Экономикалық өсу

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 13:24, реферат

Описание работы

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды

Работа содержит 1 файл

Экономикалық өсу.doc

— 126.00 Кб (Скачать)


ҚР бойынша экономикалық өсу көрсеткіштерінің динамикасын талдау

Экономикалық өсу және оның түрлері.

Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

Негізгі түсініктер мен терминдер:

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз - ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:

-         қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

-         ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).

Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

-         жұмыс күшінің санының өсуі;

-         капиталдың көлемі өсуі.

Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

-         халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;

-         адамның бос уақытының көбеюі;

-         әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;

-         адам капиталына инвестицияны өсіру;

-         адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-         жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;

-         еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз - өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

 

Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар: 
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы; 
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру; 
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру; 
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместігін» жою; 
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту; 
- жаңа технологиялар игеру. 
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар: 
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы; 
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі; 
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы; 
- адам капиталына инвестицияны өсіру; 
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау; 
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.              

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

 

Халық (2012 жылғы 1 қаңтарға, мың адам)

16 674

 

Жұмыссыздық деңгейі (2011 жылғы 4 тоқсан)

5,4 %

 

Орташа айлық жалақы (2011 жылғы желтоқсан,теңге)

119144

 

Инфляция:

 

 

(2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы желтоқсанға)

0,3 %

 

(2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

5,9 %

 

ЖІӨ (2011 жылғы қаңтар-желтоқсан, %)

107,5

 

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (2012

жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға, %)

103,8

 

 

Экономикалық салалардың өсу қарқыны (Нақты көлем индексі, %-бен) 

 

Өнеркәсіп (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

101,9

 

 

Ауыл шаруашылығы (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы

қаңтарға)

95,3

 

Құрылыс (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

91,9

 

Сауда (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

114,2

 

Көлік (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

107,1

 

Байланыс (2012 жылғы қаңтар 2011 жылғы қаңтарға)

117,6

 

Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақэкономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.

Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономикалық жағдай өзгерістерге ұшырады.

90-шы жылдардың басында жас республикада институционалды негіздер мен экономика дамуының нарықтық механизмдері қалыптасты. Сонымен, 1990-1995 жылдары ІЖӨ көлемінің күрт төмендеуі байқалса (бес жыл ішінде екі есеге азайды), 1996 жылдан бастап еліміздің жағдайы жақсара бастады. Бірақ 1998 жылдағы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға кері әсерін тигізді. Сонымен, осы кері әсер салдарынан қазақстандық ІЖӨ көлемі төмендеді.

Дағдарыстан кейін экономиканың қалпына келу және Қазақстанның үдемелі даму уақыты келді, ІЖӨ өсімі 8-10% құрады.

Соңғы 10 жыл ішінде біз экономикалық жетістіктерге қол жеткіздік.

Соңғы он жылда Қазасқтан тұрақты өсім көрсетті. 2010 жылы ІЖӨ көлемі 7% өсті, ал адам басына есептегенде 9 мың АҚШ долларын құрады.

Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының 122 млрд. АҚШ долларын тартты, ал алтынның қоры 63 млрд. АҚШ долларын құрды.

Ең бастысы, Қазақстан өзінің 20 жылдық тәуелсіздігі ішінде экономиканың динамикалық дамуына қол жеткізді. Мемлекетіміздің абыройы аймақта және әлемде тапжылмай өсуде, қоғам ішінде жағдайымыз тұрақты болып келеді. ІЖӨ деңгейі 12 есе өсті.

Информация о работе Экономикалық өсу