Экономикалық теория экономикалық
заңдармен қатар экономикалық
категорияларды зерттейді.
жағдайларын
теориялық тұрғыдан сипаттайтын
логикалық түсіністер. Мысалы: сұраныс,
ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық,
пайда, тауар, ақша, т.б.
Экономикалық заңдардың жиынтығы,
қоғамның даму заңдылықтарын
белгілейтін, экономикалық заңдар
жүйесін құрайды. Бұл жүйені
құратын заңдарды негізгі, басты,
басты емес деп бөлуді дұрыс
деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда,
жүйелік әдісті қолдану керек
жағдайда, барлық заңдар маңызды,
өзара байланысты болады. Тек бір ғана
заңды пайдалануда болған қателіктер,
барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-теңдікті
жояды.
Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі
экономикалық заңдарды ерекше
және жалпы экономикалық заңдар
деп, ірі топтарға бөледі.
Ерекше экономикалық заңдар-бұл
шаруашылықтың нақты-тарихи формасының
даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар-бұл
барлық тарихи дәуірлерге тән
заңдар, олар барлық дәуірлерді
біртұтас тарихи үйлесімді процесс
етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық
еңбек бөлінісі заңы, т.б. заңдар
жатады.
Қажеттіктер-бұл қанағаттандыруды
тілейтін, өмір сүруді және организмді
дамытуды қамтамасыз ететін, адамның
жеке басын дамыту үшін қолданылатын
объективтік керектік болып табылады.
Адамның қажеттіліктері көп түрлі
болады. Американдық ғалым А.Маслоу
бойынша, «төменгі сатыдағы» материалдық
қажеттіктерден бастап, «жоғары
сатыдағы» рухани қажеттіктер
былай орналасады:
- физиологиялық қажеттіктер (тамаққа, ішімдікке, т.б.);
- қауіпсіздік қажеттіктері (аурудан, жанжалдан, қорқыныштан, т.б.);
- әлеуметтік байланыстарға деген қажеттіктер (сүіспеншілікке, кейбір топтардың мүшесі болуға, т.б.);
- өзін-өзі сыйлап қадірлеуге (мақсатқа жетуге, өзін танытуға, т.б.);
- өзін-зі мадақтауға (қабілеттерін жүзеге асыру жағдайында, түсінуде, т.б.) қажеттіктер.
Қажеттіктердің бұл классификациясын
олардың басқаша классификациясымен
толықтыруға болады: материалдық
пен рухани қажеттіктер, рационалдық
пен иррационалдық, абсолюттік
пен ақиқат, нақты, жете түсінілмеген,
қате түсінілген, т.б. қажеттіктер.
Саналы түрде жете түсінілген
қажеттіктер еңбекке деген ынта-жігер
тудырады. Бұл жағдайда қажеттіктер
өзінің нақты формасына, мүдделер
формасына ие болады.
Экономикалық мүдделер-бұл экономикалық
қажеттіктердің біліну-көрініс формасы.
- Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теорияның пәні
ғылыми негізде анықталып қалыптасу
кезеңінде болып отыр.
Біздің елде экономикалық көзқарастың
және экономикалық ой-сананың
қалыптасуында 20 ғасырдың 90-шы жылдарға
дейін басым рол атқарған марксистік
саяси экономия болатын. Әлеуметтік-экономикалық
мәселелерге арналған әдиебеттер
тек К.Маркстың оның ілімін
жалпыға әйгілеп танытуды көздеген.
Сондықтан ол кезде біз бүкіләлемдік
әдиебетке көңіл аудармадық, өйткені
олар Маркс схемаларына сайма-сай
болмады.
Еліміздегі экономикалық ғылым
мен бүкіл әлемдік ғылымның
алшақтығы сонша елеулі болғандығы
экономистерді әр түрлі түсініктер
мен терминдерді пайдалануына
мәжбүр етті: тікелей қоғамдық
өнім, тікелей қоғамдық еңбек,
т.б. тәрізді, ойдан ала салған,
жалған түсініктер пайда болды.
Фактілерді, ақиқатты талдауда таптық
әдіс қолдану қажет деген көзқарасқа
сәйкес, саяси экономияның зерттеу-талдау
предметі ретінде, негізінде меншік
қатнастары жататын, тек өндірістік
қатынастар аталған еді. Экономикалық
заңдар, қайшылықтар, топтар арасында
таптық қарама қарсылықтар болуының
қажеттігі, пролетариат диктатурасы
және бұйрық-әкімшілік жүйесінің
үстемшілдігі-осының баршасы өндірістік
қатынастарды зерттеп-талдауға, олардың
әлеуметтік-таптық сипатын ашуға
қолданылған. Экономикаға таптық көзқарастың
болуы қоғам өмірінде ұнамсыз жағдайлар
тудырады-объективтік процестермен есептеспеуге,
нақты экономикалық жағдайларды бұрмалауға,
дамудың жалпы адамзаттық және өркениеттік
факторларының ролін жете түсінбеулікке,
т.б. әкеліп соқты. Осы жағдайлар экономикалық
теория мен практиканы дағдарысқа ұшыратып,
зерттеу предметінің және курс атының
өзгертілуінің объективтік қажеттігін
тудырды.
