Экономиканын дамуын бағалау кезіндегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың ұлттық көрсеткіштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 23:37, реферат

Описание работы

Экономикалық жүйенің орнықтылық кепілі едәуір қаржылық-материалдық ресурстар болуымен, әлеуметтік әлеует пен адам капиталын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырумен, сондай-ақ ресурстар алмасу варианттарын кеңейтумен қамтамасыз етіледі.

Работа содержит 1 файл

Экономиканын дамуын бағалау кезіндегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың ұлттық көрсеткіштері реферат Нархоз 2012-00.docx

— 94.45 Кб (Скачать)

 

    Сандық мәнге ие болған индикатор-көрсеткіштердің  жүйелері төнген қауіпсіздік  жайында дер кезінде хабардар  етіп, оның алдын алу үшін шаралар  қолдануға мұмкіндік береді. Негізгі  айта кететін жайт, қауіпсіздіктің  ең жоғарғы деңгейіне барлық  көрсеткіштер жүйесі өздерінің  бастапқы мәндерінен ауытқуының  белгілі бір жіберілетін (рұқсат  етілетін) шегінде болғанда ғана  қол жеткізіледі, ал бір көрсеткіштің  бастапқы мәніне жету үшін  басқаларына зиян келтірмеу қажет. 

 Кесте  5 - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 20110 – 2013 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы

 

 

 

2010 жыл

бағалау

болжам 

2011 жыл

2012 жыл

2013

жыл

ЖІӨ, млрд. теңге 

7300

8676

9881

11272

ЖІӨ-нің нақты өзгеруі өткен  жылға %-бен

109,4

108,3

108,3

108,9

ЖІӨ дефляторы, %

113,7

109,8

105,1

104,8

ЖІӨ, ресми бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

54,9

65,3

74,4

84,8

ЖІӨ, сатып алу қабілетінің шамасы бойынша млрд. АҚШ долл.

157,5

173,0

192,1

214,5

Жан басына шаққандағы ЖІӨ,  ресми  бағам бойынша млрд. АҚШ долл.

3620

4263

4814

5450

Жан басына шаққандағы ЖІӨ,  СҚШ бойынша  АҚШ долл.

10385

11294

12436

13789

Тұтыну бағаларының индексі,

 

 
     

бір жылға орта есеппен %-бен

7,6

5,7-7,3

5-7

5-7

 Тауарлар экспорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

28249,0

28761,3

28616,2

29562,1

 Тауарлар импорты, млн. АҚШ долл. (ФОБ)

17882,5

20360,5

22147,9

24096,3

Сауда теңгерімі, млн.  АҚШ долл.

10366,6

8400,8

6468,3

5465,8

Негізгі капиталға инвестициялар

       

өткен жылға %-бен

122,1

115,0

115,0

114,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі

       

     өткен жылға %-бен

106,7

102,0

102,2

103,0

Өнеркәсіптік өнім көлемі

       

өткен жылға %-бен

104,6

104

104,2

106,7

Құрылыс

       

өткен жылға %-бен

134,1

115,0

112,0

110,0

Көлік қызметтері

       

өткен жылға %-бен

104,8

106,6

107,0

108,0

Байланыс 

       

өткен жылға %-бен

127,7

122

122

120

Сауда

       

өткен жылға %-бен

109,5

109,5

109,7

110,0

 

Еңбек өнімділігінің өзгерісі, өткен жылға %-бен

6,6

6,3

6,6

7,0

Әлеуметтік көрсеткіштер

       

Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге

9200,0

9200,0

9752,0

10337,0

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері

3000,0

3000,0

3000,0

3180,0

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

6200,0

6700,0

7236,0

7815,0

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге 

6014,0

7945,0

8422,0

8927,0

Орташа айлық номиналды жалақы, теңге

31808,8

36412,7

43395,5

49647,9

Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды ескере отырып)                       

110,1

108,0

112,4

107,9


           Алынған көзі:  Интернет « www. government.kz. »

       

    Экономикалық қауіпсіздік қауіп – қатерінің келесі факторы – халық өмірінің төмен денгейі, табыстарды саралаудың жоғарлығы.

Елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен тіршілігіне, оның экономикалық қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп төндіретін:

      ●  халықтың әртүрлі топтарының арасындағы табыс пен тұтынуды

          жоғары саралау;

     ●   жұмыссыздықтың жоғары денгейі;

     ●   азық – түліктің құнды түрлерін орташа нормамен тұтынудың

           қысқаруы үшін тамақтанудың балансталмаған құрлымы;

     ●   инфляция денгейінің жоғарлауы, оған халықтың сатып алу қабілеті

          байланысты, және кедейлік аймағының ұлғаюы.   

          Қазақстанда халық табысын саралаудың децилдік коэффициенті 20 – ға жуық. Бұл аса қамтамасыз етілген және аз қамтамасыз етілген азаматтардың арасында табыс алшақтығының 20 рет ажыратылуын білдіреді, бірақ халқаралық өлшем бойынша ол 7 – 8 – ден аспауы керек, АҚШ – тан басқа, бұл жерде 11 – 12, бірақ та Америка өмірі Батыс Европаға қарағанда едәуір қиын.     Аз қамсыздандырылғандар арасында ең көп үлесті көпбалалы отбасылар алады. Табыстар мен жалақы саясатында бірінші назар әсіресе осы халық тобының әлеуметтік қорғалуына аударылуына аударылуы керек. Кедейлік денгейі едәуір дәрежеде қазіргі Қазақстандағы инфляциялық ауыртпалықтың әркелкі бөлінуімен байланысты.

