Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:28, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайдағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік -экономикалық жэүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Мемлекеттің экономикалық ілімдегі рөлі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет. Экономикалық ілімде мемлекеттің рөлі жайлы мәселелерді мынадай экономикалық бағыттар қарастырған:
1) Ағылшын классикалық саяси экономиясы – (ескі экономикалық либерализм). XVII ғ. соңында қалыптасқан. Өкілдері: А. Смит, Д. Рикардо. Смит – нарық өзін-өзі «көрінбейтін қол» арқылы реттейді деген (сұраныс және ұсыныстың өзара байланысы арқылы). Мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекет экономиканың дамуына араласпайды, нарыққа экономикалық либерализм принциптері тән (еріктілік): баға құру, таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу еріктілігі.
2) Маржинализм. ХІХ ғасырдың 70 жылдары қалыптасты. Рөлі – тұтынушылар мінез-құлқын зерттейді. Өкілдері: Г. Госсен, К. Менгер. Маржинализм өкілдері тұтыну сферасын зерттеген. Мемлекет экономиканың дамуына араласпауы қажет деген.
3) Марксизм. XVII ғ. екінші жартысында қалыптасты. К.Маркс іргесін қалаған қоғамдық ілім тарихта марксизм деген атпен белгілі. К.Маркс өз әдістемелерінде классикалық ағылшын мектебін, Гегель мен Фейербахтың неміс классикалық философиясын, француз утопиялық социализмі сияқты ғылыми деректерді пайдаланды. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі «Капитал» еңбегі 4 томнан, 6 кітаптан тұрады.
Капиталдың орталықтануы мен шорғырлануы, орта пайда, өндіріс бағасы, жер рентасы, процент, сауда және қарыз капиталы, ұдайы және ұлғаймалы өндіріс, акционерлік капитал, мемлекет туралы,әлемдік рынок және сол кездегі экономикалық ой-пікірлерге сын мәселелері талданған.
4) Институционализм. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болды.
Өкілдері: Т. Веблен, Дж. Гэлбрейт. Мемлекеттің экономикадағы толық араласуын құптады. Экономиканың дамуында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, техникалық факторларды ескере отырып, мемлекет экономиканың дамуын қалыпты реттеуі қажет деген.
5) Кейнсиандық экономикалық ілім. ХХ ғ. 30 жылдары қалыптасты. Өкілі: Джон Мейнард Кейнс., алғаш рет макроэкономикалық талдаудың негізін қалады, экономиканың дағдарыстан шығу жолдарын ұсынды. Кейнс дағдарыс жағдайында мемлекет қысқа кезеңде жиынтық сұранысты реттеу арқылы экономиканы тұрақтандыра алады деген. Мемлекеттің экономиканы толық реттеуін ұсынды.
6) Неолиберализм ілімі. Өкілі В.Ойкен болды. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының орталық бағыты – шаруашылық тәртібін құру деп санады.
7) 20 ғасырдың 60-жылдары Америкада неоклассикалық теорияның негізгі бағыты – монетаризм пайда болды. Өкілі – М.Фридмен болды. Монетаризмнің өкілдері ақша - экономиканың дамуын анықтайтын негізгі құрал деп санады.
Монетаризм рыноктық экономика теңгерілген шаруашылық, автоматты өзінен-өзі реттелетін қасиеті бар деген ниетте болды. Рыноктық экономиканың мұндай қабілетіне кедергі жасайтын бір ғана нәрсе – жалпы ұлттық өнімнің және айналымдағы ақша массасының өсу қарқындары арасындағы диспропорция.