Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 15:15, курсовая работа
Қазіргі уақыттағы заң, алдымен борышкер кәсіпорынды мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған нормаларды қамтиды. Өйткені кәсіпорындардың жалпылама бәрінің банкроттыққа ұшырауы елеулі әлеуметтік салдарларға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан да барлық нарықтық қатынас орнаған мемлекеттерде кәсіпорынды жалпы күйреуден қорғауға бағытталған белгілі бір механизмдер қалыптасқан. Мұндай механизмдердің негізгі элементтерінің біріне - банкроттықты кұқықтық реттеу жатқызылады.
КІРІСПЕ……………..... ………………………………………………………….4
І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ……………...5
1.1 Банкрот туралы жалпы түсініктеме …………..……………………………..5
1.2 Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі ..………………….7
1.3 Банкротқа ұшырау жолдары……………………………………………….. 10
ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ……………………………………………………… 14
2.1 Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері………………………. 14
2.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі………………………………….. 19
2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау…………………………... 21
ІІІ. БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ……………….…………………………………….. 23
3.1 Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау………………………...………………………… 23
3.2 Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары……………………………………………………………….. 24
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………..…………………………………... 27
Пайдаланылған әдебиеттep…………......………………...…………………..29
</h3>
Сондай-ақ Т. Мухамбетов пен А. Нукушевтің көзқарастары бойынша банкроттық ұғымынан ықтауда заңдылық (құқықтық) және экономикалық (қаржылық) бағыттарды ұстанған жөн.
Бүгінде көбіне сол құқықтық
бағытты көп кездестіреміз.
1.3
Банкротқа ұшырау жолдары
Ал экономикалық бағыттың өзі: макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме-нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме-фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.</h4>
Ал ресейлік экономистер банкроттықты анықтау үшін, алдымен оған ұшырау себептерінің екі категориясын (ішкі және сыртқы) ашып көрсетеді (Е.М.Шабалин. Как избежать банкротства. М.: Инфра-М, 1996). Олар ішкі себептеріне – экономикалық, саяси, демографиялық алғы шарттармен басқа да факторларды жатқызса, ал керісінше сыртқы себептеріне - халықаралық нарықта бәсекелестіктің күшеюі, ғылым мен техниканың дамуы және тағы басқаларын жатқызды.
Банкроттық ұғымын "етеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.
Бірінші
жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі"
өлшемі бойынша борышкердің
Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі)- ол "дәрменсіздік" екендігі қайта кеткен жөн.
Сотта банкроттық бойынша істі қозғаудың маңызы, борышкердің дәрменсіздігінің жоғарыда аталып өтілген сыртқы белгілері мен өлшемдерінен көмде-кем емес. Бұл жерде мәселе сот тәжірибесінде жинақталған, қолданыстағы заңның көйбір кем шін тұстарында.
Мәселен заң соттық кредиторлардың банкроттық түралы істерді қозғау туралы арыздары бойынша олардың бастамашылық еркіне көз жұмып бағынуға мәжбүр етіп қойған. Себебі жоғарыда аталған банкроттықтың сыртқы белгілерін қазіргі нарықтық замандағы мүліктік айналымға қатысушылардың кез келгенінен табуға болады. Сондай-ақ кредитор борышкерді банкрот деп табу туралы арыз берерде құрамды заң талаптарын сақтаса болғаны, сотысы арыз негізінде 5 күн мерзім ішінде банкроттық туралы істі қозғауы қажет.
Заң шығарушымен банкроттық туралы істі қозғаудың мұндай жетілдірілген механизмі - дәрменсіз борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру жүргізілетін оңалту рәсімдерін кеңінен қолдану үшін жасалған шығар. Бірақ статистикалық деректер бойынша дәрменсіз борышкерді оңалту рәсімдерім ең аяқ тапған істерден гөрі, оларды таратумен аяқталған істер аса басымдырақ келеді.
Бұл тұрғыда алдымен, сотта борышкерді дәрменсіз деп табу туралы кредиторлардың бастамасымен қозғалатын істерге талапты күшейту қажет. Яғни кредитор, шартты түрде сотқа борышкерді дәрменсіз деп табу туралы арызбен жүгінер алдында: талап-арыз беру тәртібімен қарызды өсіріп беру туралы сотқа жүгінгендігі туралы, сондай-ақ егер қарыз өндірілген болса қарызды өндіру туралы сот шешімі және оның орындалу барысы туралы мәліметтер, жалпы тиісті шараларды барынша қолдана білгендігін растайтын өз талаптарының белгіленген құқықтық негіздерін ұсынуы қажет.
