Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 14:20, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың міндеті: ең алдымен экономика ғылымының заңдарын және оның санаттарын зерттеп, анықталған саланың ішіндегі такырыптарға жеке-жеке тоқталып, оларды мазмұндау.
Бұл жұмыста жалақының, пайыз бен пайданың табиғи (дәлірек айтқанда орныққан) стандарттары мазмұндалады, ал екпінді қозғалыстар нақты және екпінді қоғамныңң әрекетіне орныққан заңдар билік жүргізетіні туралы дәйекті анықтау үшін ең қысқа және жалпылама жолмен сипатталады.
К. Маркстің айналыс заңына сәйксс қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек.
Проблема мына жағдайда пайда болады: ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырады. Ақша айналысының негізгі принципі - айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады. [4]
Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында (қазіргі жағдайда) қолма-қол ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес ауыспалы айналымда жүреді.
Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша өткізілетіндей деңгейде болуы керек.
Халықтық банк тарапынан реттелетін маңызды объектіге ақша мөлшері немесе айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айналымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу және төлем құралдарының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл тиындар кіреді. Ақша массасы қолма-қол акшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіп-орындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын кұрайды. Өтімді актив топтарына сәйкесетін ақша массасының ұғымы. [5]
Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе арқылы мынадай ақша агрегаттарының есеп айырысулары жүргізіледі;
Мо - айналыстағы қолма-қол ақша (баинкноттар, тиындар).
М1= М0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халыктың талап еткенге дейінгі депозиттері.
М2=М1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.
М3=М2+ мемлекеттік қарыз облигациялары депозиттік сертификаттар.
Бұл арада банктердің ақшаны тек сақтап қана қоймай, жаңа ақшаларды тудыра алатын, яғни қысқа мерзімді кезеңде олардың мөлшерін жасай алатын (мультипликациялау), ал ұзақ мерзімді кезеңде олардың жаңа түрлері мен формаларына «өмір сыйлай» алатын қабілеті көрінеді.
Алтын және күміс тиындар банкноттарға біртіндеп орын босатып келеді, ал олар өз кезегінде шоттарда жаэылуы жолымен сақталатын болды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі баикнотгардың мөлшеріиеи асып туседі, ягни ақша-ның жана формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай, оны мультипликациялап та отыр. Бұл – М1 = М0 + халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері + заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат - акқша агрегаттарының пайда болуына әкеп соқтырады. Несие акшаның болуы мен несиелеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі, өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді, яғни халыққа пайыз әкелетін М2 = М1 + мерзімді салым ақшалар + талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша - ақша агрегаггарының қажеттілігін тудырады. [6]
Несие сұранысының артуы жаңа кепілдік объектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің орнын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде – М3 = М2 + депозиттік сертификаттар ақша агрегаттарының қажеттілігін тудырады.(кесте 1) [11]
кесте 1
2010-2011 жж. Қазақстан Республикасының ақша агрегаттары (млрд тенгемен)
Ақша агрегаттары |
2010 ж. |
2011 ж. |
өзгерісі |
Ақшалай баға |
316,9 |
577,9 |
+261,0 |
М0 |
238,5 |
379,3 |
+140,8 |
М1 |
412,1 |
677,5 |
+265,4 |
М2 |
693,4 |
1164,4 |
+471,0 |
М1 (ақша массасы) |
971,7 |
1634,7 |
+663,0 |
Осылайша, бұл ақша агрегагтары жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, несиелеудің мөлшерін сипаттайды.
Бұл агрегаттардағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-несие айналымының әр түрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға, ақша айналысының даму тенденциясын және олардың экомомикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді. Айналысқа қажетті ақша массасын тауар айналымының мөлшері мен құрылымына қарай анықтап қоймай, халыктың ақшалай табысының шамасы мен кұрылымын, сондай-ақ ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ескеру керек.
Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Оган М0 + екінші деңгейдегі банктер кассаларындағы ақшалай қаражат, банктердің міндетті резервтері мен олардың ҚР Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражаты агрегаттары кіреді. Бұл ақшалар үлкен өтіміділікке ғана ие емес, сондай-ақ Ұлттық банктің іс-әрекетке қабілеттілігін, өз міндеттемелерін орындаудағы мүмкіндігін көрсетеді. Айналымдағы ақша массасының өзгерісі ақша массасының өзгерісіне тәуелді. [7]
Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша айналысының жылдамдығы - бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жылдағы ақша массасының айналым жылдамлығын, яғни айналымның жыл ішіндегі жылдамдығын білдіреді.
Ақша массасының әрбір айналымы табыстың жұмсалуына қызмет етеді. П. Самуэльсонның пікірінше, ақша айналысының жылдамдығы табыс айналысының жылдамдығын көрсетеді. [8]
ҚР Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын екі көрсеткішке қарай анықтайды: Ұлттық банк мекемесінің кассасына ақшаның қайтарылу жылдамдығы. Ол айналымдағы орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына түсетін ақша сомасының қатынасы ретінде анықталады; қолма - қол ақша айналымындағы ақшаның орташа жылдық ақша массасына Қазпошта АҚ айналымын қоса алғанда Ұлттық банктің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның және Ұлттық банктің кассасынан берілетін қолма - қол ақшаның сомаларын болу жолымен анықталады.
Айналыс жылдамдығының өзгерісі жалпы экономикалық және монетарлық сипаттағы көптеген факторларға тәуелді.
Жалпы экономикалық сипаттағы факторға: экономиканың кезеңдік дамуы экономикалық өсімнің тақырыптары, бағаның өзгеруі және т.б. жатады.
Монетарлық факторға қолма-қол ақша мен қолма - қол ақшасыз айналымдардың арақатынасы, несиелік операциялардың және өзара есеп айырысулардың дамуы, ақша және несие нарықтарындағы проценттік мөлшерлемелердің деңгейі, ақшалай есеп айырысудың электрондық құралының пайдаланылуы, халықтың әлауқат деңгейі және т.б. кіреді. [9]
Басқадай тең жағдайларда ақша айналымының жылдамдығы арттырылатын болса, бұл инфляцияның өсуіне өз әсерін тигізбей қоймайтын қосымша ақша массасының айналымға шығарылуын қажет етеді.
Ақша массасы талданғанда экономиканың айналымдағы ақшаның массасын арттыратын мүмкіндіктерін анықтайтын ақшалай мультипликатор көрсеткіші пайдаланылады. Ол М2 айналымындағы жиынтық ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептеледі.
Айналымдағы ақша массасын сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер елдің ақша шаруашылығын кешенді талдауға мүмкіндік тудырады. Бұл ҚР Ұлттық банкісіне өзі жүргізіп отырған ақша - несие саясаты арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуіне жағдай жасайды. [10]
Ақша массасы банкнот пен монета эмиссияеы есебінен, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банкітерді несиелеу есебінен, Ұлттық банктің алтынды, шетелдік валюталарды және мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуы арқылы, Ұлттық банктің бюджет тапшылығын жою үшін үкіметке беретін несиенің есебінен, екінші деңгейдегі банктердің депозиттердің негізінде несие ақшаны шығарудың, яғни экономиканы несиелеу жолымен артады.
Ақша массасын арттыратын факторлардың ішіндегі осы соңғысы кейінгі жылдары Қазақстанда маңызды мәнге ие болып жүр. Коммерциялық банктср 1999-2004 жылдар аралығында экономиканы қарқынды түрде несиелейді. Осы уақыт аралығындағы несиенің үлес салмағы 60% активтік операция5а дейін жетті.
Ұлттық банк бұл процесті депозиттердің міндетті резерв нормаларын белгілеу арқылы реттейді. Нормалар арттырылатын болса - несиеленетін салалар қысқартылады егер нормалар кемісе - осыған керісінше жағдай орын алады. Көріп отырғанымыздай, ақша кассасының мөлшері өз кезегінде ЖІӨ мөлшерінің болжалды өсіміне, ақшаның айналыс жылдамдығына және инфляцияның деңгейіне бағдарланатын Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша - несие саясатына тікелей тәуелді. [11]
Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Ал, тауар ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады.
Баға - құн заңының көрінісі. Құн баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны. Құн заңының әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізгі құн заңының өзіңде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, коғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттілігінің көлемі мен кұрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды роль атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор. [12]
Тауар өндірісінің негізгі үш шарты бар:
Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі замандағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал құрылыс және сауда салаларының негізгі екені айқын. Сонымен, тауар өндірісінің экономикалық негізгі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынокта болмас еді. Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Бір сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Бұл меншіктің пайда болуы, адамдардың күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға — тауар. Экономикалық қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Тауардың екі түрлі сипаты бар:
Тұтыну құны - тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбастау сипаты.
Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты (айырбас құны) деп аталады.
Айырбас құн — тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдірсді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынаста бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады. [13]
Айырбас құны алдымен түрлі тұтыну құндарын айырбастаудағы сан қатынастарын байқатады. Сол себептен тауар айырбасы мынадай екі түрлі сұрақ тудырады:
олардың еңбек өнімі, белгілі еңбек еңбек шығындарының нәтижесі. Тауар енбектің ғана шығыны ретінде қаралса күн болып саналады, екінші сөзбен айтқанда құн дегеніміз: тауарға сіңген еңбек. Осыған орай құн теориясына ерекше тоқтаған жөн. Бұл теорияның негізін салған А.Смит, оны К.Маркс ілгері дамытты. Алдымен А.Смит зерттеген еңбек құнды алып қарасақ, тек қана еңбек өнімді жасаушы күш. Бұл теория бойынша, еңбектен басқа өндіріс факторлары жаңа құн жасай алмайды, тек қана өз құнын жаңа өнімге ауыстырады. Оны ауыстыратын да адам еңбегі, бұл еңбек тек қол еңбегі деген тұжырымды алға тартты. Соңғы уақытқа дейін кеңістік экономикалық теорияда енбек, құн және қосымша құн теориясы кең орын алып келді. Бірақ бұл теория адамзат қоғамының алдындағы негізгі мәселе азайып келе жатқан ресурстарды сақтауға арналған жаңа технологияны іздестіру қажеттігін еске алмады. Осыдан келіп құн және өндіріс шығындары туралы ұғым жалған түсіндіріледі. Тауарға баға берілгенде қоғамдық қажетті еңбек шығындарын есептеудің дұрыс еместігі, ол шығындар тиімділігі кәсіпорындарда болатындығы айқындалды. Оған қоса монополиялық баға тағайындау жасанды тапшылық (дефицит) тудыратыны мәлім. [14]