Қазақстанның  соңғы жылдардағы негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштеріне зер салсақ еліміз ТМД елдері ішінде көшбасшы болып  отыр . Оларға: экономикалық өсудің жоғары қарқыны, инфляция деңгейінің тұрақтылығы, ұлттық валюталық бағамның тұрақтылығы, бюджет тапшылығының аз ғана шамада болуы, халықтың жағдайының өсуі және Қазақстанның инвестициялық рейтингінің өсуі. Ал экономиканың әлсіз жақтарына  ұлттық экономиканың негізін шикізаттық салалардың құрауы, яғни экспортқа  шығарылған шикізаттардың негізінде  сол салалардың ғана өте жылдам өсуі, ал өндірістің нақты салаларының  өте баяу дамуы және оларға инвестицияның  аз мөлшерде бөлінуі.

Бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының негізгі  мәселесі белгіленген инфляция мөлшерінің тұрақты деңгейін сақтау және елдегі қазіргі болып жатқан қаржылық, несие  беру бойынша туындап отырған  мәселелерді реттеу болып табылады. 2008 жылы еліміздегі инфляция деңгейінің біршама өсуі байқалды. Оның мөлшерін мемлекеттік есептеу мекемелері 10% шамасында деп болжаса, ал тәуелсіз сараптаушы орындар инфляция 2007 жылы 13% шамасында орын алды деп хабарланды. Ал өткен 2009 жылы инфляция деңгейі 8% шамада сақталды, ал биылғы 2010 жылы статистикалық  агенттіктердің болжауынша елдегі инфляция деңгейі 8-9 % шамасында болады деп  межеленуде.

ҚР-ғы 2002-2010 жылдардағы инфляцияның жылдық көрсеткіштерін келесі суреттен көре аламыз.


 

 

           
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             

Сурет 1 – Елiмiздегi 2002-2010 жылдар аралығындағы инфляцияның деңейi

2007 жылдың  тоғызыншы айынан басталған инфляцияның  кең ауқымды орын алуы негізінен  экономиканың келесі салаларында  орын алды: астық өнімдері, яғни  астыққа деген шетелдік сатып  алушылардың жоғарғы сұранысы, нан  және жалпы тағам өнімдерінің  қымбаттауы, жанар-жағармайдың үздіксіз  өсіп келе жатқандығы, елде энергия  және газ бағасы тарифтерінің  күрт өсуі, осының салдарынан  барлық өндірістердің шығындары  көбейіп, жалпы өндіріс пен  өнеркәсіп бағалары өсуде.  Мысалы, осы уақытта елімізде нан бағасы 30-35 теңгеден 55-65 теңгеге дейін өсіп  кетті, яғни 100%-ға өсті, ал электр  энергиясы 6-7 теңге шамасынан  9-10 теңге аралығына дейін өсті. Жанар-жағармайдың бағасы өсуде,  оның ішінде бензиннің 93 маркалысы  77 теңгеден қазіргі уақытта 86-89 теңге аралығына дейін өсті.

Елiмiз  инфляцияны жою және ақша айналысын  тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану  үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар  елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер  негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты  шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын  белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып  отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ  деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске  асып отырған инфляцияны реттеудiң  жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық  саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады.

Экономикалық  өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен  бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада  құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң  бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр  экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.

 

 

                 
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   

Сурет 2 – 2005-2010 жылдардағы ЖҰӨ көлемi динамикасы

 

Елімізде 2005-2010 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық  өсiмi 80%-дан астам болды. Сонда  ЖҰӨ динамикасына назар аударатын  болсақ Қазақстанда экономикалық өсудiң  динамикасын келесi түрде көруге болады екен.   /14/.

Алайда  аталған жоғары пайызды экономикалық өсу динамикасы негізінен  толықтай шикiзат түрiндегі экономикалық секторларға  бағынышты болып отыр, ал бұл әлемдiк  тәжiрибе бойынша ел экономикасына  тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет  етедi.

Елiмiздегi орташа айлық жалақының өсуiн  келесi суреттен көре аламыз. Егер осы  жалықының өсуiмен жұмыссыздық  деңгейiн салыстыратын болсақ, онда елiмiзде жалақының өсуiмен байланысты жұмыссыздықтың төмендеп отырғанын  көремiз.  [6,б. 372]

 

 

       
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

3 - сурет – Еліміздегі жалақының  өсу деңгейі [6,б. 372]

 

Жұмыссыздықтың  азаюы елiмiзде қызмет көрсету  және өндiрiс салаларының дамуы, жалақының  өсуi басты себепшi болып, экономикалық жұмысқа ынталы адамдар саны көбейдi. Жұмыссыздықтың деңгейiн келесi 4-шi суреттен көре аламыз. Онда 2005 жылдан бастап жалпы жұмыссыздық деңгейiнiң 8,1%-дан  бастап, 2011 жылы 6,3%-ға дейiн төмендегенiн  көремiз.

 

Кесте  6 - Қазақстандағы жұмыссыздар деңгейі, % [6,б. 372]

 

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

2011 ж

%

%

%

%

%

%

%

Ресми жұмыссыздық

 

2,5

 

2,4

 

2,5

 

2,7

 

3,1

 

3,0

 

2,9

Жалпы жұмыссыздық

 

8,1

 

7,9

 

8,0

 

8,7

 

7,4

 

7,0

 

6,3

Информация о работе Экономиканын дамуын бағалау кезіндегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың ұлттық көрсеткіштері