлкен шығындарды талап етеді, алайда мұнсыз қазақстандық кәсіпорындар Қазақстанның БСҰ кіру алдында тұрған табалдырықта қатаң бәсекелестік күресте лайықты бәсекелесе алмайтын болады.
Техникалық кедергілермен
байланысты мәселелердің шешімі халықаралық
сәйкестендіруді, стандарттар мен
мөлшерлердің үйлесімділігін, жалпы
халықаралық мойындалған
9. Сыртқы нарыққа шығу кезінде қазақстандық компанияларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіздігі.
Ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша екіжақты үкіметаралық комиссия (ҮАК) шеңберінде және сол мекен етуші елдің елшілігімен сыртқы нарықта елдің экономикалық мүддесін қорғау құралы болып табылатын экспортшыларды қолдау мүмкіндігі нашар қолданылады. ҮАК жұмыс жүргізгенде әдетте олардың басты назарында газ, ірі мұнай жобалары болады. ҮАК министрліктердің басшылары басқаратынын ескеріп, сол себепті барлық іске араласушы билік органдарының іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ететіндіктен қазақстандық шикізат экспортын жылжыту кезінде ҮАК қорларын неғұрлым белсенді қолдану қажет.
10. Экспорт турасында ұйым арасында қалыпқа түскен, ақпарат алмасудың жоқтығы, қазақстандық өнімдерді экспортау кезіндегі сыртқы тәукелділік, отандық өндірушілерді қолдау құралдары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы, ақпараттардың болмауы.
Кәсіпкерлермен кездесуде,
сондай-ақ жеке сектор мен мемлекеттік
органдардың арасында анық қалыптасқан,
ақпарат алмасудың болмауы
Қазақстанда белгілі бір, ақпараттар мен дерекқорлары бар бірқатар компаниялар мен ұйымдар бар болса да, олардың қызметтері көбінде бизнестің талаптарына жауап бермейді. Бұдан басқа, қызмет ұсынушы ұйымдар арасында өзара қатынас пен үйлестіру жоқ. Жоғарыда аталған ұйымдардың барлығы өз қызметтерін дербес жүргізетіндіктен, сыртқы сауда мәселелері қысаң шектеулі спектрде. Көбінесе ұсынылған, ақпарат жалпы сипатта болып әрі нақты қолдануға жарамайды, бизнес үшін бұдан да ең үлкен қиындықты мамандандырылған, ақпаратты іздеу тудырады.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы бүгінгі жағдай институциональды инфрақұрылымның негізгі белгілері бар болса да, қазақстандық экспортты алға жылжытудың тиімді фунционалдық жүйесі жоғымен сипатталады. Осындай іс жағдайының салдары сыртқы сауда саласына қазірдің өзінде көрініс беруде. Мысалы, фармацевтикалық саладағы кәсіпорындар экспортқа шығар кезде шет елдердің өкілетті органдарында өнімді тіркеу үшін мемлекет жағынан жәрдемге мұқтаж. Кейбір кәсіпорындар шетелдегі өз қызметтерін өзге елдерегі саяси тұрақсыздыққа байланысты жабуға мәжбүр. Орталық-Азия елдеріндегі нарыққа талай рет шығуға тырысқанмен, бірақ Қазақстандық азық-түлік саласындағы өнім импортына салынатын тым жоғары баж салығына орай, әрі ТМД шеңберінде еркін сауда аймағы тәртібі бар болса да, қазақстандық өнім экспорты әдейі тойтарылады. Алайда, кәсіпкерлердің өтініштері бойынша, әсіресе тағам саласындағы қазақстандық өнімге сұраныс көрші елдерде өте жоғары, өйткені контрабандалық жолмен алыпсатарлар әкелген Қазақстан өнімін көрші елдердің нарықтарынан көруге болады.
11. Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару проблемалары.