19 ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап
экономистер назарын шаруашылықтағы
қоғамдық емес, заттық-мүліктік байланыстарды
зерттеуге аударды. «Экономикс»
деп аталған экономикалық ой-пікірдің
(П.Самуэльсон) бағыты пайда болды,
альтернативтік мақсаттардың аталған
біреуіне жетуді көздеп, шектелген
ресурстарды рационалды пайдалану
әдістерін іздеп-табу күн тәртібіне
келді. Экономикстің предметі-өндірісті,
еңбекті, өнімді өткізуді фирма
көлемінде ұйымдастыру болып
табылады.
Экономикалық теория ресурстардың
шектелген жағайында қажеттіліктерді
қамтамасыз етуді көздеген, адамдар
мен топтардың материалдық игіліктер
мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау
және тұтынудағы іс-әрекеттерін
зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым.
Экономикалық
теорияның пәнін адамдар мен
олардың топтарының іс-қимылы деп
сипаттауды, өндірістік қатынастарды
зерттеуден бас тартқандық деп түсінуге
болмайды. Іс-әрекет дегеніміз, сол
өндірістік қатынастардың өзі болып
табылады, тек бұнда басты назар
қатынастардың объектілерінен (құрал-жабдықтар,
тұтыну заттары) сол қатынастардың
субъектілеріне-адамға, аударылып отыр.
Ал ресурстардың шектелуіне келсек, мәселе
олардың шегі бар болғанында емес
(бұл жағдайда жоқ емес). Мәселе осы
шектелген ресурстар жағдайында,
қоғамдық барлық мүшелерінің қажеттіктерін
бір мезгілде және толық қамтамасыз
ету мүмкін еместігінде, ресурстардың
шектеулі болған жағдайында, оларды пайдалану
туралы бәсеке болатындығында. Бұл
бәсеке қолда бар ресурстар мен
оларды пайдалану мүмкіндігінің
арасындағы қайшылықты көрсетеді. Осы
қайшылық өндірісті ұйымдастырудың
үш әдісін қолдану арқылы шешіледі:
*әдет-ғұрып, қалыптасқан салт, дәстүрге
негізделген;
*бұйрық-әкімшілік жүйесіне негізделген;
*қоғамдық шаруашылықтың ұйымдастырылуы
нарық жүйесіне негізделген әдістерді
қолдану арқылы.
Осы аталған жүйелік құрылымдар
өмірде бір-бірімен ұштасып жатады, сөйтіп
транзитивтік экономиканы құрайды.
Осыны экономикалық теорияның
зерттейтін мәселелерінің бірінші
жүйесі деуге болады. Бұл өте
маңызды мәселе болса да, ол, дегенмен,
баршалық жағдайды, өндіріс пен
айырбастың функционалдық мақсатын
анықтамайды. Ал, экономикалық теория,
методологиялық ғылым ретінде,
алдымен қоғам дамуындағы өндіріс
пен айырбастың орнын сипаттайтын
мәселелерді зерттеуі қажет. Адамдар
тұтынбай, немесе, еңбек нәтижелері-материалдық,
рухани және әлеуметтік игіліктер-арқылы
бір-бірімен айырбасқа түспей, өмір
сүруі мүмкін емес. Игіліктер
өндірістің тұрақты түрде көбейіп
айырбасқа түсіп отыруы, қоғамның
экономикалық өсуін құрайды. Экономикалық
өсу қоғамдық еңбек нәтижесін,
оның өнегелік, рухани сипаттамаларын
көрсетеді. Ол-экономикалық динамиканың
көрсеткіші және қайнар көзі.
Бұл экономикалық теорияның предметі
мәселелерінің екінші жүйесі.
Сондықтан экономикалық өсудің
заңдылықтары мен факторлары
экономикалық теорияның предметіне
жатады. Бұларды зерттеу, ұдайы
өндіріс фазаларының: өндіріс,
бөлу айырбас, тұтыну динамикасын
және, осымен қатар, қоғамдық дамудың
недәуір алыс («ұзын толқын») мерзімін
қамтиды.
Экономикалық теория ғылым болғанда,
экономикалық өсу оның мазмұны
болып табылады. Ол экономиканың
жалпы болмысын және ұлттық
шаруашылықтың конъюнктуралық болмысын
құрайтын, экономикалық мүмкіндік
динамикасын сипаттайды.
Микроэкономика жеке өндірушілердің
қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік
капитал мен бәсекелік ортаның
қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Бұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған
ресурстар, шығындар, фирманың қызмет
атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке
ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микродәрежеде
қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын
бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.
Макроэкономика микропропорциялардың
негізінде қалыптасатын ұлттық экономикалық
жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді.
Бұның зерттеу объектіне ұлттық өнім,
бағаның жалпы дәрежесі, инфляция, жұмыспен
қамту жатады. Макропропорциялар микропропорциядан
пайда болып жарыққа келеді, бірақ, олардың
дербес сипаттамалары болады.