Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 16:28, реферат
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік – экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
2.1.Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік – экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік –демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік – жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір жоқ;
3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялық» көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемелекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму « нәтижесі» болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдалар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екеншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігін туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкін жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды – көптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсатттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау, қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторладың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Американдық ірі экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсіз «күннен – күнге өсіп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара – бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз өзгертіп отырады » (32, 153-б). Басқаша айтқанда, дәл біздің экономика сияқты, «әлсіз экономикалық жүйеге», барлық туындайтын қиындықтарға «эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі» үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салдарынан туындайды.
«Ұлы дағдырыс» жылдары ( 20 – жылдардың аяғы мен 30 – жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін- өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік – экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Бұл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрініс тапты. АҚШ –тағы «жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға» сәйкес (1946ж.) құрылған Презинденттік экономикалық Кеңесі осы заңның талаптары бойынша барынша өндірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияның міндеті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді.Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік мақстаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады (13, 143-б).
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963-1967 жж. Бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 -1992жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Германияның, Англияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген
елдердің жоспарлау
Аталған пункттерден ( халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншы айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады.
Қарасытырып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерінің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді және де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдерді ненгізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқандай мемлекеттерде мемлекеттік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФГР-де 50% шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита «Известия» (25.02.92) газетінде: « Шенеуліктердің (әкімдердің) ақылдылығы телефон арқылы немесе ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық жеңілдіктерімен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиімді және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекені күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту» деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфлякция) жағдайына душар болған мемлекет үшін қолайлы. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негізінде: а) мемлекеттік шығындардың өсуі; ә) салық ставкасының және мөлшерінің азаюы; б) мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану жатыр. Бұл әдістің біреуін таңдап алу алға қойылған мақстақа немесе объектіні реттеуге байланысты. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болады және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл ішінде Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен «ғылым және білім экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі құрылымдық факторы ретінде көрінеді» ( 9,87-б.). Қазақстанда бұл салаларға көңіл болу жоқ, қаржыландыру жүйесі бұрынғысынша, яғни қалдық қағидасымен жұмыс істеуде. Бірақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: «интеллектуалдық өндірісті қамтамасыз етуде, өндіргіш күштерді дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негізгі мәселелерді шешуді ұмытып кеттік» деген.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде «экономикалық өсудің интенсивті моделінің» икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып табылады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ- тың ірі мамандары К.Р. Макконелл және С.П. Брю, «осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады» - деген (21, 298-б.). Мұндай саясатпен дем беруші (жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша -несие механизмі жоғарыда аталған «көмекші» ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес ( яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
Нарық жүйесі дамыған елдерде бұл механизмді қолдану тәжірибесін зерттей отырып, мынадай бірнеше негізгі қорытынды шығаруға болады:
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі