Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 16:02, реферат

Описание работы

Грек тілінен аударғанда «тәсіл» сөзі «әлденеге апарар жол» деген мағынаны береді. Адамзаттың іс-әрекеті теориялық немесе тәжірибелік бағытта болуы мүмкін, сондықтан әдіс түсінігі теорияға да, тәжірибеге де тең дәрежеде қатысты. Кез-келген ғылымның әдісі деп өзінің пәніне, мазмұнына оған тән тәсілдермен енуді, яғни, оны тану жолын түсінеді. Әдіс ғылыми зерттеу барысындағы ой немесе физикалық операциялардың жиынтығын білдіреді. Осылайша, әдісті өзіндік ой технологиясы деп атауға болады. Ғылыми тану әдістері жалпы-ғылыми және нақты-ғылыми деп екіге бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.docx

— 40.98 Кб (Скачать)

 

Баланстық әдіс экономикалық талдауда көмекші әдіс ретінде нәтижелі көрсеткіштің өсуіне факторлардың әсері  дұрыс анықталғандығын тексеру  үшін қолданады. Детерминациялық талдауда жеке–жеке факторлар әсерлерінің  мәндерінің қосындысы нәтижелі көрсеткіштің өсуінің жалпы  мәніне тең болуы  керек:

 

 Егер теңдік орындалмаса,  онда есептеулер қате жүргізілгендігі  немесе бір фактор ескерілмей  қалғандығы анықталады.

Кей жағдайларда баланстық  әдісті нәтижелік көрсеткіштің өсуі мен екі немесе бірнеше факторлардың әсерлерінің мәндері белгілі  болып, қалған бір фактордың әсері  белгісіз болған жағдайда, соның мәнін  табуға қолданылады:

 

 

Динамика қатарлары

Экономикалық талдауда динамика қатарлары кеңінен қолданылады. Динамика қатарының әрбір жеке мәні деңгей деп аталады. Динамикалық  қатар кез келген компанияның  түсіндірме хатында кестелерді құру үшін қолданылады. Динамикалық қатардың көмегімен инвесторларға, болашақ  акционерлерге компанияның нарықта  табысқа ие, бизнесі тұрақты және бұл компанияға ақша қаражаттарын салуға болатындығын көрсетеді.

 

Өнімді өткізуден түскен табыс динамикасы, мың тенге

Көрсеткіштер 

2007

2008

2009

2010

Өнімді өткізуден түскен табыс

4200,0

4240,0

4010,0

4350,0

Орташа жылдық деңгей

4175,0

Абсолюттік өсу

40,0

–230,0

340,0

Өсу қарқыны, %

100,95

94,6

108,5

Орташа жылдық өсу қарқыны

101,2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестеден көрініп отырғандай бұл компанияның бизнесі тұрақсыз. Мәселен, 2009 жылы компания тауарлар нарығында  үлкен табысқа жетпеді. 2009 жылдың өсу қарқыны 2008 жылға қарағанда 5,3%-ға төмен (100,9–94,6), бірақ та менеджердің  тырысуына қарай компания көп  өнім сатып, жетістікке жеткен. 2010 жылы 2009 жылға қарағанда өсу қарқыны 108,5%-ды құрады.

 

Тізбектелген  қойылымдар әдісі 

Бұл әдістің мәні жоспарланған (болжанған) көрсеткіштер біртіндеп  есепті жыл көрсеткішерімен ауысады, ең алдымен сандық көрсеткіштер, содан  кейін сапалық көрсеткіштер ауыстырылады. Егер де екі фактордың әсері анқыталатын  болса, онда үш есептеу жасалады, ал егер үш анықталатын фактор болса, онда төрт есептеу жасалады. Яғни есептеулер саны факторлар санынан біреуге  артық болады.

Әрбір фактордың әсерін анықтау  үшін екінші есептеу нәтижесінен  бірінші есептеу нәтижесін, үшіншіден  екіншіні, яғни соңғысынан алдығысын  алып тастау жолымен анықталады.

Бұл әдісті қолдану тиімді болады, егер факторлар саны екіден артық болса.

 

Абсолюттік айырмалар  әдісі

Экономикалық талдауда факторлар  саны екеуден аспаған кезде абсолюттік айырмалар әдісі қолданылады. Бұл  тәсіл тізбектелген қойылымдар әдісінің өзгенртілген түрі болып табылады.

 

Көрсеткіштер 

Жоспарланған 

Есепті кезең

Ауытқу 

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

34

32

–2

Бір жұмысшының орташа еңбекақысы, мың тг

114,735

123,375

8,64

Еңбекақы қоры, мың тг

3901

3948

47


 

 

  1. ЖОТС есебінен -2*114,735=-229 есептеуден келе, жұмысшылар санының 2 адамға қысқарту еңбекақы қорына оң әсер етті. Бұл фактор әсерінен еңбекақы қоры бойынша үнемдеу 229 мың тенгені құрады.
  2. 1 жұмысшының орташа еңбекақысы есебінен 8,64*32=276 есептеуден келе, еңбекақының өсуі еңбекақы қорының 276 мың тенгеге шығындалуына әкелді.

276-229=47 еңбекақы қорының  ауытқуына тең.

 

Қатысты айырмалар  әдісі

Қатысты айырмалар әдісі  тек мультипликативті модельдердегі  нәтижелік көрсеткіштің өсіміне  әсер ететін факторлар әсерінің мөлшерін өлшеуде қолданылады. Бұл әдісте экономикалық факторлардың өсімі коэффициент  немесе процент түрінде қолданылады. Осы әдістің Y=abc мультипликаторлық моделіне әсерін қарастырайық.

Нәтижелік көрсеткіштің өзгерісі келесі формуламен анықталады:

 

 

 

 

 

 

Регрессивті талдау

Регрессивті талдау – бұл  зерттеліп жатқан көрсеткіштердің  арасындағы стохастикалық байланыстың  аналитикалық көрініс табуын бекіту әдісі. Регрессия теңдеуі кез-келген xi  мәні өзгергенде y мәнінің орташа өзгереуін көрсетеді және былай жазылады:

 

  y – тәуелді айнымалы. Ол әрқашанда жалғыз.

xi  - тәуелсіз айнымалы немесе бұл жерде факторлар болып табылады. Олар бірнешеу болуы мүмкін.

Егер тәуелсіз айнымалы жалғыз болса, бұл қарапайым регрессивті  талдау.  Егер де олар бірнешеу болса  (n≥2), онда мұндай анализ көпфакторлы деп аталады.

Регрессивті талдау барысында  екі негізгі тапсырмалар шешіледі:

  • регрессия талдауын құрастыру, яғни нәтижелі көрсеткіш пен тәуелсізфакторлар x1, x2, ... xn арасындағы байланыстың түрін табу;
  • алынған теңдеудің маңыздылығын бағалау, яғни таңдалған факторлық көрсеткіштер у көрсеткігтерінің вариациясын қаншалықты түсіндіретінін анықтау.

Регрессивті талдау негізінен  жоспарлау үшін, сонымен қатар  нормативтік базаны дайындау үшін қолданылады.

Регрессивті талдау корреляциялық талдауға қарағанда тек талданып жатқан көрсеткіштердің арасындағы байланыстың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оның нысандалған көрінісін береді. Сонымен бірге, егер корреляциялық талдау факторлардың байланысын зерттейтін болса, регрессивті талдау біржақты тәуелділікті, яғни факторлық көрсеткіштердің өзгеруі нәтижелі көрсеткішке қалайша әсер еткенін көрсететін байланысты зерттейді.

Регрессивті талдау – математикалық  статистиканың ең көп өңделген әдістерінің  бірі. Нақты айтсақ, раегрессивті талдауды жүщеге асыру үшін арнайы талаптар қатарының орындалуы қажет (x1, x2, ... xn; у тәуелсіз, кез-келген көлемдегі тұрақты дисперсиямен қалыпты таратылған). Шынайы өмірде регрессивті және корреляциялық талдаудың талаптарына нақты сәйкестілік өте сирек кездеседі, алайда бұл екі әдіс те экономикалық зерттеулерде айтарлықтай кең қолданылады. Экономикада кездесетін тәуелділіктер тек қана түзу емес, сондай-ақ кері және сызықтық емес болуы мүмкін, алайда көпфакторлы талдауда тек сызықтық модель түрлерін қолданады:

 

 

Регрессия теңдеуін құру, әдетте, ең аз квадраттар әдісімен жүргізіледі. Оның мәні нәтижелі көрсеткіштің нақты  мәнінен ауытқулыр квадраттарының жиынтық санын минимизациялау болып  табылады, яғни:

 S= j)2              min,


Мұндағы m – бақылау саны;

= a + b1x1j + b2x2j + … + bnxnj - нәтижелі фактордың есепті мәні.

Регрессия коэфиценттерін дербес компьютердегі аналитикалық пакеттердің  немесе аранайы қаржылық калькулятордың көмегімен анықтаған дұрыс. Ең қарапайым  жағдайда у = a + bx түріндегі бірфакторлы  сызықтық регрессия  теңдеуі үшін мына формалар арқылы табуға болады:

 

a = ,

 

b = .

 

Кластерлік талдау

Кластерлік талдау – жиынтықты  топтастыруға (кластерлеуге) арналған, элементтері көптеген белгілермен  сипатталатын көп өлшемді талдау әдістерінің бірі. Әрбір белгінің мәні зерттеліп отырған жиынтықтың  көп өлшемді белгілер кеңістігіндегі әрбір бірліктің координатасы қызметін атқарады. Бірнеше көрсеткіштердің  мәнімен сипатталатын әрбір бақылауды  осы көрсеткіштер кеңістігіндегі нүкте  ретінде елестетуге болады. Олардың  мағынасы көп өлшемді кеңістікте координаталар ретінде қарастырылады. Координаттар нүктелері p q c k арасындағы қашықтық төмендегідей анықталады:

rp,q = .

Кластерлеудің негізгі критериі болып кластерлер арасындағы айырмашылық бір кластерге қатыстырылған бақылаудан қарағанда анағұрлым елеулі болуы қажеттігнде табылады, яғни көп өлшемді кеңістікте мына теңсіздік орындалуы қажет:

rp,q < r1,2 ,

мұндағы  r1,2 - 1 және 2 кластерлер арасындағы қашықтық.

Регрессивті талдаудың процедуралары сияқты кластерлеу процедурасы да айтарлықтай көп еңбекті қажет етеді, сондықтан оны компьютерде орындаған жөнді.

 

Дисперсионды  талдау

Дисперсионды талдау –  бұл берілгендердің екі іріктемесінің  негізгі бір жиынтыққа қатыстылығы  туралы гипотезаны дәлелдеуге немесе теріске шығаруға мүмкіндік беретін  статистикалық әдіс.  Кәсіпорынның қызметін талдауға байланысты дисперсиондық талдау әр түрлі бақылау топтарының берілгендерінің бір жиынтыққа қатыстылығын немесе қатыссыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның шаруашылық қызметінде зерттелетін құбылыстар мен процестер арасындағы стохастикалық тәуелділіктерді зерттеу үшін қолданылады.

Дисперсионды талдауды топтастыру әдістерімен бірге жиі қолданады. Мұндай жағдайларда оны жүргізудің тапсырмасы топтардың арасындағы айырмашылықтаң маңыздылығын бағалауда болып табылады.  Ол үшін топтық дисперсиялар σ12 және σ22 анықталады, содан кейін Стьюдент пен Фишердің статистикалық критерилері бойынша топтар арасындағы айырмашылықтың мәнділігі тексеріледі.

 

Ойындар теориясы

Конфликттің математикалық  моделі ойындар теориясы деп аталады. Конфликтке түсетін екі жақты  шартты түрде A және B деп, ал олардың іс-әрекетінің тәсілдерін U және V деп белгілейді.

Әр түрлі стратегиялардың  қолдану эффетивтігін бағалау үшін W1 және W2 көрсеткіштерін енгізеді. Оларды ұтыс функциялары деп те атайды. Ұтыс функциясы ретінде пайда қарастырылуы мүмкін. Кез келген екі стратегия (u, v) ойын ситуациясы деп аталады.

Ойындар теориясының келесідей  түрлері ажыратылады:

    • стратегиялық, стратегиялық емес;
    • қосарлы (парные), көп қатысушылы;
    • коалиционды, коалиционды емес;
    • антогонистикалық, антогонистикалық емес;
    • кооперативті, кооперативті емес;
    • қатаң бәсекелес, қатаң емес бәсекелес;

аяқталатын (конечные), аяқталмайтын (бесконечные). 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Теория экономического анализа: Р.П Казакова, С.В. Казаков. – М.: ИНФРА-М, 2008. – 239 с.
  2. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Г.В. Савицкая. – М.: ИНФРА-М, 2007. – 512 с.
  3. Теория экономического анализа: Г.В.Шадрина, Е.Г. Озорнина. – М., 2003. – 105 с.
  4. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: В.В. Ковалев, О.Н. Волкова. – Москва, 2000. - 424 с.

 


Информация о работе Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері