Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 20:01, контрольная работа

Описание работы

Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

Содержание

1. Нарықтық экономиканың циклдық дамуы.
2. Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
3. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
4. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Работа содержит 1 файл

экономикалык осу.docx

— 83.98 Кб (Скачать)

1.     Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

2.     Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.  

 

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы  мүмкін, сондықтан экономикалық өсу  де бірнеше типке  бөлінеді.

1.     Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

-       қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

-       ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

2.     Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

-       жұмыс күшінің санының өсуі;

-       капиталдың көлемі өсуі.

3.     Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның  жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. 

 

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

1.     халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

2.     адамның бос уақытының көбеюі;

3.     әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

4.     адам капиталына инвестицияны өсіру;

5.     адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6.     жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

7.     еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін  және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына  мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей  факторларға бөлінеді.

Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Тікелейді бес негізге факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді.

Жанама факторлар экономикалық өсудің физикалық мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Жанама факторлар құрамына жататындар:

-       Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді: мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелес қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

-       Ұсыныс факторлары нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтардың салықтың азаюы және т.б.

-       Бөлу факторлары.  

 

Экономикалық  өсудің факторлары:

Тікелей  факторлар:

Жанама  факторлар:

-Еңбек ресурстарының  саны мен сапасының өсуі.

-  Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

-  Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі.

-  Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

-  Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.

-         Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

-         Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының  төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.

-         Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.


 

 

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды  мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің  экономикалық дамуының нәтижесі жалпы  қоғамдық өнімнің сан жағынан  өсу қарқындылығы арқылы бағаланып  отырды. Кәсіпорындардың болуы мен  дамуы іс жүзінде олардың өздерінің  өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен  байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың  іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек  пен капиталдың шекті өнімділігімен  байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің  болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының   жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –  шет  ел инвестициясының  және ішкі  жинақтың жоғары  дейгейіндегі  экономикалық  ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету.

Экономикалық  өсуге жету барысында  қойылған міндеттер:

1.     Мемлекеттің  белсенділігімен қатар экономикаға  араласуды шектеу.

2.     Қатал монеторлық фискальдық шектеулер қою.

3.     Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия   жасау.

4.     Жекеменшікті бекітумен қатар  құқықтық қорғау жасау

5.     Жекешелендіру процессін аяқтау (аграрлық секторда).

6.     Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу

7.     Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

8.     Индустриальдық технология стратегиясын жасау

9.     Өндіріс  диверсификациясын жүрзізу.

10. Өндіріс   салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту. 

 

 

 

Негізгі  түсініктер мен терминдер 

 

 

      Дағдарысқа қарсы саясат

Жандану

Рецессия (дағдарыс)

Стагфляция

Өсу

Тоқырау

Экономикалық өсу

Экономикалық цикл

Бақылау сұрақтары  

 

1.     Экономикалық циклдың дамуы.

2.     Дағдарысқа қарсы саясат шаралары.

3.     Экономикалық дамудың циклдарының  себептері.

4.     Экономикалық  циклдардың типтері.

5.     Экономикалық өсудің типтері.

6.     Экономикалық өсудің мағнасы.

7.     Қазақстан Республикасында  экономикалық өсуге жетудегі міндеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУ: МӘНІ, ФАКТОРЛАРЫ 

 

артқа  

 

Экономикалық  өсу – барлық елдер үшін негізгі экономикалық проблема. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсу түсінігін әржақты пайымдайды. Бір экономистер экономикалық өсуді әлеуетті және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көбейуі деп түсіндірсе, басқалары экономикалық өсуді өндірістік қуаттың өсуі, адам басына шаққандағы  нақты өні көлемінің өсуі деп сипаттайды.

Отандық әдебиеттерде экономикалық өсуді нақты өнім көлемінің ұзақ мерзімді өсуі ретінде қарастырады. Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің  сан жағынан  көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі.

Экономикалық өсудің қайнар көзі неде?

Экономика өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын  қызметтің көлемін ұлғайтуға  және сапасын арттыруға белгілі  уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік  жасайды.

Экономикалық дамудың  ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі  қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы  көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды  көздейді. Бұған Жапония елі айқын  дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция  әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстар әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болмақ.

Экономикалық өсу процесі  өзара байланысты бірнеше факторларға  байланысты. Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп  қарастырады:

1)    Ұсыныс факторлары:

-         табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;

-         еңбек ресурстарының сапасы мен көлемі;

-         негізгі капитал қорының көлемі;

-         технология деңгейі.

2)    Сұраныс факторлары:

-         баға деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар;

-         мемлекеттік шығындар, таза экспорт.

3)    Бөлу факторлары:

-         ресурстарды өндірісте толық әрі ұтымды пайдалану;

-         ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.

Экономикалық өсуде ең маңызды орынды ұсыныс факторлары алады. Жоғарыда берілген экономикалық өсу  факторларының өзара байланысын өндіріс мүмкіншіліктер сызбасы бейнелейді. Бұл берілген технология деңгейінде, берілген еңбек пен табиғи ресурстар көлемінде өндіруге болатын әр түрлі игіліктер сәйкестігін көрсетеді. (56-сурет). 

 

  

                          56-сурет  

 

Экономикалық өсуді өлшеу  үшін нақты өнімнің жалпы (ЖҰӨ, ЖІӨ) немесе адам басына шыққандағы көлемінің  абсолютті өсімі мен өсім қарқыны  қолданылады. 

 

∆У = Уt – Уt-1 немесе  Уt = ∆Уt / Уt-1 

 

мұндағы: t – уақыт индексі.

Экономикалық өсу көрсеткіштері:

·        Өсу коэффиценті = есептік кезең көрсеткіші/ базистік кезең көрсеткіші

·        өсу қарқыны = өсу коэффиценті х 100%

·        өсім қарқыны = өсу қарқыны – 100%

Номиналды (атаулы) экономикалық өсу – ағымдық бағамен есептелген экономикалық өсу.

Нақты экономикалық өсу – базалық бағамен есептелген экономикалық өсу.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты өнімнің өсу жылдамдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерісінің  арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Соған байланысты экономикалық өсудің бірнеше типтерін ажыратады:

Экономикалық өсуді екі  типке бөледі:

Экстенсивті – тұрақты техника негізінде еңбектің орташа өнімділігін сақтай отырып қосымша қорларды пайдлану арқылы өнім көлемін көбейту

Интенсивті (қарқынды) – бұл технология деңгейін көтеру арқылы өнім көлемін көбейту, яғни өндіріс факторларының тиімділігін арттыру арқылы өнімді ұлғайту.

Аралас – факторлардың өсуімен қатар  техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнім көлемінің өсуі.

Экономикалық өсу факторларын  көбінесе экономикалық өсу типіне қарап  топтастырады. Мысалы, экстенсивті  факторларға капитал көлемін, еңбек  көлемін ұлғайту, ал интенсивті факторларға  технологиялық прогресс, масштаб  арқылы үнемдеу, жұмысшылардың білім  деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту т.б. жатқызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14.2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ НЕОКЕЙНСТІК (ХАРРОД-ДОМАР)  ҮЛГІСІ 

 

артқа  

 

 

    Экономикалық өсу үлгілері:       

- қарапайым кейнстік  үлгі (Е.Домар мен Р.Харрод); 

- неокласикалық үлгі (Солоу  үлгісі).

Домар мен Харродтын үлгісі бір үлгі ретінде қарастырылады. Бірақ олардың бір-бірінен зерттеу  объектісі бойынша да, экономикалық мағынасы бойынша да өзгешіліктері  бар. Домар үлгісі 1840 жылы ұсынылды. Өндіріс технологиясы Леонтьевтің  өндіріс функциясы негізінде  берілген. Онда капиталдың шекті өнімділігі тұрақты, ал ресурстар артық. Домар  үлгісінде еңбек ұсынысы өте  жоғары болғандықтан баға деңгейі де тұрақты болады. Өндіріс көлемі бір  ғана ресурс капиталға тәуелді. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың өсу факторлары инвестиция өсімі болып табылады. 

 

∆УAD = ∆I х m = ∆Iх 1 / 1-b = ∆I х 1/ s 

 

мұнда: m – шығындар мультипликаторы;             

b – тұтынуға  шекті бейімділік;             

s – қор жиынғына шекті  бейімділік.

Жиынтық ұсыныстың молаюуы   

 

∆УAS = λ х ∆к 

 

мұнда: λ – капиталдың шекті өнімділігі (тұрақты),            

 ∆к – инвестиция  көлеміне байланысты сондықтан  былай жазуға болады: 

 

∆УАS = λ х I

Тепе-теңдік экономикалық өсу  сұраныс пен ұсыныс тенескенде қалыптасады  

 

∆I / S = λ х I   немесе ∆I / I = λ х S 

 

Сонымен Домар үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

-         үлгіде тек игіліктер нарығы қарастырылады;

-         өндіріс технологиясы Леонтьев функциясы арқылы беріледі;

-         факторлар өзара орын ауыстырмайды;

-         еңбек нарығында артықшылық;

-         капиталдың орташа өнімділігі және қор жинау нормасы тұрақты.

Харрод үлгісінде де игіліктер  нарығы беріледі. Оның тек өзіне  тән ерекшеліктері бар:

-         инвестиция эндогенді өзгермелі болады, Домарда ол экзогенді өзгермелі;

Информация о работе Экономиканың циклдық дамуы жӘне экономикалық Өсу