Борышкердің әрменсіз деп тану туралы сотқа берілген арызға қарызды өндіру туралы тиісті сот шешімінің, сонымен қатар сол шешімнің орындалуы мүмкін емес екендігін растайтын дәлелдемелердің тіркелмеуі, яғни ұсынылмауы - соттың аталмыш арызды қараусыз қалдырып, оны қайтаруына бірден-бір негізі болуы қажет.
Сонымен қатар тәжірибеде көп кездесетін кезектен тыс өтелетін төлемдерге байланысты мәселелерге де көңіл аудармауға болмас ( Заңның 75-бабының 1-бөлігі). Алдымен осы нормада көрсетілген төлемдерден басқа кезектен тыс өтелуге жатуға тиіс талаптар шеңберін анықтап алу қажет, Меніңше конкурстық өндіріс кезінде борышкердің іс-әрекетін қорғауға қажетті барлық түрлі төлемдер (күнделікті ағымдағы төлемдер) кезектен тыс өтелуі қажет.
Заң талаптарына сәйкес кредитордың борышкерге талаптары борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуі тиіс (71-бап 1-бөлігі). Бірен-саран жағдайларда кейбір кредиторлар осы норманың талабын сақтамастан, заңмен берілген екі ай мерзім өтіп кеткеннен соң, өз талаптарымен конкурстық басқарушыға өз өтініштерін қанағаттандыру туралы жүгініп жатады. Осы жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан, не оны қараудан бас тартқан жағдайда кредиторлар тарату балансын бекіткенге дейін конкурсты басқарушыға талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан да банкроттық ісі көлемінде қаралуға тиіс кредитолардың шексіз талаптарының шеңберіне заңмен нақты шек қойылуы тиіс.
Қазіргі таңда оңалтуды және конкурсты басқарушы арнайы лицензиясы бар үміткерлерді тағайындау жүйесінің тиісінше ұйымдастырылуы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкерді басқарудың бірден-бір уәкілетті органы ретінде әрекет ететіндіктен, бұл жерде сөз оның жоғары кәсіби деңгейлігі жөнінде қозғалып отыр. Өйткені борышкердің қаржылық жағдайын бағалауды, сондай-ақ оның ішкі және сыртқы өндірістік байланыстарын саралап-анықтауды, борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалыптастыру мақсатында құқықтық және экономикалық әдістерді қолдана білуді, сонымен қатар таратуды жүзеге асыру кезінде өзінің негізгі міндеттері, яғни борышкердің мүлкін сату, оның несие берушілерімен есеп айырысу міндеттерін тек кәсіби және адамгершілік деңгейі жоғары тұлға ғана игере алады.
Бір жағынан, конкурстық басқарушылар қызметіне сот бақылау функциясын күшейту қажет. Сот банкрот рәсімдерін жүргізудің кез келген сатысында конкурстық басқарушыдан борышкерді тарату барысы туралы есеп беруді талап етуге, сондай-ақ егер сотқа конкурстық басқарушының өз міндеттерін тиісінше орындамауы жөнінде дәлелді фактілер белгілі болып жатса, онда сот өз бастамасымен оны борышкердің ісін жүргізу қызметінен шеттетуге құқылы болуы қажет.
Сондай-ақ
қазіргі таңда банкроттық заңын
ең алдымен іс-жүргізу
Әрине бұл мақала көлемінде банкроттық заңында кездесетін барлық кемшіліктерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырып, ұсыну мүмкін емес. Дегенмен де қазіргі қолданыста жүрген "Банкроттық туралы" заңның кейбір кемшін тұстары туралы сөз қозғалып, заң нормаларын жетілдірудің жолдарын көрсетуге міндетті.
<h>ІІ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ
2.1
Кәсіпорындағы банкроттың
пайда болу себептері
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.</h4>
Баланстың
қанағаттанғысыз құрылым
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылу нан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясат ның тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептер келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-
экономиканы реформалаудың
-
инфляцияның аса жоғары
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-
бәсекелестің жоғары деңгейі
және соның нәтижесінде пайда
болған сәйкес келмейтін
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасының кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшьшарының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорынның банкроттығы жайында акті жүзеге асыруға шешім қабылдау процесте нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Қазақстан
Республикасының «Банкроттық
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болғанда, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық "ауруын" және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның
банкроттылығын болжау бойынша құралдарды
кең пайдалана отырып, кәсіпорынның
дағдарыс жағдайынан шығу шараларын
ойластыруға мүмкіндік
Информация о работе Экономикалық дамудағы банкроттықтың рөлін талдау