Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 23:25, реферат

Описание работы

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын ролі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдиениетке қол жеткіздім деп айта алмайды

Работа содержит 1 файл

Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы.docx

— 27.67 Кб (Скачать)

 

    1. Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы

 

       Экономикалық теорияның құрылымында  бұл тақырыптың алатын орны  ерекше. Өйткені бұл тақырып біз  зерттеп танысатын курс үшін  ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын ролі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

       Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдиениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Бұл тақырыпты жете түсініп білу арқылы студенттер бірнеше жаңа категориялармен танысады.

       Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың  табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара  әсер етуімен байланысты мәселелерді  шешуге бейімделген мақсатты  талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде  пайда болады. Бұны толығынан  экономиканы зерттейтін ғылым  кешеніне жатқызуға болады. Адамдар  көне заманнан бастап адамзат  қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды  деген сұрақтарға жауап іздеген.

       Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі  және қайшылығы мол өмір. Бұл  өмір экономиканы, саясатты, мәдиениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады.

       Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер  көне заманда пайда болған. Ертедегі  Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары  экономиканың жекелеген мәселелерін:  бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге  талаптанған.

       Ксенофонт (б.д.д. 430-354 жж.), Платон (б.д.д. 427-347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) пайдалылық  туралы экономикалық теорияның  бастапқы принциптерін анықтаумен  айналысқан.

       Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б.д.д. жж.), Лукрейий Кар (39-55 б.д.д.  жж.) құлиеленушіліктің құлдырап  күйреуінің экономикалық себептерін  зерттеген. Осының басты себебі  материалдық ынтаның болмауы,  дейді олар. Сенеканың көзқарастары  христианствоның  экономикалық  концепцияларының қалыптасуына  ықпал еткен. Осы концепциялар  соңынан  адамзат дамуының  тарихи процесінде шаруашылық  өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді.  «Егер кімде-кім еңбек еткісі  келмесе, ол тамақ жемесін»  деп, христиандық ойшылдар және  уағызшылар жабайы шаруашылық  еңбекті қажетті және киелі  іс деп жариялаған. Христиандық  ілім әділетті баға белгілеу  принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен  есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық  емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн  дейді.

       Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда  экономикалық ой-пікірлер ғылым  болып қалыптаспаған болатын.  Сол замандардың ойшылдары экономикалық  құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің  процестерінен бөліп алып жеке  талдаған жоқ, экономика туралы  ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра  алмаған.

       Экономикалық теория қолданбалы  ғылым болып шаруашылық жүргізуде  құлиемдену құрылыста пайда болды.  Экономикалық теория ғылым болып  тек 16-17 ғасырларда ғана қалыптасады.  Алғаш бұл теория «саяси экономия»  деген атқа ие болды (грекше: «политейя»- қоғам, «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- заң). Сонымен, саяси экономия- қоғамдық шаруашылықтың заңдары  туралы ғылым болып табылады. 17 ғасырдың басында саяси экономия  дербес ғылымға айналды.

       Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми  тұрғыда тұжырымдалып, қалыптасуы  сауда, өнеркәсіп капиталының  дами бастауымен байланысты. Бұл  кезең негізінен Еуропада 16-17 ғғ. қамтыса, Ресейде тауар-ақша қатынастары  1861 ж. реформадан кейін дами  бастады.

Қазақ елінде 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында  сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлінісін  қамту процесі бірте-бірте жанданған болатын. Еліміздің солтүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысы басым қатынаста болса, оңтүстік, шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай, т.б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады.

       Алғаш рет өз алдына қалыптасқан  экономикалық ой-пікірдің белгілі  бір бағыты- меркантилизм (итальянша:  «мерканте»- көпес, саудагер), немесе, меркантилистер мектебі деп аталды. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша, қоғамдық байлық (ақша, алтын) тек  саудада ғана пайда болады. Олар  ғылымының бас пәні деп ақша, тауар айналымын түсінген. Бұл  сияқты ой-пікірді кездейсоқ деп  айтуға болмайды, өйткені капиталистік  қимыл- әрекеттің алғашқы кезеңдерінде  халықаралық сауда арқылы тауарлар  бір елде төмен бағамен сатып  алынып, екінші елде қымбатқа  сатылған. Сондықтан меркантилистер  мемлекет сауданы жандандырып  кеңейтуді, оның алтын қорын  көбейтуді талап етуге тиісті  делінген болатын. Осы мектептің  белгілі өкілі Томас Манн (1571-1641 жж.)  және басқа меркантилистер  мемлекеттің қоғамның шаруашылық  өміріне белсенді араласып, саудада  протекционистік саясатты кең  қолдануын тілеген. Бұларды сынаушылар  дұрыс байқаған: таза байлық айырбаста  пайда болмайды, бұнда тек ақша  тауарға, тауар ақшаға айырбасталады.  Айырбастағы тепе-теңдік бұзылса,  байлық біреудің пайдасынан екіншінің  пайдасына ғана көшіп отырады.  Айырбасқа түскен тауарлардың  бағалары тең болғанда ешкім  байып кете алмайды.

