Экономикалық дамудағы банкроттықтың рөлін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 15:15, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады.

Содержание

КІРІСПЕ……………..... ………………………………………………………….4
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ……………...5
1.1 Банкрот туралы жалпы түсініктеме …………..……………………………..5
1.2 Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі ..………………….7
1.3 Банкротқа ұшырау жолдары……………………………………………….. 10
ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ……………………………………………………… 14
2.1 Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері………………………. 14
2.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі………………………………….. 19
2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау…………………………... 21
ІІІ. БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ……………….…………………………………….. 23
3.1 Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау………………………...………………………… 23
3.2 Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары……………………………………………………………….. 24
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………..…………………………………... 27
Пайдаланылған әдебиеттep…………......………………...…………………..29
</h3>

Работа содержит 1 файл

Экономикалық дамудағы банкроттықтың рөлін талдау.doc

— 133.50 Кб (Скачать)

    Үшінші  бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.

    Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.

     

 

    <h4>ҚОРЫТЫНДЫ 

      Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

    Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді. </h4>

    Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілігінде және ақылығында. Алай»да  бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға  болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы  өндіріс процесінің үздіксіздігін  қамтамасыз ету мақсатында кәспорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

    Шартты  мемлекеттік кредит отандыцқ қарызгерлер: кәсіорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

    Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының  резиденттері Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз  алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

    Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.

    Қарыздар  бойынша Қазақстан Республикасының  атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша  Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

    
  1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңы
  2. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері».

      Алматы -2001 ж., 126 бет

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж., 225 бет
  2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы 2003 ж., 445 бет
  3. Мамыров Н.К. «Халықаралық экономикалық қатынастар», 172 бет
  4. Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар», Алматы – 2001, 154 бет
  5. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория», Алматы – 2002 ж., 385 бет
  6. «Экономикалық саясат», Экономика –Алматы, 2002 ж, 168 бет
  7. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы.- А.,2001
  8. Оксибаев О.Бюджет и межбюджетные отношения: учет интересов экономической безопасности // Финансы Казахстана.- 2004.-N 5
  9. Омирбаев C. Финансы.- Астана: 2003
  10. Банроттық туралы заңдар, Заң - 2005

Информация о работе Экономикалық дамудағы банкроттықтың рөлін талдау