Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 20:01, контрольная работа
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
1. Нарықтық экономиканың циклдық дамуы.
2. Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
3. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
4. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- капитал сиымдылығы тұрақты (к/у);
- кәсіпкерлердің іс әрекеті сұранысты күтуіне байланысты.
14.3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕОКЛАССИКАЛЫҚ (СОЛОУ) ҮЛГІСІ
артқа
Р.Солоудың экономикалық өсу үлгісі - қор жинағы, еңбек ресурстарының және ғылыми-техникалық прогресстің халықтың өмір сүру деңгейі мен оның динамикасына әсер ету механизмін бейнелейтін экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі.
Р.Солоу үлгісі 1956 жылы дүниеге келді және ол қор жинағы, қапитал қорлануы арасындағы өзара байланысты көрсетеді.
Р.Солоу Кейнс үлгісіндегі
динамикалық тепе-теңдік тұрақсыздығының
себебі, өндіріс факторларының бірін-
- өндіріс факторлары нарығында бәсеке жетілген және толық жұмысбастылық бар;
- игіліктер рыногында баға икемді;
капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;
масштаб әсерінің тұрақтылығы;
ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы;
инвестициялық лагтардың болмауы.
Р.Солоу үлгісі алдымен техникалық прогресс жоқ масштаб әсерінің тұрақтылығы жағдайында қарастырылады. Кейін үлгігіге капитал қоры нормасының өзгерісі нәтижесіндегі технологиялық жетістіктер енгізіледі.
Солоу үлгісі экономикалық динамиканы сипаттайтын теңдеулерден құралады.
Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі: Y = F (K,L) және кез келген z > 0 үшін: zF (K,L) = F (zK, zL). Онда, егер z = 1 / L, онда Y / L = F(K / L, 1),
мұндағы Y / L – бір жұмысшыға шаққандағы орташа еңбек өнімділігі, K / L – бір жұмысшыға шаққандағы капиталмен қаруландыру.
Егер Y / L = y; K / L = k деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектеуге болады: ү = f(k).
Сонымен бір жұмысшыға шаққандағы өндіріс көлемі оның капиталмен қаруландыру функциясы болып табылады, яғни бұл функция өнімділік және капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Аталмыш өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді. Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады.
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады: y = i + c, мұндағы, i – бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция, c – бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:
C = (1 – s)y
s – қор жинағы, y = c + i = (1 – s) y + i, бұдан i = s * y
Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа пропорционал болады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі.
F(k) = c + i немесе f(k) = i / s
Тауар рыногындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капитал қоры өндірілген өнімге деген сұранысты анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысу – азайтады.
Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: i = s * f(k).
к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі. y = f(k), i = s * f(k), c = (1 – s) * f(k) (57,а-сурет)
Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тозуының салдарынан капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d – ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаған тең: d * k
Бұл жағдай 57,ә -суретте бейнеленген.
57,а -сурет
Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін былайша өрнектеуге болады: Δk = i – dk
Немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады: Δk = s * f(k) – dk
Капитал қоры (к) (Δк > 0), инвестиция ығысу шамасына тең болғанша өседі: S * f(k) = dk
Бұл жағдайдан кейін бір
жұмысшыға есептегендегі
Тепе-теңдік тұрақты деп есептеледі, өйткені к-ның алғашқы мәнінен тәуелсіз экономика тепе-теңдік к* мәніне ұмтылады.
Егерде алғашқы к1 < к* болса, онда жалпы инвестиция (s * f(k)) мәні ығысудан (dk) үлкен болады және капитал қоры таза инвестиция көлеміне өседі.
Қор жинағының нормасы қор мен қаруландырудың тұрақты деңгейіне әсер етеді. Қор жинағы нормасының өсуі S1-ден S2 инвестиция қисығын жоғары оңға, S1 * f(k)-дан S2 * f(k) деңгейіне қозғайды (58-сурет).
Бастапқы жағдайда экономика капиталдың тұрақты қор жинағына, к*1-ге тең, бұл жерде инвестиция ығысуға тең.
Инвестиция қор жинағы нормасының (i’1 – i1) деңгейіне өскеннен кейін, капитал қоры (к*1) тең және ығысу (dk1)-ге тең болып бұрынғы қалпында қалды. Мұндай шарттарда инвестиция ығысуды үлкейтеді, демек капитал қорының деңгейі k1*-ден k2* өседі деген сөз.
58-сурет
Қор жинағының нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым өнім көлемі мен капитал қоры тұрақты тепе-теңдік жағдайына ұмтылады.
Қор жинағы нормасының өсуі қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін жылдамдатады. Бұл жағдайда экономика жаңа тепе-теңдік нүктесіне жетеді.
Дегенмен, қор жинағының үрдісі де, қор жинағының нормасы да, экономика ның тұрақты өсуі механизмін түсіндіре алмайды. Экономиканың бір тепе-теңдік жағдайдан екінші тепе-теңдік жағдайға көшуін көрсетеді.
Солоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышартты кезек-кезек алып тастаймыз. Бірінші – халықтың саны тұрақты және жұмыспен қамтылғандар тұрақты болады.