Мемлекеттік кәсіпорындар үшін проблемалардың бірі ол компанияның ең алдыңғы басқарушыларымен қарым-қатынас мәселесі болып табылады. Акционерлік қоғам жөніндегі заңнама мен азаматтық заңнама нормалары болса да, еншілес компанияның жедел қызметіне компания басқарушылары белсенді жағаласып, көбінде нақты жағдай туралы жан-жақты түсінігі болмай тұрса да, жедел шешімдерді өздігінен қабылдауға бір мүмкіндікте қалдырмайды (әкімшілік-директивті басқару әдісі). Нәтижесінде, еншілес кәсіпорынның топ-менеджменттерінің қызығушылығы төмендеп және жауапкершіліктері жойылады. Осының салдарынан өндірістің нәтижесі мен қаржы көрсеткіштері және жалпы алғанда басқару тиімділігі төмендейді (машинақұрылысы кәсіпорыны). Кәсіпорындардың пікірінше, холдингтер шегінде корпоративті басқару жүйесін барлық деңгейде ендіру және «сенімді басқару» тетіктерін белсенді қолдану мәселені шешуге септігін тигізер еді.
12. Энергиямен
жабдықтау және экспортпен
Қазақстан әлемдегі теңіз бекеттерінен алыстатылған елдердің бірі және көліктік шығындары, сондай-ақ темір жол тасымалдарының құны отандық өнімді экспорттау кезінде шығындардың айтарлықтай үлесін құрайды, бұл өз кезегінде бәсекегеқабілеттілік пен оның өсуіне кедергі болып табылады. Мысалы, 2003 жылы РФ аймағы бойынша 1000 км 1 тонна астықты тасымалдау 16,95, АҚШ долларын құрады, ал мақта мен түк — 28,34, АҚШ долларын. Бұл көрсеткіштер тиісінше Қазақстан аймағы бойынша аталған тауарларды тасымалдауда 2,8 және 4,6 рет көп тарифті көрсетеді. Экспортшыларға белгілі бір өнімнің түрлері үшін арнайы вагондар мен темір жол вагондарының тапшылығы, теміржол вагондарының жоғары құны мәселе тудырады. Бір тәулікке жүздеген вагондарды қажет ететін ірі кәсіпорындар үшін кеденшілердің штаттық бірілігінің шектеулігінен және кеден бекеттерінің алшақтығынана вагондардың тұрып қалу проблемасы бар. Бұл жағдай кәсіпорынның қосымша шығындарына алып келеді және кәсіпорынның өзінде кедендік ұйымның өкілдігін талап етеді. Бұл сала қайта құрылым мен мемлекет-тасымалдаушы-жүк жөнелтуші жаңа экономикалық қатынас үлгісін ендіруді қажет етеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, энергиямен жабдықтауға қатысты мәселелер мынадан туындайды. Елді мекендерге электр қуатын жеткізу мен тасымалдау жүйесіндегі РЭК-тің монополялық жағдайы (жеке меншікте) кәсіпорындар үшін өзінің электроэнергиялық шығындарын басқару мүмкіндіктерінен айырады. Энергиямен жабдықтау мәселелері шешілер кезде РЭК айналып өту техникалық тұрғыдан мүмкін еместігімен байланысты, өйткені олар елді мекендерге бөлінген қуаттардың билеушісі болып табылады. Осыған орай, бұл ұйымдар еш қандай баламасыз негізде өздерінің жеткізу шарттарын кәсіпорындарға әмірлеу мүмкіндігіне ие. Көптеген кәсіпорындар үшін Үкіметтің «Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесі» туралы № 1044 Қаулысына сәйкес, қосымша қуатқа қосылу ең үлкен ауыртпалық болып табылады. Несиелік қорлардың қымбаттылығына орай кәсіпорындар бір реттік төлем орнына, ай сайынғы төлемді қалайды.
Диагностикаланған кәсіпорындардың және олардың жалпы санынан сұрау салынған кәсіпорындардың пайыздық үлесінің кейбір проблемалары:
1. Маркетингтік қызметтің дамымауы және, ақпараттың жоқтығы (35%)
2. Қаржылық мәселелер (27%)
Информация о работе Экспорт дамуына әсер етуші кәсіпорындардың мәселелерін талдау