Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:28, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайдағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік -экономикалық жэүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайдағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік -экономикалық жэүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болып келеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеу кажеттілігі мыналармен түсіндріледі.
1.Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу
2. Экологиялық мәселерді шешу
3. Табиғи монополияның іс әрекетін реттеу
4. Айналымдағы акша массасын реттеу
5. Қоғамның қоғамдық тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Экономиканы мемлекеттік реттеу негізгі мақсаты экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету.
1. Баға тұрақтылығы
2. Толық жұмыстылықты бастылықты қамтамасыз ету
3. Экономиканың еріктілікті қамтамасыз ету
4. Сыртқы экономиканың тепе-теңдікті қамтамасыз ету
Эканомиканы мемлекетті реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді меңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мелекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде орналасуын білдіреді.
Әлемдік шаруашылық дамуының тәжіриблері нарықтың экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми таңдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемлекеттің жүзеге асыратын мемлекеттің іс-шарасының обьективтілігі тұр. Тұжырымды жеткілікті түрде негіздеу мүмкіншілік береді. Тиімді экономиканың шведтің моделін жасаушы және көрнекті маман Эклунд, таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және нақтылы айтқанда: “ешқашан болған емес” деп тұжырым жасай келіп ұжымның шаруашылықтын сыртқы-ішкі жерлерін ескеру және табыстарды әділетті бөлуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік танып-білетіндігін атап көрсетеді.
Мемлекеттік реттеулердің обьективті қажеттілігін анықтайтын фактордын мәнісін қарастыруға кіріспек бұрын оларды ұғымдық турде анықтап алу керек. Таза қоғамдық тауарлар –Адамзат тарихи мемлекеттік пайда болуы мен даму барысы сондай-ақ олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттер мен қатар күшею жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр, күштеу іс-әрекеттері обьективті түрде белгілі бір материалдың техникалық және интелектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға біріңғай ие бола отырып, материалдық-техникалық және интелектуалдық қорларды жасауға арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы ғана емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісінің азаматтардың заңды құқын қорғау мен қоғамның тәртіпті сақтауды курделі ғылыми зерттеулер жүргізумен нәтижелерін қлдануды ұйымдастыруды тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды эканомиккалық жүйені құру мен пайдалануды жалпы мемлекеттік табысты қорғау шараларының әсерін төтенше жағдайларды алдын-ала ескертуді жатқызуға болады. Тауарларды өндіруші мен алушыларды тұтынушының нарықтық өзара қатынасушының күшеюі мен тығыздылығының сыртқы әсерлері болып табылады. Адамдардың өндірістік тұтыну қызыметтерінің сыртқы әсері ретінде пайда болатынын бұл мәселелердің шешімін ең алдымен мемлекеттің аралысуын талап етеді. Нарық субьектілердің өзара іс-әсерінің шартарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансстциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттердің рөлі зор. Халықты Әлеуметтік жағынын қорғау мен қамтамасыз ету мәселелері. Бұл іс саясатпен байланысты. Оны шешуде мемлекеттің рөлі зор.
Мемлекеттің экономикалық рөлі жайлы мәселелердің ғылыми бағыттарына сипаттама.
Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы керек, экономиканың мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажылатылып, олардың қызымет атқару шектері айқындалған Парламентте экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады қабылданған эканомикалық саясаттың өмірге енгізіліп оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы-Үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне боліп береді. Меркантилизм.Мемлекеттік реттеу тарихы орта ғасырдың соңынан басталады. Сол уақытта меркантелистер мектебі негізгі экономикалық мектеп болды. Ол мемлекеттің экономикаға белсенді араласуын жариялады.Меркантелистер ел байлығының басты көрсеткіші-алтын мөлшері деп белгіледі.Осыған байланысты олар экспортты көтермелеп, импортты тежеді.
ХV ғасырдың соңғы ширегі-ХVІ ғасырдың ортасы ерте монетаризм-елдегі ақшаның мөлшерін кез келген жолмен көбейтуге бағытталған саясат кезеңі деп саналды. Кенже қалған (поздний) меркантелизм сауда жасау мүмкін болмаған ұлы географиялық жаңалықтардан кейн (ХVІ) пайда болды.
Осы уақытта мына қағидаттар белгіленді:
Сауданың дамуы (сыртқы сауданың мақсаты-елге алтын мен күмістің түсуі);
Шекерадан ақша әкетуге тыйым салудан бас тарту;
Импортқа тыйым салудан бас тарту;
Рыноктарды,оның ішінде отарларды да жаулап алу;
Белсенді сауда балансы (алғаннан аз жұмсау);
Еңбекақының салыстырмалы төмен деңгейі (жоғары пайда);
Ұлттық өнеркәсіпті қолдау (арзан шикізаттың импорты және қалған импортқа жоғары баждар).
Меркантилизм өкілдерінің арасында-Томас Мен (1571-1641) және Джон Локк (1632-1704) болды.
Негізгі идеялары:
Сыртқы сауда- байлықты көбейтудің басты құралы;
Еңбек-байлықтың негізгі көзі;
Ақшаның атаулы мөлшері ғана емес, олардың айналу жылдамдығының да маңызы бар;
Рудниктері жоқ ел тек шапқыншылықпен және саудамен байи алады.
Джон Лау (1671-1729)-Францияда қағаз ақша шығаруды ұйымдастырушы-қағаз ақшалардың ешқандай табиғи бағасы жоқ, алайда айналымның және сауданың қажетіне сәйкес олардың шығарылуын қатаң реттеу қажет деп бекітті.
Физиократтар. Классикалық саяси экономиканың алғашқы өкілдері физиократтар (сөзбе-сөз -табиғат әміршісі) болып табылады.
Мектептің негізін салушы - Франсуа Кенэ (1694-1774).
Теорияның аса маңызды жорамалдары:
« байлық көзі - сыртқы сауда емес, жер және еңбек;
ақша - ауыстыру кұралы және байлық болып табылмайды;
бүкіл байлық егін шаруашылығында құралады;
пайданы (таза өнім) - егер байлықты өндіру шығындарын шегерсе, онда бүкіл байлықтың сомасынан қалғанды тек жер ғана береді;
өнеркәсіптік еңбек тек нысанын ғана өзгертеді;
капиталды негізгі (бастапқы аванстар) және айналмалыға (жыл сайынғы аванстар) бөлу.
Экономиканың және мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының классикалық үлicici. Классикалық экономикалық теорияның басты өкілдері - Адам Смит, Давид Рикардо, Жан-Батист Сэй, Джон Стюарт Милль болды.
Бұл теорияның мәні экономикалық жүйе нарық, тиісінше тұтынушы ұсынатын ережелерге сәйкес жұмыс істейді деген түсінікке негізделген.
Классикалық көзқарасқа сәйкес мемлекет адам өмірінің қауіпсіздігі мен оның меншігін қамтамасыз етуге, дауларды шешуге, өзгеше айтқанда жеке адам өзі бетімен істей алмайтынды не осыны тиімсіз жасайтынды жасауы тиіс.
Адам Смит «халықтардың байлығының табиғаты мен себептepi туралы зерттеу» атты өз еңбегінде кәсіпкердің өзінің жеке мүдделеріне жетуге деген ұмтылысы ең соңында оныңда,толықтай қоғамның да әл-ауқатын жақсарта отырып, экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатынын дәлелдеді.
Шаруашылық кызметтің барлык субъектілеріне негізгі экономикалық еркіндіктер, ал атап айтқанда; қызмет саласын таңдау еркіндігі, бәсекелестік еркіндігі және сауда жасау epкіндігі сияқты негізгі экономикалық еркіндікке кепілдік берілуге тиіс екеніне басты назар аударылды.
Кейнсиандық теория. XX ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ экономикасының терең құлдырауынан кейін Дж. Кейнс классиктердің мемлекеттің экономикадағы рөліне көзқарастарын жоққа шығарды. Тоқырау жағдайындағы экономиканы қарастыруына байланысты Кейнстің теориясын «дағдарыстық» деп атауға болады. Оның теориясы бойынша еркін нарықтық экономиканың дағдарыстан шығуын ic жузінде қамтамасыз ететін тетіктердің болмау себебінен мемлекет экономикаға белсенді араласуы тиіс. Кейнс капиталист дағдарыстың ce6e6i, тауарларды артық өндіру суранысты арттыру мақсатында мемлекет рынокқа ыкпал eтyi тиіс деп санады. Ол оралымды кредит-ақша саясатын, жаңа бюджетпк-қаржылық саясатты және т.б. бірнеше кұралдарды ұсынды.
Оралымды кредит-ақша саясаты ең маңызды кедергілердің 6ipi - еңбекақыньң икемсіздігінен аттап өтуге мүмкіндік береді. Кейнс бұған айналымдағы ақшаның мөлшерін өзгерту арқылы қол жеткізуге болады деп санады. Ақша массасын көбейткенде нақты еңбекакы азаяды, бұл инвестициялық сұранысты және жұмыспен қамтуды ынталандырады.
Кейнс бюджет-қаржылық саясатының көмепмен мемлекетке салық мөлшерлемелерін ecipyдi және осы қаржының eceбiнен тиімсіз кәсіпорындарды қаржыландыруды ұсынды. Бұл жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, әлеуметтік жағдайды да жақсартады деп пайымдады.
Кейнсиандық реттеу улгісінің басты ерекшеліктері мыналар болып табылады:
• мемлекетпк бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық кірістің жоғары үлесі;
• мемлекеттік және аралас кәсіпорындар кұру негізінде мемлекетпк кәсіпкерліктің ауқымды аймағын кұру;
• экономикалык жағдаятты тұрақтандыру, кезеңдік ауытқуларды тегістеу, өркендеудің жоғары қарқынын және жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтау үшін бюджет- қаржы және кредит-қаржы peттeyiштepiн кеңінен қолдану.
Кейнс ұсынған мемлекеттік реттеу үлгісі соғыстан кейінгі екіден астам онжылдықтар ішіндегі кезеңдік ауытқуларды әлсіретуге мүмкіндік берді, алайда шамамен 70-ші жылдардың басынан бастап мемлекеттік реттеу мен іс жүзіндегі экономикалық ахуал мумкіндіктерінің арасындағы сәйкессіздік айқындала бастады. Кейнсиандық үлгі тек өсудің жоғары қарқыны жағдайында ғана тұрақты болуы мумкін. Ұлттық кірістің өсуінің жоғары қарқыны капитал жинауға нұқсан келтірмей, қайта бөлуге мүмкіндік ту- дырды.
Алайда 70-ші жылдары артық өндіру жағдайы күрт нашарлады. Жұмыссыздық пен дағдарыс бір уақытта өсе алмайды дейтін Филлипс заңы жоққа шығарылды. Дағдарыстан шығудың кейнсиандық жолдары ғана дағдарыс шиыршығын тарқатты. Осы үдерістердің ықпалымен мемлекеттік реттеу жуйесі түбегейлі қайта құрылды және жаңа консервативтік емес реттеу үлгісі қалыптасты.
Неоклассикалық теория. Неоклассикалық теорияның теориялық негізі экономикалық ой-пікідің неоклассикалық үлгісінің тұжырымдамаларына қаланды. Мемлекеттік реттеу үлгісін өзгерту артық өндіруге сұраныс арқылы ықпал етуден бас тартуға және оның орнына ұсынысқа ықпал етуден жанама шараларын пайдалануға негізделді. ¥сыныс экономикасын жақтаушылар жинақтаудың классикалық тетігін қайта жанғыртуды және жеке кәсіпкерлік еркіндігін қайта қалпына келтіру қажет деп санайды. Экономикалық өркендеу екі негізден: жеке меншік қаржы, яғни пайданың бөлігін капиталдандыру және қарызға алынған каржы (кредит) есебінен жүзеге асырылатын капитал жинақтау функциясы ретінде қаралады. Сондықтан осы теорияға сәйкес мемлекет капитал жинақтау үдерісі мен өндіріс өнімділігін арттыру үшін жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Осы жолдағы басты кедергілер — жоғары салыктар мен инфляция. Жоғары салықтар күрделі қаржы жұмсалымының өсуін шeктeйдi, ал дағдарыс кредитті қымбаттады және сонымен жинақтау үшін қарызға алынған қаржыны пайдалануды қиындатады. Сондықтан да неоконсерваторлар монетаристердің ұсыныстарының негізінде инфляцияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін бepyдi ұсынды.
Салық мелшерлемелерін қысқарту мемлекеттік бюджеттің «кірістерін қысқартады, әрі оның тапшылығын арттырады, ал мұның өзі инфляциямен күресті қиындатады. Сонымен мемлекеттік шығындарды қыскарту, сұранысты қолдау және аукымды элеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджетті пайдаланудан бас тарту келешектегі қадам болады. Бұған мемлекеттік меншікті жекешелендіру саясатын да жатқызуға болады.
Келесі іс-шаралар кешені - қайта реттеу саясатын іске асыру, бұл бағалар мен еңбекақы бойынша реттемелеуді жоюды, трестке қарсы заңнаманы ырықтандыруды (жеңілдету), жұмыс күші нарығын қайта реттеуді және т.б. білдіреді.
Сөйтіп, мемлекеттің неоконсервативтік үлпсі экономикаға тек жанама ықпал етуі мүмкін. Елдің экономикалық дамуын іске асырудағы басты рөл нарыктық күштерге тиесілі.
Мемлекет пен экономиканың өзара қарым- қатынастарының марксистік үлгісі. Маркс бойынша, мемлекеттің экономикалық қызметі, біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи нысандарының мазмұны (қоғам ауқымында) ретінде және екіншіден, толықтай экономикалық жүйедегі билеуші сектор ретінде қаралады.
Осы жүйенің негізін құрайтын негізгі өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік барлық экономикалық үдерістерді біріңғай орталықтан реттеу қажет ететіні шындық. Ресурстарды пайдалануға қатысты барлық шешімдер осы орталықта қабылданады. Орталық органдар: қандай өнім өндірілу тиіс, оның мөлшері мен сапасы қандай, сондай-ақ ол қандай құралдардың көмегімен, қай шикізаттан өндіріледі дегендей бүкіл қажетті ақпаратты жинап өңдейді, содан кейін нақты кәсіпорындар үшін белгіленген өнімге тапсырыс жасайды.
Барлығына жұмыс беретін ресурстарды жүйелі басқарудың көмегімен толықтай тым болмаса теориялық жағынан көпе- көрнеу жұмыссыздықты жоюға болады. Бағалар мен енбекақыны қоса алғанда экономиканы жаппай бақылау арқылы ресурстарды қалауынша бөлуді іске асыру мүмін. Бұдан басқа, экономиканың алдындағы бірінші кезектегі және тығыз проблемаларды шешу үшін керек бағыттағы шектелген ресурстарды шоғырландыруға болады.
Осы үлгі шеңберінде өндірісті басқару сұранысына мүмкіндік беру үшін нарықтық экономиканың элементтерін енгізу, алынатын пайда мөлшері сатылған өнімнің мөлшері бойынша экономика субъектілерінің қызметін бағалау әрекеті қолданылды.