Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 16:28, реферат
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік – экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес.
Өндірісі дамыған елдердің тәжірибесі, сонымен қатар аграрлы секторы жақсы дамыған елдердің экономикасында бағаға мемлекеттік және жанама әсер етуінің үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Егер бүкіл дүние жүзінде ешқашан және еш жерде мемлекеттің араласуынсыз «таза нарықтың» болуы мүмкін емес деген ғылыми дәлелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгілеудің толық және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелінеді ( 38, 78-б.).
Бірақ та бұл тәжірибе жеке мемлекеттердің экономикадағы бағаны реттеу үшін қолданып отырған механизмдер құрамының әр түрлі екенін көрсетеді және олардың құрамы көбінесе меншік сала формасының нақты арақатынасына; қысқа және ұзақ мерзімдік шаруашылық және әлеуметтік мақсаттарға; халықаралық экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейіне байланысты екенін көрсетеді. Мысал ретінде, осыдан 60 жыл бұрын американдықтардың ауыл шаруашылық өніміне енгізген баға белгілеу жүйесін алуға болады. Ол өзінің «демократиялылығымен» және икемділігімен ерекшеленеді. Бұл жүйенің мәнісі – фермердің ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру нәтижесінде, ол өзінің шаруашылық жұмысынан қандай қорытынды алатынын анықтауға мүмкіндік табады. Бұл жерде кепілдік баға туралы сөз болып отыр. Егер нарықтағы бағаға күтпеген тенденциялар әсер ететін болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы – несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етіледі. Соңғылары, кепілдік баға арқылы фермерден қабылданған өнім, олардың несиелері арқылы белгілі бір соманы қамтиды ( баға көбейтілген өнім) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар еді. АҚШ фермерлерінің төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін, сонымен қатар мақсатты баға тәжірибесі Қазақстан жағдайында жүргізілсе пайдалы болар еді.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттің экономика өрісінде туындайтын төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға ырқтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946-1947) 3-4 онжылдыққа созылады. Бірақта, әлі күнге дейін Экономика министрлігі мен Үкіметтің тарапында сол елде өндірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, одна оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шиказіт материал ресурсының бағасы төмендеу фактісі ескеріледі, ал егер екінші топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттің осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу кезінде қолдану пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Біздің жағдаймызда француз үкіметінің шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, салық салу механизмдері арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару ісін жүргізу тәжірибесі пайдалы болар еді.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, ол табиғи – климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табиғи –климаттық фактордың қолайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін анықтау «шығын қосылған табыс» қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе алады.
Әлеуметтік бағытта баға құруда ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы, олардың шеберлегі өседі және де ұйымдастыру мен өндірістік технологияның сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Екішіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін уақытында қамтамасыз етілуінде (сондай-ақ өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл бөлінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнімдеріне баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық, институционалддық ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншіден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің қолдауына мұқтаж, әсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты инновациялық-инвестициялық шараларды іске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердің барлық табыстарының төрттен үшін құрайды. Канадада бұл көрсеткіш деңгейі шамамен 40% жетеді.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмін жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданылады.
ЕЭО елдерінде ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесінің шешімімен сала өнімдерінің бағасы 95% дейін реттеледі және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейі базар деңгейінің бағасының өзгеру деңгейіне байланыста негізделеді.
Негізгі ауыл шаруашылығы өнімдеріне ( ет, сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басымдылық болған жағдайда «сиқырлы төртбұрышта» ( тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың міндеті кеңейеді. Қытай Комратиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып және көрсетілген төртбұрыштың нақты «бұрыштары» басымдылықтарын анықтай отырып, өздерінің шешімдерінде (қазан, 1984ж.) « бүкіл экономикалық жүйелердегі реформа баға жүйесін реформалауға байланысты», деп ерекше көңіл аударған. Бұл шешімдердің нәтижесін жүзеге асыруда екі жылдың ішінде бағаның төрт түрі құралды «бірыңғай жоспарлы баға, шартты баға, еркін нарық бағасы «жүзетін» жоспарлы баға» . «Жүзетін» және нарық бағасының жұмыс істеу аясының кеңейуі тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бірыңғай жоспарлы бағамен «қызмет ету» бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнімдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгіленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты ( жоспарлы мемлекеттік сатып алу үшін) және нарықты ( сатып алу өзара шарттың үстінен) бағаны қабаттас енгізу. Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің өндіріс қызметтерін ынталандыруда еркін баға үлкен рөл атқарады.
Дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесі
көрсеткендей, ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің
ықыласын қорғауда және сыртқы экономикалық
қатынастардың тиімділігін арттыруда
лицензиялық, кедендік кірістер және тарифтік
реттеу мехнизмдерің қолдану әр елдің
геосаясатының, табиғи-тарихтық, табиғи
-экономикалық және әлеуметтік-мәдени
ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен
қатар әлемдік нарық пен әлем шаруашылық
интеграциясына кіру ықыласы ескеріледі.
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі