Экономика әлеуметтануының түсініктері мен категориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:00, реферат

Описание работы

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.

Содержание

жОСПАР:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
А) Экономикалық социологияның тарихи дамуы
Б) Экономикалық социологияның негізгі категориялары
3.Қортынды

Работа содержит 1 файл

2ktevtnnfye.docx

— 35.42 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ

УНИВЕРСИТЕТІ.

«Педагогикалық технологиялар» институты.

«Тарих және философия » кафедрасы.

Тақырыбы: Экономика әлеуметтануының түсініктері мен категориялары

   

 

 

 

 

 

 

 

                                                 ОРЫНДАҒАН: ИНФ11-1 ТОБЫ

                                                                             СИСЕНБАЕВА С.

                                                                              ҚЫЛИШАЕВА Р.

                                                  ТЕКСЕРГЕН: АҒА ОҚЫТУШЫ ҚАМИЕВА  Г.

                        жОСПАР:                                            

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

А) Экономикалық социологияның тарихи дамуы

Б) Экономикалық социологияның негізгі категориялары

3.Қортынды

                                                                 

  

                                                                                                                               

 

Кіріспе

 

Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір социологиялық зерттеудің ең маңызды  объектілерінің біріне айналды. Экономикалық социология жеке ғылыми пән ретінде  өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы  да әсер ететіндігін көрсеткен басқару  тәжірибесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.

Экономикалық социология немен  айналысады? Осы ғылыми көзқарастың  социология және экономикалық ғылымдармен  салыстырғанда өзіндік ерекшелігі неде? Бұл пәннің өзіне тән ерекшелігін  анықтау үшін басқа ғылымдармен  сәйкес келмейтін өзіндік зерттеу  пәнін және әдісін анықтап алу  қажет.

Экономикалық өмірге социологиялық  тұрғыдан қарау, оны адамдар арасындағы қатынастардың бір саласы ретінде  қарастыру, біздің түсінігімізді айтарлықтай  кеңейтіп тереңдете түседі. Ол бүгінгі  күнде заман талабына сай болып  отырған нарық, өндіріс, тұтыну т.б  процестердің экономикалық саралау  саласында қандай да бір қосымша  немесе қосалқы құрал болып саналмайды. Экономикалық социология экономиканы  ондағы әреект етуші әлеуметтік топтардың  белсенділігімен, олардың мүдделерімен, жүріс-тұрысы мен өзара әрекеттесуімен қозғау алатын әлеуметтік процесс ретінде  сипаттайды.

Экономикалық теория көп жағдайда материалдық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың дайын өнім мен қызметке айналу қатынастарын зерттейді. Социология өз кезегінде  тікелей адамның іс-әрекетіне  және әлеуметтік байланыстарға көбірек  көңіл бөледі. Экономика екі ғылымның да зерттеу объектісі болып табылады, алайда әрбір пән экономикалық құбылыстарды зерттеп білуде өз көзқарастарын  ұсынып, әр түрлі міндеттер қояды, мәліметтерді жинау мен талдауда өз әдістерін қолданады.

В.В. Радаев атап көрсеткендей, “экономикалық  теория үйреншікті нәрсеге редукция шығарады, ал экономикалық социология - үйреншікті нәрсеге проблемалық сипат береді”. Экономистер жай адамға қиын материяларды (бағалардың қалыптасуы, қаржы ағымдарының қозғалысы т.б.) түсіндіре отырып, дұрыс мағына логикасына, кәдімгі адамдардың жүріс-тұрысына әкеліп тірейді. Социологтар, керісінше, күнделікті өмірде біз дұрыс мағына деңгейінде қабылдайтын, “жай ғана” істермен айналысады. Неге тұтынушылар әр түрлі дүкендерге барады және бірдей затқа әр түрлі ақша төлейді? Неге кәсіпкерлер іскер әріптестерін қатаң түрде белгілі бір адамдар тобынан таңдап алғысы келеді? Неге қатардағы жұмысшылар өз әріптестерінің жалақысының мардымсыз жоғарылауына қызғанышпен қарап, “қатардағылар” мен “басшылар” табысының арасындағы үлкен айырмашылықты қалыпты нәрсе деп қабылдайды? Социологтар бұл сұрақтарға жауап іздей отырып, адамның жүріс-тұрысын күрделі әлеуметтік байланыстардың нәтижесі деп қарастырады.

 Қазіргі күнде экономикалық  социология ықпалына енген сұрақтар  бұрынырақ белгілі бір деңгейде  индустриалды социология, еңбек  социологиясы, аймақ социологиясы, басқару социологиясы, ұйымдастыру  социологиясы және басқа да  сол секілді шектес бағыттарда  қозғалған еді. Бұл пәндер экономикалық  социологияның пәнаралық ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы үшін іс жүзінде тұжырымдық негіз дайындап берді. Олардың соңғысы - жұмыссыздық пен жұмыспен қамту, өндірістік ұйымдардың құрылымы мен түрлері, еңбек қатынастары, үй шаруашылығының қызмет етуі, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым, кәсіпкерліктің дамуы және басқа мәселелер ортақ тақырыпқа ие болды.

 Экономикалық социология зерттеудің  пәнаралық жаңа саласы бола  тұра, қатып қалған шекаралары  жоқ, басқа пәндердің әдістері  мен ұғымдары үшін ашық және  әлеуметтік-экономикалық білімді  енгізудің жаңа салаларын іздеу  жолында тұр. Ондағы негізгі  категориялар мен тұжырымдамалар, экономикалық құбылыстарды социологиялық  сараптау әдістері енді-енді жасалуда  және ол зерттеулер әлі соңына  дейін анықталған жоқ.

Тәжірибе көрсеткендей, кез келген ғылымды пән ретінде анықтау  көп жағдайда табысты бола бермейді, ол оның проблемалық ауқымын кеңейтеді  немесе бұрмалай түседі. Экономикалық социологияны пән ретінде қарастыра  отырып, біз бұл ғылыми бағыттың тұрғылары мен қызметтері жөніндегі  түсініктердің алуан түрлілігіне  негізделетін боламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық социологияның  негізгі міндеті - экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін индивидтер мен әлеуметтік топтардың мүдделері, мүмкіндіктері тұрғысынан социологиялық түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.

Экономикалық социология бізге  экономикалық дамудың әлеуметтік механизмдерін  біртұтас жүйе ретінде тереңірек  түсінуге жол ашады; нарықтық қатынастардың  қалыптасуы мен қызмет етуі жағдайында адамдардың экономикалық іс-әрекеті; шаруашылық және қаржы институттарының қалыптасуына саяси және әлеуметтік әрекеттердің, қоғамдық пікірдің, діл (менталитет) пен  мәдени дәстүрлердің әсерін ашу.

                     Экономикалық социологияның тарихи  дамуы

 

Экономикалық-әлеуметтік білімнің алғашқы  элементтері қайта өркендеу және жаңа заман дәуірінде пайда болған. Алайда мұндай білімнің теориялық сипаты ХVІІІ ғасырда бастау ала бастады. Бұл уақытта философтар Шарль  Луи Монтескье, Клод Гельвеций, экономистер  Адам Смит, Томас Роберт Мальтус, Жан  Шарль Сисмондидің, философ және социалист-утопистер Уильям Годвин, Анри Сен-Симон, Шарль Фурьенің ойлары құнды болды. Осы кезеңнің өзінде тәжірибешілердің, өндірісті басқарушылардың  экономикалық-социологиялық білімге  жүгінген алғашқы жәйттері пайда  бола бастады. Бұл тұрғыда ең жарқын мысал - Роберт Оуэн.

ХVІІІ ғасырда экономикалық социологияның  дамуының “философиялық-экономикалық”  кезеңі аяқталып, өзіндік “социологиялық”  кезеңі басталды.

Огюст Конт (1798 - 1857) - француз социологы және философы. Ол дәстүрлі философиядағы дерексіз конструкциялар мен заңдық ойлардағы шашыраңқы эмпирикалық байытуларға қарағанда қоғамдық өмірдегі диахроникалық және синхроникалық аспектілердегі құбылыстарды ғылыми зерттеп білуді ескере отырып “социология” ұғымын енгізді.

О.Конт қазіргі заманды анықтап-тануға талпыныс жасап көрді. Ол жаңа әлеуметтік тәртіптің бірқатар ерекшеліктеріне  көңіл аударды: 1) еркін кәсіпкерлік  пен бәсекелестікке негізделген  экономикалық жүйенің қалыптасуы; 2) жұмыс күшінің қалады шоғырлануы; 3) өндірісте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану; 4) басшылар мен жалдамалы жұмысшылар арасында жасырын немесе ашық қарама-қарсылықтың  пайда болуы; 5) әлеуметтік теңсіздіктің күшейе түсуі; 6) табыс табуға бағыт  ұстану.

Конт индустриалдық қоғам мен  өндірістің адамға және мәдениетке әсер ету теориясын дамытты. Оның теориясы бойынша өндіруші мен ойлап табушының  түйсігі өрлеуді тудырады. Өндірістің дамуы адамның өмір сүруін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге тұлғаны  жоққа шығарады және әлеуметтік тәртіпті бұзады.

Карл Маркс (1818 - 1883) - неміс социологы, философы және экономисі. Ол жасаған қазіргі заманғы капиталистік қоғамның бейнесі кең тарады. Маркс капитализмге күшті сыни және идеологиялық сипат берді.

Маркс көтерген ең танымал тақырып  “жатсыну” болып табылады. Маркстың пайымдауынша, адамдар табиғатынан  еркін, үйір және жасампаздыққа бейім. Алайда, адамның табиғи мүмкіндіктерінің көрінуіне кедергі болатын белгілі  бір тарихи жағдайлар туатын болса, онда олар табиғи бейімділіктерінен  айырылып қалады. Мұндай парасаттан жұрдай қалатын жағдайлар қоғамдағы  барлық топтар тарапынан болады, атап айтқанда қазіргі капитализм көптеген адамдарды тәуелділікке айналдырып, оларды қинап, экономикалық механизмнің  жатсынған бөлшегіне айналдырып жіберді. Өз еңбегін және оның өнімін бақылаудан айырылған жұмысшы жатсына  бастайды, өз еңбегінен, айналасындағы  адамдардан және ақырында өз-өзінен шеттеле  бастайды. Маркс атап кеткендей, жұмысшы  еңбек процесінде өзін орнықтыра  алмайды. Керісінше, өзін жоққа шығарып, бақытты емес, бақытсыз деп санайды. Ол үшін - еңбек дене және ақыл-ой күштерінің еркін ойыны емес, қаны мен сүйегін  жансыздандыру және сананы бұзу. Сонымен, жатсыну социоцентристік серпіндердің (өзімшілдік, атомизация), шығармашылықтың  жоқтығының (кертартпалық, еңбектің бір  сарындылығы), күшеюіне, әрекеттерді  бақылаудан (енжарлық), дербестіктен (адамдарды  басқарушы заттар фетешизмі), бас  тартуына бара-бар. Адам табиғаты өз мәнін  жоғалтып алады. Оларды қалпына келтіру  жатсынудан арылған жағдайда ғана мүмкін болады, ал оны тудырушы әлеуметтік жағдайлардың төңкерісін, тапсыз коммунистік  қоғамның орнауын талап етеді.

Герберт Спенсер (1820 - 1903) - ағылшын социологы және экономисі, өз еңбектерінде әлеуметтік даму және әлеуметтік эволюция мәселелеріне баса назар аударды. Ол “әскери” және “өндірістік” қоғамның полярлық қарама-қайшылық үлгісін жасай отырып, қазіргі қоғамға дәстүрлі қоғамды қарама-қарсы қояды. Спенсер жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін ашты. Олар - дамудың, қиратудың және реттеудің шешуші фокторлары болып саналатын әлеуметтік күрес пен бәсекелестік. Міне осылар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтардың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Жеңіске жеткендер меншік иелерінің тобын құрады, ал жеңіліс тапқандар - жалданбалы жұмысшылар т.б. қалыптастырады; жеңілгендердің ерте ме кеш пе абырой сезімі оянады және оның салдарының бірнеше нұсқасы болады.

Фердинантд Теннис (1865 - 1936) - неміс социологы және тарихшысы. Ол жаңа әлеуметтік құрылыстың маңызды белгілерін сипаттап берді. Теннис Gesellschaft (қазіргі қоғам) пен Gemeіnschaft-ты (дәстүрлі қоғам) бір-біріне қарсы қояды. Қазіргі қоғамда адамдар өзінің жеке қасиеттерін, ұқсастығын жоғалтып, құпиялы жалданушылар, жұмысшылар, сайлаушылар, тұтынушылар мен көрермендер, т.с.с. механикалық түрде біріге отырып, сахнаға шығады. Оған - үлкен нарықтары, аудиториясы, тыңдарман қауымы, электораты, ұлттық ұйымдары бар қазіргі қоғамның көлемі кінәлі. Мұндай жағдайда тұлғааралық байланыстар бүркемеленеді. Бұл жағдай өмір сапасының нашарлануына, бюрократия мен үкіметтің жекеленуіне алып келіп, тоталитарлық режимнің пайда болу қаупін тудырады.

Э.Дюркгейм (1858 - 1917). Ол “аномия” ұғымын енгізе отырып, адамдар - олар өз мүдделері үшін күресіп таласуға дайын тұратын өзімшілдер деп санады. Олар тек мәдени ережелер, нормалар мен құндылықтар арқылы байланысқа түскен жағдайда ғана “бәрінің барлығына қарсы соғысынан” құтылып, үйлесімді әлеуметтік өмір сүруге қол жеткізе алады. Қандай да бір тарихи жағдайларда мәдени ережелер өзінің реттеуші күшін жоғалтады. Сол кезде аномия жағдайы туады, қоғамды ұйымдаспағандық пен астан-кестеңдік жайлап алады. Адамдар өздерін түп-тамырларынан үзіліп қалғандай сезініп, өзін-өзі өлтіруге қол жұмсайды. Дюркгейм, қазіргі қоғам аномиялық жағдайдың туындауына ықпал етеді деп есептеген.

Дюркгейм қандай да бір әлеуметтік фактілердің себептерін басқа бір  әлеуметтік фактілерден іздеуге  шақырып, психологизмнен бас тартады. Оның көрсеткен кестесінде адамның  жүріс-тұрысы шын мәнінде пайдакүнемдік  сипатынан айырылады. Алайда, сонымен  бірге, адамның өзі индивид ретінде  әлеуметтік қызметпен алмастырылады.

Көптеген социологтар секілді, ол да әлеуметтік-экономикалық прогресте  шешуші рөлді жеке меншік, бәсекелестік пен еркін кәсіпкерлік емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірлігі, әлеуметтік қатынастар мәдениеті, еңбектің микро-макро  деген деңгейдегі әлеуметтік ұйымдасқандығы атқарады деп санаған.

Макс Вебер (1864 - 1920) - неміс социологы, ХІХ - ХХ ғасырлардағы ең ықпалды тұлғалардың бірі. Ол қазіргі қоғамды саралай отырып “дәстүрлі” және “капиталистік” қоғамды бір-біріне қарсы қояды. Олардың айырмашылығы мына өлшемдер бойынша көрінеді: жеке меншік формасы, технологияның басым түрі, жұмыс күшінің нарығы, экономикалық бөліп берудің әдістері, заңдар табиғаты, кең таралған дәлелдемелер. Вебердің сөздері бойынша, капитализм дегеніміз “пайда соңынан ылғи қуалап жүру” және “бос жұмыс күштер нарығын дұрыс ұйымдастуру”.

Вебер ерекше ментальдыққа - “этосқа” ие болатын кәсіпкерлер мен жұмысшылардың  ерекше табы болады деп санайды. “Этос” немесе “капитализм рухы” табыс  себебін, аскеттілік, парыз сезімін  қамтиды. Этостың қайнар көзі протестантизм  болып табылады.

Информация о работе Экономика әлеуметтануының түсініктері мен категориялары