Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:00, реферат
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
жОСПАР:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Экономикалық социологияның тарихи дамуы
Б) Экономикалық социологияның негізгі категориялары
3.Қортынды
Вебер ұйым теориясы шеңберінде бюрократия құбылысына сипаттама жасап, бюрократиялық жүйені әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыта түсуде нақтылы әдістемелік ұсыныстар берген.
Вебер социологиясының негізгі принципі - бюрократия теориясының арқауын құратын рационалдылық. Капитализмнің ең маңызды белгісі, бәрі де мойындап отырған таным құралы ретіндегі ғылымның рөлі болып табылады.
Вебердің айтарлықтай
Ғылым өнеркәсіпте ірі-ірі
Вебер, жан-жақты социолог бола тұра, социологияда ең бастысы шаруашылық өмірді талдау деп есептеді. Ол әлеуметтік-экономикалық өмірді зерттеп білгенде жүріс-тұрыс категорияларына сүйенді және жүріс-тұрыстық тұрғыдан қарауға үгіттеуші болып табылады.
Талкотт Парсонс (1902 - 1979) қоғамның төмендегідей негізгі белгілерін бөліп қарастырды: 1) экономика, өзінің жаппай өндірісімен, бюрократиялық ұйымымен, жан-жақты қамтушы нарығымен, ақшасымен қоғамда жоғары рөл атқарады; 2) төрт кіші жүйенің толық жіктелуі (бейімделушілік, мақсатты бағыттаушы, интегративті, қолдаушылық); 3) әлеуметтік үйлестірудің негізгі механизмі болып табылатын құқықтық жүйенің дамуы; 4) стратификация; 5) әлеуметтік өзара байланыстардың күрделі жүйесінің жанама түрде кеңеюі.
Ол экономикалық қатынастарды талдауға көңіл бөледі, іс-әрекет теориясы тұрғысынан адами әрекеттің субъектісі көбіне жалпы құрылымдардың элементі ретінде көрінеді. Немесе іс-әрекет жүйелері ішінде шешуші рөл нормативтік құрылымдарға беріледі.
Парсонс, қазіргі және дәстүрлі қоғамның
үлгілері тарихи қоғамдарды шынайы бейнелейді
деп есептемейді; керісінше, ол оларды
үзіліссіз сызықша бойында
Ғылыми пән өзінің ерекше амалдарын
жасап шығаруға мүмкіндік беретін,
дербес қалыптасқан теориялық аппараты
құрылған кезде ғана, өз орнын тапты
деп есептеледі. Теориялық бекітілімдер,
категориялар мен ұғымдар танымның
жалпыға мәні бар схемасын қалыптастырады,
құбылыстар мен процестердің ең құнды
ерекшеліктерін, белгілерін және заңдылықтарын
көрсетеді. Басты социологиялық-
Экономикалық социологияның
Басқа да арнайы социологиялық теориялар сияқты экономикалық социология да әлеуметтік қатынастарды зерттеуде түсіп отырған саласының мәнін ашатын жалпы социологиялық категориялар мен өзіндік ерекшелігі бар ұғымдарды қолданады. Ғылымның бұл саласын алға тартып отырған көптеген категорияларға байланысты келесі топтарға бөлуге болады.
1) Жалпы ғылыми (тұжырымдамалық) категориялар - құрылым, жүйе, функция, процесс, байланыс, тұрақтылық, өзгерушілік, даму және т.с.с. Олар жалпы әдістеменің тілін құрайды, экономикалық және әлеуметтік салаларды, экономикалық қатынастар мен процестерді реттеудің әлеуметтік механизмдерін сипаттау құралы ретінде қолданылады.
2) Жалпы әлеуметтік категориялар, басқа да әлеуметтік ғылымдардың сөздігінен алынған. Айталық, экономикалық теориядан - нарық, өндіріс, тұтыну, айырбас, бөліп беру, жеке меншік, бәсекелестік, жұмыспен қамту, трансакциялар және т.б. сияқты терминдер қолданылады. Философиядан - қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет; әлеуметтік психологиядан - ұжым, тұлға, дәлелдеу, сәйкестендіру; жалпы социологиядан - әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым, стратификация және басқалар.
3) Өзіндік ерекшелігі бар категориялар экономикалық социологияның жеке категориялары болып табылады, оның әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды (экономикалық әрекет, шаруашылық ниеттемесі, экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, таптаурындар, келісім-шарттық қатынастар, әлеуметтік-экономикалық қолдау жүйелері және т.б.) танып білудегі амалдарды білдіреді.
Социологиялық зерттеу барысында бұл категориялар операциялық процестен өтіп, эмпирикалық талдауға жатқызылады. Мысалы, шаруашылық ниеттемесі, нарықтық өзгерістерге көзқарас, мамандық пен іс-әрекет түрін таңдаудағы түрткі себеп, ресспондент үшін жұмыс орнының түрлі сипаттамаларының маңыздылығы, оның жоғары жалақысы бар жұмыс табуға ұмтылысы, кәсіпкерлікке көзқарасы және басқалар сияқты эмпирикалық индикаторлар көмегімен анықталады.
Экономикалық социологияның
Экономикалық социология экономиканың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық және әлеуметтік ұғымдарды анықтап алу қажет. “Әлеуметтік” дегенде сол қоғамдағы индивидтер мен топтардың нақты орны мен уақыты жағдайында ортақ іс-әрекет процесінде топтасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы түсіндіріледі. Әлеуметтік - адамдардың өзара әрекеттесуі барысында туындайды және бір-біріне қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге әр түрлі қатынастар барысында көрінеді.
“Экономикалық” деген ұғым адамдар арасындағы өндірісті ұйымдастыру мен материалдық игіліктерді тұтынумен байланысты қандай да бір қоғамдық қатынастарды білдіреді. Экономика өндірісті, еңбек нәтижелерін алмастыруды, өндірілген нәрсені таратуды, тұтынуды қамтиды. Экономика социологиялық көзқарас тұрғысынан екі жақты қарастырылуы мүмкін - шаруашылық іс-әрекет және осы әрекеттерді реттеуші институттар жүйесі ретінде.“Шаруашылық” ұғымы экономиканың синонимы болып табылады және ол адам мен оның айналасындағылардың өмір сүруге қажетті игіліктерді өндіру мен тұтыну мақсатындағы өзара әрекеттесуі деп түсіндіріледі. Бұл тұрғыда экономика қоғамның жеке адам қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін шектелген қорларды пайдалану жайлы шешім қабылдайтын және оны іске асыратын саласы.
Екінші жағынан, қоғамда шаруашылық іс-әрекет процесінде белгілі бір экономикалық институттар қалыптасады. Дәл осыларда, әлеуметтік тәжірибе, ең қолайлы әлеуметтік-экономикалық нәтижені алуға мүмкіндік беретін, шарушылық субъектілерінің нақтылы материалдық-техникалық ортамен өзара әрекеттесуінің тұрақты әдістерін бекітеді. Нәтиже жекелеген әлеуметтік топтар көзқарасы тұрғысынан алғанда аса мықты емес, алайда халықтың көпшілігі үшін ең қолайлысы, өйткені ол қоғамның шаруашылық іс-әрекетінің тұтастығын қамтамасыз етеді. Экономика бұл жерде материалдық сала ретінде емес, Парсонс бойынша көбіне бейімдеу бағытына ие қоғамдық ресурстарды өндіру механизмі, институттар жүйесі ретінде қарастырылады.
Қоғамдық қатынастардың кез
келген жүйесі (экономикалық, саяси
және басқалар) адамдардың бір-біріне
және қоғамға деген көзқарасын білдіреді.
Экономикалық құбылыстар мен процестер
өзінің әлеуметтік негізіне байланысты
болады. Әлеуметтік процестер экономикалық
аясына кіреді немесе керісінше. Мысалы,
қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік
көбінде адамдардың экономикалық позицияларымен
(меншікке ие болумен, табыс деңгейімен,
кәсіби жұмыспен қамтылумен) анықталады.
Экономика индивидтерді топтық және
жекелік байланыстар жасауға
итермелейді, олардың арасында өзара
әрекеттесудің өзіндік
Экономикалық социологиядағы әлеуметтік өмірді талдау бастау алатын негізгі категориялардың бірі “экономикалық іс-әрекет” және “экономикалық жүріс-тұрыс” болып табылады.
Экономикалық жүріс-тұрысты шығын мейлінше азайып, таза пайда мейлінше көбейетін ұтымды таңдау жасау мақсатымен экономикалық байланыстарды кеңейьуге байланысты жүріс-тұрыс деп бағалауға болады .
Радаев Вебердің экономикалық іс-әрекет социологиясы дәстүрін жалғастыра отырып, оны ішкі дәлелденген және басқа адамдардың әрекеті мен қолда бар нормаларға бағыт алған әлеуметтік әрекет ретінде қарастырады. Ол экономикалық іс-әрекетті “өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында күш көрсетусіз әдістермен шектелген ресурстарға бақылау орнату” деп түсіндіреді.
Адамдардың экономикадағы
- Адам тәуелсіз. Ол жеке қалауларынан негізделіп, дербес шешім қабылдайтын атомданған индивид.
- Адам өзімшіл. Ол бірінші кезекте өз мүддесін ойлайды және жеке пайдасын ұлғайтуға тырысады.
- Адам рационалды. Ол алға қойылған
мақсатына біртіндеп жетуге
- Адам хабардар. Ол өз қажеттіліктерін
жақсы біліп қана қоймай, оны
қанағаттандырудың құралдары
Алайда, экономикалық агенттің ұтымдылығы мен жеке даралығын мойындай отырып, экономикалық іс-әрекетті талдауда социологиялық тұрғы оны индивидтің әр түрлі бейнедегі әлеуметтік құрылымдар қатарына енген және өздерінің әлеуметтік байланыстар жиынтығы тұрғысынан қарастырады. Қазіргі кезде экономикалық іс-әрекетті социологиялық талдаудың өзіне тән ерекшелігі үш жағдайда қалыптасады.
- Экономикалық әрекет - әлеуметтік
әркет формасы болып табылады.
Шаруашылық ниеттер
- Шаруашылық институттар - әлеуметтік
конструкциялар болып табылады.
Олар экономикалық әрекетті
Егер де “экономикалық адам” - ол тәуелсіз, өзімшіл, рационалды және хабардар адам болса, “социологиялық адам” қоғамдық нормаларға бағынады және өзгешілдікке жақын, өзін иррационалды тәртіпсіз түрде ұстайды, ақпараты мардымсыз және табыс пен шығындарды есептеуге қауқарсыз. Адамның социологиялық-экономикалық жалпы үлгісі, адамды осындай екі радикалды позициялардың ортасына орналастыруды меңзейді. Бұл жағдай адамды қалыптасқан жағдайға аса икемді және белсенді етеді: жай ғана ақпаратқа ие емес, сонымен қатар, оны танып білуші, жай ғана нормаларды орындаушы емес, сондай-ақ әлеуметтенуші етеді.
Адамдардың шаруашылық әрекеті экономикалық сана мен ойдың типімен, экономикалық мәдениеттің даму деңгейімен анықталады.
Экономикалық сана, экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол, әлеуметтік топтар мен индивидтердің, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.
Экономикалық сана-сезім
Экономикалық сана теориялық сана-сезім мен эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама формасында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шарушылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.
Поп Хейне экономикалық сана мен ойдың жұмыс механизмін бейнелейтін қызықты салыстырма келтіреді. Қазіргі индустриалдық экономикада миллиондаған адамдар үшін көптеген күрделі игіліктерді өндіру үшін қажетті күш жігерін жоғары дәлдікпен мақұлдап отыру қалайша мүмкін болады деген сұрақ қойылады. Мысал ретінде, жол қозғалысының шарықтау сағатындағы тәртіпке келтіргендігін келтіреді, ол тиісінше әрбір жүргізушінің тәуелсіздігін сақтай отырып, қоғамдық әріптестікке түсуін және әрқайсысының өз мақсатына жету мүддесінің есепке алынуын көрсетеді.
Информация о работе Экономика әлеуметтануының түсініктері мен категориялары