Екінші – технологиялық прогресс жоқ деп есептейміз.
Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып табылады. Бір жұысшыға шаққандағы капитал қорының өзгерісі төмендегідей бейнеленеді:
Δk = i – dk – nk немесе Δk = i – (d + n)k
Халық санының өсуі ығысу
сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді.
Капитал қорының төмендеуі
Экономикадағы тұрақты тепе-теңдік шартын тұрақты қормен қаруландыру (к*) жағдайында төмендегідей жазуға болады:
Δk = s * f(k) – (d + n)k = 0 немесе s * f(k) = (d + n)k
Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайда бейнелейді.
Экономиканың тұрақты жағдайында капитал және бір жұмысшыға шаққандағы өндірілетін өнім, басқаша айтқанда қормен қаруландыру (к) және еңбектің өнімділігі (y) тұрақты болады. Бірақ халық саны өскенде қормен қаруландыру тұрақты болу үшін, халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі керек.
ΔY / Y = ΔL / L = ΔK / K= n
Сонымен халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі.
Халықтың өсу қарқынының ұлғаюына байланысты (d + n) * k қиысығының бұрыштық коэффиценті өседі, мұндай жағдай тепе-теңдік қормен қарулану деңгейінің (к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.
Р. Солоу
үлгісіндегі технологиялық
Р.Солоу үлгісінің негізгі
идеясы экономикалық өсу капиталмен
қарулану есебінен емес, ғылыми-техникалық
прогресс нәтижесінде жүзеге асырылуы
тиіс. Үлгіге техникалық пргрессті
қосу алғашқы өндіріс функциясын
өзгертеді. Бұл жағдайда өндіріс функциясы
былайша бейнеленеді:
Y = F (K, L * E),
мұндағы E – еңбек тиімділігін көрсетін өзгермелі, ал (L * E) – тұрақты еңбек тиімділігі..
Неғұрлым E үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді.
Егер бір жұмысшыға
шаққандағы еңбек тиімділігі Е тұрақты
g = 0,03 қарқынымен өседі деп жорамалдасақ,
онда әр бірліктен қайтарымдылық 3 %-ға
өседі. Өйткені жұмыс күші n қарқынымен,
ал қайтарымдылық – g қарқынымен өссе,
онда тепе-теңдіктің тұрақты
Қор жинағының «алтын ережесі»
Қор жинағының «алтын ережесін» 1961 жылы американ ғалымы Э.Фельпс ұсынды. Ол ереже бойынша» дамыған экономика жағдайында халықтың жан басына шаққандағы тұтыну өзінің максималды деңгейіне капиталдың шекті өнімі экономикалық өсу қарқынына тең болғанда жетеді.
Алтын ережеге» сәйкес келетін
капитал қорының оңтайлы (оптималды)
жағдайында мына шарт орындалуы тиіс:
МРК = d,
Мұндағы МРК – капиталдың шекті өнімі, d –амартизация,
ал егер халық өсімінің қарқыны мен техникалық прогрессті есепке алатын болсақ, онда
МРК = d+ n+g.
«Алтын ережеге» сәйкес келетін капитал қорының оңтайлы нормасы тұтынудың максималды деңгейіне сәйкес келетін тепе-теңдік экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.
Қорытатын болсақ, «алтын ережеге» сәйкес келетін капитал қорын анықтау - бұл капитал қорының оңтайлы нормасы мәселесін шешу дегенді білдіреді.
Егер экономикадағы капитал қоры «алтын ереже» жағдайынан үлкен болса, онда қор жинағының нормасын төмендететін бағдарлама қажет. Мұндай бағдарлама тұтынуды көбейтеді және инвестицияны төмендетеді. Экономика тепе-теңдік қалпынан шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді.
Егер де қарастырылып отырған
кезеңде экономикада капитал
қорының мөлшері төмен болса,
онда қор жинағының нормасын көтеруге
бағытталған бағдарлама қажет. Бұл
бағдарламаның барысында
Жоғарыда қарастырған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.
14.4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨСУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
артқа
Экономикалық өсудің тиімділігі мен мен сапасы Қазақстан үшін маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 700 доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол 2700 долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз 3000 доллардай болады деген болжамымыз бар» - деген болатын. Сондай-ақ Президент 2010 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 5800 АҚШ долларынан асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің бүгінгі деңгейіне жеткізуге күшіміздің жететіндігіне сенім білдіріп, жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан бұл цифраларға біз қазірдің өзінде жақын екенімізді атап көрсетті.
Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мелекеттің ролі туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Олардың негізгілері:
- ең алдымен қоғамда заңдылық пен тәртіпті орнату қажеттілігі. Заңдардың сақталмауы еңбек ресурстары мен табиғи ресурстардың дұрыс пайдаланбауына әкеледі;
- әлеуметтік тауарлар мен қызметтердің тапшылығы, инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымауы экономикалық өсуге тежеуші болады. Ал қоғамдық тауарлар мен қызметтерді тек мемлекет қамтамасыз ете алады;
Информация о работе Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу