Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 13:38, реферат
1 Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары
2 Нарықтық экономиканы қалыптастыру
3 Ұлттық валютаны енгізу
4 Ауыл шаруашылығын нарық талабына сай қайта құру
5 Пайдаланған әдебиет
Қарашаның басында республика Премьер-Министрі С. Терещенко бастаған Қазақстан делегациясы Қазақстанның бірыңғай сом аймағына енуі туралы шартқа қол қою мақсатымен Мәскеуге барды. Алайда келіссөздер барысында Ресейдің жаңа талаптары көбейе берді, түптеп келгенде олар Қазақстанды экономикалық егемендігінен айыруға дейін жеткізетін талапқа тірелді. Сонымен бірге көрші мемлекеттерден Қазақстанға ескі үлгідегі сомдардың көптеп төгілуі 1993 жылғы қарашаның соңына қарай республиканың ақша жүйесін тұралатты, инфляцияны өршітті. Осы жағдайлардың бәрі тұрғындардың тіршілік деңгейіне мүлде кері әсер етті.
1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге шақалар
Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының басшылығы өз валютасын енгізу керек деген шешім қабылдауға тоқталды. Республика Президенті Қазақстан Республикасы тұрғындарына үндеу жариялады. Қазақстан Ресейді, басқа да ТМД мемлекеттерін осындай қадамы туралы уақытында хабардар етті. Өз валютасын енгізерде Қазақстан езге мемлекеттердегі ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгізу тәжірибесін есепке алды. Ұлттық валюта енгізудің сынағы мен болжамы анықталып, жаңа ақша белгісінің үлгілері жасалды. Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кірісті. Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта - теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді.
Теңге құнының тұрақтылығы мен жоғары сатып алушылық қабілетін сақтау, реформаны дұрыс өткізу және мүмкін болатын әлеуметтік қиындықтарды барынша азайту жағдайлары қарастырылды. Осы мақсатта жергілікті жерлерде ұлттық валютаны енгізудің өкілетті өкілдерінің Мемлекеттік комиссиясы құрылды, оған қысқа мерзімде барлық қажетті нормативтік базаны дайындау тапсырылды, валюта рыногының жұмыс істеу тетіктерін ұйымдастыруға, тұрғындар үшін ақша айырбастау жағдайын жеңілдетуге құқық берілді. Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік берді, ол енді тәуелсіз әрі егемен мемлекет есебінде жүргізілді. Осы бір күрделі кезеңде ірі халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстанның өз ұлттық валютасын енгізу жөніндегі шешімін қолдады.
Ұлттық валютаны одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығы шықты. Онда тұрғындар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөнінде іс-шаралар белгіленді. Бірақ инфляцияға қарсы күрес бағыты өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың кебеюіне әкеліп соқты. 1995 жылы өнімдер мен тұтыну тауарлары өндірісі нашарлай берді. Машина жасау мен жеңіл өнеркәсіпте едәуір артта қалу жалғасты. Өндірістік кәсіпорындарда өзіндік қаржы айналымы жетіспеушілігі қатты сезілді, инвестициялық белсенділік төмендеді. Түскен табыс мемлекет алдындағы салық міндеткерлігін, сабақтас кәсіпорындар арасындағы өзара төлемге және қызметкерлерге жалақы төлеу бойынша қарызды жабуға да жетпеді. 1995 жылғы 1 қазанда жалақы бойынша қарыз 25 100,8 млн теңгеге, ішкі жалпы өнім көлемінің 23,97%-ына жетті.
Бұл процестер жұмыссыздықтың көбеюімен қоса жүрді. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми түрде тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп еді.
Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамды құрады. Өндірістің толық тоқтауынан 192 мың адам еріксіз еңбек демалысында жүрді, өндірістің жартылай жұмыс істеуі салдарынан 451 мың адам толық емес жұмыс күнінде еңбек етті.
Ауыл шаруашылық рыногы жағдайы бірқатар факторлармен - елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатпен де, жеке проблемалармен де байланысты айқындалады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдеріне негізделген көпқырлы экономиканы орнықтырумен тікелей байланысты екені белгілі. Осыған байланысты республикада колхоздар мен совхоздарды қайта құру, меншік түрі мен агрокәсіпорындар статусын өзгерту, жаңа типті меншік иесі - жұмыскерді қалыптастыру, оған өндіріс құралдарын, өнімі мен табысын еркін пайдалану құқығын беру кең келемде жүргізілді. 1995 жылдың басында 30168 әр түрлі агроқұрылымдар, соның ішінде 2946 совхоздар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындар, 1082 ұжымдық кәсіпорын, 295 акционерлік қоғам, 434 колхоз, 487 ауыл шаруашылық кооперативтері, 22401 шаруа қожалығы, 150 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 592 ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін көсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында 1671 совхоз шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес нысанына айналдырылды, бұл 1992 жылдың 1 каңтарындағы барлық шаруашылықтың 78,8%-ын құрады.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің тұрақсыз экономикалық жағдайы - қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуіне, ауыл шаруашылығы мен өндіріс арасындағы тауар алмасудағы теңсіздікке, инфляцияға, бюджет жетіспеушілігіне, мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына, ресурстардың қымбаттауына байланысты туындады. Нәтижесінде елдің ауыл шаруашылығында өте қиын жағдай қалыптасты. Мұның басты себептерінің бірі — экономикалық реформаны жүргізудің кешенді болмауы еді. Көпқырлы экономиканы қалыптастыру негізіне мемлекеттік меншікті жекешелендіру алынды. Ол аграрлық саладағы барлық проблеманы шешудің негізгі құралы ретінде қаралатын болды. Жаңа типті меншік иесі - еңбекшіні қалыптастыру - совхоздарды жекешелендіру, шаруашылық тетігін түгел есепке алмай жер мен мүлікті бөлісу (баға қалыптастыру, қаржыландыру, несие беру) тұрғысынан қарастырылды. Мысалы, егер өндірістік тауарлардың бағасы 1992 жылы қаңтарда түгелдей дерлік босатылған болса, ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне мемлекет кесімді сатып алу бағасын белгіледі және жекешеленген кәсіпорындарға да мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде ендіріс тауарларының бағасы ауыл шаруашылығы өнімдері бағасынан 11 есеге өсті. 1995 жылы ғана барлық түрдегі меншік иелерінен астық өткізуге мемлекеттік тапсырыс алынып тасталды.
Осылайша ауыл
шаруашылығын дамытудың кез келген
әрекеті баға қайшылығынан жүзеге аспады.
Осы және өзге де себептерден ауыл
шаруашылық өндірісі тиімсіз болған
шаруашылықтар саны жылдам артты. 1993
жылы агроқұрылымдардың жалпы
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мал, астық, және басқа өнімдерін жанар-жағармайға, қосалқы бөлшекке, еңбекшілердің жалақысын төлеуге т. б. өткізе бастады. Айырбас операциялары жабдықтаушылардың талабымен орындалды. «Реформа саясаты» нәтижесінде республика ауыл шаруашылығы алдында тағы да онға тарта проблема туындады: нарықтық инфрақұрылымның қалыптаспаған кезіндегі өнім еткізудің қиындығы, салықтың жоғарылығы, өтем қабілетінің төмендігі, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың болмауы және т. б. ауыл шаруашылығының жедел дамуына кедергі келтірді. Алайда жүргізілген реформалар өз жемісін де бере бастады. Ол, әсіресе, 90-жылдардың соңында айқынырақ байқалды, ал XXI ғасырдың басында түбегейлі өзгеріс орнады. Тауар рыногы молайып, кезекке тұру жоғалды, жәрдемақы, еңбекақы уақытында берілетін болды. Теңге едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар меншігі келмеске кетті. Жекешеге берілген мыңдаған орташа және ірі кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Қарапайым азаматтардың тіршілігі едәуір жақсарды. Қаңырап бос қалған көптеген ауыл мен селолар жандана бастады.
Қазір бүкіл әлем
жұртшылығы экономикалық
дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт
мемлекеттерді де шайқалта бастағанына
куә болып отырмыз. Дағдарыс біздің елімізді
де айналып өткен жоқ. Алайда тәуелсіздік
шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер
империясының орнына жаңа мемлекет орнату
оңайға түспегені белгілі. Қазақстанның тоталитарлық
жүйенің
күйреуінен кейінгі экономикалық саланы
қайта құру төжірибесі бұл қиындықтарды
да жеңіп шығады деген сенім ұялатады.[1]