Экономикадағы түбегейлі өзгерістер

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 13:38, реферат

Описание работы

1 Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары
2 Нарықтық экономиканы қалыптастыру
3 Ұлттық валютаны енгізу
4 Ауыл шаруашылығын нарық талабына сай қайта құру
5 Пайдаланған әдебиет

Работа содержит 1 файл

курстык.docx

— 45.18 Кб (Скачать)

Экономикадағы түбегейлі өзгерістер

  • 1 Нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары
  • 2 Нарықтық экономиканы қалыптастыру
  • 3 Ұлттық валютаны енгізу
  • 4 Ауыл шаруашылығын нарық талабына сай қайта құру
  • 5 Пайдаланған әдебиет

Нарықтық  жүйеге көшудің қиыншылықтары

Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.

Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С.А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады» деп мойындауға мәжбүр болды.

Қағаз ақша шамадан  тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды.

Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды.

1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту бағдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы каңтар) ол 186,4 есе, ал сөуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті.

Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.

Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті.

Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.

1992 жыл өте  күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің  әлеуметтік жағдайының нашарлауына  Ресейде жасалған реформаны сол  қалпында қайталау да біршама  әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.

Нарықтық  экономиканы қалыптастыру

Қазақстанда жүргізілген  экономикалық реформа экономиканы  басқару құрылымын, мемлекеттік  органдардың қызметі мен рөлін  түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалық прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.

Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру  жоспары жасалды.

Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды  мәселе - меншік түрлеріне қатысты  мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Жекешелендіру экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен қатар келді. Республикада ірі кәсіпорындардың үлестік салмағы жоғары болатын. Шикізат шығаратын және өңдеуші өнеркәсіп саласы басым еді. Сондықтан жекешелендіруге өтуде республиканың экономикалық даму ерекшелігін ескеру қажет болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.

«Мемлекет иелігінен  алу және жекешелендіру туралы»  Заң мемлекеттік меншік түрлерін төмендегідей өзгертуді қарастырды: мүлікті жалға беру; жалға берілген мүлікті сатып алу; мүлікті еңбек ұжымдары мүшелерінің сатып алуы; мүлікті конкурс немесе аукцион арқылы сатып алу; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдырып қайта құру.

Меншік құрылымдары  түрлерінің артықшылығымен қатар кемшіліктері де болғанын айтып өту керек. Орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруде акционерлік қоғам  құру (АҚ) басым болды. Ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіруде сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық  қызмет көрсету мекемелері тікелей  сатуға шығарылды.

Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті.

Бірінші кезеңде (1991-1992 жылдар) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0,5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.

Жекешелендірудің  екінші кезеңі (1993-1995 жылдар) «Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің; ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама - бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойды. Қазақстан экономикасының базалық саласын қамтитын: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылыс мекемелерін, банк ісін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығарушы салаларды, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру қарастырылды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі - мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.

Кәсіпорындарды  акционерлік қоғамдарға айналдыру  жұмысы қатар жүргізілді. Алғаш рет  жеке жоба бойынша Алматы темекі комбинаты  мен Шымкент кондитер фабрикасы  сатылды. Осы кезеңде айтарлықтай  қиын жағдайда тұрған «Қарметкомбинатты» тек ірі көлемді инвестиция құтқара алатын еді. Комбинат сатылып, оның жаңа меншік иелері еңбекақы бойынша қарыздарды бірден жапты. Домна пештеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді, маңызды технологиялық жобаларды қайта жаңғыртып, цех құрылысына ыстық мырыштау мен алюминдеу процесін енгізді.

1995 жылы «Жезқазғантүстіметалл»  комбинаты банкротқа ұшыраудың алдында тұрды. Кәсіпорынның 170 миллион доллар қарызы болды, оның 10 миллионы еңбекақы үшін қарыз еді. 1996 жылы «Жезқазғантүстіметалл» комбинаты акциясын сатып алу бойынша өткен тендерде «Самсунг» компаниясы жеңіске жетті, комбинатқа жүздеген миллион доллар инвестиция салды.

Жекешелендірудің  үшінші кезеңі (1996-1998 жылдар) - электр қуаты мен мұнай-газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.

1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып  отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады.

Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық, негізін құру мақсатында Республика Парламенті көптеген заңдар мен нормативтік актілерді қабылдады, олардың ішінде мынадай: «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазакстан Республикасындағы шетел инвесторлары», «Қазакстан Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» т. б. маңызды заңдар болды.

Меншік туралы заңға сәйкес меншік нысандары мен  түрлері белгіленді. «Кемелденген социализм» дәуірінен ерекшелігі - Қазақстандағы меншік азаматтар меншігі, ұжымдық және мемлекеттік меншік түрінде болды. Республикадағы шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заң негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді анықтады.

Реформа үшін монополия  қызметін шектеу туралы Заңды іс жүзіне асырудың маңызы зор болды. Онда нарықты  басқару тетіктерін іске қосу, ерікті бәсеке кәсіпкерлікті, республикадағы сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету карастырылды. Басқарудың монополиялық құрылымдарын тарату, олардың пайда болуына жол бермеу, тауар нарқында сапасыз бәсекені жою шаралары белгіленген.

Дегенмен, мемлекеттік  монополия электр энергиясы, темір жол салу мен пайдалану, қорғаныс қажетін қамтамасыз ететін салаларда, ғарыштық жұмыс пен зерттеуде, сонымен бірге магистральдің құбыр жүйелерінде, коммуникациялар мен байланыс желілерінде уақытша сақталды. Әр түрлі банктерді біріктіретін банктік құрылым жүйесі жасалды. Бірақ жасалған құрылымдық өзгерістер республиканың материалдық қиын жағдайын тез арада жақсарта алмады. 1993 жылдың өн бойында Н. Ә. Назарбаев Парламент пен үкіметтің бар күшін ТМД елдері экономикасын интеграциялауға бағыттады, ол өзара пайдалы ынтымактастықтың артықшылығын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еді. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Қазақстан жаңа типтегі сом аймағын құруды ұсынды. Қазақстан Ресей басшылығының тең құқықты негіздегі жаңа сом аймағы құрылатыны туралы мәлімдемесін бірнеше рет алды.

Информация о работе Экономикадағы түбегейлі өзгерістер