Экономикалық заңдар мен санаттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 14:20, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың міндеті: ең алдымен экономика ғылымының заңдарын және оның санаттарын зерттеп, анықталған саланың ішіндегі такырыптарға жеке-жеке тоқталып, оларды мазмұндау.
Бұл жұмыста жалақының, пайыз бен пайданың табиғи (дәлірек айтқанда орныққан) стандарттары мазмұндалады, ал екпінді қозғалыстар нақты және екпінді қоғамныңң әрекетіне орныққан заңдар билік жүргізетіні туралы дәйекті анықтау үшін ең қысқа және жалпылама жолмен сипатталады.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық заңдар мен санаттар.docx

— 408.64 Кб (Скачать)

     Екінші вариант, біріншіге керісінше, сұраныстың тауарлар ұсынысынан жоғары болуы. Бұл жағдайдың орын алуы сұранысты қанағаттандыра алмаудан және тауар тапшылығынан болады. Нарық тапшылыққа бағаны тікелей немесе жабық түрінде өсіруімен әсер етеді. Мұндай жағдайдан жоғарғы сұраныстағы тауар өндірісін көбейту, бағаны көтеру және халықтың ақшалай табысының өсуін төмендету арқылы шығады.

     Үшінші вариант, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы мынадай жағдаймен сипатталады: біріншіден, тауар сұранысының құрылымы мен мөлшерінің сәйкестігімен, екіншіден, тауар ұсынысының құрылымы мен мөлшерінің сәйкестігімен, демек, сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігімен ерекшеленеді. [18]

     Қазақстан Ркспубликасындағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс (2-кесте) кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2. Жиынтық  сұраныс пен жиынтық ұсысыс

 

 

Сұраныс пен ұсынысқа байланысты еліміздің  өндіріс бойынша жалпы ішкі өнім құрылымының 2010-2011 жылгы пайызбен өлшегендегі көрсеткіштері (7-8 суреттер)

 

 

Сурет 7. 2010 жылғы көрсеткіш

 

 

Сурет 8. 2011 жылғы көрсеткіш

 

 

 

Қорытынды

 

     Экономикалық заңдар немесе экономикалық даму бағыттарын қорытындылау - бұл адамдардың мінез-құлқына қатысты қоғамдық заңдар, онда түрткі болатын уәждер әрекетінің күшін ақшамен өлшеуге болады.

     "Қалыпты"-деген сөзді бұлай пайдалану қате түсіндірілген

еді, сол үшін айырмашылықтардағы бірлік туралы мәселе көңіл бөлуге тұрарлық, себебі мұның өзі термиңді алуан түрде пайдаланудың негізінде жатыр. Біз "жақсы" адам туралы немесе "күшті" адам туралы айтқанда, әңгіме болып отырған қасиеттср туралы, олардың нақты дене бітіміндегі, ой не мінезіндегі артық-шытығын немесе сенімділігін ойда ұстаймыз. Мықты судьяның қасиеті мықты ескекшінің қасиетінен өзгеше, ал жақсы шабандоз үнемі рахымшылдығымен көзге түсе бермейді. Сол сияқты "қалыпты" терминін әрбір жолы пайдаланғанда, әрекеті салыстырмалы түрде ретсіз, ерекше құбылыстардан жоғары тұратын, артығырақ не кемірек түрде тұрақтылыққа, бірқалыптылыққа ие сипаттары бар құбылыстарды түсінеміз.

     Осы көзқарасқа негіздей отырып, қалыпты экономикалық әрекеттер дегеніміз, кәсіпқой топтардың мүшелерінен белгілі бір жағдайдың (аталған тжағдайлардың тұрақты сипатта болуы шарт) соңында қандай әрекеттерді күтуте болатын жағдай.

     Жыл мерзімін назарға алмай, жұмыртқаның қалыпты бағасын бір пенс деп санауға болады, соған қарамастан қаланың базарында қаңтарда қалыптағы бага үш пенс болуы мүмкін, ал осы айдагы екі пенсті, "мезгілсіз" жылы ауа райымен байланысты болған қалыпты емес, төмен баға деп түсінуге болады. Тағы да бір түсінбестік, шектелмеген еркін бәсекенің жұмыс істеуінен туындаған экономикалық нәтижелер ғана қалыпты болып саналады, - деген қате түсініктен пайда болады. Бірақ қарастырылып отырған терминді, еркін бәсеке болмайтын және жалпы болуы неғайбыл жағдайларда да жиі пайдалануға тура келеді. Ал, тіпті, еркін бәсеке бәрінен де көп таралған жерлердің өзінде, кез келген құбылыстың, кез келген негізгі бағыттардың жүзеге асуының қалыпты жағдайлары бәсекемен қамтылмаған және онымен ортақ ешнәрсесі жоқ элементтерді өзіне біріктіреді.

     Экономикалық заңдардың, табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалық заңдар мәңгі емес, олар тарихи сипатта  белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып - кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды.

     Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өңдірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда және қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін рынок өзі анықтайды.

     Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс - әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап - тілектерге қайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық қиындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолыңда осыны қатаң ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі  Астана 2003
  2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория  Оқу  құралы. 2  өлім. Экономика 2003
  3. Крылова В. Экономикалық теория  А. 2003
  4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.  А.2002
  5. Мәдешев Н. Нарықтық экономика теориясына кіріспе.  Э, 1990
  6. Макконнелл К.Р, Брю Л.С,  Экономикс,  М, 1992. 2т
  7. Гукасьян Г.М. Экономическая теория. Ключевые вопросы. М, 2000
  8. Курс экономической теорий /под ред. Чепурина М.Н, Киселевой Е, Киров, М, 2000
  9. Курс экономической теорий /под ред. Чепурина М.Н, Киселевой Е.  М, 1994.
  10. Камаев В.Д и кол. авт. Учебник по основам экономической теорий. М,1994
  11. Экономика: Учебник / под ред. Булатова Д.С. М, 1997.
  12. Современная экономика. Учебное пособие для вузов. /под ред. Момедова О.Ю. Ростов-на-Дону. 1998.
  13. Курс экономики /под ред. Райзберга Б.А. М,1997.
  14. Курс экономической теорий /под ред. Сидоровича А.В. М,1997.
  15. Менкью Н. Макроэкономика М,1994.
  16. Экономическая теория (политэкономия) Учебник /под общ. ред. Видяпина В.И, Журавлевой Г.П. М, 1994.
  17. Фишер С, Дорнбуш Р, Шмалензи Р. Экономика. М, 1993.
  18. Назарбаев Н.А. Стратегия развития РК на период до 2030 года (Казахстан  2030)-А, 1997.
  19. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник. М,1997.
  20. Жүнісов Б, Мәмбетов Ұ, Байжомартов Ұ. Нарықтық экономика негіздері, А,1994.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

  ҚР-ның ақша несие статистикасы

 

 

 


Информация о работе Экономикалық заңдар мен санаттар