Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 13:24, реферат

Описание работы

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды

Работа содержит 1 файл

Экономикалық өсу.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанның қаржы жүйесі оның бәсекеге қабылеттілігінің құрамдас бөлігі болып табылады. Жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтер, технология мен инновация (халықаралық стандарттар, Базель II, Еуропалық одақ директивасы (ЕО), корпоративті басқару) енгізілді.

Қазақстанда қор нарығының дамуы өзекті мәселе болып табылады.

Бүгін Қазақстанның Қор нарығы мемлекет қаржы секторының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан нарығының бүкіл тарихында керекті институционалды инфрақұрылым базасы орнады; қор нарығының кәсіби қатысушылары қызмет атқарады, инвесторлар мен эмитенттер; классикалық қаржылық құралдармен сауда өткізіледі.

Еліміздегі қор нарығының халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін және оның әлем капитал нарығында батыл ықпалдастығын қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы (АӨҚО) құрылды. АӨҚО қызметінің келесі дамуы мен жетілдірілуі ел Президентінің Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» жолдауында айтылған және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жобасына жүктелген стратегиялық міндеттің бірі болып саналады. Бұл қаржылық орталықтардың ғаламдық масштабтағы едәуір орнын айғақтайды.

Әр мемлекетте қор нарығының дамуы жеке акционерлік меншіктің және жеке инвесторлар институтының бар болуымен тығыз байланысты. Инвестор ретінде халықты тарту және оларды экономикада болып жатқан инвестициялық үрдістерге қосу арқылы қоғамның қолданылмаған қор жинағын іске қосуға болады, сонымен қатар қаржылық ресурстарды экономиканың бәсекеге қабілетті салаларына бағыттауға болады. Жеке акционерлік капиталдың кеңеюі халықтың әл-ауқатының жоғарылауы мен оның бизнес мүдделеріне қатыстыруын білдіреді. Бірақ негізінде маңыздысы, ол берілген үрдіске халықтың максималды санын, мемлекеттің әлеуметтік саясатының контекстінде қарастыру керек.

Негізінде, бүгінгі күні ел экономикасының дамуына толығымен қолданылмайтын қазақстандық инвесторларының инвестициялық ресурстардың маңызды көлемі жинақталған. Сонымен, институционалды инвесторлардың активтері 100 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде тек зейнетақы қоры жыл сайын 2 млрд.долларға артады. Сонымен, нарықта төлемпаздық саны артық болғандықтан, оларды экономиканың дамуына бағыттау керек.

Қазақстандық компанияларға қор нарығының мүмкіндіктерін толығымен қолдану үшін қаржы әлемінде ашықтық пен абырой бірігіп басқару халықаралық стандарттарының керекті талабы болып қана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті көрсеткіш пен ең бағалы актив болып саналатынын білу керек.

Тұрғындардың еркін қаржы ресурстары қазақстандық кәсіпкерлік үшін маңызды тартымды инвестициялар болады. Сонымен, Орталық депозитарийдің мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың ақпан айы бойынша 9,7 мың жеке тұлғалар, 72 млрд.теңге (немесе 492 млн. АҚШ доллары) болатын корпоративті бағалы қағаздардың ұстаушылары болып саналады. 2010 жылы KASE-де жеке инвесторлар тарапынан сомасы 282 млн. АҚШ доллары болатын акциялар мен корпоративті облигацияларды сатып алынды.

«Самрұқ-Қазына» қорына кіретін ұлттық компаниялар акцияларын халық арасында орналастыру бағдарламасын тарату.

Өтімді және қызықты бағалы қағаздардың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін Елбасы осы жылдың ақпанында «Нұр Отан» ҰДП ХIII съезінде үкіметке «Халықтық IPO» — халық арасында ірі кәсіпорындар акцияларын орналастыру бағдарламасын дамытуды тапсырды.

Қазақстан қор нарығында «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» құрамына кіретін компаниялардың акцияларын кезеңді орналастыру жоспарлануда. Ірі компаниялардың акцияларын сатып алу және бағалы қағаздар құнының өсуі мен дивиденттер арқылы мемлекеттік компаниялардың табыстарына қатысу арқылы халық өзінің әл-ауқатын көтереді. Интеграциалану үрдістері

Президент Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, Кедендік одақ – бұл КСРО ыдырығаннан кейінгі 20 жыл ішінде қол жеткізген, Еуропалық одақ пен Қытай, Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын ең мағыналы бірігу.

Кедендік одақ барлық мемлекет-ұйым қатысушыларының бизнесі үшін үлкен мүмкіндік береді: ол деген үлкен өткізу нарығы, бәсекенің жоғарылауы, көлік шығындарының төмендеуі және басқа артықшылықтар.

Бұл орайда, АӨҚО мақсатының бірі отандық капитал нарығының әлемдік нарықпен ықпалдасуы екендігін атап өткен жөн. Осыған сәйкес, АӨҚО қызмет ету концепциясының өзі бүкіл дүние жүзінен инвесторларды тартуға мүмкіндік береді. АӨҚО БЭК-те қызмет етуі дамушы нарықтарға инвестициялауға ниет білдіруші ғаламдық инвесторларға аймақтағы елдердің қаржы нарықтарына белсенді түрде шығудың тамаша мүмкіндігін ұсынады.

Исламдық қаржыландыру

Ғаламды қаржылық дағдарыс исламдық қаржылық жүйенің сенімді және тұрақты екенін көрсетті, соңғы жылдары осы секторда жедел өсімді ескертті. Пайыздық ставка механизмін қолдануға тыйым салу, сонымен қатар нақты активтермен қаржылық ағынды қамтамасыз ету исламдық қаржыландыру принциптері, алыпсатарлық мәміле өткізу мүмкіндігін және тәуекелі жоғары қаржылық құралдарды инвестициялауды жойды.

Қазақстан өз қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында исламдық жүйесі бар дәстүрлі қаржы жүйесінің түзілу жолын таңдады. Мемлекеттік қолдау арқасында Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігіндегі исламды қаржыландыруды дамытуға заңнамалық негіз қалыптастырған алғашқы мемлекет болып саналады, бұл әрине, еліміздің бесекеге қабілеттілік ұстанымын күшейтеді.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып, сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт. 
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды. 
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды. 
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде республиканың экономикадағы дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші орынға ие.
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың жылына 2 млрд. доллар және одан да артық көлемде инвестициялар салуы көзделінген. Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік инвестициялар экономикалық қайта құруға жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді. Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда өсімге қол жетті, бұл да экономиканың жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында біржақтылыққа жол бермеуі керек. 
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң. Егер республиканың шикізат рыногына қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан, инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық компаниялардан тұратын кедергілер бар. Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа Индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты қарауы керек болады. 
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың болжамына қарағанда, таяудағы жылдары болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт жоғарылай алады. 
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту болып табылады. Жалпы метеллургияның дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан астам табыс әкеле алады. 
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін, терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп, уақыт ұтқанда ғана жетеміз.
1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан тиіп отырғанын мойындауымыз керек. 
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық. 

Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында елдің экономикалық өсу жолдарына талдау жасалған

Елдің 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын және 2010-2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.

Аталған құжатта елдің экономикалық өсу жолдарына талдау жасалған. Атап айтқанда, 2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан экономикасы жылына орташа алғанда шамамен 10 пайыздық қарқынмен өсіп отырды. Нақты жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жоғары және орнықты өсу қарқынына қарамастан, осы кезеңде экономикалық өсудің құрылымы мен сапасы өзгерді.

Экономика өсуінің баяулауы 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 2007 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,9 пайызңға төмендеді.

2008 жылдың екінші жартысында әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдай күрт өзгерді.

Ірі қаржы институттарының банкротқа ұшырауы мен биржалық баға белгіленімінің төмендеуіне әкеп соққан әлемдік қаржы нарығындағы кезекті тұрақсыздық толқыны әлемдік экономиканың баяулауына ұласты.

Егер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,7 пайызды құраса, екінші жарты жылдығында - бағалау бойынша 1,4 пайызды құрады. 2008 жылы Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 3,3 пайызды құрады.

Қазақстан экономикасы өткен жылдың соңынан бастап негізгі саудадағы серіктес елдер экономикасының баяулауының, соның салдарынан Қазақстанның экспорттық өнімдерге сұраныстың қысқаруының жағымсыз әсерін өзінде сезеді.

Өндіріс көлемдерінің қысқаруы байқалады. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі (9,5 пайызға) сияқты, электр энергия, газ және суды бөлуде де (6,5 пайыз) төмендеуі есебінен өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,7 пайызға қысқарды.

Құрылыста белсенділіктің төмендеуі байқалады, оның көлемі 10,9 пайызға қысқарды.

Нақты ЖІӨ бағалау бойынша 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,3 пайызға дейін төмендеген.

ҚР Статистика агенттігі биылғы жылдың қаңтар айындағы елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысын шығарды. Қысқа мерзімді экономикалық өсу деңгейі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 103,8% пайызға артқан. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 7,5% пайызға жетті. Қаңтардағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 триллион 298 миллиард теңгені құрады. Бұл қоян жылындағы қаңтар айымен салыстырсақ 1,9% пайызға артқандығын көрсетеді.

2011 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан халқының жалпы саны 16 миллион 442 мың адамға жетті. Бір жыл ішінде Республика тұрғындарының саны 233 мың адамға көбейді. Бұл халық санының бір жыл ішінде 1,4 % пайызға өскендігін байқатты. Өткен бір жыл ішінде еліміздегі сыртқы сауда айналымы 126 миллиард 156,4 миллион АҚШ долларына дейін бағаланды. Бұл 2010 жылға қарағанда 40,2 % пайызға көбейген. Халықты жұмыспен қамту - Елбасы Жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі. Мәліметтерге сүйенсек, жұмыссыздар қатары 5,5 % пайыз. Осы жылдың қаңтар айында 47 мың адам жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынған. Қазір жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшері 54 мың 260 теңге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      Әкімбеков С.Ә.,Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана, 2002.

2.      Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы, 2004.

3.      Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2002.

4.      Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004.

5.      Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең-жаңа экономика. Егеменді Қазақстан.

6.      Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. Егеменді Қазақстан.

7.      Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория.Астана 2006.

8.      Қазақстан Республикасының Конституциясы  Алматы, 1995ж.

9.      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі  (Жалпы бөлім). Алматы, 1995ж.

10. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан  - 2030”; 1-3 тараулар. Алматы,1997ж.

11. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы “2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары” 2003ж. 4-сәуір.

12. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау туралы мемлкеттің 1996-1998 жылғы Бағдарламасы, 10-шілде 1996ж. №1727.

13. “Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау” туралы Қазақстан Республикасының Заңы. № 3 Х11, 4-шілде 1996ж.

14. Әубәкіров Я.. ҚаидиевА., Досқалиева В. және т.б, - Экономика. Оқулық, Алматы: Экономика, 1997ж.

15. Әубәкіров Я., Ескалиев К. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Экономика,1996ж.

16. Әубәкіров Я., Нәрібаев К. Ескалиев К.т.б. Экономикалық теория негіздері. Алматы: Экономика, 1998ж.

17. Жатқанбаев Е.Б. Аралас экономика негіздері. Алматы, 1997ж.

18. Жүнісов Б., т.б. Нарықтық экономика негіздері. Алматы. 1996ж.

19. Қожамкулов Т. Саяси экономия негіздері, Алматы,1996ж.

20. Нүрпейсов Ж.К. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы, Ақмола, 1996ж.

1

 



Информация о работе Экономикалық өсу