Экономикалық реттеудің шетелдік тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:16, реферат

Описание работы

Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;

Содержание

1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Работа содержит 1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI 16.doc

— 117.50 Кб (Скачать)

        Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР –да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі [22,99-б.].

     Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элеметтерінің пайда болуы мен олардың мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді дирекивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен жәнен нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.

       Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т.б. елдерде байқалады.

        Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

          Бұл шаралар жоғары аталған елдердің табиғи – экономикалық, геосаясаттық және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі аспектіден тұрады:

-         біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;

-         екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.

 

Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

 

       Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

-         шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?

-         нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?

-         жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?

-         экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?

-         экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

-         бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?

-         макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты дұрыс ескеріледі?

-         халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми негізде үйлестіріледі?

   Әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының қажеттілігі сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми-метолдологиялық және ұйымдастырушылық негіздері бұрыңғы әкімшілік- директивті мәнінен айырылуы қажет және ұсыныстық – реттеушілік, мемлекеттік және жеке меншікке негізделегн белсенді шаруашылық жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы тиіс.

    Бұл жердегі ең маңызды мәселе мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына «сіңіруі» (салалары және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының  орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді. Бұл табыс «қозғалысын» жоспардың орындалуы мен шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. Қарапайым болуы үшін схемадан халық шаруашылығының көптеген байланыс сызықтары көрсетілген (5-сурет). Бұл схема бір жағынан жоспарлы және нарықтық шаруашылық моделін, екінші жағынан мемлекеттік және экономиканы нарықтық реттеуі көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Шетел елдерде нарықтық экономикасымен қоса кәсіпорын және фирмалардың жоспары маңызды роль атқарады. Біздің ойымызша республикадағы қазіргі жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе талдауда.

     1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды.

      Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.



Информация о работе Экономикалық реттеудің шетелдік тәжірибесі