Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:16, реферат
Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI
Жоспар:
1. Кiрiспе
2. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
3. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
4. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:
1) республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
2) қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
3) басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және “революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi” болып табылады.
Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк – экономикалық процестерге мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн үйренуден шығатын қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi экономист П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз “күннен – күнге өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32,153 – б.]. Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, “әлсiз экономикалық жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға “эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз ғылыми – техникалық процесс салдарынан туындайды.
“Ұлы дағдарыс” жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30 жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда уақытында шешу тек әлеуметтiк – экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы “жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға” сәйкес (1946ж.) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.
Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерiнде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ және т.б. мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерге ағымдағы, орта мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму департаментi және т.б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады [13,143-б.].
Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау 1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан басталып, жүйелi түрде жоспарлау уақытының мiндеттерiне байланысты жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.
Германияда экономиканы реттеу бiраз басқаша, мұнда көбiнесе бәсекелестiктi қорғауға, мемлекеттiң антимонополиялық және бақылау қызметiн нығайтуға, нарықтықтағы iрi кәсiпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтiк қызметiн кеңейтуге көңiл бөлiнуде.
Реттеушi органдарының басты мiндеттерiнiң бiрi аймақтардың үйлесiмдi кешендi дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде аймақтық шаруашылық жүйесiн басқару иерархиясының үш деңгейiнiң функциялары ажыратылғын (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кiретiн кантондар мен аудандардың өзiндiк даму мәселелерiн шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсiздiгi жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын ы салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн қорытындылай келiп, американдық маркентинг маманы Мелвилл Бранч маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң бiрнеше қолайлы жақтарын бөледi. Соның iшiнде, жоспарлау:
1) басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
2) мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;
3) көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
4) алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;
5) шұғыл өзгерiстерге дайынықты күшейтедi;
6) барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң өзара байланыста, қарым-қатынаста екенiн көрсетедi.
Аталған пунктерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретiнде бiрiншi, екiншi және алтыншыны айтуға болады, өйткенi қазiргi жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетiспейдi немесе өте аз қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердiң тәжiрибесiнен мемлекеттердiң экономикасын реттеудегi күштi тетiктерiнiң бiр қаржы-бюджет ресурстарын және салық жинау механизмi болып табылады. Осы механизмдердiң маңызы мен оларды тәжiрибе жүзiнде қолдану зерттеледi және де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдердi негiзге ала отырып, бiрнеше тұжырым жасауға болады. Бiрiншiден, бюджеттiк қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және бiлiмдi көп қажет ететiн салаларды жылдам дамыту мәселелерi шешiледi. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Белгияда және басқа да мемлекеттерде мемлекеттiк бюджет арқылы бөлiнетiн ұлттық табыстың үлесi 50 % жоғары, ал Францияда, Австрияда және ФРГ-де 50 % шамасында. Бұл көрсеткiш АҚШ пен Жапонияда 30 % ғана.
Екiншiден, құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн салық салу механизмi үлкен рөлдi атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызығушылығын арттыруға болады, өйткенi олар өндiрiс және өнеркәсiп салаларының тез дамуына әкеледi. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлi тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита “Известия” (25.02.92 ) газетiнде: “Шенеулiктердiң (әкiмдердiң ) ақылдығы телефон арқылы немесе ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, салық жеңiлдiктерiмен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиiмдi және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекенi күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту” деген. Бұл нәтижелер құлдыраушылық (стагфляция) жағдайына дұшар болған мемлекет үшiн қолайлы. Дағдарыстан шығу үшiн фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негiзiнде: а) мемлекеттiк шығындардың өсуi; ә) салық ставкасының және мөлшерiнiң азаюы; б) мемлекеттiк шығындардың өсуi мен салықтың азаюы үлестiр пайдалану жатыр. Бұл әдiстiң бiреуiн таңдап алу алға қойған мақсатқа немесе объектiнi реттеуге байланысты. Үшiншiден, мемлекеттiк әлеуметтiк және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандара алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екiншi шығын бiрiншi шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл iшiнде Жапонияның әлеуметтiк – шаруашылық дамуындағы тәжiрибесiнен “ғылым және бiлiм экономикалық өсу моделiнiң интенсивтi және құрылымдық факторы ретiнде көрiнедi” [9,87 – б.]. Қазақстанда бұл салаларға көңiл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесi бұрынғысынша, яғни қалдық қағмдасымен жұмыс iстеуде. Бiрақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: “Интеллектуалдық өндiрiстi қамтамасыз етуде өндiргiш күштердi дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негiзгi мәселелердi шешудi ұмытып кеттiк” деген.
Дамыған өнеркәсiптiк елдерде “экономикалық өсудiң интенсивтiк моделлiнiң” икемдi құралы экономиканы реттеудiң ақша – несие механизмi болып табылады.
Нарықтық экономиканың бiлгiрлерi, АҚШ-тың iрi мамандары К.Р. Маконелл және С.П. Брю, “ осы ақша –несие саясатының мақсаты толық жұмыс бастылыққа қол жеткiзуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсiп деңгейiнiң өсуiне көмектесу болып табылады” – деген [21,298 – б.]. Мұндай саясат пен дем берушi (жұмыссыздық болғанда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргiзудiң арасында тығыз байланыс бар екенi көрiнедi. Сонымен қатар, мемлекеттiк реттеудiң ақша- несие механизмi жоғарыда аталған “ көмекшi” ретiнде тек қана оның қолданылуы дайын өнiм айналысына емес (яғни коммерциялы- спекулятивтi құрылымдардың баюына емес), материалды игiлiктердi өндiруге бағытталған болса ғана көрiнедi.
Нарық жүйесi дамыған елдерде бұл механизмдi қолдану тәжiрибесiн зерттей отырып, мынадай бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға болады:
1. Монетарлы саясаттың әскерiн “сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк инвестициялаудың қысқару иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi) мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
2. Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп, артық сұранымның пайда болуына әкеледi.
3. Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты) мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн. Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994 жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi [14,11 – б.].
Информация о работе Экономикалық реттеудің шетелдік тәжірибесі