       Экономикалық ғылымның дамуындағы  келесі кезеңді физио- краттар  («физио-кратия» грек тілінен  аударғанда табиғаттың билігі) ілімі  қамтиды. Бұл бағыттың негізін  қалаушы Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.). Физиократтар қоғамдық байлықтың  көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың тұжырымы  бойынша, бір ғана сала болады: ол- ауылшаруашылығы. Физиократтар ауыл шаруашылығында байлықтың өсуін тек жердің табиғи құнарлылығымен байланыстырып, оны табиғаттың тегін сыйлығы деп түсінген. Олар өнеркәсіпті табыстарды өсіруге ат салысатын өндіріс саласы деп есептемейді. Ал ақиқатқа келсек, капитал мен еңбек жұмсалмаса табиғаттың жеке өзі байлықты үздіксіз көбейте алмайды.

      Өндірісті зерттеуге бет бұру  ғылыми саяси экономияның жарыққа  келуіне жол ашты. Құн тәртібіне  келегн мәселелерге дәлелді жауап  берген классикалық саяси экономия. Бұның көрнекті өкілдері Уильям  Петти (1623-1687 жж.), Адам Смит (1723-1790 жж.), Давид Рикардо (1772-1823 жж.) ұлттық  байлық материалдық өндірістің  барлық саласында жасалатынын  дәлелдеді. Бұл байлықтың әмбебап  формасы-тауардың құны деп тұжырымдады  олар. А.Смит еңбек құн теориясының  негізін қалады, еңбек өнімділігінің  роліне көп назар аударып, табыстар  туралы ілімді жарыққа әкелуші  болды.

       Байлық өсу үшін алғашқы жұмсалған  қаражат қосымша шамаға (қосымша  құнға немесе пайдаға) көбейтуі  керек. Осы өте маңызды ғылыми  жаңалықтың ашылуы, экономикалық  теорияны нақты ғылым ретінде  қалыптастырды. Утопиялық социализм  ілімі осы мезгілде қалыптасқан  болатын. Бұл ілімнің негізгі  идеялары Томас Мордың «Утопия», Кампанелланың «Құн қаласы» деген  еңбектерінде жарияланған. Кейін  бұл ілімге үлес қосқандар  Ш. Фурье, К.Сен-Симон, Р.Оуэн.

       Классикалық саяси экономия мен  утопиялық социализмнің негізінде  марксистік бағыт қалыптасқан  еді.

       Біздің елдің экономикалық ғылымы  осы күнге дейін марксистік  теория негізінде дамып келді.  Экономикалық ой-пікірлердің тарихын  зерттейтін еңбектердің қандайын  алсақ та, оларда марксистік ілімге  елеулі назар аударылады. Демек,  П.Самуэльсон мен В.Нордхаус К.Маркстің  «Капиталын», А.Смиттің «Халықтар  байлығын» және Д.М.Кейнстің «Жұмыспен  қамту, процент және ақшаның  жалпы теориясымен» қатар қойып,  осы еңбектердің барлығын бүкіләлемдік  экономикалық теорияның дамуының  маңызды кезеңдері деп ұғынады.  Марксистік саяси экономия еңбек  құн теориясын ілгері дамытып,  қосымша құн туралы ілімді  қалыптастырды.

       Қазіргі замандағы экономикалық  ой-пікірдің маңызды бағытына  неоклассикалық ілім жатады. Осы  бағыттың өкілдері субъективтік  құн теориясын тұжырамдаған. Бұлар экономикалық шаруашылықты неғұрлым аз шығын жұмсап мүмкінінше мол пайдалылыққа ие болғысы келетін микроэкономикалық агенттердің жиынтығы деп түсінеді.

       Осы талдау сұраныс пен ұсынысты  және қажеттік пен тұтынуды  зерттеуге негізделген.

       19 ғасырда экономикалық ғылым  бағаның құрылу заңдылықтары  мен ресурстарды үнемді пайдалану,  өндіріс факторларын оптималды  қолдану арқасында шекті нәтижеге  жету мәселелерін жан-жақты зерттеуді  жандандыра түсті (бұл бағыттың  белгілі өкілдері А.Маршалл, К.Кобб, П.Дуглас).

       Осымен қатар жалпы динамикалық  тепе-теңдік теориясында (Л.Вальрас)  дами түсті. Осы теория арқылы  тауарлар мен қызметтерге сұраныстың, оның өндіріс факторлары (еңбек,  жер, капитал) сұранысына әсерін  болжап анықтауға мүмкіндік береді.

       Қазіргі замандағы экономикалық теория бірнеше ірі бағыттарды (неоклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды.

       Ресейге келсек, бұнда экономикалық  ой- пікірлердің дамуы белгілі  экономист және мемлекеттік қайраткер  Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж.) атымен  және 17 ғасырда Жалпыресейлік нарықтың  құрылуымен байланысты. Бұның көзқарасын  орталықтанған мемлекеттегі ресейлік меркантилизмнің көрінісі деп бағалауға болады. Соңынан экономикалық ілімге үлес қосқандар-И.Т.Посошков (1652-1726 жж.), М.В.Ломоносов (1711-1765 жж.), М.М.Сперанский (1772-1839 жж.) және А.Н. Радищевтің, А.И.Герценнің, С.Ю.Виттенің, П.А.Стольпиннің, Г.В.Плехановтың т.б. еңбектері. Осылар қаржылық, аграрлық және өнеркәсіптік реформалар жүргізудің негізінде Ресейдің сфералары мен региондары арасында нарықтық қатынастардың қажеттігін дәлелдеген.

       Экономикалық ой-пікірлер қатарында  марксистік бағыттың орны ерекше  деуге болады (20 ғасырдың 20-90-шы жж.). Марксистік көзқарастардың үстемдігі, бағалы өсімдіктер арасындағы арамшөп тәрізді, прогрессивтік экономикалық қағидаларды, олардың дамуға ұмтылуына қарамастан тежеп, жоққа шығарып, жойып отырды. Н.Д.Кондратьевтің (1891-1938 жж.), экономикалық циклдер (1888-1938 жж.) экономиканың ұымдасдыру- өндірістік және отбасы шаруалық бағыттарын дәлелдеген идеяларын атап өткен жөн. Бірақ өкінішке орай, Сталиннің диктатының әсерімен экономикалық трактовкалардың көбі «социализм үшін саяси жағынан зиянды» деп жарияланды.

       Қазақстан экономикасын қайта  құрудың, демократияның, жариялылықтың бүгінгі кезеңінде ғалымдар, жекелеген экономикалық мектептердің көзқарастары мен жетістіктердің өтпелі дәуір экономикасына бейімдеп және ерекше Қазақстандық экономика шеңберінде кәсіпкерліктің қалыптасуына бейімдеп, интеграциялауға бет бұрып отыр. Осы бағыттың өкілдері монетаризмді және мемлекеттік реттеуді пайдалану арқылы, экономикадағы микро- және макропроцестерді бір-бірімен тығыз байланыстыра дамыту қажеттігін дәлелдейді.

 

    1.        Экономикалық категориялар-қоғам өмірінің нақты Экономикалық заңдар және экономикалық                                                                                                                               категориялар

 

       Барлық экономикалық құбылыстар  мен процестер экономикалық заңдардың  әсері арқылы дамып отырды. Экономикалық  заң дегеніміз не? Ол қоғамның  экономикалық өмірінің аса маңызды,  тұрақты құбылыстары мен процестерінің  байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының  даму заңдары.

       Қоғамның даму заңдарының-экономикалық  заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен  қатар айырмашылықтары болады.

       Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық  заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни, олар адамдардың  еркі мен санасынан тәуелсіз  жаратылып, әрекет етеді. Ал  айырмашылықтарына келейік.

       Экономикалық заңдар адамдардың  іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің  процесінде туып, осы процесс  арқылы жүзеге асырылады. Ал  табиғат заңдары (мысалы, әлемдік  тартылыс заңы) адамдар қоғамынан  тыс жағдайда да әрекет етеді.

       Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі), олар мәңгілік, ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.

       Экономикалық заңдарды ашып қолдану  адамдардан белгілі күш салып  тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы  реакцияшыл, керітартпа күштер осы  заңдарды қолданып пайдалануға  жол бермеуге бар күші жұмсайды.

       Экономикалық заңдар объективтік  сипатта болады дедік. Осыған  байланысты сұрақ туады-адамдар  осы заңдарды талдап, танып біліп,  экономикалық өмірде пайдалана  ала ма? Сөзсіз, адамдар экономикалық  құбылыстар мен процестердің  мәніне үңіле отырып, олардың  даму заңдарын ашып, әрекет ету  механизмін түсініп біледі. Қоғам  саналы түрде осы заңдардың  талабын жүзеге асырады.

Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы